71. Нуҳ

1.

Расында Нұх (Ғ.С.) ты, еліне: “Қауымыңды күйзелтуші азапкелуден бұрын қорқыт” деп, жібердік.

2.

(Нұх Ғ.С.): “Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін”деді.

3.

“Аллаға құлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, мағанбағыныңдар;”

4.

“Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бірмерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәніндеАлланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді.”

5.

(Нұх Ғ.С.): “Раббым! Расында мен елімді күндіз-түнішақырдым.”

6.

“Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды.”

7.

“Расында мен оларды Сенің бағыштауың үшін шақырған сайын,олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып,паңданған сайын паңданды.”

8.

“Сосын рас мен оларды қатты дабыстап шақырдым.”

9.

“Одан кейін мен оларға ашықша да тіпті өздеріне көместүрде жасырын да айттым.”

10.

(Сондай-ақ оларға): “Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер.Өйткені Ол, өте жарылқаушы.” дедім.

11.

“Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді.”

12.

“Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендерүшін бақшалар жасап, өзендер ағызады.”

13.

“Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды?”

14.

“Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты.”

15.

“Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдерме?”

16.

“Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды.”

17.

“Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді.”

18.

“Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайташығарады.”

19.

“Алла сендерге жерді төсеніш қылды.”

20.

“Оның кең жолдарында жүрулерің үшін.”

21.

Нүх (Ғ.С.): “Раббым! Расында олар маған қарсы келді.Сондай-ақ олар, малдары, балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмағанбіреулерге ілесті.”

22.

“Олар зор айлакерліктер істеді.”

23.

Және олар: “Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс,Яғүқ және Насырды әсте тастамаңдар” деседі. (Бұлар, пұттарының аттары.)

24.

“Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен дезалымдардың адасуларын ғана арттыр.”

25.

Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды.Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады.

26.

Нұх (Ғ.С.): “Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреутұрғын қалдырма” деді.

27.

“Егер оларды қалдырсаң, құлдарыңды жолдан адастырады дабұзақы кәпір балаларды ғана тудырады;

28.

“Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кіргенкісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқболуларын ғана арттыр” деді.