66. Тахрим

1.

Әй Пайғамбар! Жұбайларыңның ризалығын қалап, Алланыңөзіңе халал еткен нәрсесін неге арам етесің? Алла тым жарылқаушы, ерекшемейрімді.

2.

Расында Алла, анттарыңды шешуді парыз қылды. Аллаиелерің. Ол, толық білуші, аса дана.

3.

Сол уақытта Пайғамбар (Ғ.С.) кейбір жұбайына бергенсырды, ол басқаға хабарлап қойған сәтте, Алла оны Пайғамбарға білдірді. БірақПайғамбар жұбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда оныжұбайына білдірген сәтте, ол: “Бұны саған кім білдірді?”,- дегенде, Пайғамбар(Ғ.С.): “Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Алла білдірді” деді.

4.

Егер екеуің Аллаға тәубе етсеңдер жақсы. Расындажүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-біріңе болыссаңдар, оныңиесі Алла және Жебрейіл (Ғ.С.) де, игі мүміндер де, тағы олардан кейін ;періштелер де оған болысады.

5.

(Әй Пайғамбардың жұбайлары!) Егер сендерді ажыратса,Раббы оған орындарыңа сендерден жақсы, Мұсылман; мүмін, бой ұсынушы, тәубеетуші, құлшылық қылушы, ораза ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз жұбайлар беруімүмкін.

6.

Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар ментастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал.Олар, Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйрылса, соныорындайды.

7.

Әй қарсы келгендер! Бүгін сылтауратпаңдар! Шын мәніндеістегендеріңнің сазайын тартасыңдар.

8.

Әй мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларыңжамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын жұмақтарға кіргізуі үмітетіледі. Алла, ол күні, Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендердікейітпейді; олардың нұрлары алдарында, оң жақтарында жүреді. Олар: “Раббымыз!Нұрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің әр нәрсеге толық күшің жетеді”дейді. (57-С.ІЗ-А.)

9.

Әй Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес.Сондай-ақ оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ нендей жаман орын.

10.

Алла (Т.) кәпірлерге Нұх (Ғ.С.) тың әйелі мен Лұт (Ғ.С.)тың әйелін мысал көрсетті. Олар жақсы құлдарымыздан екі құлдың некесінде еді.Сонда екеуі де оларға опасыздық қылды. Сондықтан екі пайғамбар да ол екеуінАлладан еш қорғай алмады “Екеуің тозаққа кірушілермен бірге кіріңдер.” делінді.

11.

Алла (Т.) иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысалкөрсетті. Сол уақытта ол: “Раббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір үй жаса әрімені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден деқұтқар” деген еді.

12.

Ғымран қызы Мәриямді мысал көрсетті. Ол ұятты жерінқорғаған. Сондықтан рұхымыздан үрлеген едік. Ол, Раббының сөздерін жәнекітаптарын растаған еді. Сондай-ақ бой ұсынушылардан еді. (Нұх Ғ.С. ның әйелі;уаһила, еліне: “Ол жынды” деп, Лұт Ғ.С. ның әйелі; қонақ болып келгенперіштелерді, еліндегі бұзықтарға хабар беретін еді. Ал Перғауынның әйелі, АсияМазақым қызы; Мұса Ғ.С. ға иман келтіргендіктен, Перғауын оны төрт қазыққакеріп, аяусыз түрде қинаумен өлтіреді. Ғымран қызы Мәриям; Алланың әмірімен екіқабат болып, Ғиса Ғ.С. ды дүниеге келтіреді.)