93. Духа

1.

Сəске уақтына,

2.

Тым-тырыс түнге ант.

3.

Раббың сені тастамады да кейімеді.

4.

Əрине сен үшін ақырет, дүниеден жақсы.

5.

Əлбетте Раббың саған береді де разы боласың.

6.

Сені жетім түрде тауып орналастырмады ма?

7.

Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма?

8.

Сені кедей көріп, байытпады ма?

9.

Ендеше жетімді қорлама,

10.

Сұраушыны зекіме.

11.

Раббыңның нығметін білдір.