89. Фəжр

1.

Ағарған таңға,

2.

Құрбан айының алғашқы он кешіне,

3.

Əр жұп пен таққа,

4.

Ɵткен түнге серт.

5.

Бұлар, ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма?

6.

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның Ғад қауымына не істегенін кɵрдіңбе?

7.

Ұзын діңгекті “Ирам” қаласындағыны;

8.

Сондай ол тəрізді қалаларда жасалмаған еді.

9.

Сондай ақ ойпаттар жартастарды ойған Сəмүд еліне (неістегенін)

10.

Ол қазықшы Перғауынға (не істегенін)

11.

Сондай олар, мемлекеттерде шектен шыққан еді.

12.

Сонда олар, ол жерде бұзақылықты кɵбейткенеді.

13.

Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды. (Азапқаұшыратты)

14.

Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы.

15.

Ал енді адамзат, қашан Раббы оны сынай сыйлап, игіліккебөлесе : “Раббым мені сыйлады” дейді.

16.

Қашан оны сынап, несібесін тарайтса: “Раббым меніқорлады” дейді.

17.

Жоқ олай емес. Сендер жетімге құрмет етпейсіңдер.

18.

Бір-біріңді, міскінді тамақтандыруға қызықтырмайсыңдар.

19.

Мирасты тұтас жеп аласыңдар.

20.

Сондай-ақ малды өте-мөте жақсы көресіңдер.

21.

Тіпті олай емес. Жер соғылысып, быт-шыт болған сәтте,

22.

Раббың елестеп, періштелер сап сап болған кезде,

23.

Сол күні, тозақ келтіріледі де әрі сол күні, адамзаттүсінеді. Ол түсінуден оған не пайда?

24.

“Әттең! Тіршілігім үшін бір нәрсе жіберген болсам еді”дейді.

25.

Сонда, сол күні ешкім Алланың істеген азабын істейалмайды.

26.

Сондай-ақ ешкім Оның матауын матай алмайды.

27.

Әй орныққан нәпсі!

28.

Раббыңа, Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт!

29.

Енді құлдарымның арасына кір!

30.

Сондай-ақ жаннатыма кір!