1. |
Жалғасты жіберілгендерге, |
2. |
Қатты есіп, ұшырушыларға, |
3. |
Тарқатқан сайын тарқатушыларға, |
4. |
Айырған сайын айырушыларға, |
5. |
Сосын зікір тастаушыларға, |
6. |
Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларғасерт. |
7. |
(Бұл аяттардағы ант етілген нәрселерді Алла (Т.) ашық баян етпеген. Мүфәссірлер бұл жөнде түрлі көз қарастар білдірген. Мысалы: 1-Періштелер, 2-Желдер, 3-Құран Кәрим, 4-Пайғамбарлар. Не бәрі жел, не бәрі періштелер…)
Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады. |
8. |
Жұлдыздар сөнген сәтте, |
9. |
Көк жарылғанда, |
10. |
Таулар үгітіліп, ұшырылғанда, |
11. |
Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде; |
12. |
Қайсы күнге кешіктіріліп еді? |
13. |
Шешім күніне. |
14. |
Ол шешім күнін қайдан білесің? |
15. |
Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш! |
16. |
Бұрынғыларды жоқ етпедік пе? |
17. |
Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын құштырамыз. |
18. |
Күнәкарларга осылай істейміз. |
19. |
Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш! |
20. |
Сендерді болымсыз судан жаратпадық па? |
21. |
Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе? |
22. |
Белгілі бір мерзімге дейін. |
23. |
Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық күшке иеміз. |
24. |
Жасынға шығарушыларға сол күні нендей өкініш! |
25. |
Жер жүзін бір жиналыс жері қылмадық па? |
26. |
Тірілерге де өлілерге де. |
27. |
Жер жүзінде асқар таулар жасап, сендерді дәмді суменсуардық. |
28. |
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! |
29. |
(Ол күні оларға): “Өтірік деген нәрселеріңе қарайжүріңдер;” |
30. |
“Үш бунақты түнекке қарай кетіңдер” (делінеді.) |
31. |
Ол, көлеңке болмайды да жалыннан қорғамайды. |
32. |
Өйткені тозақ сарайдай ұшқын атады. |
33. |
Сары түйелердей. |
34. |
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! |
35. |
Ол күні олар сөйлемейді. |
36. |
Сондай-ақ олардың желеулетулеріне рұқсат берілмейді. |
37. |
Жасынға шығарушыларга ол күні нендей өкініш! |
38. |
Ол шешім күні, сендерді де бұрынғыларды да жинаймыз. |
39. |
Бір әдістерің бар болса, Маған қолданыңдар. |
40. |
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! |
41. |
Расында тақуалар, саяларда, бастауларда болады. |
42. |
Көңілдері соққан жемістерде. |
43. |
(Оларға): “Істеген амалдарың арқасында жеңдер, ішіңдер;сіңімді болсын” (делінеді.) |
44. |
Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз. |
45. |
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! |
46. |
(Әй кәпірлер!) Жеңдер, аздап пайдаланыңдар. Расындакүнәкарсыңдар. |
47. |
Жалғанға саюшыларға ол күні нендей өкініш! |
48. |
Оларға: “Иіліңдер” делінсе, иілмейді. |
49. |
Жасынға шығарушыларға, ол күні нендей өкініш! |
50. |
Ал енді олар, бұл Құраннан кейін қайсы сөзге сенеді? |