1. |
Өлшеу, тартуда кеміткендерге нендей өкініш! |
2. |
Олар қашан өлшеп алса, толық өлшеп алады да; |
3. |
Қашан олар, өлшеп немесе тартып беретін болса; кемітеді. |
4. |
Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма? |
5. |
Ол зор күн үшін; |
6. |
Ол күні адамдар, бүкіл әлемнің Раббының алдында тұрады. |
7. |
Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орындаболады. |
8. |
Төменгі орынның не екенін қайдан білесің? |
9. |
Ол жазулы бір кітап. |
10. |
Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш! |
11. |
Олар, сондай қиямет күнін өтіріксінгендер. |
12. |
Оны, шектен шыққан, күнәкар өтіріксінеді. |
13. |
Қашан оған аяттарымыз оқылса: “Бұрынғылардың ертегісі”деді. |
14. |
Жоқ, бәлкім олардың жүректерін істеген қылықтарының татыбасты. |
15. |
Жоқ, олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларыныңдидарынан махрұм қалады. |
16. |
Сосын олар, әлбетте тозаққа кіреді. |
17. |
Сосын: “Міне сендердің өтірік дегендерің осы!”,-деліндеді. |
18. |
Жоқ, олай емес. Негізінен ізгілердің дәптері әринежоғарғы орында болады. |
19. |
Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің? |
20. |
Ол жазулы бір кітап. |
21. |
Оны, Аллаға жақын періштелер бақылайды. |
22. |
Негізінен ізгілер, әрине нығмет ішінде болады. |
23. |
Олар дивандардың үстінде (Алланың нығметтеріне) қарайды. |
24. |
Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан таныйсың. |
25. |
Олар, мөрленген ішімдіктен сусындатылады. |
26. |
Оның сарқыны жұпар аңқиды. Жарысушылар, осыған жарыссын. |
27. |
Оның қоры, “Тәсним” бастауынан. |
28. |
Ол бастаудан Аллаға жақын болғандар ішеді. |
29. |
Расында күнәкарлар, иман келтіргендерге күлетін еді. |
30. |
Олар жандарынан өткенде, ымдасатын еді. |
31. |
Олар үйлеріне қайтып барған кезде, күңкілдесетін еді. |
32. |
Қашан олар Мұсылмандарды көрсе : “Сөз жоқ, адасқандар “дейтін еді. |
33. |
Олар, Мұсылмандарға бақылаушы етіліп жіберілмеді. |
34. |
Ал енді бүгін мүміндер, кәпірлерге күледі. |
35. |
Олар тақтардың үстінде қарайды; |
36. |
“Кәпірлер, істегендерінің пайдасын көрді ме?” |