62. Жум’а

1.

Көктердегі және жердегі нәрселер; үкім иесі, өте пәк, тымүстем, хикмет иесі Алланы дәріптейді.

2.

Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларғаАлланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға; Кітап, даналықүйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді.

3.

Ол Алла, бұл Пайғамбарды олардан басқа әлі оларғақосылмағандарға да жіберді. Ол тым үстем, аса дана. (Бұл жердегі, әлі оларғақосылмағандар; қияметке дейін Ислам дініне кіретін елдер. Б.Ж.М.)

4.

Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлынабереді. Алла, зор кеңшілік иесі.

5.

Өздеріне Тәурат жүктеліп кейін оны игере алмағандардыңмысалы; кітаптарды артқан есек тәрізді. Алланың аяттарын жасынға шығарған елдіңмысалы нендей жаман. Алла залым қауымды тура жолға салмайды.

6.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй Яһудилер! Егер өздеріңді адамдарданөзге, Алланың шын досымыз деп ойласаңдар, дереу өлім тілеңдерші! Егер рас айтушыболсаңдар” де.

7.

Негізінде олар, бұрын қолекі істеген қылмыстарыныңсалдарынан әсте өлім тілемейді. Алла, залымдарды жақсы біледі.

8.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Расында сендер қашқан өлім;әрине ол, сендерге кездеседі. Сосын көместі, көрнеуді білуші Аллағақайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді” де.

9.

Әй мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде,дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер білгенболсаңдар, сендер үшін жақсы.

10.

Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Алланыңмәрхаметінен несібе іздеңдер. Сондай-ак Алланы көбірек зікір етіңдер. Әринеқұтыласыңдар. (Мұхаммед Ғ.С. бір жұма күні, хұтба оқып, тұрғанда бір астықартқан керуенге қағылған дабылды естіген ел, шыға жүгіріседі. Өйткені қаттыашаршылық бір жыл еді. Бұл аят соған байланысты. Б.М.)

11.

Олар сауданы, ойынды көрген сәтте, сол жаққа тарайды дасені тік тұрған бойда тастайды. Оларға: “Алланың қасындағы нәрселер, ойыннан дасаудадан да жақсы. Алла ризық берушілердің жақсырағы” де.