1. |
Олар не нәрседен сұрасады? |
2. |
Зор уақиғадан. |
3. |
Олар, ол жөнде таласуда. |
4. |
Әсте олай емес, олар тез біледі. |
5. |
Тағы олай емес, олар тез біледі. |
6. |
Жерді бір төсеніш қылмадық па? |
7. |
Тауларды қазық… (77-С. 27-А.) |
8. |
Сендерді жұп-жұп жараттық. |
9. |
Ұйқыларыңды дем алыс қылдық. |
10. |
Түнді жамылғы қылдық. |
11. |
Күндізді тіршілікке жараттық. |
12. |
Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық. |
13. |
Жарқыраған шырақ (күн) жараттық. |
14. |
Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық. |
15. |
Онымен дәнді дақылдарды, өсімдіктерді шығару үшін; |
16. |
Және ну бақшалар… |
17. |
Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім. |
18. |
Сұр үрілген күні, топ-топ келесіңдер. |
19. |
Көктер сетінеп есіктер пайда болады. |
20. |
Таулар жүргізіліп, сағым болады. |
21. |
Әлбетте тозақ күтіп тұрады; |
22. |
Азғындардың барар жері. |
23. |
Олар онда ғасырларша тұрады. |
24. |
Олар онда салқындамайды да сусын татпайды. |
25. |
Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді. |
26. |
Қылмыстарына сай бір жаза. |
27. |
Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді. |
28. |
Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді. |
29. |
Әр нәрсені жазып, сақтадық. |
30. |
“Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсетаттырмаймыз” (делінеді.) |
31. |
Негізінде тақуалар үшін құтылу бар. |
32. |
Бақшалар, жүзімдер бар. |
33. |
Жас өспірім құрдас қыздар бар. (38-С. 52-А., 56-С. 37-А.) |
34. |
Толып, тасыған кесе бар. |
35. |
Олар онда бос сөз және өтірік естімейді; |
36. |
Раббыңнан толық бір сыйлық. |
37. |
Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; асаесіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды. |
38. |
Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады.Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді. |
39. |
Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын. |
40. |
Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын алане істегеніне қарайды. Кәпір: “Әттең! Топырақ болып кеткен болсам” дейді. |