72. Жин

1.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Жындардан бір тобының Құрантыңдағаны маған уахи етілді” де. Сонда жындар: “Шынында бір ғажайып Құрантыңдадық” деді.

2.

“Құран, бізді тура жолға салады. Енді соған иманкелтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз.”

3.

“Расында Раббымыздың ұлықтығы өте жоғары, Ол, қатын, балаиемденбейді.”

4.

“Өйткені біздің ақымақтар, Аллаға шатақ сөйлеп жүр екен.”

5.

“Расында адамдар мен жынды, Аллаға байланысты әсте өтірікайтпайды деп ойлаған едік.”

6.

“Шынында адамдардан кейбір ерлер; жындардың кейбірерлеріне сиынатын еді де сонда олар, жындардың менменсуін арттыратын еді.

7.

“Олар да сендердің Алла ешкімді қайта тірілтпейді депойлағандарың тәрізді ойлаған еді.”

8.

“Әрине көкке қарманғанымызда, оны қатал күзетші жәнеатылған жалындарға толтырылған түрде таптық.”

9.

“Әлбетте тыңдау үшін; аспанның кей орындарында отыратынедік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді”

10.

“Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылудама? Немесе оларға, Раббылары жақсылық қалауда ма?”

11.

“Расында жақсыларымыз да одан төмендеріміз де бар; түрліжолдарда едік.”

12.

“Шынында жер жүзінде Алланы еш жеңе алмайтындығымызды,қашып құтыла алмайтындығымызды аңғардық.”

13.

“Расында осы тура жолды естіп, Оған сендік. Кім Раббынаиман келтірсе, сонда ол, кемшіліктен де зияннан да қорықпайды.”

14.

“Бізден Мұсылмандар да, туралықтан адасқандар да бар.Сонда кім Мұсылман болса, ал міне солар, туралықты іздейді.”

15.

“Ал енді адасқандар, тозаққа отын болады.”

16.

(Егер жындар мен адамдар,) ол жолда тұп-тура жүрсе, әринеоларға мол су нәсіп етеміз;

17.

Оларды онда сынау үшін. Кім Раббының зікірінен жалтарса,Раббы оны барған сайын арта түсетін азапқа ұшыратады.

18.

Шын мәнінде мешіттер, Аллаға тән. Ендеше Алламен біргеешкімді шақырмаңдар.

19.

Расында Алланың құлы (Мұхаммед Ғ.С.) тұрып, Аллағағибадат қылған сәтте; олар, оның үстіне үймелеп жабыса жаздады…

20.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Шын мәнінде мен Раббыма құлшылық қылып,Оған ешбір серік қоспаймын” де.

21.

“Расында мен сендерге зиян келтіре алмаймын да игілік теістей алмаймын” де.

22.

“Расында ешкім мені, Алланың азабынан сақтай алмайды дамен де Одан өзге пана таба алмаймын.”

23.

“Бірақ мен, Алладан әрі Оның пайғамбарлықміндеттемелерінен жалғастырамын. Кім Аллаға, Пайғамбарына қарсы келсе, шәксізоған мәңгі қалатын тозақ оты бар.”

24.

Ақыр өздеріне уәде етілген азапты көрген сәтте, кімніңкөмекшісі нашар, саны аз екенін олар біледі.

25.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сендерге уәде етілген азап жақынба? Не Раббым, оны созып қойды ма? Білмеймін” де.

26.

Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды.

27.

Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісініңалды-артына күзетші қояды;

28.

Олардың, Раббыларының міндеттемелерін анықжалғастырғандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әрнәрсені санап, түгендеп қойған.