64. Тəғабун

1.

Көктердегі және жердегі нәрселер Алланы дәріптейді.Патшалық Оған тән, мақтау Оған лайық. Сондай-ақ Оның әр нәрсеге толық күшіжетуші.

2.

Ол сондай сендерді жаратқан Алла. Сонда кейбіреулеріңқарсы келесіңдер де кейбіреулерің иман келтіресіңдер. Алла істеген істеріңдітолық көруші.

3.

Көктер мен жерді хақиқат бойынша жаратты. Ол, сендердібейнелегенде көркем бейнелеген. Әрі қайтар жерлерің Сол жақ.

4.

Ол, көктер мен жерде болған нәрселерді біледі. Сондай-ақжасырғандарыңды да әшкерелегендеріңді де біледі. Әрі көкіректегілерді толықбіледі.

5.

Сендерге бұрынғы қарсы болғандардың әңгімесі келмеді ме?Олар істегендерінің жазасын татты. Олар үшін тағы күйзелтуші азап бар.

6.

Бұл, өздеріне пайғамбарлары ашық дәлелдермен келгенде:”Бізді адам тура жолға сала ма?”,- деп қарсы шығып, бет бұрғандықтарыныңсалдарынан. Алла, оларға мұқтаж емес екендігін көрсетті. Өйткені, Алла, мұңсыз,мақтауға лайық.

7.

Сондай қарсы болғандар, әсте қайта тірілмейміз депойлайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Жоқ, Раббыма ант етемін. Әлбетте өлгенненкейін қайта тірілесіңдер. Сосын сендерге не істегендерің түсіндіріледі. ОсыларАллаға оңай” де.

8.

Ендеше Аллаға, Елшісіне және Біз түсірген нұрға иманкелтіріңдер. Алла (Т.) істегендеріңді толық біледі.

9.

Жиналатын күні; ол күні, сендерді жинайды. Міне сол,кімнің алданғаны ортаға шығатын күн. Кім Аллаға иман келтіріп, ізгі іс істесе;Алла оның жамандығын жояды да оны астарынан өзендер ағатын пейіштерге кіргізеді.Онда олар мәңгі қалады. Осы зор қол жеткендік.

10.

Сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға айналдырғандар;міне солар, тозақтық болып, онда мәңгі қалады; нендей жаман орын.

11.

Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды. Ал жәнекім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толықбілуші.

12.

Аллаға да бой ұсыныңдар әрі Елшісіне де бағыныңдар. Егербет бұрсаңдар, Елшімізге насиқат ету ғана міндет.

13.

Алла бар. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан мүміндер,Аллаға тәуекел етсін.

14.

Әй мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан өздеріңедұшпан болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер,шығыссаңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

15.

Шын мәнінде малдарың, балаларың бір сынақ. Үлкен сыйлықАлланың қасындағы. (9-С. 23-А)

16.

Сондықтан шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар.(Әмірлерін) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға мал жұмсаңдар;сендер үшін қайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар,құтылушылар.

17.

Егер, Аллаға көркем қарыз берсеңдер, (тиісті орынға малсарып қылсаңдар, 57-С. 11-А.) оны сендер үшін неше есе арттырады әрі сендердіжарылқайды. Алла шүкірлікті бағалаушы, өте жұмсақ.

18.

Көместі де көрнеуді де білуші. Үстем, хикмет иесі.