1. |
Аспанға, Тарыққа серт. |
2. |
(Мұхаммед Ғ.С.) Тарық не екенін қайдан білесің? |
3. |
Ол, жарқыраған жұлдыз. |
4. |
Әркімнің үстінде бір бақылаушы бар. (11-С. 56-А.) |
5. |
Ал енді адамзат неменеден жаратылғанына бір қарасын; |
6. |
Бір атылып шыққан судан жаратылған. |
7. |
Ол, бел сүйек пен кеуде сүйектің арасынан шығады. |
8. |
Сөз жоқ. Алла адамзатты қайта тірілту күшіне ие. |
9. |
Сол күні сырлар ашылады. |
10. |
(Ол күні) адам баласына күш те көмекші де болмайды. |
11. |
Қайталай жаңбырлатқан аспанға серт. |
12. |
Жаралып өсімдік шығаратын жерге серт. |
13. |
Негізінен Құран бір билік сөз. |
14. |
Ол, бір сықақ емес. |
15. |
Шын мәнінде олар бір сығандық істеуде. |
16. |
Сығандығына шара көремін. |
17. |
(Мұхаммед Ғ.С.) қарсы келушілерге мұрсат беріп, аз еркінеқой. |