98. Бəйинə

1.

Кітап иелерінен, мүшіріктерден қарсы шыққандар, өздерінебір ашық дəлел келгенге дейін қарсылықтарынан айрылмақшы емес еді.

2.

(Ал бұл дəлел) тап-таза нұсқаларды оқитын Алла тарапынанжіберілген бір Пайғамбар (еді.)

3.

Ол нұсқаларда ең тура үкімдер бар.

4.

Дегенмен өздеріне кітап берілгендер, оларға ашық дəлелкелгеннен кейін-ақ бөлінді.

5.

Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткейтүрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін əмір етілген. Міне осы,тұп-тура дін.

6.

Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшріктерден қарсышыққандар, мүлде тозақ отында қалады. Міне солар, жаратылғандардың жауызы.

7.

Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер; мінесолар, жаратылғандардың жақсысы.

8.

Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынанөзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады. Алла олардан разы, оларАлладан разы. Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін.