60. Мумтəхинə

1.

Әй мүміндер! Менің дұшпандарымды да өз дұшпандарыңды дадос тұтпаңдар. Олар, сендерге келген шындыққа қарсы келсе де оларғасүйіспеншілік көрсетесіңдер. Олар, Пайғамбарды да сендерді де Раббыларың Аллағаиман келтірдіңдер, деп жұрттан шығарды. Сендер Менің жолымда ризалығымды іздеп,соғысқа шыққанда, оларға жасырын достық істейсіңдер. Мен көрнеу, көмесістегендеріңді де жақсы білемін. Сендерден кім бұны істесе, расында ол туражолдан адасты.

2.

Егер олар сендерге үстем келсе, өздеріңе жау болып,сендерге жаман ниетпен қолдарын созып, тілдерін тигізеді. Қарсы болуларыңдықалайды.

3.

Сендерге туыстарың да балаларың да ешбір пайда бермейді.Алла қиямет күні, араларыңды ажыратады. Алла істегендеріңді толық біледі.

4.

Расында сендерге Ыбырайым (Ғ.С.) және онымен біргеболғандар, бір көркем өнеге болды. Сол уақытта, олар елдеріне: “Сендерден деАлладан өзге табынғандарыңнан да бездік. Сендермен арамызға мәңгі дұшпандық,өштік бастады. Сендерге Алланың бірлігіне иман келтіргенге дейін қарсымыз”деген. Бірақ Ыбырайым (Ғ.С.) ның әкесіне: “Әрине сен үшін жарылқау тілеймін.Дегенмен Алладан келетін нәрсеге шамам келмейді” деген болатын. “Раббымыз, Сағантәуекел еттік, Саған қайттық әрі барар жеріміз Сен жақ.”

5.

“Раббымыз! Кәпірлер үшін бізді сынама. Бізді бағышта.Раббымыз! Сен өте үстем, хикмет иесісің.”

6.

Расында сендерге, оларда (Ыбырайым Ғ.С. жәнесыбайластарында,) Алланы, ақырет күнін үміт еткен кісілер үшін көркем өнеге бар.Ал кім бет бұрса, сонда шүбәсыз Алла еш нәрсеге мұқтаж емес, аса мақтаулы.

7.

Алланың сендермен дұшпандық еткен кісілердің арасынадостық пайда қылуы мүмкін. Алла өте күшті әрі Алла тым жарылқаушы, ерекшемейірімді.

8.

Алла (Т.) дін жайында сендермен соғыспаған жәнежұрттарыңнан шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйымсалмайды. Расында Алла (Т.) турашылдарды жақсы көреді.

9.

Шын мәнінде Алла (Т.) сендермен дін турасындасоғысқандарды, жұрттарыңнан шығарғандарды және шығарылуларыңа көмекшіболғандарды дос тұтуларыңа тыйым салады. Біреу оларды дос көрсе, солар залымдар.

10.

Әй мүміндер! Сендерге мүмін мұһажір әйелдер келсе, олардысынаңдар. Олардың имандарын Алла жақсы біледі. Сонда егер олардың мүмін әйелекендігін білсеңдер, онда оларды кәпірлерге қайтармаңдар. Бұл әйелдер, оларғахалал емес, олар да бұларға халал емес. Олардың бұл әйелдергеберген мәһерлерін өздеріне қайтарып беріңдер. Егер бұл әйелдердің мәһерлерінберсеңдер, оларды, некеленулеріңнің оқасы жоқ. Кәпір қатындардынекелеріңде ұстамаңдар. Кәпір қатындарға берген мәһерлеріңді сұраңдар. Кәпірлерде сендерге келген мүмін қатындарға берген мәһерлерін сұрасын. Бұл сендергеАлланың үкімі. Араларыңа үкім қылады. Алла толық білуші, хикмет иесі.

11.

Егер кейбір әйелдерің мәһерімен кәпірге өтсе, сондаүстемдікке ие болсаңдар; олжадан, кәпірге әйелі кеткендерге кеткен мәһерініңбодауын беріңдер. Иман келтіргендер, Алладан қорқыңдар.

12.

Әй Пайғамбар! Егер саған мүмін әйелдер, Аллаға еш нәрсеніортақ қоспауға, ұрлық қылмауға, зинашы болмауға балаларын өлтірмеуге,қол-аяқтарының арасынан бір жала жаппауға, (Суық жолдан тапқан баланы өз ерінетелімеуге.) және ізгілік істеуге, өзіңе қарсы келмеу үшін келген кезде, олардың(биғаттарын) серттерін қабыл ал. Олар үшін Алладан жарылқау тіле. Өйткені Алла,тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.

13.

Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар.Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгеніндей олар, ақиреттен үміт үзген.