9. Тəубə

1.

Бұл Алладан және Елшісінен, келісім жасасқан мүшріктергебір құлақтандыру.

2.

(Әй мүшріктер!) Жер жүзінде төрт ай кезіңдер. РасындаАлла осалдата алмайтындықтарыңды және Алла (Т.), кәпірлерді қорлайтынынбіліңдер.

3.

Ал бұл ірі Хаж күні, Алладан, Елшісінен халыққа біржарнама: Расында Алла және Елшісі мүшріктерден безеді. Егер тәубе қылсаңдар,сендер үшін жақсы болады. Ал егер жалтайсаңдар, Алланы еш осалдатаалмайтындықтарыңды біліңдер. (Әй Мұхаммед!) Қарсы болғандарды күйзелтуші азаппеншүйіншіле.

4.

Бірақ келісім жасасқан мүшріктерден кейін сендерге түккемшілік істемесе, біреуге көмек етпесе; олардың келісімдерін мерзіміне дейінтамамдаңдар. Расында Алла тақуаларды жақсы көреді.

5.

Ал қашан құрметті айлар шықса, сонда мүшріктерді қайдантапсаңдр да өлтіріңдер. Оларды ұстаңдар, қамаңдар және олардың бүкіл жолдарынаңдып отырыңдар. Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекетберсе, онда олардың жолын бос қойыңдар. Расында Алла жарылқаушы, ерекшемейірімді.

6.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер мүшріктерден біреу сенен панатілесе, онда оған Алланың сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіторнына жеткіз. Бұл олардың түк білмейтін ел екендігінен.

7.

Ол мүшріктердің Алла қасында, Елшісінің қасында қалайкелісімі бола алады? Бірақ Месжід Харамда, бітім жасасқандарыңдікі болады. Оларсендерге түзу сыңай байқатса, сендер де оларға түзу ыңғыл көрсетіңдер. Алласақтанушыларды жақсы көреді.

8.

Қалайша (олармен келісім болады?) Егер олар сендергеөктем келсе, сендер туралы жақындыққа да келісімге де қарамас еді. Олар,сендерді ауыздарымен разы қылмақшы да, жүректері ұнатпайды. өйткені олардың көбібұзақы.

9.

Олар Алланың аяттарын аз бағаға сатып, Оның жолынантосты. Олардың істеген істері нендей жаман.

10.

Олар мүмін жайында жақындықты да келісімді де сақтамайды.Міне солар, шектен шыққандар.

11.

Сонда егер олар, тәубе етіп, намазды толық орындап, зекетберсе, онда олар сендердің дін қарындастарың. Білген елге аяттарымызды ашық-ашықбаян етеміз.

12.

Егер олар, уәделескеннен кейін анттарын бұзып, діңдерінетіл тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандармен соғысыңдар. өйткені олардікі антемес. Олар бәлкім тыйылар.

13.

(Әй мүміндер!) Анттарын бұзған, Пайғамбарды жұртынаншығаруға бел байлаған және сендерге килігуді алғаш рет бастаған бір елмен негесоғыспайсыңдар? Олардан қорқасыңдар ма? Егер иман келтірген бослаңдар,қорқуларыңа Алла тағы лайығырақ.

14.

Олармен соғысыңдар. Алла оларға сендердің қолдарыңменазап етсін де оларды қорласын. Әрі оларға қарсы сендерге нұсырат берсін.Сондай-ақ иман келтірген елдің көңілдерін ашсын.

15.

Және (олардан жапа шекккендер,) жүректерінің ашуынтарқатсын. Алла кімді қаласа, тәубесін қабыл етеді. Алла толық білуші, аса дана.

16.

Сендер іштеріңнен соғысқандарды сондай-ақ Алладан,Пайғамбардан және мүміндерден басқаны дос етбегендерді Алла, анықтамай бос қоябереді деп ойлайсыңдар ма? Алла істегендеріңді толық білуші.

17.

Мүшріктердің, өздерінің қарсылықтарына куә бола тұра(кәпір халінде тұрып) Алланың мешіттерін жасауларына болмайды. Олардың ғамалдарыжойылған. Олар тозақта мүлде қалады.

18.

Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ахирет күнінесенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісіжасайды. Міне солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі.

19.

(Әй мүшріктер!) Сендер, хажыларға су беру, Месжід Харамдыжөңдеуді; Аллаға, ахирет күніне иман келтіріп, және Алла жолында соғысқан кісісияқты көресіңдер ме? Бұлар, Алланың қасында тең болмайды. Алла залым қауымдытура жолға салмайды.

20.

Сондай иман келтіріп, жұрттарынан ауғандар және Аллажолында малдарымен, жандарымен соғысқандар, Алланың қасында ірі дәрежеге ие.Міне солар, мұратына жетушілер.

21.

Оларды Раббылары өзінің мәрхаметімен және ризалығыменсондай-ақ тұрақты нығметке ие жаннаттарымен қуантады.

22.

Олар онда мәңгі қалушылар. Расында Алланың қасында ірісыйлық бар.

23.

Әй мүміндер! Егер әкелерің, туыстарың иманнан көріқарсылықты жақсы көрсе, оларды дос тұтпаңдар. Ал сендерден кім оларды дос тұтса,онда олар залымдар.

24.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер әкелерің, балаларың, туыстарыңәйелдерің, ағайындарың, тапқан малдарын, тоқтап қалуынан қорыққан саудаларын,жақсы көрген үлерің сендерге Алладан, Пайғамбарынан әрі Оның жолында соғысуынанартық көрінсе, Алланың әмірі келгенге дейін күтіңдер” де. Алла бұзық қауымдытура жолға салмайды.

25.

(Меккенің алынуынан кейін, Мекке мен Тайіптің арасындағы”Хұнайын” деген жерде болған шайқаста, жау төрт мың Мұсылмандар он екі мыңболғандықтан қайтсек те жеңеміз деп ойлайды.) Расында Алла, сендерге көпжерлерде нұсрат берді. Сондай-ақ Хұнайын күні де сендерге нұсрат берді. Солуақытта көптіктеріңе мәз болған едіңдер. Сонда ол, сендерге түк пайда бермеді.Сондай-ақ кең бола тұра жер, сендерге тар келді. Сонан соң бет бұрып қайтақаштыңдар.

26.

Сонан кейін Алла, Елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды.Сондай-ақ сендерге көрмеген әскер жіберіп, кәпірлерге соққы берді. Мінекәпірлердің жазасы осы.

27.

Сонымен бірге Алла, бұл соғыстан кейін қалаған кісісінетәубе нәсіп етер. Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.

28.

Әй иман келтіргендер! Дау жоқ, мүшріктер арам. Сондықтанбиылдан кейін Месжід Харамға жоламасын. Кедейліктен қорықсаңдар, егер Аллақаласа, сендерді өз кеңшілігімен байытады… Расында Алла толық білуші, хикметиесі.

29.

Кітап берілгендерден, Аллаға, ахирет күніне иманкелтірмегендер және Алланың әрі Елшісінің арам еткен нәрселерін арам депбілмегендер және де хақ дінді (Исламды) дін деп мойындамағандарменен сүмірейіп,өз қолдарынан салық бергенге дейін соғысыңдар.

30.

(Өйткені) Яћудилер: “Ғұзайыр Алланың ұлы” деді. ЖәнеХристиандар да: “Ғиса Алланың ұлы” деді. Бұл, бұрыңғы кәпірлердің сөзінеұқсатып, ауыздарымен айтқандары. Құдай атқырлар, қайтып алданып отыр.

31.

Олар, (Яћуди, Христиандар) ғалымдарымен машайыхтарын жәнемәрйем ұлы Ғисаны Алладан өзге тәңір қып алды. Негізінде олар, бір тәңірге ғанақұлшылық қылуға бұйырылған болатын. Өйткені, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол,олардың қосқан шерігінен пәк.

32.

(Рұћбан: Хирстиандардың, Ахбар: Яћудилердің дінбасылары.) Олар, Алланың нұрын (дінін) ауыздарымен өшіруді қалайды. Егеркәпірлер жек көрсе де, Алла (Т.) мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды.

33.

Өйткені, Ол, елшісін туралық және хақ дінменен бүкілдіндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшріктер жақтырмаса да.

34.

Әй мүміндер! Ғалымдарымен машайыхтарының көбі, адамдардыңмалдарын бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосады. (МұхаммедҒ.С.) сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтушіазаппен шүйіншіле.

35.

Қиямет күнінде олар тозақ отында қыздырылып, оныменолардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланып: “Мынау өздерің үшінжиғандарың. Ал енді жинағандарыңның дәмін татыңдар” (делінеді)

36.

Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалыАлланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Мінеосы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер. Сондай-ақ мүшріктерсендермен түгел соғысқандай сендер де олармен түгелдей соғысыңдар. Әрі расындаАлла тақуалармен бірге екенін біліңдер.

37.

(Құрметті айлар: Зылқағда, Зілхажжа, Мұхаррам жәнеРежеп.) (Араптар жаћилиет заманында, соғысуға болмайтын құрметті айда соғысып,оның орнына басқа айда соғыспай орнын толтыратын болған.) Сөзсіз айды кешіктіру;қарсылықты арттыру. Сонымен кәпірлер жолдан шығарылады. Алланың арам еткенайының санын толтыру үшін; оны бір жыл арам етіп, бір жыл халал етеді. СөйтіпАлланың арам еткенін халал етеді. Олардың жаман істері өздеріне әйбеткөрсетілді. Алла, қарсы елді тура жолға салмайды.

38.

Әй мүміндер! Сендерге не болды? “Алла жолында слғысқашығыңдар(“,- делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар. (Жерден қзғалғыларыңкелмеді) Ахиреттен көрі дүние тіршілігін қоштатыңдар ма? Негізінде дүниетіршілігінің пайдасы ахиретке қарағанда өте аз ғана.

39.

Егер соғысқа шықпасаңдар, Алла сендерді жан түршігерліказапқа ұшыратады. Сондай-ақ орындарыңа басқа қауым келтіреді. Сендер Аллағаешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Алла, әр нәрсеге күші жетуші.

40.

Егер сендер Пайғамбарға жәрдем етпесеңдер де оны,кәпірлер Меккеден шығарған кезде; үңгірдегі екінің бірі болған сәтте, оған Аллажәрдем еткен. Сол уақытта (Мұхаммед Ғ.С.) жолдасына (Хазірет Әбу бекірге):”Кейіме! Расында Алла бізбен бірге” дегенде, Алла оған тоқтау салды. Сондай-ақоны, сендер көрмейтін әскерлермен қолдады. Сөйтіп кәпірлердің сөзін төмендетті.Алланың сөзі; жоғары. Алла өте үстем, хикмет иесі.

41.

(Әй мүміндер!) Жеңіл әрі ауыр түрде соғысқа шығыңдар.Сондай-ақ Алла жолында малдарыңмен, жандарыңмен соғысыңдар. Осыларың сендер үшінхайырлы, егер білген болсаңдар.

42.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер жақындығы бір пайда, қолайлы сапарболса еді, әрине саған олар ілесер еді. Бірақ оларға машақатты сапар (Тәбүкжолы) өздерін әлекке салады. Алла олардың мүлде суайт екенін біледі.

43.

(Мұхаммед Ғ.С.) Алла сені кешірсін. Саған шын айтқандаранықталып, өтірікшілерді білмейінше оларға неге рұқсат бердің?

44.

Өйткені Аллаға, ахирет күніне иман келтіргендер, Аллажолында малдарымен, жандарымен соғысуда сылтауратпайды. Алла тақуаларды жақсыбіледі.

45.

Шынында сенен, Аллаға, ахирет күніне сенбегендер,жүректері күдіктеніп күмән ішінде екі ойлы болғандар ғана рұхсат сұрапсылтауратады.

46.

Егер ол мұнафықтар соғысқа шығуды қаласа, әрине ол үшінбір әзірлік көрер еді. Бірақ Алла, олардың қимылдарын жақтырмады. Сондықтаноларды тосып қойды. Сондай-ақ оларға: “Отырушылармен бірге отырыңдар” делінді.

47.

Егер олар, іштеріңде шықса да сұрқылықты ғана арттырады.Әрине араларыңда пітне ізденіп жүгірер еді. Іштеріңде олардың тыңшалары да бар.Алла залымдарды жақсы біледі.

48.

(Мұхаммед Ғ.С.) расында бұлар бұрын (Ұхыт соғысында) дапітне іздеп, істеріңді терісіне айналдырған еді. Ақыр олар, жек көрсе де хақиқаткеліп, Алланың әмірі үстем болды.

49.

Олардан кей адам: “Маған ұхсат бер, әлекке салма” дейді. Байқандар, оларнегізінен әлекке түскендер. Сөзсіз тозақ, кәпірлерді орап алады.

50.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған бір игілік жетсе, олар оны жеккөреді. Ал егер саған бір қайғы жетсе: “Ісімізді бұрын ыңғайлап алған едік”дейді де олар сүйініп қайтады

51.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Олбіздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын”де.

52.

Оларға: “Сендер, бізге (ғазилық, шәћиттік) екі игіліктіңбірінен басқаның келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесебіздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. Ао онда сендер де тосыңдар, біздесендермен бірге тосайық”де.

53.

Оларға: “Малдарыңды мейлі бейілді, немесе бейілсіз түрдесарып қылыңдар. Сендерден әсте қабыл етілмейді. Өйткені сендер бұзақы елсіңдер”де.

54.

Тек қана олардың сарып қылғандарын олардан қабыл болуынакедергі болған жағдай: Аллаға, Елшісіне қарсы болғандықтары, намазға өтеалқаулықпен келулері және олардың аса жек көрген түрде мал сарып қылулары.

55.

(Мұхаммед Ғ.С.) онда сені олардың малдары, балаларытаныртқатпасын. Шынында Алла, ол арқылы оларды дүние тіршілігінде азаптауды жәнеқарсы болған бойда олардың жандарының шығуын қалайды.

56.

Олар: “Рас біз де сендерденбіз” деп Алланың атымен антішеді. Негізінде олар, сендерден емес. Бірақ олар қорқақ халық.

57.

Егер олар бір пана тапса, немесе үңгірдер, не бір кірергетесік тапса, әрине олар, солай бұрылып ұмтылар еді.

58.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың кейбіреуі садақалар жайында сенісөгеді. Оларға одан берілсе разы болып, егер оларға одан берілмесе онда олар ызаболады.

59.

Егер олар рас Алланың, Елшісінің өздеріне бергеніне разыболса және: “Алла бізге жеткілікті. Жақында Алла және Елшісі бізге мәрхаметіменбереді. Расында біз Аллаға ынтықбыз” десе еді.

60.

шын мәнінде садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бірпарыз: Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге, оны жинауға белгілегендерге,көңілдері алынатын (жаңа Мұсылман) дарға, құлды азат етуге, борыштыларға, Аллажолына және жолда қалғандарға беріледі. Алла әр нәрсені білуші, хикмет иесі.

61.

Олардың кейбіреуі Пайғамбарға: “Ол бір құлақ (не болсасоны тыңдайды)” деп жапа береді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Ол сендер үшін хайырлыбір құлақ Аллаға иман келтіреді де Мұсылмандарға сенеді. Сондай-ақ сендердениман келтіргендер үшін бір рақмет. Алалның Елшісіне жапа бергендерге күйзелтушіазап бар”

62.

Олар сендерді разы қылу үшін Алланың атымен ант береді.Егер олар иман келтірген болса, Алланы және Елшісін разы қылуларына тиісті еді.

63.

Олар, біреу Аллаға әрі Елшісіне қарсы келсе, расындасоған ішінде мәңгі қалатұғын тозақ оты бар екенін білмей ме? Міне, ірі қорлықосы.

64.

(Тәбүк соғысына кетіп бара жатқанда мұнафықтар,жандарынан өткен пайғамбар(Ғ.С.) ға қарап: “Мына ерлерге қараңдар. Шамныңқамалын бұзып, Рұмның бекіністерін алмақшы. Бұларға әлі ол алысырақ” деп өзаратәлкектеп күліседі.) Екі жүзділер, өздеріне байланысты жүрегіндегілерден хабарберетін бір сүренің түсуінен қорқады. (Мұхаммед Ғ.С.) : “Қылжақтай тұрыңдар.Расында Алла сескенгендеріңді жарыққа шығарады” де.

65.

Егер олардан сұрасаң: “Әрине біз әншейін сөзге кірісіп,ойнап едік” дейді. Оларға: “Алламен аяттарымен және Елшісімен қалжақтағанболдыңдар ма?”,- де.

66.

Желеуретпеңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін қарсышықтыңдар. Сендерден бір топты кешірім етсек те, бір бөлімін күнәкарболғандықтарының салдарынан азапқа ұшыратамыз

67.

Мұнафық ерлер мен әйелдер, бірі-бірінен. (Бәрі бір.) Оларжамандыққа бұйырып, игіліктен тосады. Сондай-ақ олар қолдарын жұмады. (Сараңдыққылады.) Олар Алланы ұмытты. Сондықтан Алла, оларды ұмытты. Расында мұнафықтар,олар бұзықтар.

68.

Алла, мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдерге және кәпірлергеішінде мүлде қалатын тозақ отын уәде етті. Сол, оларға жетеді. Сондай-ақ Аллаоларға лағынет етті. Әрі оларға тұрақты қинау бар.

69.

(Мұнафықтар!) Өздеріңнен бұрынғылар сияқтысыңдар. Олар,сендерден де күшті және малдар, балалар тұрғысынан да көп еді. Олар, дүниеденесібелерінен пайдаланған еді. Ал сендер де, бұрынғылар несібелеріненпайдаланғандай несібелеріңнен пайдаланыңдар. Сондай-ақ жамандыққа оларсүңгігендей сендер де сүңгіндер. Солардың дүние, ахиреттегі ғамалдары жойылыпкетті. Міне солар зиян етушілер.

70.

Оларға өздерінен бұрыңғы Нұх, Ғад, Сәмүд қауымдары жәнеЫбырайым қауымы және Мәдян елі, ойран болған кенттердің хабары келмеді ме?Соларға пайғамбарлары ашық дәлелдер келтірген. Алла оларға зұлымдық қылмады.Олар өздеріне зұлымдық қылды.

71.

Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер, бір-біріне көмекші. Олардұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ олар намаздарын толық орындап,зекет беріп, Аллаға, Елшісіне бой ұсынады. Соларды Алла, мәрхаметіне бөлейді.Расында Алла тым үстем, аса дана.

72.

Алла мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге астарынан өзендерағатын, олар онда мүлде қалатын бақшалар және ғадын жаннатында, көркем орындаруәде етті. Ал Алланың ризалығы өте зор табыс. Міне осы, үлкен қол жетушілік.

73.

Әй Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес. Оларғақатаң бол. Олардың орны тозақ, қайтып барар орны қандай жаман.

74.

Олар: “Айтпадық” деп Алланың атымен ант ішеді. Расындаолар қарсылық сөз айтқан болатын. Сондай-ақ олар Мұсылман болғаннан кейін кәпірболды. Тағы олар, бойдары жетпейтін нәрседен ой қылды. (Тәбүк соғысынанқайтқанда мұнафықтар Пайғамбар (Ғ.С.) дың түйесін түнде шұңқырға түсіругетырысады.) Олар Алланы және Елшісін мәрхаметімен байытқандығы үшін ғанаміндейді. (Шүкірсіздік етеді.) Егер олар тәубе қылса, өздері үшін жақсы. Ал егеролар жалтарса, Алла оларды дүние, ахиретте азапқа ұшыратады. Сондай-ақ оларғажер жүзінде не дос не жәрдемші жоқ.

75.

Тағы олардан біреулер: “Егер Алла, бізге өз кеңшілігіненмал берсе, әрине садақа беріп, игілерден болар едік” деп Аллаға серт берді.

76.

Сонда Алла оған өз ілтипатымен берген кезде, Оныңбергеніне сараңдық қылды. Сөзінен айныды. Олар негізінен жалтақойлар.

77.

Енді Аллаға берген уәделеріне қарсы келіп, өтірікайтқандары үшін Алла өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне екібеткейлік салып, қояды.

78.

Олар сырлары мен сыбырларын Алланың анық білетіндігінбілмеді ме? Шынайы түрде Алла (Т.) көместерді толық біледі.

79.

Сондай мүміндерден садақаларда, ынталы болушылардыайыптағандар, тағы тырысып тапқанын ғана бергендерді, тәлкектегендерді, Алламазаққа ұшыратады. Әрі олар үшін жан түршігерлік қинау бар.

80.

(Мұнафықтар көп бергенді сындап, аз бергенді сықаққылатын еді.) (Мұхаммед Ғ.С.) мұнафықтар үшін жарылқануларын тілесең де,тілемесең де тіпті олар үшін жетпіс қайта жарылқануын тілесең де, Алла, олардыәсте жарылқамады. Бұл олардың Аллаға, Елшісіне қарсы болғандықтарынан. Аллабұзақы халықты тура жолға салмайды.

81.

Олар Алланың Елшісіне қарсы болып, соғысқа бармай отырыпқалғандарына мәз болды. Сондай-ақ олар Алла жолында малдарымен, жандарыменсоғысуды жек көреді. Олар: “Бұл ыстықта соғысқа шықпаңдар” деді. Егер түсінетінболса: “Тозақ оты тағы қатты ыстық” де.

82.

Енді олар, істегендерінің салдарынан аз күлсін, көпжыласын. (Олардың күлулерінен жылаулары көп болады.)

83.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер Алла сені (Тәбүктен Мединедегісоғысқа бармай қалған) мұнафықтар тобына қайтарып апарса, олар сенен (соғысқа)шығуға рұқсат сұраса: “Әсте менімен бірге шықпайсыңдар да менімен бірге жауменеш соғыспайсыңдар. Өйткені, сендер алғашқы рет отырып қалуды қоштадыңдар. Аленді артта қалушылармен бірге отырыңдар” де.

84.

Олардан біреу өлсе, әсте жаназа намазын оқыма дақабырының басында тұрма! Өйткені, олар Аллаға, Пайғамбарына қарсы келді.Сондай-ақ олар бұзық күйінде өлді.

85.

Және сені олардың малдары, балалары таңыртқатпасын.Шынында Алла мұнымен, оларға дүние тіршілігінде азаптауды және қарсы болғанбойда олардың жандарының шығуын қалайды.

86.

Қашан оларға: “Аллаға иман келтіріңдер, алланың Елшісіменбірге соғысыңдар” делінген бір сүре түсірілсе, олардың дәулеттері, сенен рұқсатсұрап: “Бізді қой, отырушылармен бірге болайық” дейді.

87.

Олар артта қалушылармен бірге болуды қоштады. Олардыңжүректері бітелген. Сондықтан түсінбейді.

88.

Бірақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер,малдарымен, жандарымен соғысты. Жақсылықтар солардікі. Міне солар құтылушылар.

89.

Алла (Т.) оларға астарынан өзендер ағатын, олар ішіндемәңгі қалатын бақшалар әзірледі. Осы зор қол жеткендік.

90.

Бәдеуилерден желеушілер, өздеріне рұқсат берілсін депкелді. Сондай-ақ Аллаға, Пайғамбарға өтірік айтқандар да отырып қала берді.Олардан кәпір болғандарына күйзелтуші азап ұшырайды.

91.

Қашанда Аллаға, Елшісіне ықыласты болған нашарларға,ауруларға және қаражат таба алмағандарға кінә жоқ. Негізінен жақсылықістеушілерге жауапкершілік жоқ. Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.

92.

Сондай көлектендіріп жіберуің үшін саған келгенде :”Сендерді аттандыратын көлік таба алмадым” дегеніңде, өздері де сарып қыларлықнәрсе таба алмай көз жастарын күйінген түрде төгіп қайтқандарға да кінә жоқ.

93.

Ал сөгіс беру; өздері бай бола тұра сенен рұхсат сұрап,кейін қалушылармен бірге болуды қоштағандарға тиісті. Алла олардың жүректерінбітеген. Сондықтан олар білмейді.

94.

(Соғыстан) қайтып оларға барсаңдар, сендергесылтауратады. (Мұхаммед Ғ.С.): “Сылтауратпаңдар, сендерге әсте сенбейміз!Расында Алла бізге хабарларыңды білдірді. Алла да Елшісі де істеріңді көреді.Сонан кейін көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге неістегендерің білдіріледі ” де.

95.

Қашан олардың жанына қайта оралсаңдар, олар (ды айыптау)дан бет бұруларың үшін алланың атымен ант ішеді. Онда олардан бой тартыңдар.Өйткені, олар арам істегендерінің жазасы түрінде олардың орны тозақ.

96.

Олар сендердің өздерінен қош болуларың үшін ант-су ішеді.Егер сндер олардан қош бослаңдар да, расында Алла бұзық елден разы болмайды.

97.

Бәдеуилер, қарсылық және екі жүзділік тұрғысынанқаттырақ. Сондай-ақ олар Алланың Елшісіне түсіргендерінің шегін білмеулеріне асабейім. Алла толық білуші, аса дана.

98.

Бәдеуилерден, Алла жолында бергенін зиян есебіне алатынкісілер бар. Сендерге жаман дәуірлер күтеді. Дәуірлердің жаманы өздеріне болсын.Алла толық естуші, анық білуші.

99.

Және бәдеуилерден Аллаға, ақирет күніне сенетін, қаражатқылғандарын Алла қасында жақындық сондай-ақ Пайғамбардың ізгі тілектеріне сайдеп есептейтін кісі де бар. Сақ болыңдар! Бұл шынайы бір жақындық. Алла олардымәрхаметіне бөлейді. Расында Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

100.

Мұћажір, ансарлардан алғашқы иман келтіргендер жәнежақсылықта оларға ергендерден Алла разы болды. Әрі олар да Алладан разы болды.Сондай-ақ Алла, олар үшін мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын жәннәтерәзірледі. Осы ірі мұрат.

101.

Араларындағы бәдеуилерден екі жүзді кісілер бар.Сондай-ақ Мединеліктерден де екі жүзділікте сірескендер бар. (Мұхаммед Ғ.С.)оларды білмейсіңдер, оларды біз білеміз. Оларды екі рет азап қыламыз. Сонан соңолар зор азапқа айдалады.

102.

Басқа біреулер күнәларын мойындады. Бірақ олар, түзу істібасқа жаман іспен араластырады. Алла олардың тәубелерін бәлкім қабыл етер.Расында Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (102-106 аяттар 118. Аятқабайланысты.)

103.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан садақа ал да, оларқылы оларды тазартып, берекелендіресің. Оларға дұға қыл. Өйткені сенің дұғаңолар үшін бір тоқтау. Алла толық естуші, аса білуші.

104.

Олар, құлдарының тәубесін қабыл етіп, садақаларынқабылдайтын Ол Алла ғана екенін білмей ме? Шынында Ол Алла, тәубені қабыл етуші,ерекше мейірімді.

105.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “істейтіндеріңді істеңдер.Істеріңді Алла, Пайғамбар және мүміндер көреді. Сондай-ақ көмес, көрнеуді білушіАллаға қайтарыласыңдар да сендерге не істегендерің білдіріледі” де.

106.

Соғыстан қалып Алланың әмірін күткендер, Алла оларды неазаптайды немесе тәубелерін қабыл етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі.

107.

(Мұнафықтардың бір тобы Құба мешітінің жамағатын ыдырату,қарсылықты күшейту және үнемі пайғамбар (Ғ.С.) ға қарсы келіп жүрген (папаз)Ғамырдың Шамнан келуін тосу мақсатымен бір мешіт салып Пайғамбар (Ғ.С.) ды намазоқып беруге шақырады. Пайғамбар (Ғ.С.) тәбүктен қайтқанда келмекші болады.)Сондай зиян тигізу, қарсы келу, Мұсылмандардың арасын ашу және бұрыннан Аллажәне Елшісіне қарсы соғысқан біреуді күту үшін мешіт жасап алғандар: “Игіліктіғана қалап едік” деп әлбетте ант ішеді. Сондай-ақ Алла олардың асқан суайтекендігіне куәлік етеді.

108.

(Мұхаммед Ғ.С.) ол мешітте әсте намаз оөыма. Бастапқыкүннен бері тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруына тағылайық. Онда тап-таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла да өте таза болушылардыжақсы көреді.

109.

Ендеше, ірге тасын Алладан қорқып, ризалығына сәйкессалған біреу жақсы ма? Немесе іргесін құлайтын бір жардың ернеуіне салып оныментозаққа құлаған біреу жақсы ма? Алла залым елді тура жолға салмайды.

110.

Сондай олардың салған мешіттері; жүректері быт-шытболғанға (өлгенге) дейін үнемі көңілдерінде күдік болған бойда қалады. Аллатолық білуші, хикмет иесі.

111.

Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннәттенайырбастап алды. Олар, Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұғанбайланысты хақ уәде тәуратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесінкім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне осы ірі қолжетушілік.

112.

(Әй Мұхаммед Ғ.С.!) Тәубе етушілер, құлшылық қылушылар,мақтаушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ қылушылар, сәжде етушілер, жақсылыққабұйырушылар, жамандықтан тыюшылар және Алланың шектерін қорғаушылар осымүміндерді шүйіншіле.

113.

(Пайғамбар, әкесімен туысқан Әбу Таліп үшін; және кейбірМұсылмандар да иманға келмей өлген әке-шешелері үшін жарылқау тілегісі келген.)Пайғамбарға және мүміндерге тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін егержақындары болса да мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды.

114.

Ыбырайым (Ғ.С.) ның әкесі үшін жарылқау тілеуі, оғанберген бір уәде бойынша ғана еді. Өзіне, оның Алланың дұшпаны екені білінгенкезде, одан безді. Расында Ыбырайым қажырлы әрі жұмсақ мінезді еді.

115.

Алла бір елді тура жолға салғаннан кейін олардыңсақсынатын нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды. Расында Алла әрнәрсені толық білуші.

116.

Шынында көктердің және жердің иелігі Аллаға тән. ол,тірілтеді, өлтіреді. Сондай-ақ сендер үшін Алладан өзге не дос не жәрдемші жоқ.

117.

Шынында Алла, бір бөлімінің жүректері ауытқуға таяғанауыршылықтан кейін Пайғамбарға ерген Мұћажірлер мен Ансардың, Пайғамбардыңтәубелерін қабыл етті. Алла, оларға тым жұмсақ, өте мейірімді болғандығынан тағыда оларың тәубелерін қабыл етті.

118.

(Сахабалардан Кәғап, Ћилал және Марара жауқаулық істеп,Тәбүк соғысына бармай қалып, соғыстан қайтып келгенде Пайғамбар (Ғ.С.) ға өкінішбілдіріп, кешірім тілейді. Пайғамбар (Ғ.С.) оларға: “Тұра тұрыңдар” дегендіктенолармен адамдар сөйлеспей қойып, елу күннен кейін осы аят түседі. Және 102-106аяттар да осы уақиғаға байланысты.) соғыстан қалған үшеуінің де тәубесін қабылетті. Тіпті оларға жер кең бола тұра тар келген еді. Өздерінен өздері тарылып,Алладан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды. Содан кейін Алла оларға тәубе нәсіпетті. Шынында Ол Алла, тым тәубе қабыл етуші, өте мейірімді.

119.

Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен біргеболыңдар.

120.

Мединеліктердің және маңайлардағы бәдеуилердің АлланыңЕлшісінен кейін қалуларына сондай-ақ оның жанынан өз жандарын артық көрулерінеболмайды. Өйткені, олар, Алла жолында шөлге душар болса, шаршаса, ашықса,кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және дұшпанды жеңсе ғана оларғасол себепті жақсы ғамал жазылады. Алла игілік істеушілердің сауабын заяқылмайды.

121.

Олар, Алла жолында үлкен-кіші бір нәрсе сарып қылса, біройпатты басып өтсе, Алла олардың көркем ғамалдарына сыйлық беру үшін сауапжазылады.

122.

Онымен қатар мүміндердің біртұтас жауға аттанулары тиістіемес. Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде; олардыңсақсынулары үшін ескертулері керек емес пе?

123.

Әй мүміндер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Оларсендерден бір қатаңдық тапсын. Расында Алла, тақуалармен бірге екенін біліңдер.

124.

Бір сүре түсірілген кезде, олардан: “Бұл қайсыларыңныңиманын арттырады?”,- дейтін де біреулер бар. Дегенмен мүміндердің иманынарттырады, олар қуанысады.

125.

Сондай-ақ ол сүре жүректерінде дерті болғандардыңжамандықтарының үстіне жамандық арттырады; олар, қарсы болған күйде өледі.

126.

(Мұнафықтар) әр жыл бір не екі рет сыналғандарын көрмейме? Сонда да олар тәубе қылмайды, үгіт те алмайды.

127.

Қашан бір сүре түсірілсе, біріне- бірі қарап: “Сендердікөретін біреу бар ма?”,- десіп, сонсоң өздері бұрыла жөнеледі. Алла, олардыңжүректерін теріс айналдырған. Расында олар түсінбейтін әлеумет.

128.

Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді.Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекшемейірімді.

129.

(Мұхаммед Ғ.С.) сонда, егер олар сенен жалтайса: “МағанАлла жетіп асады, Одан басқа ешбір тәңір жоқ, Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ Ол,ұлы ғаршының Раббы” де.