91. Шəмс

1.

Күнге жəне оның жарығына,

2.

Ай, күнге ерген сəтте,

3.

Жарқыраған сəтте күндізге,

4.

Күндізді жапқан кезде түнге.

5.

Аспанға жəне оны жасағанға,

6.

Жерге жəне оны жайғанға,

7.

Кісіге жəне оны толықтағанға,

8.

Сонда оған жамандық əрі тақуалық қабілеті бергенге серт.

9.

Расында нəпсісін тазартқан кісі құтылды да;

10.

Əлде кім оны кірлетсе қор болды.

11.

Сəмүдтің азғындары ɵтіріксінді.

12.

Оның ең жауызы қарсы шыққанда,

13.

Сонда Алланың Елшісі оларға: “Алланың түйесіне əрі оныңсуарылуына килікпеңдер” деді.

14.

Бірақ олар оны жасынға шығарып, түйені ɵлтіріп тастады. Ал, сонда Раббыларыоларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп, жермен жексен қылды.

15.

Алла, оның соңынан қорықпайды.