87. А’лə

1.

(Мұхаммед Ғ.С.) Ұлы Раббыңның атын дәріпте.

2.

Ол сондай Алла; жаратып, толықтаған,

3.

Ол сондай Алла, шамалап оңғарған.

4.

Ол сондай Алла, жайылысты жаратқан.

5.

Сосын оны қапқара қоқымға айналдырған.

6.

(Мұхаммед Ғ.С.) саған Құран оқытамыз; сонда оныұмытпайсың. (20-С. 114-А.; 75-С. 16-19-А.)

7.

Бірақ, Алланың қалағаны басқа. Негізінде Ол, көрнеу,көместі біледі. (2-С. 6-А.)

8.

Саған оңай болғанды қолайластырамыз.

9.

Пайда беретін болса, насихат ет. (51-С. 55-А.)

10.

Әлде кім Алладан қорықса, үгіт алады.

11.

Сорлы болғандар одан бой тежейді.

12.

Ол, сондай зор тозаққа салынады.

13.

Сосын ол арада өлмейді де тірілмейді.

14.

Әлде кім тазарса, ол құтылады.

15.

Ол, Раббының атын еске алып, намаз оқыды. (Бұл, айтнамазы)

16.

Бірақ сендер дүние тіршілігін артық көресіңдер.

17.

Ақирет қайырлы да тұрақты.

18.

Негізінен бұл үкімдер бұрынғы нұсқаларда бар;

19.

Ыбырайым, Мұса (Ғ.С.)-лардың нұсқаларында.