1. |
Аспан жарылған сәтте, |
2. |
Лайықты болып, Раббына бой ұсынған кезде, |
3. |
Жер созылған сәтте, |
4. |
Ол, ішіндегіні шығарып босатқан сәтте, |
5. |
Раббына бой ұсынып, лайықты болған кезде; |
6. |
Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң;сонда Оған жолығасың. |
7. |
Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе; |
8. |
Сонда Ол, дереу жеңіл есеппен есептеледі. |
9. |
Ол, үй ішіне-қуанып қайтады. |
10. |
Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе; |
11. |
Сонда ол, дереу өлім шақырады. |
12. |
Қайнаған тозаққа түседі. |
13. |
Өйткені ол, өз үйінде мәз-мейрам еді. |
14. |
Негізінде ол, әсте (Аллаға) қайтпаймын деп ойлады. |
15. |
Олай емес. Расында Раббы оны көздеуде еді. |
16. |
Жоқ, шапақ уақытына, |
17. |
Түнге әрі ішіндегі нәрсеге, |
18. |
Толған айға серт. |
19. |
Әлбетте сендер, бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер. |
20. |
Сонда оларға иман келтірмейтін не болды? |
21. |
Оларға Құран оқылған кезде, сәжде қылмайды. |
22. |
Әрине кәпірлер «Өтірік» дейді. |
23. |
Алла олардың бүкпелеген нәрселерін жақсы біледі. |
24. |
(Мұхаммед Ғ.С.) оларды күйзелтетін азаппен сүйіншіле. |
25. |
Бірақ иман келтіріп, түзу амал істеушілерге таусылмайтынсыйлық бар. |