6. Əн’ам

1.

Барлық мақтау, сондай көктер мен жерді жаратқан жәнеқараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаға тән. Мұның соңында да қарсы болғандар,Раббыларына (басқаларды) теңейді.

2.

Ол сондай Алла сендерді балшықтан жаратып сонан соң өліммезгілін белгіледі. Және белгілі (қиямет) мерзімі де Оның қасында. Сонда дакүдіктенесіңдер ме?

3.

Көктерде әрі жердегі Ол Алла, көрнеулеріңді де,көместеріңді де біледі.

4.

Оларға Раббыларынан әрқандай аят келсе, олар одан мүлдебет бұрушы еді.

5.

Тіпті оларға келген шындықты (Құранды) да жасынғашығарды. Дегенмен жақында тәлкек қылғандарға (жазасының) хабары келеді.

6.

Олардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткеніміздікөрмеді ме? Оларға жер жүзінде сендерге бермеген мүмкіншілікті берген едік.Оларға аспаннан жаңбыр жіберіп, астарынан өзендер ағыздық. Бірақ, қылмыстарысебепті оларды жоқ еттік те олардан кейін басқа нәсіл жараттық.

7.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған қағазда жазулы бір Кітапжіберсек те, оны олар қолдарымен ұстаса еді. Әрине қарсы болғандар: “Бұл ап-ашықсиқырдан басқа емес” дер еді.

8.

Бірде олар: “Пайғамбарға бір періште негетүсірілмейді?”,- деді. Егер періште түсірсек еді, (оған да қарсыкелгендіктерінен) іс біткен болып оларға сонан кейін мұрса берілмес еді.

9.

Егер Пайғамбарды бір періште қылсақ едік, оны да бір адам(бейнесінде) қылар едік те, оларға күдіктенген сайын шақ салған болар едік.

10.

(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрынғы пайғамбарлар да мазақталғанболатын. Пайғамбарларды тәлкек қылғандарды, ажыуалаған нәрселері бастарынажетті.

11.

“Жер жүзін кезіңдер де сонан соң өтірікке ұйғарушылардыңсоңы не болатынын көріңдер.” де.

12.

(Оларға) айт: “Көктердегі және жердегі нәрселеркімдікі?”, “Алланікі” де. Ол мәрхамет етуді өз міндетіне алған. Сендерді болуыкүмәнсіз қиямет күнінде жинайды. Сондай өздеріне кесір тигізгендер; оларсенбейді.

13.

Күндіз-түні тұрып тұрған нәрселер Онікі. Ол әр нәрсеніестуші, білуші.

14.

“Көктер мен жерді жаратушы Ол, өзі қоректендіретін,қоректенбейтін Алладан басқаны дос тұтайын ба?”,- де. “Күдіксіз мен Мұсылманболған кісінің тұңғышы болуыма бұйырылдым” де. Және әсте ортақ қосушыларданболма.

15.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Раббыма қарсы келсем ұлы күнніңазабынан қорқамын” де.

16.

Ол күні кім азаптан сейілтілсе, рас оған мәрхамет етілді.Осы анық қол жетушілік.

17.

Алла егер саған бір зиян келтірсе, сонда оны өзінен басқаешбір айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір игілік тигізсе, Оның әр нәрсеге толықкүші жетуші.

18.

Және Ол құлдарына өте өктем. Ол толық үкім иесі, әрнәрседен хабар алушы.

19.

(Мұхаммед Ғ.С.) “Куәлік тұрғысынан қай нәрсе үлкен?”,-де. “Мені мен сендердің араларында Алла куә және маған осы Құран, сендердісондай-ақ кімге жетіссе, оларды қорқытуым үшін уахи етілді; Сендер Алламен біргебасқа тәңірлер барлығына айғақ бола аласыңдар ма?”,- де. “Мен куәлік береалмаймын! Шынайы түрде Ол, жалғыз тәңір. Күдіксіз мен сендердің қосқанортақтарыңнан аулақпын” де.

20.

Біз өздеріне кітап бергендер, оны (Мұхаммед Ғ.С. ды)ұлдарын танығандай таниды. Сондай өздеріне зиян еткендер, олар сенбейді.

21.

Және Аллаға өтірік жала қойғандардан немесе аяттарынөтірікке жорығандардан кім залымырақ? Күдіксіз Алла залымдарды құтқармайды.

22.

Оларды қиямет күні түгел жинаймыз да, сонан соң: “Аллағаойша қосқан ортақтарың қайда?” дейміз.

23.

Сонан кейін олардың: “Аллаға серт! Раббымыз, біз ортаққоспаған едік” дегеннен басқа сылтаулары болмайды.

24.

Қара! Олар өздеріне қалай өтірік айтты. Және Алланыңортағы деген пұттары сөйтіп жоқ болды.

25.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардан саған кейбіреулері құлақ салады.Бірақ олардың жүректеріне ұқпайтын қалтқы қойдық әрі құлақтарында кереңдік бар.Олар әр мұғжизаны көрсе де сенбейді. Тіпті саған келсе, олар сөз таластырады дақарсы болғандар: “Бұл (Құран) бұрынғылардың ертегілерінен басқа еш нәрсе емес”дейді.

26.

Олар (адамдарды) тосады да, өздері де одан ұзақтасады.Сөйтіп өздерін жояды. Бірақ олар сенбейді.

27.

Олардың отқа тоқтатылғанын көрсең: “Әттең! Біз (дүниеге)қайтарылсақ, Раббымыздың аяттарын өтірікке ұйғармас едік те сенушілерден боларедік” дейді.

28.

Керісінше олардың бұрыннан жасырған нәрселері айқындалды.Егер олар дүниеге қайтарылса еді, әрине оларға тыйым салынған істерді қайтаданістер еді. Күдіксіз олар мүлде өтірікші.

29.

Олар: “Дүние тіршілігімізден басқа ешбір өмір жоқ. Тағыбір қайта тірілуші емеспіз” деді.

30.

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыларының құзырында тоқтатылғандарынкөрсең! (Алла): “Бұл шындық емес пе екен?”,- дейді. Олар: “Шын екен! Раббымызғаант етеміз” дейді. Алла, оларға: “Ендеше, қарсы болғандықтарыңның азабынтатыңдар” дейді.

31.

Расында сондай Аллаға жолығуды өтірікке жорығандар,зиянға ұшырады. Хатте оларға кенеттен қиямет келсе, олар: “Өкінішке орай бұлжөнінде кемшілік қылған екеміз ғой” дейді. Олар күнәларын арқаларына көтереді.Сақ болыңдар! Көтергендері нендей жаман.

32.

Дүние тіршілігі еш нәрсе емес. Ойын-сауық ғана. Әринеақырет жұрты тақуалар үшін жақсы. Сонда да түсінбейсіңдер ме?

33.

Расында білеміз, күдіксіз олардың айтқандары сенікейітеді. Олар сені өтірікке санап отырған жоқ. Бірақ залымдар Алланың аяттарынақарсы келеді.

34.

Расында сенен бұрынғы пайғамбарлар да жасынға шығарылғанеді. Сонда олар жалғаншы саналғандықтарына және көрген жапаларына жәрдемімізкелгенге дейін сабыр еткен болатын. Алланың сөздерін өзгертуші жоқ. Расындасаған пайғамбарлардың қиссаларынан келді.

35.

Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане!Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжизакелтір! (Мұғжиза келтіру пайғамбарлардың еркінде емес. Алланың қалауы бойыншаболады.) Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше, сеннадандардан болма.

36.

Шынымен тыңдағандар қабылдайды. Сондай-ақ өліктерді Аллатірілтеді. Сонан кейін оның алдына қайтарылады.

37.

Олар: “Ол пайғамбарға бір мұғжиза түсірілсе еді?”,- деді.(Мұхаммед Ғ.С.): “Шәксіз Алланың мұғжиза түсіруге күші жетеді. Бірақ олардыңкөбі білмейді.” де.

38.

Жердегі жүрген жандық және қанатымен ұшқан құс;(жаратылу, көректену, өмір және өлімде) сендер құсаған топтықтар. Жазуда ешнәрседен кенде етпедік. Сонан соң олар Раббыларының алдына жиналады.

39.

Және сондай аяттарымызды жалғанға санағандар, саңырау,сақау қараңғылықтарда. Алла кімді қаласа оны тура жолға салады.

40.

Аллаға ортақ қосушыларға: “Егер сендерге Алланың азабыкелсе немесе қиямет келсе, Алладан басқаны шақырасыңдар ма? Егер сөздерің расболса, маған білдіріңдер” де.

41.

Керісінше, Ол Алланы ғана шақырасыңдар да Ол қаласа,шақырған нәрселеріңнен айықтырады. Қосқан ортақтарыңды ұмытасыңдар….

42.

Расында сенен бұрыңғы үмметтерге де (пайғамбар) жібергенедік… Олар жалбарынсын деп, таршылық, қиыншылық арқылы қолға алдық.

43.

Сонда оларға таршылығымыз келген заман жалбарынса еді.Бірақ олардың жүректері қатайған және шайтан оларға істегендерін әдемікөрсеткен.

44.

Сөйтіп олар берілген үгітті ұмытқан кезде, оларға әрнәрсенің есігін ашып жібердік. Хатте берілген нәрсеге мәз-мейрам болғанға дейін.Оларды кенеттен қолға алғанымызда, сол уақытта олар, күдерлерін бір-ақ үзді.

45.

Сонда зұлымдық қылған елдің арты кесілді. Және барлықмақтау әлемдердің Раббы Аллаға тән.

46.

(Әй Мұхамед Ғ.С.): “Егер Алла есту, көру сезімдеріңдіалып, жүректеріңді мөрлесе, Алладан басқа сендерге оны әкелетін тәңір кім? Мағанбілдіріңдер” де. Қара! Аяттарымызды қандай айырып түсіндіреміз. Одан кейіндеолар, одан жүз бұрады.

47.

(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: “Маған көрсетіңдер! Егерсендерге кенеттен немесе көрнеу Алланың азабы келсе, залым елден басқа кім жоқетіледі?”

48.

Елшілерімізді қуантушы әрі қорқытушы етіп жібереміз.Сонда кім иман келтіріп өзін түзелтсе, онда оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды.

49.

Және аяттарымызды жасынға шығарғандарды зұлымдықтарысебепті азап қолға алады.

50.

(Әй Мұхаммед Ғ.С. Оларға) айт: “Жанымда Алланың қазынасыбар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін де демеймін. Менөзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдарма?”,- де.

51.

Раббыларының алдына жиналудан қорыққандарға оныменескерт. Олар үшін Алладан өзге бір дос та қолдаушы да жоқ. Олардың сақсынуларыкерек.

52.

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай күндіз-түні Раббыларынажалбарынып, Оның дидарын тілегендерді қума. Олардың есебінен саған еш нәрсе жоқ.Және сенің есебіңнен оларға да еш нәрсе жоқ. (бір-біріңе жауапкершілік жоқ.)Сондықтан оларды қусаң зұлымдық қылғандардан боласың.

53.

(Құрайш бастықтары Пайғамбарға: “жаныңдағы нашарадамдармен бірге отырудан арланамыз. Оларды қуып жіберсең келіп отырар едік”деген екен. Осылайша олардан кейін, кейі арқылы (Құрайштың бастықтары жарлыМұсылмандарды): “Арамыздан Алланың игілік еткен адамдары осы ма?”,- деулері үшінсынадық. Алла (Т.) шүкірлік еткендері біледі емес пе?

54.

қашан саған аяттарымызға сенгендер келсе: “СәламүнҒалейкүм (Сендерге есендік болсын)” де. Раббыларың мәрхамет етуді өз үстінеалған. Шәксіз Алла, сендерден біреу, білмей бір жамандық істеп, сонан кейінтәубе қылып, өзін түзелтсе, сөз жоқ. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

55.

Осылайша күнәкарлардың жолы анықталуы үшін аяттарымыздыашалап баян етеміз.

56.

“Расында мен Алладан басқа сиынғандарыңа құлшылық етудентосылдым” де. “Сендердің ойларыңа қосылмаймын. Ол уақытта адасқан сондай-ақ туражол таппағандардан боламын” де (Мұхаммед Ғ.С.).

57.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Шынында мен Раббым тарапынан ашық дәлелүстіндемін. Сендер оны жалғандадыңдар. Сендер, жедел тілеген (азап) менде жоқ.Билік Аллаға ғана тән. Ол туралықпен үкім етеді. Және Ол үкіметушілердің еңжақсысы ” де.

58.

“Егер сендердің асығыс тілегендерің менде болса еді,әрине сендер мен менің арамда іс біткен болар еді” де. Алла (Т.) залымдардытолык біледі.

59.

Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол, өзі ғана біледі.Және құрылықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір жапырақ түссе де, Алла оныбіледі. Және жердің қараңғылықтарындағы құрғақ және жас ұрыққа дейін ашықКітапта бар.

60.

Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндізне істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшінкүндіз оятады. Соңыра қайтып барар жерлерің Сол жак. Одан кейін істегеністеріңді түсіндіреді.

61.

Және Ол, құлдарың үстіне өктем, Сендерге қорушы (періште)лар жібереді. Біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз жанын алады әрі ешкемістік етпейді.

62.

Одан кейін хак иесі Аллаға ұсынылады. Сақ болыңдар, билікоған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрегі.

63.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Құрылықта, теңіздің қараңғылықтарынансендерді кім құтқарады? Осыдан бізді, құтқарсаң, әлбетте шүкір етушілерден боларедік деп, оған жасырын жалынып, тілейсіңдер” де.

64.

(Әй Мұхаммед ! Оларға) айт: “Сендерді бұдан әрі барлықбейнеттерден Алла құьқарады. Сонда да сендер ортақ қосасыңдар!”

65.

“Ол, сендерге үстеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азапжіберуге, не сендерді топтар түрінде ұрыстырып біріңе- біріңнің кесірінтаттыруға күші жетеді” де. Қара! Олардың түсінулері үшін аяттарымызды қалай ашықбаян етеміз.

66.

(Құранды) хақиқат бола тұра ұлтың жасынға шығарды.(Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерге уәкіл емеспін” де

67.

Әр хабардың нәтижеленетін бір уақыты бар. Жақындабілесіңдер.

68.

(Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымыз турасында олардың ажыуағакіріскенін көрген сәтте, басқа сөзге кіріскендеріне шейін олардан бет бұр. Егершайтан саған ұмытырса, есіне түскененнен кейін залымдар тобымен бірге отырма!

69.

Сондай сақсынғандарға олардың есебінен (жауапкершілік) ешнәрсе түспейді. Бірақ ескертуге болады. Бәлкім олар сақсынар.

70.

Сондай діндерін ойын-сауыққа алғандарды және дүниетіршілігіне алданғандарды қойып, Құран арқылы ескерт. Біреу қылығы себептізиянға ұшырамасын. Негізінен оған Алладан өзге ешбір дос не қолдаушы жоқ. Жәнеәрқандай төлеу берсе де одан алынбайды. Міне сондай қылықтарының салдарынанжанышталғандар үшін қарсылықтары себепті қайнап тұрған судан, сусын әрі жантүршігерлік азап бар.

71.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Алладан басқа бізге пайда, зиян келтіреалмайтын нәрсеге сиынайық па? Алла тура жолға салғаннан кейін қайтып, шайтанбаурап, жер жүзінде абыржыған жолдастары: “Біз жақтағы тура жолға кел” депшақырып жүрген кісі құсайық па?”,- де. “Алланың жолы тура жол. Және әлемдердіңРаббына бой ұсынуға бұйырылдық” де.

72.

“Намазды толық орындауға, Алладан қорқуға (бұйырылдық.)”Ол сондай Алла, хұзырына барып жиналасыңдар.

73.

Ол, көктер мен жерді шындықпен жаратты. Ол: “Бол” дегенкүні бола кетеді. Оның сөзі шын. Сұр үрілетін (қиямет) күні әкімшілік Онікі.Көместі және көрнеуді білуші әрі Ол хикмет иесі, толық хабар алушы.

74.

Сол уақытта Ыбырайым әкесі Әзерге: “Бұттарды тұттыңдарма?Расында мен сені де еліңді де анық адасуда көремін” деген.

75.

Осылайша Ыбырайым (Ғ.С.) ға сенушілерден болуы үшінкөктердің, жердің (Ғажайып) мүліктерін көрсетттік.

76.

Оны түн қаптаған сәтте, бір жұлдыз көрді де: “осы меніңРаббым” деді. Жұлдыз батқан кезде; “Бататындарды жақсы көрмеймін” деді

77.

Туған айды көргенде: “Осы менің Раббым” деді. Олбатқанда: “Егер Раббым тура жолға салмаған болса еді, әрине мен де адасқан елденболар едім” деді.

78.

Және шыққан күнді көргенде: “осы менің Раббым, мынауүлкенірек” деді. Ол батқан сәтте: “Әй қаумым! Расында, сендер Аллаға ортаққосқан нәрселерден бездім” деді.

79.

“Мен шынайы түрде жүзімді көктерді, жерді жаратқанғамүлде жөнелттім. Және ортақ қосушылардан емеспін” деді.

80.

Елі онымен тартысқа кірісті. “Мені рас тура жолға салғанАлла жайында менімен таласасыңдар ма? Мен сендердің оған ортақ қосқаннәрселеріңнен қорықпаймын. Бірақ Раббым не нәрсе қаласа, (болады) Раббымныңбілімі әр нәрсені қамтыған. Ойланбайсыңдар ма?”,- деді.

81.

“Сендердің қосқан ортақтарыңнан қалайша қорқамын. Сендерешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға ортақ қосудан қорықпайсыңдар. Сенімтұрғысынан екі топтың қайсысы лайығырақ? Егер білетін болсаңдар.”

82.

Сондай иман келтіріп, сенімдерін зұлымдықпенбылғамағандар, міне соларда сенімділік бар. Және олар тура жолға түсірілгендер.

83.

Ыбырайым (Ғ.С.) ның еліне байланысты берген дәлелімізосы. Қалағанымыздың дәрежесін көтереміз. Күдіксіз Раббың хикмет иесі, толықбілуші.

84.

Және оған Ысхақ, Яғқұпты беріп, барлығын тура жолғасалдық. Бұрын Нұх (Ғ.С.) ты да тура жолға салып және оның ұрпақтарынан дауыт,Сүлеймен, Әйүп, Юсып, Мұса және Һарұн (Ғ.С.) ға да (тура жол көрсеттік) Игілікістеушілерге осындай сыйлық береміз.

85.

Және Зәкерия, Яхя, Ғиса және Іляс барлығы жақсылардан.

86.

Және Ысмайыл, Әлясағ, Юныс әрі Лұт, барлығын әлемгеардақты қылдық.

87.

Және олардың аталарынан, ұрпақтарынан, туыстарынан датаңдап алып тура жолға салдық.

88.

Алланың нұсқауы осы. Құлдарынан кімді қаласа, тура жолғасалады. Егер олар ортак қосса еді, әрине олардың істеген ғамалдары жойылып кетереді.

89.

Міне бұлар, өздеріне Кітап, даналық және пайғамбарлықбергендеріміз. Егер енді бұлар (Құрайштар), Қарсы келсе, қарсы келмейтін бірелді оларға уәкіл етеміз.

90.

Міне солар, Алланың тура жолға салған (пайғамбар) дары.(Мұхаммед Ғ.С.) онда олардың жолын қу және: “Сендерден ақы сұрамаймын. өйткеніҚұран әлемге үгіт ғана.” де.

91.

Алланы лайықты түрде бағаламағандар, сол уақытта: “Алла,адам баласына ешбір нәрсе түсірмеді” деді. “Мұса (Ғ.С.) ның адам баласына бірнұр және туралық түрінде әкелген Кітабын кім түсірді? Сендер оны бөлшек- бөлшекқағаздар етіп, кейбірін көрсетіп, көбін жасырасыңдар. Негізінде аталарыңның әрісендердің білмегендерің үйретілген болатын. Оны Алла түсірді” де. Сонан соңоларды қойып қой, азғындықтарында ойнасын.

92.

Бұл (Құран) кенттердің анасы Меккеліктерді, маңындағыадамдарды үгіттеуің үшін біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бірКітап. Сондай ақиретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтықістейді.

93.

Алланы жасынға шығарған немесе өзіне ешбір уақи етілмеседе: “Маған уақи етілді” деген, және: “Алла түсірген сияқтыны мен де түсірем”дегеннен кім залымырақ? (Мұхаммед Ғ.С.) егер залымдарды өлім қиналысында,пеіштелер қолдарын созып: “Жандарыңды шығарыңдар! Бүгін Аллаға қарсы орынсызсөйлегендерің, Оның аяттарына менменсігендерің себепті қорлаушы азаппенжазаланасыңдар” дегенде бір көрсең!

94.

“Расында алғаш рет жаратқанымыздай бізге жалғыз- жалғызкелдіңдер. Сендерге берген нәрселерімізді арт жақтарыңа тастатыңдар. Сондай-аққолдаушы болады деп ойлаған серіктеріңді сендермен бірге көре алмаймын. Әринеараларыңдағы байланыс үзілді. Ол ойлаған нәрселерің сендерден жым- жылас болды”(Оларға деп айтылады.)

95.

Күдіксіз Алла, түйірді және ұрықты жарушы. Және өлідентіріні, тіріден өліні шығарушы. Міне Алла осы. Ал сонда қайда бұрылып баражатырсыңдар?

96.

Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшінжаратқан. Осылар, аса үстем, толық білуші Алланың өлшеуі.

97.

Ол, құрылық және ьеңіздің қараңғылықтарында сол арқылыжол табуларың үшін жұлдыздарды жаратқан. Расында аяттарымызды білетін елге ашықтүсіндірдік.

98.

Және Ол, сендерді бір- ақ кісіден жаратқан. Сендерге(атаның белінде, ананың қарнында немесе жердің үстінде, астында) уақытша тұрақәрі орын бар. Расында ұғатын қауымға аятарымызды ашықтан- ашық баян еттік.

99.

Және Ол, аспаннан жаңбыр жаудырды. Ол арқылы әр түрліөсімдікті шығардық та, одан жасылдық (көк) шығарып үсті- үстіне ұйысқан түйірдішығарамыз. Және құрма ағашының қауашығынан салбыраған шумақтар және жүзімбақларын, бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған зәйтін, анар шығарамыз. Мәуеленгенде әріпіскенде жемістеріне бір қараңдар; міне шәксіз осыларда сенген ел үшін әринедәлелдер бар.

100.

Және де олар, Алла жаратқан жындарды Оған теңеді. Жәнеолар білместіктен Оған ұлдар, қыздар ұйғарды. Ол олардың сипаттанғандарынан пәк,жоғары.

101.

Көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Оның баласы қалайшаболады? Оның бір жұбайы жоқ. Барлық нәрсені жаратқан әрі Ол, ән нәрсені толықбілуші.

102.

Міне бұл сипаттарға ие болған Раббыларың Алла. Одан басқаешбір тәңір жоқ. Ол, барлық нәрсені жаратушы. Ендеше Оған құлшылық қылыңдар. Оләр нәрсеге кепіл.

103.

Көздер Оған жете алмайды. Ол, көздерді көреді. Және Ол,өте жұмсақ, толық білуші.

104.

Расында Сендерге Раббыларың тарапынан көрнеу дәлелдеркелді. Кім оны көрсе өзі үшін. Және кім көрмесе зияны өзіне. Мен сендергекүзетші емеспін.

105.

Осылайша аяттарды ашық түсіндіреміз. Олар: “Біреуденүйренген екенсің” дейді. Сөйтсе де Құранды білген елге түсіндіреміз.

106.

Раббың тарапынан саған уахи етілгенге мойын ұсын, Алладанбасқа тәңір жоқ. Ортақ қосушылардан жүз бұр.

107.

Егер Алла қаласа еді, олар ортак қоспас еді. Сені оларғакүзетші қылмадық. Сондай-ақ сен оларға кепіл де емессің.

108.

Олардың Алладан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Оларбілмей шектен шығып Аллаға тіл тигізеді. Осылайша Әр топқа өз істерін әдемікөрсеттік. Сонан соң қайтар орындары раббыларына. Сонда оларға не істегендерінбілдіреді.

109.

Олар өздеріне бір мұғжиэа көрсетілсе, оған міндетті түрдесенетіндіктеріне Алланың атымен қатты ант қылды. (Мұхаммед Ғ.С.): “МұғжизаларАлланың қасында” де. Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтіндігінсезбейсіңдер ме?

110.

Олардың көңілдерін, көздерін теріс айналдырамыз. Алғашрет оған сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңдікте қойып қоямыз. Оларқаңғырып жүреді.

111.

Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктерсөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес.Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.

112.

осылайша әр пайғамбарға адамдардың және жынныңшайтандарынан дұшпан қылдық. Олар алдап бір-біріне жалтыраған сөздердісыбырлайды. Раббың қаласа еді, олар оны жасамас еді. Оларды жасанды сөздеріменқойып қой.

113.

Олар, ақиретке сенбегендердің көңілдері оған ауып разыболсын да, істеген күнәларын істей берсін (деп күңкілдедйді).

114.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Ол, сендерге егжей- тегжейлі Кітаптүсірді. Сонда да Алладан басқа би іздейін бе?”,- (де) Және сондай Кітапбергендеріміз, о (Құран) ның Раббың тарапынан шындықпен түсірілгенін біледі.Ендеше, әсте күдіктенушілерден болма.

115.

Раббыңның сөзі (Құран) шындық әрі туралықпен тамамдалған.Оның, сөздерін өзгертуші жоқ. Ол, толық естуші, аса білуші.

116.

Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне көнсең сеніАлланың жолынан адастырады. Олар ойларына ғана ілеседі де, мүлде жорамалдайды.

117.

Күдіксіз Раббың жолынан адсқандарды жақсы біледі. Әрі Ол,тура жолдағыларды да әбден біледі.

118.

Ендеше, Алланың аяттарына сенуші болсаңдар Алланың атыайтылғаннан жеңдер. (Бауыздалғанда Алланың аты айтылған Хайуандарды жеңдер.)

119.

Аллланың аты айтылғанды жемейтін сендерге не болды? Өтешарасыз болмағанда сендерге арам етілген нәрселерді ашық білдірген. Олардың көбібілместіктен ойша адастырады. Күдіксіз Раббың Ол, шектен шығушыларды жақсыбіледі.

120.

Күнәнің көрнеуін де көмесін де тастаңдар. Күдіксіз күнәістегендер, істегендері себепті жазаландырады.

121.

Және оған, Алланың аты айтылмай Күдіксіз арам нәрсе. (Оныжеу дұрыс емес.) Расында шайтандар сендермен тартысу үшін, өз сыпайластарынасыбырлайды. Егер оларға бой ұсынсаңдар, (Аллаға) шерік қосушылардан боласыңдар.

122.

Өлі біреуді тірілтіп, оған адамдардың ішінде оныменжүретін жарық қылсақ, ол, қараңғылықтарда қалып одан шыға алмайтын біреу құсағанбола ма? Осылайша кәпірлерге, істеген істері әдемі көрсетілді.

123.

Сөйтіп әр кентте онда алакерлік қылулары үшін оныңбұзықтарын бастық қылдық. Олар өздеріне ғана айлакерлік жасағандарын аңғармайды.

124.

Оларға бір аят келген сәтте: “Алланың елшілеріне берілгенсияқты бізге де берілгенге дейін иман келтірмейміз” деген. Алла елшілікті қалайбасқаратынын біледі. Қылмыстылар; айлакерліктері себепті Алланың қасында қорлықәрі қатты қинуға душар болады.

125.

Сонда Алла, кімді тура жолға салуды қаласа, Ислам үшіноның көңілін кеңітеді. Және біреуді адастырғысы келсе, оның көңілін көккешығарып бара жатқандай өте тарайтады. Өстіп Алла, иман келтірмегендердіқорлайды.

126.

(Мұхаммед Ғ.С.): Міне осы Раббыңның тура жолы. Расындаүгіт алатын елге аяттарымызды ашық білдірдік.

127.

Оларға Раббыларының қасында бейбіттік жұрты бар.Істегендері себепті Алла, олардың досы.

128.

Оларды тұтас жинаған күні: “Әй жын тобы! Адамдардан(азғырып) көбейтіңдер” (делінелі) Олардың адамдардан болған достары: “Раббымыз!Бір-бірімізден пайдаландық. Бізге Сен берген мерзім жетіп келді” дейді. (Аллада) : “Орындарың тозақ, онда мүлде қаласыңдар. Бірақ Алла қаласа басқа” дейді.Күдіксіз Раббың хикмет иесі, толық білуші.

129.

осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-бірінеүстем қыламыз.

130.

“Әй жын мен адмдар тобы! Сендерге іштеріңнен аяттарымдыбаян етіп, бұл күнге кездесулеріңді ескертетін елшілер келмеді ме?”,- (делінеді)Олар: “Раббымыз! Өзімізге куәміз” дейді. Оларды дүние тіршілігі алдаған. Оларөздерінің анык қарсы болғандықтарына айғақ болды.

131.

Осы (елші жіберілу), Раббың, халқы хабарсыз бір кенттізұлымдықпен жоқ етуші емес.

132.

Және әркімнің істегеніне қарай дәрежелері бар. Раббыңолардың істеген істерінен хабарсыз емес.

133.

Раббың бай әрі мәрхамет иесі. Қаласа сендерді кетіредіде, сендерді басқа қауымның ұрпағынан жаратқанындай сендерден кейін қалағанынорындарыңа келтіреді.

134.

Күдіксіз сендерге етілген уәде (қиямет) әлбетте келеді.Сендер тоса алмайсыңдар.

135.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй елім! Шамадарыңша істеңдер. Әринемен де істеушімін. Соңғы жұрт кімдік іболады? Тез білесіңдер. Расында зұлымдарқұтылмайды” де.

136.

Олар Алла жаратқан егіннен, малдан үлес қылады да, өзойдарынша: “Бұл Алланікі, бұл ортақтарымыздікі” деді. Сонда ортақтарынікіортақтарына жетеді. Олар нендей жаман үкім береді.

137.

(Жаһилиет заманында кәпірлер егіннен, малдан Аллаға да,бұтқа да арнап сыбаға айырып, кейде Алла бай деп, Оған арналғанды бұтқаауыстырып, бұтқа арналғанды Аллаға ауыстырмайтын болған.) Сол сияқты ортақтары,мүшріктердің көбін жою әрі олардың діндерін шатастыру үшін балаларын өлтірудіәдемі көрсетті. Егер Алла қаласа еді, олар оны істемес еді. Енді олардыжасандылары бойынша қойып қой.

138.

Олар оларынша: “Бұл малдар мен егіндер арам. Біздіңқалағандарымыз ғана жейді. Және осы хайуандардың арқалары(Мініске, жүкке) араметілген” деген. Тағы бір малдар (бауыздағанда) оған қасарысып, Алланың атынайтпайды. Алла оларды өтірік жала жабулары себепті жазаландырады.

139.

Және олар: “Бұл малдың қарындарындағылар (тірі шықса)ерлерімізге ғана тән, әйелдерімізге арам” деп, егер өлі шықса онда олар ортак.Алла олардың орынсыз сөйлеулерінің жазасын береді. Күдіксіз Алла хикмет иесі,толық білуші.

140.

Сондай ақымақтық, білместікпен балаларын өлтіргендер,Аллаға қасарысып, Алланың өздеріне берген несібесін арам еткендер зиянғаұшыраған. Олар адасқан әрі тура жол да таппайды.

141.

Ол сондай Алла аспалы және аспасыз бақшаларды, құрмаағаштарын, түрлі жемісті, өсімдіктерді, зейтін және анарды бір-біріне ұқсаған,ұқсамаған түрде жаратқан. Әрбірі жеміс берген кезде, жемісінен жеңдер. Оны жиыпалған күнде құшырын беріңдер; Ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілердіжақсы көрмейді.

142.

Және көлік болатын әрі ұсақ малдарды жаратты. СендергеАлланың ризықтандырған нәрсесінен жеңдер, шайтанның ізіне ермеңдер. өйткені ол,сендерге ашық дұшпан.

143.

(Жаһилиет дәурінде араптар малдардың кейде еркегін, кейдеұрғашысын, кейде іштегі тумасын ойша арам еткен екен.) Ол сегіз түр жаратты.(Еркек, ұрғашы) қойдан екеу, ешкіден екеу. (Мұхаммед Ғ.С.): “Алла екі еркегіннемесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар дақосыла ма? Егер сөздерің шын болса маған біліп түсіндіріңдер” де.

144.

Және түйеден екеу, сиырдан да екеу. “Екі еркегін немесеекі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар да қосыла ма?Немесе Алла сендерге осыны нұсқағанда бар ма едіңдер?”,- де. Білмесе деадамдарды адастыру үшін Алла өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Күдіксіз Алла,залым елді тура жолға салмайды.

145.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Маған уахи етілгенде, жейтін кісігежеуге арам болған нәрсені таппадым. Бірақ жемтік, немесе ағызылған қан,негізінен арам доңыз еті, немесе күнәлы болып, Алладан басқаның атыменбауыздалған мал арам. Біреу бас тартпай, шктен шыкпай шарсыз қалса, (жеуінеболады.) Күдіксіз Раббың аса жарылқаушы, ерекше мейірімді” де.

146.

Және Яһудилерге барлық тырнақты хайуанды арам қылдық. Әріоларға сиыр, қойдың майларын да арам қылдық. Бірақ қыртыс майларымен шажырқайжәне жілік майларын арам қылмадық. Осылайша олардың шектен шығулары себептіжазаландырдық. Расында турасын айтушымыз.

147.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені жасынға шығарса, (оларға):”Раббыларың мәрхамет иесі және Оның бейнеті күнәкар қауымнан қайтарылмайды” де.

148.

Аллаға шерік қатқандар: “Егер Алла қаласа еді, біз деаталарымыз да шерік қатпас едік әрі еш нәрсені арам қылмас едік.” дейді. Осысияқты бұлардан бұрынғылар да бейнетімді татқанға дейін жасынға шығарған.(Мұхаммед Ғ.С. оларға): “Жандарыңда бізге қарсы шығара алатын білімдерің бар ма?Негізінде сендер ойларыңа ғана ілесесіңдер де өтірік айтасыңдар” де.

149.

“Жеттік дәлел Алланікі, егер қаласа сендерді түгел туражолға салар еді” де.

150.

(Оларға): “Расында Алла осыны арам қылды деп, айғақболатын айғақтарыңды келтіріңдер” де. Егер олар куәлік берсе де, сен оларменбірге куәлік берме де аяттарымызды жасынға шығарып, ахиретке сенбегендердіңәуесіне еліктеме. Олар, Раббыларына теңдес қосады.

151.

(Оларға): “Келіңдер, сендерге Раббыларыңның араметкендерін оқиын: “Оған еш нәрсені шерік қатпаңдар, әке-шешеге жақсылықістесеңдер, жарлылыктан балаларыңды өлтірмеңдер” де. Сендерді де оларды да бізризықтандырамыз. “Тағы арсыздықтардың көрнеуіне де көмесіне де жақындамаңдар.Және де Алла арам еткен кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады. Сендергеосыларды Алла әмір етті. Әрине түсінерсіңдер ” (де) (Өлтірілуге тиістіболғандар: Жорта кісі өлтіргендер, мүртәд болып діннен шыққандар және үйлі болатұрып зина қылғандар.”

152.

Жетімнің малыңа жақындамаңдар; бірақ ол, есейгенге дейінжақсы басқаруға болады. Өлшеуді, тартуды туралықпен орындаңдар. Біреуге шамасыкелетінді ғана жүктейміз. Жақындарың болса да әділдікті айтыңдар. Және Алланыңуәдесін орындаңдар. Осыларды Алла нұсқады. Түсінерсіңдер.

153.

Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқажолдарға түспеңдер, сонда сендерді Алланың жолынан айырады. Сендерге ослыардыАлла нұсқады. Сақтанарсыңдар.

154.

Сонан соң Мұса (Ғ.С.) ға игілік істегенге; толық, әрнәрсені айыратын, жетекшілік ететін мәрхамет түрінде Кітап бердік. ОларРаббыларына жолығуға иман келтірер.

155.

Осы (Құран) біз түсірген мүбарак Кітап. Енді соғанеріңдер әрі сақсыныңдар. Мәрхаметке бөленерсіңдер.

156.

“Шынайы түрде бізден бұрыңғы (Яһуди, Христиан) екі топқаКітап түсірілді де біз олардың оқығандарынан мүлде хабарсызбыз” дерсіңдер (деп.)

157.

Немесе: “Бізге Кітап түсірілсе, олардан көрі тағы туражолда болар едік” дерсіңдер деп. Расында сендерге Раббыларыңнан бір ашық дәлел,тура жол, мәрхамет те келді. Енді Алланың аяттарын өтірік деп олардан жүзбұрғаннан кім залымырақ? Аяттарымыздан бас тартқандарды бас тартулары себептіжаман қмнаумен жазалаймыз.

158.

Олар, өздеріне періштелердің ккелуін, немесе Раббыңныңкелуін, не Раббыңның кей белгілерінің келуін ғана күте ме? Раббыңныңбелгілерінен кейі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойыншабір хайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Күтіңдер,шәксіз күтеміз” де.

159.

Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандарменешбір байланысың жоқ. Сөзсіз олардың ісі Аллаға тән. Кейін оларға істегеністерін түсіндіреді.

160.

Кім бір жақсылық келтірсе, оғансондай он есе бар. Жәнебіреу бір жамандық істесе, сондай-ақ қана жаза беріледі де олар зұлымдыққаұшыратылмайды.

161.

“Шынында Раббым мені тура дінге, Ыбырайым (Ғ.С.) ныңнағыз жолына салды. Ол ортақ қосушылардан емес еді” де.

162.

“Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіләлемнің Раббы Алла үшін” де.

163.

“Оның серігі жоқ. Осылай бұйырылдым және мен бойұсынушылардың алғашқысымын” де.

164.

“Ол әр нәрсенің Раббы бола тұра Алладан басқа раб іздейінбе? Әрбіреудің істегені өзіне тән. біреудің күнәсын біреу көтермейді. Сонан соңқайтар жерлерің Раббыларың. Сонда қайшылықта болған нәрселеріңді білдіреді” де.

165.

Ол сондай Алла, сендерді жердің халифалары етті. Сендергеберген нәрселерде, сынау үшін дәрежелерде біріңді- біріңнен жоғары көтерді.Күдіксіз Раббың, жедел жаза беруші және шынайы жарылқаушы, ерекше мейірімді.