8. Əнфал

1.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен ғанимат малы (соғыс олжасы)жайынан сұрайды: “Ғаниматтар; Аллаға және Пайғамбарына тән. Ендеше, егер мүмінболсаңдар, Алладан қорқып, араларыңды жарастырыңдар. Және Аллаға, Пайғамбарынабой ұсыныңдар ” де.

2.

Сөзсіз мүміндер; Алла еске алынса, жүректері қобалжиды даоларға Алланың аяттары оқылса, сенімдері артылып, Раббыларына тәуекел қылады.

3.

Сондай-ақ олар, намазды толық орындап, оларға бергеннесібемізден тиісті орынға жұмсайды.

4.

Міне солар, шынайы мүміндер. Олар үшін Раббыларыныңқасында да дәрежелер және жарылқау әрі көркем несібе бар.

5.

(Шам жақтан саудамен қайтқан Әбу Сүфянның керуеніМұсылмандардың Мединеден шыққанынан секем ала теңіз жағалауымен жол алған бойдаМеккеге де хабар бергендіктен Әбу Жаһіл мың кісілік шеру тартып, Бәдірге жетіпкеледі. Сол сәтте, Алла (Т.) тарапынан Пайғамбар (Ғ.С.) ға керуен мен әскердіңбірі алынатындығы білдірілгендіктен жолдастарымен кеңеседі.) (Мұхаммед Ғ.С.)Раббың сені, үйіннен хақ жолына шығарғанда мүміндердің бір бөлімі жақтырмағанеді. (Ғанимат бөлуде де кейбіреулер көңілсіз болды.)

6.

Шындық анықталғаннан кейін де олар көре тұра өлімгеайдалғандай сенімен тартысты.

7.

Сол уақытта Алла, сендерге екі топтың бірінің сендердікіболатынын уәде етуде еді. Сендер, құралсыз керуеннің сендердікі болуынқалайсыңдар. Алла өз әмірлерімен шындықты шынға шығаруды, сондай-ақ қарсыболғандардың артын үзуді қалайды.

8.

Қылмыстылар жек көрсе де хақиқат шынға шықсын да бұзықтықжойылсын.

9.

(Бәдір соғысында жау мың кісі, Мұсылмандар үш жүз кісіеді. Сондықтан олар Аллаға жалбарынды да, Алла мың періште арқылы көмекетілетіндігін білдірді. Бұл Мұсылмандарды рұхтандырып, жүректерін орнықтыру үшінғана.) Сол уақытта Раббыларыңа жалбарынуда едіңдер. Сонда Ол: “Шынында сендергеерген мың періштемен көмек етемін” деп тілектеріңді қабыл етті.

10.

Мұны қуанту әрі жүректеріңді орнықтыру үшін ғана істеді.Жәрдем, Алланың ғана қасында. (Еркінде.) Күдіксіз Алла өте үстем, хикмет иесі.

11.

Сол уақытта сендерді Алла тарапынан бір тыныштық ұйқысыбасуда еді. Және сендерді тазарту, өздеріңнен шайтанның ластығын кетіру,жүректеріңді орнықтырып табандарыңды бекіту үшін үстеріңе көктен жаңбыржаудыруда еді (Өйткені жау су басына түсіп Мұсылмандар шөлде қалған еді.)

12.

(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: “РасындаМен сендермен біргемін. Мүміндерге тоқтау беріңдер” деп нұсқау беруде еді.”Кәпірлердің жүрктеріне қорқу саламын. Сонда мойындарының үстіне әріқол-аяқтарына (қылышпен шабыңдар”

13.

Осы, олардың Аллаға, Елішісіне қарсы келулеріне себепті.Және кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, шынында Алла, қатты азап иесі.

14.

Міне, осыны татыңдар, сондай-ақ кәпірлер үшін от азабыбар.

15.

Әй мүміндер! Егер соғыста топты жаумен кездессеңдер,сонда кейін шегінбеңдер.

16.

Ал және кім соғыс күні, соғыс майданын ауыстыру немесетопқа қосылудан басқа түрде шекінсе, әрине Алланың қаһарына ұшырайды. Орнытозақ, нендей жаман орын!

17.

Сонда оларды сендер өлтірмеңдер, бірақ оларды Аллаөлтірді. (Әй Мұхаммед!), Атқан кезде сен атпадың, бірақ Алла атты. Бұлмүміндерді жақсы бір сынақпен сынау үшін. Расында Алла, толық естуші, білуші.

18.

(Алланың әмірі бойынша пайғамбар (Ғ.С.) жерден бір уыстопырақ алып жау жаққа шашқанда көздеріне түскендіктен жеңіліс табады.) Жағдайосы. Расында Алла, кәпірлердің әдісін жояды.

19.

(Әй мүшріктер!) Жеңіс тілеп едіңдер, расында үстемдікзияндарыңа келді. Енді егер тыйылсаңдар, сонда сендер үшін жақсы. Алқайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болсада, сендерге әстепайда бермейді. Өйткені Алла, мүміндермен бірге.

20.

Әй мүміндер! Аллаға әрі Елшісіне бой ұсыныңдар. ЖәнеҚұранды ести тұра Пайғамбардан бет бұрмаңдар.

21.

Сондай-ақ тыңдамаса да: “Тыңдадық” дегендер тәріздіболмаңдар.

22.

Расында Алланың қасында жәндіктердің ең жаманы, сондайшындықты түсінбейтін саңырау, сақаулар.

23.

Егер Алла, оларда бір хайыр барлығын байқаса еді әринеоларға естіртер еді. Сонда Алла, оларға естіртсе де, олар бет бұрар еді. Оларнегізінен жалтақойлар.

24.

Әй мүміндер! Сендерді өздеріңе тіршілік беретін нәрсеге(дінге) шақырған кезде, Алланың әрі Елшісінің тілін алыңдар. Және де Алланың,кісімен жүрегінің арасына дейін килігетіндігін біліңдер. Шәксіз Алла тарапынажиналасыңдар.

25.

Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіпқалмайтын пітнеден сақтанңдар. Сондай-ақ Алланың қатты азап иесі екенінбіліңдер.

26.

Сол бір замаңды ойлаңдар. Сендер аз едіңдер де жержүзінде езілген едіңдер. Сонда сендер адамдардың бас салып кетуінен қорқаредіңдер. Және Алла сендерді (Мединеге) орналастырып, өз көмегімен қуаттады.Сондай-ақ сендерді жақсы нәрселермен көректендіреді, әрине шүкір етерсіңдер деп.

27.

Әй мүміндер! Аллаға әрі Елшісіне опасыздық қылмаңдар;тағы біле тұра аманаттарыңа қиянат қылмаңдар.

28.

Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер.Алланың қасында зор сыйлық бар.

29.

Әй мүміндер! Егер Алладан қорықсаңдар, Ол сендерге жақсы,жаманды айыратын қабілет береді әрі жамандықтарыңды жойып жарылқайды. Алла зоркеңшілік иесі. (Мекке кәпірлері Пайғамбар Ғ.С. ды қамау, өлтіру немесе Меккеденшығарып жіберу үшін қаулы алады.)

30.

(Мұхаммед Ғ.С.) ойла! Бір заманда олар сені қамауға несені өлтіруге немесе шығаруға шара қолдануда еді. Олар шара қолданғанда, Аллашараларын бұзар еді. Алла шара көрушілердің ең жақсысы.

31.

Оларға аяттарымыз оқылғанда: “естідік, егер қаласақ бізде бұл тәрізді айта аламыз. Бұл бұрынғылардың қана ертегілері” деген.

32.

Тағы олар, сол уақытта: “Әй Алла! Егер осы Құран шынайытүрде Сенің қасыңнан болса, онда бізге көктен тас жаудыр немесе бізге күйзелтушіазап бер.” деді.

33.

негізінде Алла (Т.) Сен олардың ішінде болғанда, оларғаазап етпес әрі олар жарылқау тілегенде де Алла, оларды азап қылмайды.

34.

Олар мүміндерді Месжід Харамнан тыйып жатса, Алла олардынеге азаптамасын. Олар месжід Харамға иелікке лайық емес. Оның иелері тақуаларғана. Бірақ олардың көбі білмейді.

35.

Өйткені, олардың Кағбаның жанындағы намаздары ысқыру, қолшапалақтау ғана еді. Ал енді қарсы болғандықтарың себепті азапты татыңдар.

36.

Расында сондай қарсы болғандар, малдарын, Алланың жолынантыю үшін жұмсайды. Тағы оны жұмсай береді. Сонан кейін ол, оларға өкініш болып,ақыр жеңіліске ұшырайды. Сондай-ақ қарсы болғандар, тозаққа айдалады.

37.

Бұл Алланың таза мен ласты ажыратып, ластарды,бір-бірінің үстіне қойып, барлығын бір жерге үйіп, тозаққа салуы үшін. Мінесолар, зиянға ұшыраушылар.

38.

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы болғандарға: “Егер оларжамандықтан тыйылса, өткен күнәлары жарылқанады. Ал егер олар қайталаса, сондаөткендегілердің үкімі орындалады” де.

39.

Олармен ешбір пітне қалмағанға дейін және дін бүтіндейАлланікі болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, расында Алла олардыңістегендерін толық көруші.

40.

Егер олар бет бұрса, сонда біліңдер, шын иелерің Алла.ол, нендей жақсы ие, нендей жақсы жәрдемші.

41.

Егер сендер Аллаға әрі дұрыс пен бұрыстың айрылған күні;екі топ қарсыласқан (Бәдір соғысы) күні құлымыз (Мұхаммед Ғ.С.) ға түсіргенаяттарымызға иман келтірген болсаңдар, дау жоқ. Сендер, соғыстан олжалап алғаннәрселерден бесте бірі Аллаға тән. Сондай-ақ Пайғамбарға, жақындарына,жетімдерге, міскіндерге және жолда қалғандарға тиісті екендігін біліңдер.Алланың әр нәрсеге толық күші жетеді.

42.

Сол уақытта сендер, (Бәдір майданында) ойпаттыңжақынында, олар, алысырақ жағында еді. Керуен сендерден төмен еді. Егеруәделескен болсаңдар да белгіленген мерзімде кездесе алмайтын едіңдер. (Бұлжағдай бұйрықша болды.) Бірақ Алланың болатын әмірі жүзеге асты. Кім жоқ болатынболса, ашық дәлел бойынша жоғалсын. Ал кім тірі қалатын болса да ашық дәлелбойынша тірі қалсын. Расында Алла, естуші, толық білуші.

43.

Сол уақыта Алла, оларды саған түсінде аз көрсеткен еді.Егер оларды саған көп көрсетсе еді, әлбетте қорқар едіңдер де, әрине іс жайындатартысар едіңдер. Бірақ Алла құтқарды. Расында Ол, көңілдегілерді толық білуші.

44.

Сол уақытта сендер жаумен кездескен кезде, Алла, болатыністі жүзеге асыру үшін оларды көздеріңе аз көрсетіп, олардың көздерінде деазайтуда еді. Бүкіл істер Аллаға қайтарылады.

45.

Әй мүміндер! Қашан бір (жау) топпен қарсылассаңдар мықтыболыңдар да Алланы көп еске алыңдар, әрине құтыласыңдар.

46.

Аллаға әлі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар,онда үрейлесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында Алла,сабырлылармен бірге.

47.

Жұрттарынан шендене адамдарға мақтанып шыққандар,сондай-ақ Алланың жолынан тосатындар тәрізді болмаңдар! Алла (Т.) олардыңістегендерін толық біледі.

48.

Сол уақытта шайтан олардың қылықтарын өздеріне әдемікөрсетті де: “Бүгін адамдардан сендерді жеңуші жоқ. Расында мен сендергекөмекшімін” деді. Екі топ бірін-бірі көргенде, теріс айналып: “Мен сендерденмүлде беземін. өйткені, сендер көрмейтін нәрсені көремін. Алладан қорқамын. Аллақатты азап иесі.” деді.

49.

Сол уақытта мұнафықтармен жүректерінде дерті барлар:”Мұсылмандарды, діндері алдады” дейді. Негізінде кім Аллаға тәуекел қылса,расында Алла, үстем, хикмет иесі.

50.

Періштелер, сондай қарсы болғандардың беттеріне,арқаларына ұрып: “Күйдіретін азапты татыңдар!”,- деп жандарын алғанын көрсең!

51.

Бұл бұрыңғы өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдарынан.Алла құлдарына зұлымдық етуші емес.

52.

(Бұлардың қылығы) Перғауындықтармен, оларданбұрынғылардың қылықтары сияқты. Олар Алланың аяттарына қарсы келген еді де,Алла, оларды күнәларының салдарынан қолға алды. Күдіксіз Алла, аса қуатты, азабықатты.

53.

Міне Алла, бір қауымға берген нығметін; олар, өздерінөзгертпейінше өзгертпейді. Шынында Алла, толық естуші, аса білуші.

54.

Перғауындықтар және олардан бұрынғылардың қылығы тәрізді:Олар да Раббыларыңың аяттарын жасынға шығарған еді. Оларды күнәлары себептітипыл қылып, Перғауындықтарды суға батырған едік. Я, олардың барлығы залымдареді.

55.

Сөзсіз Алланың қасында жәндіктердің ең жаманы сондайқарсы болғандар. Олар иман келтірмейді.

56.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер олармен келісім жасасаң кейін оларуәделерін әрқашан да бұзады. Олар Алладан қорықпайды.

57.

(Рауаят бойынша, Пайғамбар, мединелік Яһуди Құрайзаруымен бейбітшілік келісімін жасаған бола тұра олар Бәдір соғысында келісімдібұзып, жауға болысады. Қайта жаласа да ор, қазу соғысында және уәдені бұзып,жауға болысады.) Сондықтан олармен соғыста кездессең, оларға артындағы адамдарғаүлгі болатын соққы бер. Бәлкім олар түсінер.

58.

Егер бір елдің опасыздығынан секем алсаң, тең түрде сенде (келісімді бұзып) өздеріне таста. Расында Алла, опасыздарды жақсы көремйді.

59.

Кәпірлер құтылдық деп ойламасын. Расында олар (Алланы)әлсірете алмайды.

60.

Сендер де шамаларың келкенше әр түрлі күш әрі атбайлаумен әзірлік көріңдер. (Сондай-ақ заманауи техникалық құралдардайындаңдар.) Алланың дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды тағы олардан өзге дұшпандардықорқытасыңдар. Оларды сендер білмейсіңдер, Алла біледі. Ал Алла жолында ненәрсежұмсасаңдар, сендерге толық төленеді. Әділсіздік көрмейсіңдер.

61.

Егер олар, бейбітшілікке бейімдесе, сонда оларға сендебейімде. Әрі Аллаға тәуекел ет. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса білуші.

62.

Ал егер олар сені алдауды ойласа, шынында Алла сағанжетіп асады. Өйткені, Ол сондай Алла, сені өзжәрдемімен және мүміндер арқылықолдады.

63.

Және Ол мүміндердің жүректерін қосты. Егер сен, жержүзіндегі нәрселерді тұтас сарып қылсаң да олардың жүректерін қоса алмас едің.Бірақ Алла, олардың араларын біріктірді. Расында Ол, өте үстем, аса дана.

64.

Әй Пайғамбар! Алла (Т.) саған және мүміндерден сағанергендерге жетіп асады.

65.

Әй Пайғамбар! Мүміндерді соғысқа қызықтыр. Егер сендерденсабырлы жиырма кісі болса, екі жүзді жеңеді. Ал егер сендерден жүз кісі болса,кәпірлерден мыңды жеңеді. Өйткені, олар түсінбейтін халық.

66.

Әзір Алла, сендерден (жүкті) жеңілдетті. Расында сендердеосалдық барлығын білетін еді. Сондықтан егер сендерден сабырлы жүз кісі болса,екі жүзді жеңеді. Ал егер сендерден мың болса, Алланың рұхсатымен екі мыңдыжеңеді. Өйткені Алла, сабырлылармен бірге.

67.

(Пайғамбар Ғ.С. Бәдір соғысындағы жетпіс тұтқын жайындасахабалармен кеңескенде, Ғұмар Р.А. олардың өлтірілуін, Әбубекір Р.А. бодауалынып қоя берілуін ұсынады. Пайғамбар Ғ.С. соңғысын дұрыс көрді.) Ешбірпайғамбарға жер жүзінде жауға өктем болғанға дейін тұтқын ұстау тиісті емес.Сендер дүниенің пайдасын ойлайсыңдар. Алла (сендерге) ахиретті қалайды. Алла,өте үстем, хикмет иесі.

68.

Егер алладан бір жазу (үкім) болмаған болса еді,(бодауға) алғандарыңның салдарынан зор азап ұстар еді.

69.

Онда олжа түрінде алған халал, таза нәрселерді жеңдер әріАлладан қорқыңдар. Расында Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

70.

Әй Елші! Қолдарыңдағы тұтқындарға: “Егер Аллажүректеріңде бір хайыр барлығын білсе, сендерге өздеріңнен алынғаннан тағыжақсысын береді. Әрі сендерді жарылқайды. Ол Алла, өте жарылқаушы, ерекшемейірімді.” де.

71.

Егер тұтқындар саған опасыздық істегісі келсе, расындаолар бұрын Аллаға да опасыздық істеген еді. Сондықтан сені олардан ықпалдықылды. Алла толық білуші, хикмет иесі.

72.

Шынында иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, жәнемалдарымен, жандарымен Алла жолында соғысқандар, сондай-ақ босқындардыорналастырып, көмек еткендер, міне бұлар, бір-бірінің досы. Ал және иманкелтіріп, көше алмағандар болса, олар да көшкенге дейін сендерге олардың ешбірағайындығы жоқ. Онымен қатар, егер олар, сендерден дін жайында бір жәрдемтілесе, сонда сендерге көмек ету міндет болады. Бірақ олар сендермен араларыңдакелісім болған елде болса, оның жөні басқа. Алла істегендеріңді толық көруші.

73.

Ал сонда кәпірлер де біріне- бірі дос. Егербірлеспесеңдер, жер жүзінде пітне және зор бүліншілік болады.

74.

Иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, Алла жолындасоғысқандар, мұһажірлерді орналастырып, көмек еткендер, міне бұлар; нағызмүміндер. Оларға жарылқау және көркем несібе бар.

75.

Сондай-ақ кейін иман келтіргендер, отандарынан ауғандар,және сендермен бірге соғысқандар, міне бұлар; сендерден. Және туысқандар АлланыңКітабында бір- біріне тағы жақын. Расында Алла, барлық нәрсені толық біледі.