7. А’раф

1.

Әлиф Ләм Мим Сад.

2.

(Ұғымын Алла біледі.)

(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл саған түсірілген бір Кітап. Сондықтан көңліңде кірбеңдікболмасын. Бұл арқылы ескертуің, мүміндерге үгіт үшін.

3.

Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да Оданөзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар!

4.

Қаншалаған кентті жоқ еттік. Сонда оларға азабымызтүнделетіп немесе түскі дем алыста келді.

5.

Оларға азабымыз келген сәтте: “Біз рас залымдар болдық”деп қана айғайлау болды.

6.

Өздеріне елші жіберілгендерді сұраққа тартамыз әріелшілерді де сұраққа тартамыз.

7.

Әрине оларға біліп баян етеміз. Негізінде оларға жасырынемеспіз.

8.

Ол күнгі таразылау шындық. Сонда кімнің таразысы(жақсылықта) ауыр тартса, міне солар құтылушылар.

9.

Және кімнің таразысы жеңіл тартса, аяттарымызғаорынсыздық еткендіктері себепті зиян қылды.

10.

Расында сендерді жер жүзіне орналастырып өздеріңе ондакүн көрістер жасадық. Нендей аз шүкір етесіңдер.

11.

Расында сендерді жаратып сонан кейін бейнеледік. Сонансоң періштелерге: “Адамға сәжде қылындар!” дедік. Барлығы сәжде етті. БірақІбіліс сәжде етпеді де сәжде етушілерден де болмады.

12.

(Алла Ібіліске): “Саған, Мен әмір еткенде сені сәждеетуден не тыйды?” деді. Ол: “Мен одан артықпын. Меніоттан жаратып, оны балшықтанжараттың” деді.

13.

(Алла): “Онда ол жерден түс. Онда сенің менменсуіңеболмайды. Дереу шық, қор болушылардансың” деді.

14.

(Ібіліс): “Қайта тірілетін күнге дейін мұрса бер” деді.

15.

(Алла): “шынында мұрса берілгендерденсің” деді.

16.

(Ібіліс): “Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті әлбетте менде оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын” деді.

17.

“Сонан соң оларға алды- артына, оң-солынан келемін деолардың көбін шүкір етушілерден тапапйсың” деді.

18.

(Алла): “Қорланып қуылған түрде ол жерден шық. Әринеолардан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен тозақты толтырамын” деді.

19.

(Алла): “Әй Адам! Сен және жұбайың жаннатқа орналас.Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Сонда злымдарданболасыңдар”

20.

Сонда шайтан, ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшіназғырды да: “Раббыларың сендерді осы ағаштан, екеуің періште болып кетеді немесемәңгі қалып қояды деп ғана тыйған” деді.

21.

Және: “Шынында мен екеуіді үгіттеушілерденмін” деп, антішті.

22.

Сөйтіп екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқансәтте, ұятты жерлері ашылып кетті. Кеуі жаннат жапырақтарынан үстеріне жапсырабастады. Раббылары екеуіне: “Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расындашайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?”,- деп дабыстады.

23.

(Адам ата мен Хауа ана): “Раббымыз, біз өзімізге кесірістедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең әлбетте зиян етушілерденболамыз” деді.

24.

(Алла): “(Жаннаттан) бір-біріңе дұшпан болып түсіңдер.Сендерге жер жүзінде бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар” деді.

25.

“Ол жерде тіршілік етесіңдер де, ол жерде өлесіңдер. Жәнеол жерден қайта шығарыласыңдар” деді.

26.

Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім жәнесәндік- бұйым түсірдік. (Жараттық) Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланыңбелгілері. Әрине түсінерсіңдер.

27.

Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерінкөрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдықжасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерденкөреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық.

28.

Олар қашан бір арсыздық істесе: “Аталарымызды осы жолдатаптық, мұны бізге Алла бұйырды” деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Шынында Алла арсыздыққабұйырмайды. Аллаға білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?”,- де.

29.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Раббым әділдікті бұйырды. Әрбірқұлшылық орнында бет алыстарыңды туралап, діндеріңді Аллаға арнап отырып, Одантілеңдер. Сендер бастапқы жаратқанындай және Оған қайтасыңдар” де.

30.

(Алла, адам баласы ның) бір тобын тура жолға салды. Жәнебір тобы да адасуға тиісті болды. өйткені олар, Алладан өзге шайтандарды достұтты да олар өздерін тура жолдамыз деп есптеді.

31.

(Жаһилиет дәуірінде, араптар, Кағбаны жалаңаш айналып,және ет, май жемеген.) Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңдіалыңдар. (Киініңдер) Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Аллаысырап етушілерді сүймейді.

32.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Алланың құлдарына көркем етіп шығарғаннәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім арам етті” де. “Бұл несібедүние тіршілігінде иман келтіргендер үшін. (Алайда кәпірлер де ортақ) Қияметкүні мүміндерге ғана” де. Білген елге аяттарды өстіп түсіндіреміз.

33.

“Күдіксіз Раббым, арсыздықтарды, Оның көрнеу, көмесін,күнәны, орынсыз озбырлықты, оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсеніАллаға серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді Аллаға қарсы сөйлеулеріңдіарам қылды” де (Мұхаммед Ғ.С.).

34.

Әр әлеуметтің белгілі бір мерзімі бар. Олар, сол мерзімікелген сәтте, бір дем кешікпейді де ілгерлемейді.

35.

Әй адам балалары! Егер сендерге іштеріңнен өздеріңеаяттарымды түсіндіретін елшілер келсе, сонда біреу сақсынып, өзін түзелтсе,оларға бір қорқу да жоқ әрі олар қайғырмайды.

36.

Сондай аяттарымызды өтірік дегендер, өздерін одан зорсанағандар, солар, тозақтық. Олар онда ұдайы қалушылар.

37.

Алланы өтірік қаралаған немесе Оның аяттарын жасынғашығарған біреуден кім залымырақ? Олар Кітаптағы тиесілеріне қауышады. Ақырелшілеріміз олардың жандарын алуға келіп: “Алладан өзге сиынатындарың қайда?”,-дегенде: “Олар бізден ғайып болды” деп, өздерінің қарсы болғандықтарына өздеріайғақ болды.

38.

(Алла қияметте оларға): “Сендерден бұрыңғы өткен,тозақтағы жын және адамдар тобының ішіне кіріңдер” дейді. Әр топ тозаққа кіргенсәтте, өз туысын (алдыңғы жолдасын) қарғайды. Барлығы онда жиналғанда,артқылары, алдындағыларына: “Раббымыз! Осылар бізді адастырған. Сондықтан оларғатозақ отынан екі есе азап бер” дейді. (Алла): “Әркімге екі есе азап бар. Бірақсендер білмейсіңдер” дейді.

39.

Және олардың алдынғылары, артқыларына: “Сендердің бізгебір артықшыларың жоқ. Ендеше істегендеріңнің азабын татыңдар” дейді.

40.

Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерінжоғары көргендерге көктің есіктері ашылмайды.. Және олар түйе иненің көзіненөткенге дейін ұжмаққа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз.

41.

Оларға жаһаннамда төсек және үстерінде жамылғылар бар.Залымдарға осылайша жаза береміз.

42.

Және иман келтіріп, ізгі іс істегендер, негізінде біреугешамасы келетінді ғана жүктейміз. Солар жаннаттық. Олар онда мәңгі қалушы.

43.

Олардың көңілдерінен кірбеңдікті шығарамыз, астарынанөзендер ағады. Олар: “Барлық мақтау бізді осы тура жолға салған Аллаға тән. ЕгерАлла бізді тура жолға салмаса еді, тура жолды таба алмайтын едік. РасындаРаббымыздың елшілері, шындықты келтірген еді ” дейді. Және оларға: “Мінеғамалдарың себепті мұрагері болған ұжмақтарың осы” делінген түрде дабысталады.

44.

Ұжмақтағылар, тозақтағыларға: “Раббымыздың бізге уәдееткенін тура таптық. Сендер де Раббыларыңның уәде еткенін тура таптыңдар ма?”,-деп айғайлайды. (Олар): “Әрине” дейді. Сонда олардың араларында бір айғайшы:”Алланың қарғысы залымдарға” деп айғайлайды.

45.

Олар, Алланың жолынан тосып, онда бір қисықтық іздейді.Және олар ахиретке де қарсы болушылар.

46.

(Ұжмақтағылар мен тозақтағылардың) арасында далда бар.Және “Ағраф” делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен таныйтынбіреулер бар. Бұлар: “Сендерге сәлем” деп жаннаттағыларға айғайлайды. Бұлар әліжаннатқа кірмеген, үміт ететіңдер.

47.

Қашан олардың көздері тозақтыктар жаққа бұрылса:”Раббымыз! Бізді залым елмен бірге қыла көрме!”,- дейді

48.

Ағрафтағылар тозақтағы әлпеттерінен танығандарға:”Сендерге көптіктерің және менмендіктерің пайда бермеді ме?”,- деп айғайлайды.

49.

(Оларға ұжмақтағыларды көрсетіп:) “Бұларға Алланыңрахметі тимейді деп, ант ішкен адамдарың емес пе? Ұжмаққа кіріңдер. Сендергеқорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар” (делінеді)

50.

Тозақтағылар, ұжмақтағыларға: “бізге суларыңнан немесеАлланың сендерге берген несібесінен төгіп жіберіңдер” деп айғайлайды. Олар:”Расында Алла, ол екеуінде кәпірлерге арам еткен” дейді.

51.

Олар, діндерін оын- сауыққа айналдырып, дүние тіршілігіалдағандар. Олар осы күнге жолығуларын ұмытып және аяттарымызға қарсы келгендейбүгін Біз оларды ұмытамыз.

52.

Расында Біз оларға, иман келтірген қауым үшін тура жолмәрхамет түрінде бір Кітап түсіріп, оны білім жолымен айырып түсіндірдік.

53.

Олар оның нәтижесін (бастарына келетінін) ғана күтеді.Оның нәтижесі келген күні, оны ұмытып жүргендер: “Раббымыздың елшілері шындықтыәкелген еді. Енді бізді қолдаушы бар ма? Немесе дүниеге қайтарыламыз ба? Сондабұрыңғы істегенімізден басқаны істер едік” дейді. Расында олар өздеріне кесірістеді. Сондай-ақ олардың жасанды тәңірлері адасып жоқ болды.

54.

күдіксіз Раббыларың сондай Алла, көктер мен жерді алтыкүнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыны меңгерген. Бірін- бірі қуалап, күндіздібүркеген түнді және күн мен айды, жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Сақболыңдар! Жарату және бұйрық беру Оған тән. Өте жоғары Алла, бүкіл әлемніңРаббы.

55.

Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. КүдіксізОл, шектен шығушыларды жақсы көрмейді.

56.

Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүліншілік қылмаңдар. ЖәнеАллаға хауіп әрі үмітпен жалбарыныңдар. Расында Алланың рахмті жақын.

57.

Ол сондай Алла рахметінің (жаңбырдың) алдын ала желдердіқуантушы етіп жібереді. Ауыр бұлттарды көтерген бойда, өлі (қағыр) бірмемлекетке жіберіп, сонда ол арқылы жаңбыр жаудырып, сонымен әр түрлі жемістердішығарамыз. Осылайша өліктерді де тірілтеміз. Әрине үгіттенерсіңдер.

58.

Жақсы жердің өсімдігі Раббының қалауы бойынша шығады.Сондай құнарсыз жерге аз нәрсе ғана шығады. (бұл ықылас пен ықылассыздың мысалы)Осылайша аяттарымызды шүкірлік қылатын елге айырып баян етеміз.

59.

Расында Нұх (Ғ.С.) ты еліне пайғамбар етіп жібердік.Сонда ол: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлеріңжоқ. Шәксіз мен сендерге келетін ұлы күннің азабынан қорқамын” деді.

60.

Елінің бастықтары: “Әрине біз сені ашық адасуда көреміз”деді.

61.

“Әй елім! Мен де ешбір адасқандық жоқ. Бірак менәлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін” деді.

62.

“Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырып, сендердіүгіттеймін. Және Алладан сендер білмегенді білемін”

63.

Сақсынып, мәрхаметке бөленулерің үшін Раббыларыңтарапынан, өздеріңнен сендерге ескертетін бір кісіге насихат келуінетаңырқайсыңдар ма?

64.

Сонда олар оны жасынға шығарды. Сондықтан оны және оныменбірге кемеде болғандарды құтқарып, аяттарымызды өтірік дегендерді суға батырдық.өйткені олар анық көзсіз ел ді.

65.

Және Ғад еліне туыстары Һұд (Ғ.С.) ты жібердік: “Әй елім!Аллаға құлшылық қылыңдар! Сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ. Қорықпайсыңдарма?”,- деді.

66.

Елінің қарсы болған тобы: “Әрине біз сені есуас көреміз.Және сені анық өтірікшілерден деп ойлаймыз” деді.

67.

“Әй елім! Мен бір ақымақ емеспін. Бірақ әлемдердің Раббытарапынан бір елшімін” деді.

68.

“Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырамын. Әрісендерге сенімді бір үгітшімін…”

69.

“Раббыларың тарапынан өздеріңнен, сендерге ескерту үшінбір кісіге насихат елуіне таңырқайсыңдар ма? Ойлаңдар! Сол уақытта Алла сендердіНұх қауымынан кейін орынбасар қылып, әрі тұлға жаратылысында да артык қылды.Ендеше Алланың нығметтерін еске алыңдар, әрине құтыласыңдар.”

70.

Олар: “Сен бізге жалғыз ғана Аллаға құлшылық қылуымызжәне ата- бабаларымыздың табынатындарын тастауымыз үшін келдің бе? Егер расайтушылардан болсаң, бізді құқайлаған азабынды әкел” деді.

71.

(Һұд Ғ.С.): “Раббыларың тарапынан азап және ашу тиістіболды. Алла оған ешбір дәлел түсірмеген, аттарын, өздерің және аталарың қойғантәңірлерің жайында менімен талсасыңдар ма? Енді нәтижені күтіңдер, мен десендермен бірге күтушілерденмін” деді.

72.

Сонда Һұд (Ғ.С.) ты, онымен бірге болғандарымәрхаметімізбен құтқардық та аяттарымызды жасынға шығарғандардың жәнесенбегендердің артын үздік.

73.

және Сәмүд еліне туыстары Салих (Ғ.С.) ды жібердік: “Әйқауымым! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. СендергеРаббыларыңнан ашық мұғжиза келді. Міне Алланың іңгені сендерге бір мұғжиза. Оныеркіне қойыңдар, Алланың жерінде оттасын. Оған бір сұмдық істемеңдер. Әйтпесе,сендерді жан түршігерлік азап қолға алады” деді.

74.

(Еске алыңдар! Сол уақытта Ғаддан кейін сендерді олардыңорынбасары қылып, жер жүзіне орналастырды. Ойпаттарынан сарайлар жасап алып,тауларды үңгіп үйлер жасайтын едіңдер. Сондықтан Алланың нығметтерін ескеалыңдар да жер жүзінде бүліншілік қылып жүрмеңдер.

75.

Елінің дандайсыған тобы, араларындағы иман келтіргендердіқор көріп: “Салихтың, Раббы тарапынан анық елші екенін білесіңдер ме?”,- деді.Олар: “Күдіксіз біз ол арқылы жіберілген нәрселерге сенеміз” деді.

76.

Дандайсығандар: “Күдіксіз біз сендер сенген нәрселергеқарсымыз” деді.

77.

Сондай олар іңгенді өлтіріп, Раббыларының әмірінен шықтыда: “Әй Салих! Егер сен елшілерден болсаң, бізге бопсалағаныңды келтір” деді.

78.

Сонда оларды бір сілкініс қолға алды да үйлеріндеетпеттеген бойдарында қалды.

79.

Сонда Салих олардан жүз бұрып: “Әй елім! Расында менсендерге Раббымның бұйрығын жалғастырдым. Бірақ сендер үгіттеушілерді жақсыкөрмедіңдер” деді.

80.

Лұт (Ғ.С.) сол уақытта еліне: “Сендерден бұрын әлемненешкімнің істемеген арсыздығын істейсіңдер ме?” деді.

81.

“Сендер әйелдерді қойып еркектерге қызығып келесіңдер ме?Әрине сендер шектен шыққан елсіңдер”

82.

Елінің жауабы: “Оларды кенттеріңнен шығарыңдар. Өйткені,олар өте тазасынған адамдар” деу ғана болады.

83.

Сонда Лұт (Ғ.С.) ты және семьясын құтқардық. Бірақ қатынығана апатқа ұшырағандардан болды.

84.

Оларға бір жаңбыр жаудырдық. Күнәкарлардың сонының қалайболғанын көр!

85.

Мәдян еліне туыстары Шұғайып (Ғ.С.) ты жібердік: “Әйелім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. СендергеРаббыларыңнан ашық бір дәлел келді. Енді өлшеуді, тартуды толық орындаңдар.Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер. Түзетілгеннен кейін жер жүзінде бүліншілікқылмаңдар. Егер иман кетірген болсаңдар, сендерге осы істерің жақсы” деді.

86.

“Иман келтіргендерді Алланың жолынан тосып, бопсалап,қыңырлық іздеу үшін әрбір жол үстінде отырмаңдар. Және ойлаңдар, сендер азедіңдер, Алла көбейтті. Және де бұзақылардың соңы қалай болды, қараңдар! “

87.

“Және сендерден бір топ, мен арқылы жіберілгенге сеніп,бір топ сенбесе, Сонда арамызға Алла үкім бергенге дейін сабыр етіңдер. Ол, үкімберушілердің жақсысы”

88.

Елінің дандайсыған бастықтары: “Әй шұғайып! Әрине сені десенімен бірге иман келтіргендерді де кентімізден шығарамыз, немесе дінімізгеқайтасыңдар” деді. Шұғайып(Ғ.С.): “Жақтырмасақ та ма?”,- деді.

89.

“Алла бізді діндеріңнен құтқарғаннан кейін қайталасақ,расында Аллаға өтірік жала қойған боламыз. Бірақ Раббымыз қаласа, оғанқайтуымызға болады. Раббымыздың білімі әр нәрсні сыйдырды. Аллаға тәуекелқылдық. Раббымыз! Біз бенен еліміздің аарсына туралықпен Сен үкім ет. соНдай-ақСен билік аутушылардың ең жақсысың” (деді. Шұғайып Ғ.С.)

90.

Елінің ішінен қарсы болған бастықтары: “Егер Шұғайыпқаілессеңдер, сол уақытта анык зиян етушілерден боласыңдар” деді.

91.

Сонда оларды бір сілкіңіс қолға алып жұрттарындаетпеттеген бойларында қалды.

92.

Шұғайып (Ғ.С.) ты жасынға шығарғандар, тіпті жұрттарындаболмағандай болды. Сондай-ақ Шұғайып (Ғ.С.) ты жасынға шығарғандар зиян тартты.

93.

Сонда ол, олардан бет бұрып: “Әй елім! Расында менсендерге Раббымның нұсқауларын жалғастырдым әрі сендерге үгіт еттім. Ал ендіқарсы болған бір елге қайтып қайғырамын? ” ,- деді.

94.

Тағы Біз әрқандай бір кентке елші жіберсек, оларжалбарынсын деп, ол жердің тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық.

95.

Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіптіартылып кетті де: “Аталарымыздың басына да таршылық, кеңшілік келген кен” десті.Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымызда өздері де білмей қалды.

96.

Егер ол өлкелердің елі иман келтіріп, сақсынса еді, әринеоларға көк пен жердің берекеттерін ашып жіберер едік. Бірақ олар жасынғашығарды. Сондықтан қылмыстары себепті оларды қолға алдық.

97.

Кенттердің халқы, өздеріне азабымыздың түнделетіп, оларұйқыдағы кезде келуінен қауіпсіз бе?

98.

Және де ол кенттердің елі, күн көтеріле бере ойнап жүргенсәтте, азабымыздың келуінен кәперсіз бола ала ма?

99.

Сондай-ақ Алланың кәрінен аман бола ала ма? Алланыңбейнетінен зиянға ұшырайтын ел ғана қобалжымайды.

100.

Жердің бұрыңғы иелерінен кейінгі мұрагерлер түсінбей ме?Егер қаласақ, күнәларына қарай бейнет берер едік. Сондай-ақ жүректерінмөрлейміз, сондықтан олар естімейді.

101.

(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл кенттердің қиссаларын саған баянетеміз. Әрине оларға елшілері ап- ашық дәлел келтірген еді. Сонда да бұрынөтірік деген нәрселеріне сенгілері келмеді. Міне Алла, қарсы болушылардыңжүрегін өстіп мөрлейді.

102.

Олардың көбін уәде де таппадық. Әрі олардың көбін мүлдебұзық көрдік.

103.

Одан кейін Мұса (Ғ.С.) ны Перғауын және сыбайластарынамұғжизалармен жібердік. Сонда олар, мұғжизаға қарсы келді. Ал енді бұзақылардыңсоңынынң қалай болғанын көр.

104.

Мұса (Ғ.С.): “Әй Перғауын! Шынында мен бүкіл әлемніңРаббы тарапынан жіберілген бір елшімін” деді.

105.

“Аллаға хақиқатты ғана айтуға міндеттемін. СендергеРаббыларыңнан ашық дәлел әкелдім. Енді Израил ұрпақтарын менімен бірге жібер”деді.

106.

(Перғауын): “Егер сен бір мұғжиза келтірген болсаң, алоны әкел. Егер сөзің шын болса” деді.

107.

Сонда (Мұса Ғ.С.) таяғын тастады. Ол, дереу ашықша бірайдағар болды.

108.

Тағы қолын шығарды. Сонда ол, қараушыларға аппақ көрінді.

109.

Перғауын елінің бастықтары: “Күдіксіз мынау анық білгішсиқыршы” деді.

110.

“Сендерді жұрттарыңнан шығарғысы келеді. Не бұйрасыңдар?”

111.

“Оны да туысын да тоқтатып қойып, қалаларға жинаушыларжібер.”

112.

“Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін” (десті)

113.

Сиқыршылар, Перғауынға келіп: “Егер біз жеңіске иеболсақ, әрине бізге сыйлық бар шығар” деді.

114.

(Перғауын): “Әрине! Әрі жақын адамдарымнан боласыңдар”деді.

115.

(Сқыршылар): Ә Мұса! Енді (өңеріңді ортаға) не сен қойнемесе біздер қойяық деді.

116.

(Мұса Ғ.С.): “Сеңдер қойыңдар” деді. Олар (өңерлерін)қойған сәтте, адамдардың көздерін сиқырлап, оларды қорқытты. Сондай-ақ үлкен бірсиқыр келтірді.

117.

Мұсаға: “Таяғыңды таста” деп уахи еттік. Сол сәтте, таяқолардың жасанды нәрселерін жалмай бастады.

118.

Сонда шындық ортаға қойылып, олардың істегендері босқакетті.

119.

Сөйтіп олар сол арада жеңіліске ұшырап, қор болып қайтты.

120.

Сиқыршылар сәждеге жығылды.

121.

Олар: “Бүкіл әлемнің Раббына сендік” деді.

122.

“Мұса мен һарунның Раббына….”

123.

(Перғауын): “Мен сендерге рұқсат беруден бұрын оған иманкелтірдіңдер ме? Расында бұл, қала халқын шығару үшін жасаған бір әдістерің.Бәлем жақында көресіңдер.” деді.

124.

“Әрине қол-аяқтарыңды шадырлата кестіремін, сонсоңтүгелдей астырамын”

125.

(Сиқыршылар): Сөзсіз, Раббымызға айналамыз! ,- деді.

126.

“Сен, бізден Раббымыздың аяттары келгенде иман келтірдідеп қана өш аласың. Раббымыз! Бізге сабыр бер әрі бізді Мұсылман болған күйдеөлтір!….”

127.

Перғауын елінің бастықтары: “Мұсаны және елін, жержүзінде бүліншілік қылсын және сені де, тәңірлеріңді де тастасын деп қоя берсіңбе? ” деді. (Перғауын оларға): “Ұлдарын өлтіреміз де әйелдерін тірі қоямыз.Әрине біз олардың үстінде өктембіз” деді.

128.

Мұса (Ғ.С.) еліне: “Алладан жәрдем тілеңдер әрі сабыретіңдер: Жер Алланікі екені даусыз. Ол, құлдарынан қалағаныңа мұра қылады. Соңғытабыс тақуалардікі” деді.

129.

(Елі Мұса Ғ.С.ға): “Сен бізге келуден бұрын және сенбізге келгеннен кейін де қиналдық” деді. (Мұса Ғ.С.): “Раббыларың дұшпаңдарыңдыжойып, орнына сендерді ол жерге орналастыруы мүмкін. бірақ сендердің де қалайістейтіңдеріне қарайды” деді.

130.

Шынында, Перғауын тобын, үгіт алулары үшін жылдаршажемістерін кемітіп, қолға алдық.

131.

Қашан оларға бір жақсылық келсе: “Бұл біздің хақымыз”деп, егер оларға бір жамандық жетсе, Мұса және онымен бірге болған кісілердіырымдайды. Байқаңдар! Олардың сәтсіздіктері Алла тарапынан. Бірақ олардың көбібілмейді.

132.

Тағы олар: “Бізді жадылау үшін қанша мұғжиза келтірсең десаған сенбейміз ” деді.

133.

Сондықтан оларға ашық мұғжизалар түрінде; топан суы,шекіртке, бит, бақа және қан жібердік. Сонда да олар менменсіген әрі оларкүнәкар бір қауым болды.

134.

(Рауаят бойынша, бір жұма қараңғылық басып, құйған селперғауындықтардың үйлеріне толады. Олардың жалбарынулары бойыншаа Мұса (Ғ.С.)ның тілегімен, күн ашылып, мол өсімдік шығады. Сонда да иманкелтірмегендктерінен шегіртке, бит, сонсоң бақа қаптап, одан кейін сулары қанғаайналады.) Оларға азап келген кезде: “Әй Мұса! Раббыңа, саған берген уәдесібойынша жалбарын. Егер бізден азабын айықтырсаң, әрине саған сенеміз де Израилұрпақтарын сенімен бірге қоя береміз” деді.

135.

Қашан олардан белгілі мерзімге дейін азапты айықтырсақ,сол уақытта олар серттерін бұзды.

136.

Аяттарымызды жасынға шығарып, оны елемегендіктеріненоларды тееңізге батырып жазасын тарттырдық.

137.

Сондай езілген халықты (Израил ұрпақтарын) біз құнарлықылған жердің шығысына да батысына да мұрагер қылдық. Сөйтіп олардың сабырқылулары себепті Рабыңның Израил ұрпақтарына деген игі сөздері орындалды.Сондай-ақ Перғауын мен елінің, биіктетіп жасап бара жатқандарын талқандадық.

138.

Тағы Израил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда оларбұттарына шоқынған бір елге келді: “Әй Мұса! Бұлардың тәңірлері құсаған бізгетәңір жаса” деді. (Мұса Ғ.С.): “Шынында сендер білмейтін елсіңдер” деді. (БұлҒамалқа елі еді.)

139.

“Сөзсіз олардың діндері жойылады да олардың істегеністері босқа кетеді.”

140.

“Сендерге бүкіл әлемнен сендерді артық қылған Алладанбасқа тәңір іздеймін бе?”,- деді.

141.

(Израил ұрпақтары,) ойлаңдар! Сендерді қатты азаппенқинаған, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қойған Перғауын семьясынанқұтқарған едік. Осыларда сндер үшін Раббыларың тарапынан зор сынау бар.

142.

Мұса (Ғ.С.) ға отыз түн уәде еттік те оған онды қосып,сөйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды. Мұса (Ғ.С.) туысы һарұнға:”Елімнің ішінде орныбасарым бол. Түзелт те бұзақылардың жолына ерме” деді.

143.

(Рауаят бойынша, Мұса еліне: “Перғауыннан құтылсақ, Аллатарапынан Бір Кітап келтіремін” дейді. Сондықтан құтылғаннан кейін Алалның әмірібойынша Тұр тауында қырық күн ораза ұстағаннан кейін Алламен сөйлесіп тәураттүседі. Мұса (Ғ.С.), белгілі уәдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде , (МұсаҒ.С.): “Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін” деді. (Алла): “Мені, әсте көреалмайсың; бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Менікөресің” деді. Сонда Раббы тауға елестеген сәтте, оны быт- шыт қылды. Мұса (Ғ.С)да талып түсті. Есі кіре сала: “Сен пксің, Саған тәубе еттім, әрі менсенушілердің алғашқысымын” деді.

144.

(Алла Т.): “әй Мұса! Шынында сені адамдардан елшіліккежәне сөйлесуге таңдап алдым. Ендеше, саған бергендерімді ал да, шүкірлікетушілерден бол” деді.

145.

Мұса (Ғ.С.) ға (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіттүрінде ашалап жазған едік: “Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оныңкөркем нұсқауларын алсын. Саған, бұзақылардың жұртын көрсетемін?”

146.

Жер жүзінде орынсыз түрде дандайсығандардыұзақтастырамын. Егер олар барлық белгілерді көрсе де оған сенбейді. Сондай-ақолар тура жолды көрсе; оны жол қып ұстамайды. Ал егер қисық жолды көрсе, оны жолқып алады. Бұл олардың аяттарымызды өтірік деп одан ғапыл болғандықтары.

147.

аяттарымызды, ақиретке кездесуді өтірік дегендердіңғамалдары жойылып, істеріне қарай ғана жазаланады.

148.

Мұса (Ғ.С.) дан кйін елі; сәндік- бұйымдардан дабысы барбұзаудың мүсінін жасап алды. Олар, ол бұзаудың өздерімен сөйлеспейтінін жәнеоларды тура жолға салмайтынынн көрмей ме? Олар оны тәңір тұтып, залымдарданболды.

149.

(Мұса Ғ.С. Тұр тауына Аллаға жалбарыну үшін қырық күнтұрғанда, Самри, елдің алтын білезіктерінен бұзаудың мүсінін жасайды. Рауаятбойынша Жебрейіл Ғ.С. ның атының ізінен алынған топырақты ішіне қойғандықтаннемесе ішіне кірген жел арқылы бұзаудың дауысы шығатын болған.) Олардың қолдарытүскен заманда (қатты өкініп иықтары түскен түрде) анық адасқандықтарын көріп:”Егер Раббымыз бізге мәрхамет етпесе, бізді жарылқамаса, әрине зиянтартушылардан боламыз” десті.

150.

Мұса (Ғ.С.) еліне ыза болып, кейіген түрде қайтқан кезде:”Менен кейін маған нендей жаман іс істедіңдер! Раббыларынның әміріне асықтыңдарма?”,- деп (Тәурат) тақтайларын тастай салып, туысы (Һарұн) ның басынан ұстапөзіне қарай тарта бастады? (Һарұн): “Әй анамның ұлы! Расында бұл ел мені,басынып тіпті өзімді өлтіруге жақындады. Енді мені дұшпандарға күлкі қылма дамені залым елмен бірге санама!”,- деді.

151.

Мұса (Ғ.С.): “Раббым! Мені және туысымды жарылқа, біздімәрхаметіңе бөле! Сен мейірімділердің ең жақсысысың” деді.

152.

Күдіксіз сондай бұзауды тәңір тұтқандарға Раббыларытарапынан қаһар тиіп, дүние тіршілігінде қорлыққа ұшырайды. Қараушылардыосылайша жазалаймыз.

153.

Сондай жаман іс істегендер, содан кейін тәубе қылып, иманкелтірсе, күдіксіз Раббың сонан соң да аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

154.

Мұсаның ашуы басылғанда, тақтайларды алды. Нұсқасындағыжазуда; Раббыларынан қорыққандарға тура жол және мәрхамет бар еді.

155.

Мұса (Ғ.С.) белгілі мерзіміміз үшін елінен жетпіс кісісайлады. Сонда оларды жер сілкіну қолға алғанда (Мұса Ғ.С.): “Раббым! Егерқаласаң оларды да мені де бұдан бұрын жоқ етер едің. Ішіміздегі ақымақтардыңқылықтарының салдарынан, бізді жоқ етесің бе? Бұл Сенің бір сынауың ғана.Сонымен қалағаныңды адастырып, қалағаныңды тура жолға саласың. Сен біздіңиемізсің. Енді бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен жарылқаушылардың еңжақсысың.” деді.

156.

(Рауаят бойынша, Алла, Мұсаға Израил ұрпақтарының бұзауғашоқынуларынан тәубе қылулары үшін жетпіс уәкіл сайлап келуін бұйырады.) “Бізгеосы дүниеде және ақиретте жақсылық жаза көр! Күдіксіз біз Саған бет бұрдық.”(Алла Т.): “Мен қалағанымды азабыма ұшыратамын, рахметім әр нәрсені сыйдырды.Мәрхаметімді сондай тақуалық қылғандарға, зекет бергендерге және аяттарымызғасенгендерге жедел жазамыз” деді.

157.

Олар, сондай жандарындағы Тәуратта және Інжілде жазулыжіберілген, сауатсыз Пайғамбарға ергендер. Ол, оларды жақсылыққа бұйырып,жамандықтан тыяды. Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылады. Олардыңүстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиелініскен нәрселерді шешеді. Енді соған(Мұхаммед Ғ.С.ға) сенгендер, олар оған құрмет етіп әрі оған көмек көрсеткендерсондай-ақ оған түсірілген нұр (Құран) ға ергендер, міне солар құтылушылар.

158.

(Мұхаммед Ғ.С.): Әй адам баласы! Мен барлығынға Алланыңелшісімін; Ол сондай Алла, жер мен көктің иелігі Оған тән. одан басқа тәңір жоқ.Ол тірілтеді де өлтіреді. Аллаға және Алланың сөздеріне сенген, жіберілгенсауатсыз Пайғамбарға иман келтіріңдер. Және оған еріңдер, әрине тура жолтабасыңдар де.

159.

Мұсаның қаумынан да тура жолға салатын және оныменәділдік істейтін бір топ бар.

160.

Біз Израил ұрпақтарынан он екі рулық топтарға бөлдік.Мұса (Ғ.С.) дан, елі су сұрағанда: “Таяғынды тасқа ұр” деп уахи еттік. Сондатастан он екі бастау шықты да әркім өз суатын білді. Оларға бұлтты көлеңкеқылып, өздеріне “Мәнна, Сәлуаны” түсірдік: “Сендерге Біз берген таза ризықтанжеңдер” (дедік) Олар бізге кесір тигізбеді. Алайда өздеріне кесір тигізді.

161.

Сол уақытта оларға: “Осы қалаға орналасыңдар да (олжердің өсімдіктерінен) қалағандарыңша жеңдер. “Күнәміз жарылқансын” депқақападан сәжде қылып кіріңдер. Қателіктеріңді жарылқап, жақсылық істеушілергетағы артық береміз” делінді.

162.

Сонда олардың залымдары; сөзді, өздеріне айтылғаннанбасқаға ауыстырды. Олардың зұлымдық істегендіктері салдарынан көктен азапжібердік.

163.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардан теңіз жағасында болған кенттіңжағдайын сұра. Сол уақытта олар сенбі де (балық аулап) шектен шығатын еді. Сондаолардың сенбіні құттықтаған күндерінде, балықтар, оларға қаптап келіп, сенбісізкүндерде оларға келмейтін еді. Олардың зұлымдықтары себепті өздерін осылайшаәуреге салдық.

164.

Сол уақытта олардан бір тобы: “Алла жоқ ететін немесеқатты азап қылатын елді не үшін үгіттейсіңдер?”,- деді. (Үгіттеушілер):”Раббыларыңа ғұзырымыз болсын, бәлкім олар сақтанар” деді.

165.

Өздеріне берілген үгітті ұмытқан кезде, жаманшылықтантосқандарды құтқардық. Сондай зұлымдық қылғандарды; бұзақылық істеулері себептіқатты қинауға ұшыраттық.

166.

Сонда олардың тыйым салынған нәрседе шектен шыққандықтарысебепті оларға: “Маймыл болып қор болыңдар” дедік.

167.

(Мұхаммед Ғ.С.)Раббың оларды қиямет күніне дейін жаманқинаумен ұстайтын біреулерді әлбетте жіберетіндігін білдірді. Расында Раббың тезжазалаушы әрі аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

168.

Оларды жер жүзінде топтарға бөлдік. Олардың игілері барәрі олардың басқалары да бар. Бәлкім райынан қайтар деп оларды жақсылықпен де,жамандықпен де сынадық.

169.

Олардан кейін, Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыздүниенің бұйымын алатын топ келіп отырады да: “Жуықта жарылқанамыз” дейді. Тағысондай нәрсе келсе, оны да ала береді. Олардан Аллаға байланысты шындықты ғанаайтуларына, Тәуратта уәде алынбады ма? Ал олар, ондағы нәрселерді оқымады ма?Негізінде ақирет жұрты тақуалар үшін хайырлы. Сонда да түсінбесіңдер ме?

170.

Сондай Кітапқа мықты жабысып, намазды толық орындайды;дау жоқ, біз игілік істегендердің сауабын зая қылмаймыз.

171.

Бір күнде тауды көлеңке тәрізді Израил ұрпақтарыныңүстеріне көтердік. Олар оны шын түседі деп ойлады. “Сендерге берген Кітаптымықты ұстаңдар да ішіндегілерді түсіңіндер, әрине тақуа боласыңдар” (дедік).

172.

(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың адам балаларыныңбелдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп: “Мен, сендердің Раббыларыңемеспін бе?”,- (дегенде,) олар: “Әрине куәміз” деген. Қиямет күні: “Бұданхабарымыз жоқ” демеңдер. (Бұл “Әлмисақ” уәдесі; жаннан алынған деген)

173.

Немесе: “Бұрыңғы ата-бабамыз шерік қатқан еді, біз десолардың ұрпағымыз. Сонда бізді бұзақылардың қылығымен жоқ етесің бе?”,-(демеулерің үшін.)

174.

Олардың тура жолға қйтулары үшін аяттарымызды өстіп ашықбаян етеміз.

175.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға (Яһудилерге) берген аяттарымыздысиырылып, шайтандарға ерген, адасушылардан біреудің жағдайын түсіндір.

176.

Егер қаласақ, аятарымыз арқылы әрине оны жоғарлатар едік.Бірақ ол, жерге еңкейіп (дүниеге беріліп) нәпсіне ерді. Сонда оның мысалы: Егероған тап берсеңде тілін салақтатып, не оны қойып қойсаң да тілін салақтататын иттәрізді. Аяттарымызды жасынға шығарған елдің мысалы осы. (Мұхаммед Ғ.С.)Уақиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер.

177.

Сондай аяттарымызды жасынға шығарып, өздеріне зұлымдықеткен елдің сыңайы нендей жаман!

178.

Алла (Т.) кімді тура жолға салса, сонда ол, тура жолтапқан болады. Және кімді адастырса, сонда олар зиянға ұшырағандар.

179.

Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардыңжүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Жәнеолардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан арыадасуда. Міне солар мүлде әперсіздер.

180.

Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттарменжалбарыныңдар. Алланың атында қиғаштық істейтіндерді қойып- қойыңдар. Оларістегендерінің сазайын тартады.

181.

Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылыәділетті атқаратын бір топ бар.

182.

Сондай аяттарымызды жасынға айналдырғандарды олар,білмеген жақтан бірте- бірте жоямыз.

183.

Тағы да оларға мұрса беремін. Әрине шараларым да қатаң.

184.

Олар жолдастары (Мұхаммед Ғ.С.) ның жыны болмағандығынтүсінбеді ме? Расында ол, ашық ескертуші ғана.

185.

Олар, көктер мен жердегі Алланың мүліктеріне, және Аллажаратқан нәрселеріне сондай-ақ өздерінің ажалдарының жақын болуының мүмкінекендігін ойламай ма? Ал енді олар, бұдан кейін қай сөзге сенеді?

186.

Алла кімді адастырса, сонда оған тура жол көрсетуші жоқ.Онда оларды қаңғырыстарында абыржытып қояды.

187.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен қияметтің қашан болатындығынсұрайды: “Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғанабілдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді”де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Алланыңқасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де.

188.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Алла қаламайынша, өзім үшін пайда, зиянкелтіру күшіне ие емеспін. Егер көместі білген болсам, әрине жақсылықты көбейтіпалар едім. Сондай-ақ маған бір сәтсәздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген елді;қорқытушы, қуандырушы ғанамын” де.

189.

Ол сондай Алла, сендерді бір -ақ кісіден (Адамнан)жаратқан, және оған тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан. Ол жұбайынажақындасқанда, жұбайы жеңіл түрде жүкті болды. Сонда онымен жүріп ауырлағанкезде, Аллаға: “Егер бізге игі бала берсең, әрине шүкір етушілерден болар едік”деп жалбарды.

190.

Дегенмен Алла оларға дұрыс бала берген кезде, оларөздеріне берген бала жайында Аллаға шерік қата бастады. (Бұл жердегі шерікқатушылар, кейінгі ұрпақтар. Адам Ғ.С. шерік қатудан пәк.) Алла (Т.) олардыңқосқан ортактарынан жоғары. (Пәк.)

191.

Олар, еш нәрсені жаратпаған, өздері жаратылған нәрсеніАллаға шерік қата ма?

192.

(Аллаға шерік қатқан нәрселері) оларға жәрдем ете алмайдыәрі өздеріне де жәрдем ете алмайды.

193.

Егер шерік қатқан нәрселеріңді тура жолға шақырсаңдар,олар сендерге ермейді. Оларды мейлі шақырыңдар, мейлі үндемеңдер, сендер бәрібір.

194.

Расында Алладан өзге шоқыгғандарың, өздерің сияқтықұлдар. Егер шын айтсаңдар, қане оларды шақырыңдар, сендерге жауап берсін.

195.

Олардың жүретін аяқтары, ұстайтын қолдары, көретінкөздері немесе еститін құлақтары бар ма? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Аллаға қосқанортақтарыңды шақырыңдар да, сонан осң маған мұрса бермей айлакерлік жасаңдар”де.

196.

Шынында менің ием Құран түсірген Алла. ол, жақсыларғаиегершілік етеді.

197.

Сендердің Алладан өзге шоқынғандарың, сендерге де жәрдемете алмайды. Сондай-ақ өздеріне де жәрдем ете алмайды.

198.

Ал және оларды тура жолға шақырсаңдар, олар естімейді.Олардың саған қарағанын көресің. Бірақ олар сені көрмейді.

199.

(Мұхаммед) кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмірет. Сондай-ақ білместерден бет бұр.

200.

Егер шайтаннан саған б3р түрткі болса, Сонда Аллаға сиын.Өйткені Ол, толық естуші, өте білуші.

201.

Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Алланыеске алады да қырағылық істейді.

202.

Кәпірлердің ьуыстары (шайтандар), азғындыққа тартады дасонсоң олар қырсоңынан қалмайды.

203.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер оларға мұғжиза келтірсемең, олар:”Оны өзің неге жасамадың?”,- дейді. Мен: “Раббым тарапынан маған уахи етілгенгеғана бой ұсынамын. Осы Құран, иман келтірген елге, Раббыларыңнан ашық дәлелдер.Сондай-ақ тура жол әрі мәрхамет”.

204.

Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдандар даүңдемендер. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер.

205.

(Мұхаммед!) Раббыңа ішіңнен жалбарына қорыққан түрдебәсең сөзбен ертелі- кеш зікір ет. Сондай-ақ кәпірсіздерден болма.

206.

Расында раббыңның қасындағылар (періштелер) Оған құлшылыққылудан менменсімейді де Оны дәріптеп, Оған сәжде қылады.