96. ‘Алəқ

1.

Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы!

2.

Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан.

3.

Оқы! Ол Раббың аса ардақты.

4.

Сондай қаламмен үйреткен.

5.

Ол, адамзатқа білмеген нəрселерін үйреткен.

6.

Сөз жоқ, адам баласы əрине азады;

7.

Ол, өзін мұңсыз көргендіктен.

8.

Шын мəнінде қайту Раббың жақ.

9.

Көрдің бе, сондай тыйым салғанды;

10.

Бір құл намаз оқыған сəтте.

11.

Көрдің бе? Егер ол (Мұхаммед Ғ.С.) тура жолда болса да,

12.

Немесе тақуалықты бұйырған болса да.

13.

Көрдің бе, егер ол (адам, хақты) өтіріксініп, бет бұрғанболса?

14.

Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмез ме?

15.

Жоқ, егер ол, бұдан тыйылмаса, əлбетте кекіліненсүйрейміз;

16.

Өтірікші, күнəкардың кекілінен.

17.

Сонда ол, сыбайлаcтарын шақырсын.

18.

Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз.

19.

Олай емес, (Мұхаммед Ғ.С.) оған бағынба, Аллаға сəждеқыл, жақында!