1.

Әй Пайғамбар! Қашан әйелдеріңді талақ қылсаңдар, сондаоларды белгілі мерзімінде ажыратыңдар және о мерзімді есептеңдер. РаббыларыңАлладан қорқыңдар. Оларды үйлерінен шығармаңдар әрі олар да шықпасын. Бірақ оларашық бір арсыздық істесе, ол басқа. Міне бұл Алланың шектері. Ал кім Алланыңшектерінен шықса, расында ол, өзіне қастық қылған болады. Білмейсің, мүмкінАлла, бұл уақиғадан кейін бір жағдай пайда қылар. (2-С. 228-234-А.)

2.

Ал қашан олардың мерзімдері жетсе, оларды дұрыстықпенұстаңдар немесе туралықпен ажыратыңдар. Сондай-ақ өздеріңнен екі әділ кісініайғақ қойыңдар. Куәлікті Алла үшін толық орындаңдар. Міне осылармен;Аллаға, ақырет күніне иман келтіргендер үшін насихат етіледі. Кім Алладанқорықса, оған бір шығар жол пайда қылады.

3.

Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллағатәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла өз бұйрығын атқарады.Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған.

4.

Етеккірден қалған әйелдеріңнен күмәндансаңдар, олардың”ғыддаты” мерзімі үш ай. Және әдет көрмеген әйелдердің мерзімдері де сондай. Алжәне жүкті әйелдердің мерзімдері олар босанғанға дейін. Кім Алладан қорықса,оның ісіне оңайлық жасайды.

5.

Міне осы, Алланың сендерге түсірген бұйрықтары. КімАлладан қорықса, оның жамандығын жояды да сауабын зорайтады.

6.

(Ажырасып, мерзім күткен) әйелдерді шамаларыңкелгенінше, үйлеріңде тұрғызыңдар. Оларға зорлау үшін түрткі салмаңдар. Егеролар жүкті әйелдер болса, сонда оларға босанғанға дейін нафақа беріңдер. Егеражыраған әйелдер, сендер үшін бала емзірсе, сонда олардың жалақыларын беріңдер.Өзара дұрыстықпен ақылдасыңдар. Егер (ер аз беріп, әйел көп тілеп) бір-біріңеауырлық салсаңдар, баланы басқа әйел емзіруге болады.

7.

Кеңшілік иесі бай кісі; өзіне Алланың бергені бойыншанафақа берсін. Алла біреуге оған бергенінен артық жүктемейді. Алла, ауыршылықтанкейін жеңілдік береді.

8.

Қаншалаған кент Раббыларының және елшілерінің әміріненбас тартты. Сонда оларды қатаң түрде есепке тартып, өздерін жаман азаппенқинағанбыз.

9.

Сонда өз істегендерінің сазайын татты. Негізінен олардыңістерінің соңы зиян.

10.

Алла оларға қатты азап әзірлеген. Әй ақыл иелері! Алладанқорқыңдар. Иман келтіргендер, Алла сендерге бір зікір (Құран) түсірді.

11.

Сондай иман келтіріп, жақсы амал істегендердіқараңғылықтардан жарыққа шығару үшін Алла сендерге аяттарын оқитын бір Елшіжіберді. Кім Аллаға иман келтіріп, жақсы амал істесе, Алла, оны астарынанөзендер ағатын әрі онда мәңгі қалатын жұмақтарға кіргізеді. Расында Алла, оғаннендей көркем несібе берді.

12.

Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан және жерді де соларсияқты жаратқан. Күмәнсыз Алланың әр нәрсеге күші толық жететіндігін білулеріңүшін әмірлері жер мен көктің арасына түсіп тұрады. Сондай-ақ Алланың білімі әрнәрсені ішіне алады.