97. Қадр

1.

Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік.

2.

(Мұхаммед Ғ.С.) Қадыр түнінің не екенін білесің бе?

3.

Қадыр түні мың айдан қайырлы.

4.

Періштелер жəне Жебрейіл (Ғ.С.) ол кеште Раббыларыныңрұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі.

5.

Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады.