1. |
Жоқ, қиямет күніне ант етемін. |
2. |
Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін. |
3. |
Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма? |
4. |
Әрине оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз. |
5. |
Бірақ адам баласы, күнәны жалғастыра бергісі келеді |
6. |
“Қиямет күні қашан болады?’,- деп, сұрайды. |
7. |
Қашан көз шағылысқан, |
8. |
Ай тұтылған, |
9. |
Күн мен ай бір араға келтірілген кезде. |
10. |
Адамдар сол күн: “Қашар жер қайда?”,- дейді. |
11. |
Жоқ, әсте пана жоқ. |
12. |
Ол күнгі тұрақ; Раббыңның алды. |
13. |
Сол күні адам баласына ілгері кейін істегені білдіріледі.(36-С. 12-А.) |
14. |
Әрине адам баласы өзіне-өзі көздеуші: |
15. |
Егер барлық желеулерін ортаға қойса да. (Қаншасылтауратса да өз қылығы өзіне мәлім.) |
16. |
(Мұхаммед Ғ.С. Құран уахи етілген сәтте, тездетіп оқуға тырысқан.) |
17. |
Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет. |
18. |
Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес. |
19. |
Сосын оны түсіндіру Бізге міндет. |
20. |
Жоқ, олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсыкөресіңдер. |
21. |
Ақыретті тастап, қоясыңдар. |
22. |
Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап; |
23. |
Раббына қарайды. |
24. |
Ол күні, кейбір жүздер томсаруда болады. |
25. |
Өзіне бел үзетін қинау жасалады деп ойлайды. |
26. |
Жоқ олай емес. Жан алқымға келген кезде; |
27. |
“Кім шара көреді?”,- делінеді. |
28. |
Ол шын мәнінде айрылу екенін сезеді. |
29. |
Балтыры, балтырына оралады. |
30. |
Ол күні Раббы жаққа айдалады. |
31. |
Сонда ол, мойындамады да намаз оқымады. |
32. |
Бірақ, жасынға шығарып бет бұрды. |
33. |
Сосын ол, кердеңдей басып, үйіне кетті. |
34. |
Саған пәле келсін, |
35. |
Сосын сені пәле басқыр! |
36. |
Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма? |
37. |
Ол, (жатырға) тамызылған бір тамшы мәни емес пе? |
38. |
Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі. |
39. |
Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты. |
40. |
Бұларды жасаған Алланың, өліктерді қайта тірілтуге күшіжетпей ме? |