63. Мунафиқун

1.

(Мұхаммед Ғ.С.) саған мұнафықтар келген кезде: “Сені,анық Пайғамбар деп айғақ боламыз” деді. Сенің хақ Пайғамбар екеніңді Аллабіледі. Сондай-ақ Алла (Т.) расында мұнафықтардың мүлде суайт екендігіне куәлікетеді.

2.

Олар анттарын қалқан етеді де Алланың жолынан тыяды.Күмәнсыз олардың істегендері нендей жаман.

3.

Міне расында олар, иман келтіріп, кейін қарсыкелгендіктерінің салдарынан жүректері бітелген Енді олар, түсінбейді.

4.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларды көрген кезде, тұлғалары сенітаңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар, бейне, қаланған қуыс дөңбексияқты. Сондай-ақ олар, әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды. (Өз қылықтарынанүрейленеді.) Олар дұшпан. Сондықтан олардан сақтан. Оларды Алла типыл қылсын.Қайда адасып, бара жатыр? (Мұнафықтардың бастығы Ғабдолла Үбай ұлы, тағыбасқалары зор денелі келбетті де шешен адамдар еді. Келіп, дуалға сүйеніп тұрып,әдемілеп сөйлеуші еді.)

5.

(Рауаят бойынша Мүсталық ұлдарымен болған бір қақтығыста,суға таласып, Ғабдолла Үбай ұлы, мүхажірлерді өте ауыр сөздермен қорлайды.Пайғамбарға білініп; оны шақырып алып, сұрағанда, ант-су ішіп, жылмия танады.Өтірігі шыққаннан кейін оған, Пайғамбар (Ғ.С.) дан: “Кешірім сұра, Алладанжарылқау тілесін” десе, қасарысып көнбейді. Б.М.) Егер оларға: “Келіңдер,Алланың Елшісі сендерге жарылқау тілесін” делінсе, олардың бастарын шайқағанынкөресің. Оларбет бұрып, тәкаппарланады.

6.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар үшін жарылқау тілесең де тілемесеңде бәрі бір. Оларды Алла жарылқамайды. Алла (Т.) бұзақы елді тура жолғасалмайды.

7.

Олар: “Алланың Елшісінің жанындағы кісілерге еш нәрсебермеңдер, олар тарқап кетсін” дейді. Негізінде көктер мен жердің қазынасыАллаға тән. Бірақ мұнафықтар ұқпайды.

8.

Ол мұнафықтар: “Егер соғыстан қайтып, Мәдинаға барсақ; олжерден ардақтылар, інжықтарды әлбетте шығарады” дейді. Негізінде ғиззат Аллаға,Елшісіне әрі Мұсылмандарға тән. Бірақ мұнафықтар білмейді.

9.

Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы ескеалудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар, зиян тартушылар.

10.

Сендерден біреулеріңе өлім келіп: “Раббым! Мені жақын бірмерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам” деуден бұрынөздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар.

11.

Қашан біреудің ажалы келсе, Алла, оны әсте кешіктірмейдіжәне Алла, істегендеріңді толық біледі.