1. |
Нун. (Ұғымын Алла біледі.) Қалам әрі оның жазғаннәрселеріне серт. |
2. |
(Мұхаммед Ғ.С.) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің. |
3. |
Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар. |
4. |
Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің. |
5. |
Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді. |
6. |
Жындылық қайсыларыңда екен? |
7. |
Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі.Және тура жолдағыны да біледі. |
8. |
Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба. |
9. |
Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді.(Оларды пұттардан тыймасаң сонда оларда жұмсайды.) |
10. |
(Мұхаммед Ғ.С.) әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бойұсынба; |
11. |
Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да, |
12. |
Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да, |
13. |
Сотқар, сондай-ақ тексізге де, |
14. |
Бұлар малды, балалы болса да. |
15. |
Оған аяттарымыз оқылған сәтте: “Бұрынғылардың ертегісі”деді. |
16. |
Жуырда оның мұрнына дақ саламыз. (Тұмсығын тасқатигіземіз.) (Бір жомарт адамның бақшасына мұрагер болған балалары, іштарлықеткендіктен апатқа ұшырайды.) |
17. |
Бұларға бақша иелеріне пәле бергендей пәле бердік. Солуақытта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті. |
18. |
Алла қаласа демеді. |
19. |
Олар ұйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды. |
20. |
Бақша қара түнектей болды. |
21. |
Сонда олар, таң сәріден дабыстады: |
22. |
“Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер” деп. |
23. |
Сонда олар сыбырласып, кетіп бара жатты: |
24. |
“Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін” деп. |
25. |
Олар, күші жете тұра таң сәріден оңаша кетті. |
26. |
Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: “Анық адасқанекенбіз;”,- десті. |
27. |
“Жоқ, біз құр қалған екенбіз” (десті.) |
28. |
Олардың орта көз қарастағысы: “Сендерге Алланы негедәріптемейсіңдер демедім бе?”,- деді. |
29. |
Олар: “Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдарданболған екенбіз” десті. |
30. |
Сонда олар, бір-біріне қарсы кінәласты: |
31. |
“Нендей өкініш бізге, анық шектен шығушылардан болдық”десті. |
32. |
“Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. РасындаРаббымызға ынтықпыз.” |
33. |
Міне бейнет осындай. Әрине ахирет азабы тағы зор, егеролар білген болса. |
34. |
Күдіксіз тақуалар үшін; Раббыларының қасында Нағымжаннаттары бар. |
35. |
Бой ұсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе? |
36. |
Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер? |
37. |
Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма? |
38. |
Расында онда сендердің ұнатқандарың бар ма? |
39. |
Немесе сендер үшін Бізге қарсы қияметке дейін жалғасатын,шексіз өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма? |
40. |
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан сұра: “Расында осыған олардыңқайсылары жауапкер екен? |
41. |
Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса,ортақтарын әкелсін. |
42. |
Қиямет күні, балтыр (шындық) ашылады. Олар сәждегешақырылады, сәжде қыла алмайды. |
43. |
Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расындаолар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын. |
44. |
(Мұхаммед Ғ.С.) енді осы сөзді (Құранды) жасынғашығарғандарды Маған таста; оларды білмеген жақтан баяулап кеміте береміз. |
45. |
Оларға мұрсат беремін. Шынында шараларым күшті. |
46. |
(Мұхаммед Ғ.С.) немесе сен олардан жалақы сұрап, олар,ауыр зиянға ұшырады ма? |
47. |
Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма? |
48. |
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше Раббыңның үкімі бойынша сабыр ет.Балық иесі (Юныс Ғ.С.) құсама. Сол уақытта ол, қайғыға булығып, жалбарынғанболатын. (37-С. 139-147-А) |
49. |
Егер оған Раббынан бір нығмет болмаса еді, сонда ол,қорланған түрде қырға тасталар еді. |
50. |
Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті. |
51. |
Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, оларкөздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды. Және: “Ол анық жынды” дейді. |
52. |
Негізінде бұл Құран әлемдерге насиқаттан басқа нәрсеемес. |