73. Муззəммил

1.

Әй бүркеніп жатушы (Мұхаммед Ғ.С.)!

2.

Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта;

3.

Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт.

4.

Не оған біраз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көптұруда еріктісің.) Сондай-ақ Құранды өте анықтап оқы.

5.

Әрине саған салмақты (маңызды) Құранды түсіреміз.

6.

Шын мәнінде түнде тұру, нәпсіге әсерлі, оқуға қолайлы…

7.

Расында күндіз сенің ұзын жұмысың бар.

8.

Раббыңның атын дәріптеп, әр нәрседен аулақ болып, Оғаннағыз жөнел.

9.

Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңіржоқ. Сондықтан Оны ие тұт.

10.

Олардың айтқандарына сабыр ет. Олардан сыпайы түрдеайрыл.

11.

Жасынға шығарушы ырыс иелерін Маған таста. Оларға біразмұрсат бер.

12.

Расында Біздің алдымызда боғаулар және тозақ бар.

13.

Қақалатын тамақ әрі жан түршігерлік азап бар.

14.

Сол күні, жер мен таулар қозғалады да таулар құм бопжиналады.

15.

Расында Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге декуә түрінде Пайғамбар жібердік.

16.

Сонда Перғауын пайғамбарға қарсы келді. Сондықтан онықатты қинаумен қолға алдық.

17.

Егер қарсы келсеңдер, балалардың да шашын ағартатынкүннен қайтып сақтанасыңдар.

18.

Ол күннің зардабынан көк жарылады, Алланың уәдесіорындалады.

19.

Расында бұл бір насихат. Ал енді кім қаласа, Раббыныңжолын ұстайды.

20.

(Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен біргеболғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен біршамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, түн мен күндізді шамалайды.Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды.(Түнде тұруды қалдырды.) Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерденнауқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзіндекезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Құраннаноңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Аллаүшін көркем қарыз беріңдер. Және өздерің үшін алдын ала қайыр істесеңдер, оныАлланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер.Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.