1. |
Қабақ шытып, бет бұрды; |
2. |
Оған соқырдың келуімен. |
3. |
Қайдан білесің, мүмкін ол тазарар? |
4. |
Не үгіт алар, оған үгіт пайда берер. |
5. |
Ал енді байсынған; (Құрайш бастықтары) келсе, |
6. |
Оған көңіл бөлесің. |
7. |
Ол тазармаса саған не? |
8. |
Ал енді саған жүгіріп келген біреу; |
9. |
Ол, (Алладан) қорқады. |
10. |
Сонда да оған селқос қарайсың. |
11. |
Жоқ, олай емес. Әлбетте Құран бір насихат. |
12. |
Сондықтан кім қаласа, үгіт алады. |
13. |
Құрметті нұсқаларда жазулы, |
14. |
Жоғары бағаланған тап-таза; |
15. |
Елшілердің қолында, |
16. |
Ардақта, игі. (Періштелер; Лаухы Махфуздан көшірген.) |
17. |
(Жаны шықсын) Оған, адам баласы қалай қарсы? |
18. |
Алла адамды не нәрседен жаратты? |
19. |
Бір тамшыдан жаратып, оны бейнеледі. |
20. |
Сосын оның жолын оңайластырды. |
21. |
Кейін оған өлім біріп, оны қабырға қойдырды. |
22. |
Қалаған сәтте, оны тірілтеді. |
23. |
Жоқ, ол Алланың әмірін орындамады. |
24. |
Ал енді адамзат, жеген тамағына бір көз салсын. |
25. |
Әрине мол су бердік. |
26. |
Сосын қара жерді қақ айырдық. |
27. |
Сонда жерде дәнді дақылдар өсірдік. |
28. |
Жүзімдер, жоңышқалар, |
29. |
Зәйтіндер, құрмалар, |
30. |
Ну бақшалар, |
31. |
Жемістер, өлеңдер; |
32. |
Сендер әрі малдарың пайдалану үшін. |
33. |
Ал енді қатты дауыс келген сәтте; |
34. |
Сол күні, кісі туысынан қашады; |
35. |
Шешесінен, әкесінен |
36. |
Әйелінен және балаларынан. |
37. |
Ол күні әркімнің ісі ауыр. (Әркім өз халімен әлек.) |
38. |
Ол күні кейбір жүздер, жарқырайды, |
39. |
Күлген қуанышты. |
40. |
Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады; |
41. |
Оны қара түнек қаптаған болады. |
42. |
Міне солар, қарсы келген бұзақылар. |