76. Инсан

1.

Адамзат еске аларлық бір нәрсе болғанға дейін дәуірденбірталай мерзім өтпеді ме?

2.

Шын мәнінде Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық.Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық.

3.

Расында оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік қылсын,мейлі қарсы келсін.

4.

Әрине, қарсы келушілер үшін шынжырлар, боғаулар жәнежалындаған тозақ әзірледік.

5.

Әрине жақсылар, жаннатта: “Кәфұр” қосылған кеседен ішеді.

6.

Ол, Алланың құлдары ішетін, қалаған жағына ағызатынбастау.

7.

Ол Алланың құлдары “нәзірін” орындайды әрі апаты етекалатын бір күннен қорқады.

8.

Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынғажегізеді.

9.

Олар: “Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшінтамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз.”

10.

“Расында біз түксиіп қатты томсарған күннен Раббымызданқорқамыз.”

11.

Сондықтан Алла, оларды сол күннің апатынан сақтап, жарықжүз әрі қуанышқа бөлейді.

12.

Оларды сабыр еткендіктері үшін жұмақ және жібекпенсыйлайды.

13.

Олар, ол арада дивандарға жастанған түрде отырады. Оларонда ыстық та суық та көрмейді.

14.

Оларға пейіштің көлеңкелері иіліп, жемістері мүлдееріктерінде болады.

15.

Оларға күмістен ыдыстар, шыныдан құмыралар ұсынылады.

16.

Күмістен шынылары өлшеумен толтырылған болады.

17.

Пейіште оларға “Зәнжәбил” араластырылған ішімдік кәсеменішкізіледі.

18.

Ол, пейіште “Сәлсәбил” деп аталатын бір бастау бар.

19.

Олардың айналасында мәңгілік қызметші жастар болады.Оларды көрсең шашылған інжу деп ойлайсың.

20.

Сол жерге қараған сәтте; нығмет, зор салтанат көресің.

21.

Олардың киімдері жұқа, қалың жасыл жібек, күмісбілезіктермен безенген болады. Сондай-ақ Раббылары, тап-таза ішімдік ішкізеді.

22.

“Расында бұл сендердің сыйлықтарың, еңбектерің жоғарыбағалануға лайық болды.”

23.

(Мұхаммед Ғ.С.) расында Біз саған Құранды аз-аздаптүсірдік.

24.

Ендеше, Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардан күнәкарларнемесе қарсыларға бағынба.

25.

Ертелі-кеш Раббыңның атын зікір ет.

26.

Кештің бір бөлімінде Оған сәжде қыл. Әрі Оны түн бойыдәріпте.

27.

Расында олар, тез өтетін дүниені жақсы көріп, ауыр күндіарттарына тастайды.

28.

Оларды Біз жаратып, буындарын бекіттік. (Өмір бердік.)Егер қаласақ оларды ұқсастарына ауыстырамыз. (Оларды жоқ етіп, басқа сондай елжарата аламыз.) (56-С. 60-А.)

29.

Шын мәнінде бұл бір насихат. Енді кім қаласа, Раббына біржол ұстар.

30.

Сендердің қалауларың болмайды. Алла қаласа ғана болады.Расында Алла, өте білуші, хикмет иесі.

31.

Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлейді. Залымдарғакүйзелтуші азап даярлады.