61. Сафф

1.

Көктер мен жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Ол Алла,тым үстем, аса дана.

2.

Әй мүміндер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар.

3.

Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Алланың қасында зорашуға себеп болады.

4.

Күдіксіз Алла (Т.) өзінің жолында мықты қаланған дуалдайсап болып, соғысқандарды жақсы көреді.

5.

Сол уақытта, Мұса (Ғ.С.) еліне: “Мені не үшінренжітесіңдер? Шын мәнінде сендерге Алланың елшісі екенімді рас білесіңдер”деген еді. Сонда олар, жолдан тайған кезде, Алла олардың жүректерін тайдырғанеді. Алла бұзақы елді тура жолға салмайды.

6.

Сол уақытта Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.): “Әй Израил ұрпақтары!Шын мәнінде мен, сендерге Алланың Елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы жәнеменен кейін келетін “Ахмед” атты пайғамбарменен сүйіншілеймін” деген еді. Бірақолар (ол, айтылған) Пайғамбар, оларға ашық дәлелдермен келген кезде: “Бұл ашықжады” деді.

7.

Ислам дініне шақырылғанда, Аллаға қарсы өтірік жалажапқаннан кім залымырақ? Сондай-ақ Алла, залым қауымды тура жолға салмайды.

8.

Олар, Алланың нұрын өшіруді қалайды. Кәпірлер жек көрседе Алла нұрын тамамдайды.

9.

Ол сондай Алла, мүшріктер жек көрсе де дінін бүкілдіндерге үстем қылу үшін Елшісін туралықпен хақ дінмен жіберді.

10.

Әй мүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан құтқаратынбір сауда көрсетейін бе?

11.

Аллаға, Елшісіне иман келтіресіңдер; малдарыңмен,жандарыңмен Алла жолында күресесіңдер. Егер білетін болсаңдар, осыларың сендерүшін қайырлы.

12.

Күнәларыңды жарылқайды. Сендерге астарынан өзендер ағатынпейіштерге; Ғадын жаннаттарындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы.

13.

Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Аллажақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар. (Мұхаммед Ғ.С.) мүміндерді қуандыр.

14.

Әй мүміндер! Алланың (дінінің) көмекшілері болыңдар.Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.) ның хауариларға: “Алла жаққа көмекшілерім кім?’,-дегенде, хауарилардың: “Аллаға біз көмекшіміз” дегендеріндей. Сонда Израилұрпақтарының бір тобы иман келтіріп, бір тобы қарсы шықты. Иман келтіргендерді,дұшпандарына қарсы қолдадық. Сондай-ақ олар, дұшпандарына үстем болды.