67. Мүлк

1.

Сондай бүкіл әкімшілік қолында болған Алла, аса ұлы әріОл, әр нәрсеге күші толық жетуші.

2.

Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынауүшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы.

3.

Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан.Рахманның жаратуында еш мүлтік көре алмайсың. Қайта көз сал. Ешбір ақау көреаласың ба?

4.

Тағы көзіңді екі қайтарып қара. Көзің саған шаршап,талған түрде айналады. (50-С. 6-А.)

5.

Расында Біз дүние аспанын шамдар(жұлдыздар)-мен безедік.Оны шайтандарды атуға жасадық. Сондай-ақ оларға жалындаған азап әзірледік.(15-С. 16-18-А., 37-С. 6-10-А.)

6.

Сондай Раббыларына қарсы келгендер үшін тозақ азабы бар.Нендей жаман орын.

7.

Ішіне тасталған сәтте, оның қайнап, күжілдеген дауысынестиді.

8.

Долданғандығынан жарылып кете жаздайды. Қашан оған біртоп (қылмысты) тасталса, оларға оның сақшылары: “Сендерге ескертуші келмедіме?”,- деп, сұрайды.

9.

Олар: “Расында бізге ескертуші келді. Сонда олардыжасынға айналдырдық та Алла сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендер зорадасудасыңдар деп едік” дейді.

10.

“Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұлжалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік” дейді.

11.

Сөйтіп, олар күнәларын мойындайды. Ендеше, жалындағантозақтықтар оңбасын!

12.

Дұрысында сондай Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандар, оларүшін жарылқау әрі зор сыйлық бар.

13.

Сөздеріңді жасырсаңдар немесе әшкерелесеңдер де шәксізАлла, көңілдегіні толық біледі.

14.

Жаратқан білмей ме? Ол тым жұмсақ, әр нәрсені толықбілуші.

15.

Ол сондай Алла, сендер үшін жерді көнпіс қылып жаратты.Ендеше оның айналасында жүріңдер. Сондай-ақ Оның ризығынан жеңдер. Және бараржерлерің Сол жақ.

16.

Жер теңселген сәтте аспандағының сендерді жергежұттыруынан бейбітсіңдер ме?

17.

Немесе көктегінің сендерге тас жаудыруынан қауіпсізсіңдерме? Ескертуімнің қалай екенін таяуда білесіңдер

18.

Расында олардан бұрынғылар да жасынға айналдырған еді.Маған қарсы келу қалай екен?

19.

Үстеріндегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты көрмейме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, әр нәрсені толық көруші.

20.

Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың кім?Кәпірлер алдануда ғана.

21.

Алла ризығын тоқтатса, сендерді қоректендіретін кім?Әрине олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда.

22.

Етпеттеп жүрген біреу турарақ ба? Даңғыл жолда тік жүргенбіреу турарақ па?

23.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Ол сондай Алла, сендер үшінесту, көру және сезу жаратқан. Сонда да аз шүкір етесіңдер” де.

24.

Оларға: “Ол сондай Алла, сендерді жер жүзіне таратқанжәне Сол жаққа жиналасыңдар” де.

25.

Олар: “Егер айтқандарың рас болса, осы уәде қашан?”,-дейді.

26.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Шын мәнінде оның мәліметі Аллағатән. Мен ашық ескертуші ғанамын” де.

27.

Олар оны жақыннан көрген сәтте, қарсы болғандардыңжүздері бұзылып кетеді. Оларға: “Міне осы сендердің тілегендерің” делінеді.

28.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Көрдіңдер ме? Егер Алла, меніәрі менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе мәрхамет етсе, сонда кәпірлердікім күйзелтуші азаптан құтқарады?”,- де.

29.

Оларға: “Ол Алла, аса қамқор. Оған иман келтірдік әріОған тәуекел қылдық. Кімнің ашық адасуда екенін таяуда білесіңдер” де

30.

Оларға: “Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе,сендерге, бір аққан суды кім келтіреді?”,- де.