5. Мəида

1.

Әй мүміндер! Уәделеріңді орындаңдар. Сендерге ыхрамдааңды халал санамау шартымен, сендерге түсіндірілетіндерден басқа хайуандар халалқылынды. Күдіксіз Алла не тілесе оны әмір етеді.

2.

Әй иман келтіргендер! Алланың белгілеріне, (хажамалдарына,) құрметті айға, құрбандықтарға, мойындарына тағылған белгілерге жәнеРаббыларының ризалығын, ілтипатын іздеп, ардақты үйге (Кағбаға) келуші хажыларғақұрметсіздік етпеңдер. Және қашан ыхрамнан шықсаңдар аң аулай аласыңдар. Жәнесендерді Месжіт Харамнан тосқан елдің кегі, шектен шығуларыңа сылтау болмасын.(Сендерді Кағбадан тыйған болса да, кек сақтамаңдар.) жақсылыққа, тақуалыққажәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар!Күдіксіз Алланың азабы қатты.

3.

Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладанбасқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап,сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал арам. Бірақ (жаны шықпай)бауыздағандарың басқа. Және тігілген тасқа (бұтқа) арнап бауыздалған мал әріоқтар арқылы талай сынауларың (бал ашуларың) да арам етілді. Бұларың бұзықтық.Бүгін кәпірлер діндеріңнен (тосудан) күдер үзді. Олардан қорықпаңдар, Мененқорқыңдар. Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақсендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым. Кім аштықтан шарасыз қалса, күнәғаауытқымаса (жеуге болады.) Шәксіз Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.

4.

Олар, сенен өздеріне не нәрсенің халал қылынғандығынсұрайды: “Сендерге таза нәрселер (дін бойынша халал нәрселер) халал қылынды” де.Және де Алланың өздеріне білдіргенін үйретіп, тәрбиелеген жыртқыштарды: Алланыңатын айтып (аңға) салсаңдар, сендер үшін ұстағандарын жеңдер. Алладан қорқыңдар,күдіксіз Алла (Т.) есепте өте тез.

5.

Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді. Кітапберілген (Христиан, Яһуди) дердің тамағы (бауыздағандары) халал етілді.Сендердің тамақтарың оларға да халал етілді. Және мүміндерден абыройлыәйелдермен әрі сендерден бұрын Кітап берілген (Христиан, Яһуди) дерден деабыройлы әйелдермен мәһерлерін беріп, бой суытушы, астыртын көңілдес болмайүйленулерің халал етілді. Кім иманға қарсы шықса, Сонда оның амалы жойылды жәнеол, ақыретте де зиян етушілерден болады.

6.

Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда,)жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар.(сипаңдар.) Және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды жуындар. Егер де жүніпболсаңдар, (бой дәретсіз болсаңдар,) толық тазалаңындар. (Шомылыңдар) Егернауқас не сапар да болсаңдар немесе сендерден біреу түзге отырып келсе не әйелгежақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар таза жерге тәяммүм соғыңдар; оныменбеті-қолдарыңды сипаңдар. Өйткені, Алла, сендерге ауыршылық қаламайды. Бірақ,сендерді тазартуды сондай-ақ шүкірлік етулерің үшін сендерге нығметтерінтамамдауды қалайды.

7.

Алланың сендерге берген нығметін және: “Естідік, бойұсындық” деп байлаған серттеріңді еске алыңдар! Әрі Алладан қорқыңдар! КүдіксізАлла көкіректегілерді толық білуші.

8.

Әй мүміндер! Алла үшін куәлікте туралық үстінде мықтытұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдікістеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Алладан қорқыңдар. Күдіксіз Алла неістегендеріңнен толық хабар алушы.

9.

Алла (Т.) сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендергежарылқау әрі ірі сыйлық уәде етті.

10.

Сондай қарсы келіп, аяттарымызды өтірікке ұйғарғандар,солар тозақтық.

11.

Әй мүміндер! Алла (Т.) ның сендерге берген бағын ескеалыңдар: Сол уақытта бір ел (суық) қолын созған еді де, Алла олардың қолынсендерден тосқан еді. Сондықтан Алладан қорқыңдар және мүміндер Аллаға тәуекелетсін.

12.

Расында Алла Израил ұрпақтарынан уәде алған еді. Оларданон екі бастық жіберген едік. Алла (оларға): “Мен сендермен біргемін; егернамазды орындасаңдар, зекет берсеңдер, елшілеріме иман келтіріп, оларға көмекберсеңдер және Аллаға көркем қарыз берсеңдер (Алла жолында мал жұмсасаңдар),әлбетте жамандықтарыңды жойып, сендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларғакіргіземіз. Ал сонда сендерден біреу қарсы болса, тура жолдан адасқан болады”деді.

13.

Сонда олардың серттерін бұзулары себепті оларға лағынететіп, жүректерін қатайттық. Олар, (Тәурат) сөздерін орнынан өзгертіп, оларғаберілген үгітті ұмытты. Олардың өте азынан басқасының қиянаткерліктерін ұдайысезіп отырасың. Сонда да оларды кешірім етіп, елеме. Расында Алла (Т.) игілікістеушілерді сүйеді.

14.

Және “Христианбыз” дегендерден де серт алған едік.Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына қияметкүніне дейін дұшпандық, өштік салдық. Және Алла (Т.) оларға не істегендерініңхабарын тез береді.

15.

Әй Кітап иелері! Сендерге кітаптан жасырған нәрселеріңніңкөбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді.Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап (Құран) келді.

16.

Алла (Т.) кім өз ризасына үйлессе, сол Кітап арқылыесендік жолдарына салады және өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарыптұп-тура жолға салады.

17.

Расында: “Алланы, Мәриям ұлы Мәсих” дегендер кәпір болды.”Егер Алла, Мәриям ұлы Мәсихты және оның шешесін де, тіпті жер жүзіндегібіртұтас жан иесін жоқ етуді қаласа, Алладан құтқаруға кім ие?”,- де. Көктер менжердің және екеуінің арасындағылардың иелігі Аллаға тән. Ол қалағанын жаратадыәрі Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші.

18.

Яһудилер мен Христиандар: “Біздер Алланың ұлдары жәнесүйгендеріміз” деді. Оларға айт: “Онда Алла күнәларың себепті сендерді негеазаптайды? Керісінше сендер Алланың жаратқан адамысыңдар.” Алла қалаған кісісінжаратып және қалаған кісісін азаптайды. Көктердің және жердің әрі екіарасындағылардың барлығы Алланың иелігінде және барар жер де Оның алды.

19.

Әй Кітап иелері! Пайғамбардың арасы үзілгенде, сендергеЕлшіміз келді. “Бізге қуантушы, қорқытушы келмеді” дерсіңдер деп, міне сендергеқуантушы, қорқытушы Елші елді. Алла (Т.) ның барлық нәрсеге толық күші жетуші.

20.

Бір заманда Мұса(Ғ.С) өз еліне: “Әй елім! Алланыңсендерге берген нығметін еске алыңдар! Өз іштеріңде пайғамбарлар шығарды, әрісендерді патшалар жасады. Сондай-ақ сендерге әлемде ешкімге берілмеген нығметберді” деген.

21.

Және: “Әй елім! Алла,сендерге жазған қасиетті жерге(Құдыс, Шамға) кіріңдер. Арттарыңа қайтпаңдар, әйтпесе зиян етушілергеайналасыңдар” деген.

22.

Олар: “Әй Мұса! Ол жерде зорлықшыл ел бар. Олар ол жерденшықпайынша біз ол жерге әсте кірмейміз. Егер олар ол жерден шықса әрине кіреміз”деді.

23.

Қорыққандардан болып, өздерін Алла нығметке бөлеген екікісі: “Олардың үстіне қақпадан кіріңдер. Сонда қашан одан кірсеңдер, сендерүстем боласыңдар. Егер мүмін болсаңдар Аллаға тәуекел етіңдер” деді.

24.

“Әй Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған тіптікірмейміз. Өзің және Раббың барып соғысыңдар. Әрине біз мұнда отырамыз” деді.

25.

(Мұса Ғ.С): “Раббым! Мен өзіме, туысыма ғана ие болааламын. Бұзақы елден арамызды ажырата көр!” деді.

26.

(Алла Т.): “Енді оларға, ол жер шынайы түрде қырық жыларам қылынды. Олар сол жерде абыржып жүреді. Онда бұзақы елге қайғырма” деді.

27.

(Мұхаммед Ғ.С) оларға Адам (Ғ.С) ның екі ұлының әңгімесіншынайы түрде оқы: “Сол уақытта екеуі Аллаға жақындық үшін құрбан шалған еді.Сонда біреуінен қабылданып, екіншісінен қабылданбаған еді.” (Құрбанықабылданбаған Қабыл) : “Әлбетте мен сені өлтіремін” деді. Сонда (һабыл): “Алласөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді” деді.

28.

“Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да, мен сені өлтіруүшін қол созбаймын. Күдіксіз мен әлемдердің Раббы Алладан қорқамын!”

29.

“Сөзсіз мен, сенің өз күнәңмен менің күнәмді жүктеп,тозақтық болуды қаламаймын. Осы, залымдардың жазасы.”

30.

Сонда оның нәпсісі, туысын өлтіруге қызықтырды да ол, оныөлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды.

31.

Сонда Алла, оған туысының өлігін жасыруын көрсетуі үшінжіберген қарға, жерді қаза бастағанда: “Әттең! Маған не болды? Туысының денесінкөмген қарға құрлы бола алмадым ба?”,-деді де, өкінушілерден болды.

32.

Соның салдарынан Израил ұрпақтарына: Кім кісі өлтірмегеннемесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлықадамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамдытірілткенмен тең деп жаздық. Расында оларға елшілеріміз ашық дәлелдермен келді.Бірақ содан кейін де олардың көбірегі жер жүзінде шектен шығушылар болды.

33.

Алла және Елшісімен жағаласқандардың және жер жүзіндебұзақылық жасап жүргендердің жазасы: Өлтірілулері, не асылулары, яки,қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе жерден айдалулары. Бұл олардыңдүниедегі жапасы. Және олар үшін ақыретте ірі азап бар.

34.

Бірақ сендердің оларға ықпалдарың жүруден бұрын тәубеқылғандар басқа. Сонда Алла (Т.) ның аса жарылқаушы, ерекше мейірімді екенінбіліңдер.

35.

Әй иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар, оған жақындасудыіздеңдер (бой ұсыну арқылы тырысыңдар.) Және екі дүниеде құтылып мұратқажетулерің үшін, Оның жолында күресіңдер.

36.

Күдіксіз сондай кәпірлер жер жүзіндегі барлық нәрсеніжәне онымен бірге тағы сондай нәрсені қиямет күнінің азабынан (құтылу үшін)төлеуге салса да олардан қабыл етілмейді де, оларға жан түршігерлік қинау бар.

37.

Олар оттан шығуларын қалайды. Дегенмен олар одан шығушыемес. Және олар үшін тұрақты азап бар.

38.

Ер және әйел ұрының, қылмыстарына жаза әрі Алладан бірөнеге түрінде қолдарын кесіңдер. Алла (Т.) аса үстем, хикмет иесі.

39.

Ал кім зұлымдықтан кейін тәубе қылса, түзелсе, сондашәксіз Алла оның тәубесін қабыл етеді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

40.

Расында көктер мен жердің әкімшілігі Аллаға тән екенінбілмедің бе? Кімді қаласа жазалайды да, кімді қаласа жарылқайды. Әрі Алланың әрнәрсеге күші жетуші.

41.

Әй Пайғамбар! Ауыздарымен: “Сендік” деп, жүректерісенбегендермен Яһудилерден күпірде жарысқандар сені кейітпесін. Олар өтіріккеқұлақ асады; сондай-ақ саған келмеген басқа бір қауым үшін тыңдайды. Және оларсөзді орындалғаннан кейін өзгертеді: “Егер сендерге осы берілсе, оны алыңдар да,егер ол берілмесе, онда бой тартыңдар!”,- дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.),біреудің бұзылуын қаласа, сен ол үшін Алладан дәнеңеге ие бола алмайсың. Мінесолар, Алланың жүректерін тазартуды қаламағандар. Оларға дүниеде жапа әріақыретте де, зор азап бар.

42.

Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. (МұхаммедҒ.С.) егер олар саған келсе, араларына үкім бер, немесе олардан жүз бұр. Егеролардан жүз бұрсаң да, олар саған ешбір зиян бере алмайды. Ал егер араларынаүкім берсең, тура үкім бер. Шәксіз Алла турашыларды сүйеді.

43.

Олардың қасындағы Тәуратта Алланың үкімі бола тұра сағанқалайша жүгініседі? Сонан соң да одан олар бас тартады. Өйткені олар сенушіемес.

44.

Күдіксіз Тәуратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар.Аллаға бой ұсынған пайғамбарлар, Яһудилерге онымен үкім етер еді. Және АлланыңКітабын қорғауға міндеттендірілген сопылармен ғалымдар да, онымен үкім етер еді.Олар оған куәгер еді. Ендеше адамдардан қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар жәнеаяттарымды аз бір ақшаға сатпаңдар! Кім Алланың түсіргенімен үкім етпесе, мінесолар қарсы болушылар.

45.

Оларға тәуратта: жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын,құлаққа құлақ, тіске тіс және жараларға да, қарама-қарсы төлеу (қысас) жаздық.Дегенмен біреу, оны кешірім етсе, сонда ол оған кәппарат болады (өз күнәсыкешіледі.) Және кім Алла түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар.

46.

Және пайғамбарлардың ізінше өзінің алдындағы Тәураттырастаушы етіп, Мәриям ұлы Ғисаны жалғастырдық. Әрі оған ішінде туралық, нұрболған алдындағы Тәуратты бекітуші сондай-ақ сақтанушылар үшін тура жол, үгіттүрінде Інжілді бердік.

47.

Інжіл иелері ондағы Алланың нұсқауымен үкім етпесе, мінесолар бұзақылар.

48.

(Мұхаммед Ғ.С.) саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрыңғыкітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларынаАлланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардыңойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Аллақаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге бергенжол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлеріңАлла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.

49.

Олардың араларына Алланың түсіргенімен үкім ет. Олардыңойларына ілеспе және саған Алла түсірген кей үкімдерден сені бұзуларынан сақтан!Егер олар жүз бұрса, күдіксіз Алла оларды кей күнәлары себепті қайғыға ұшыратудықалайды деп біл. Расында адамдардың көбі бұзық.

50.

Олар жаһилиет дәуірінің үкімін іздей ме? Анық нанған елүшін Алладан жақсы үкім беруші кім?

51.

Әй мүміндер! Яһудилер мен Христиандарды дос тұтпаңдар!Олар бір-біреулерінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ололардан. Расында Алла залым елді тура жолға салмайды.

52.

Сондай жүректерінде дерті бар мұнафықтардың: “Бізге бірсұмдық келуінен (Мұсылманнан күн кетіп қалуынан) қорқамыз” деп, олардың арасындажүгіріп жүргендерін көресің. Бәлкім Алла бір жеңіс берер немесе өз қасынан бірәмір берер, сонда олар жүректеріндегі жасырғандарына өкінер.

53.

Ал сондай иман келтіргендер: “Шынайы түрде сендерменбіргеміз деп, Алланың атымен мықты ант ішкендер осылар ма?” дейді. Олардыңамалдары жойылып, зиян етушілерден болды.

54.

Әй мүміндер! Сендерден кім дінінен шықса, Алла (Т.) жеделбір қауым әкеледі; Алла оларды жақсы көреді және олар да Алланы жақсы көреді.Мүміндерге қарсы жұмсақ, кәпірлерге қарсы қатал, Алла жолында соғысады. Сөгісберушілердің сөгісінен олар қорықпайды. Осы, Алланың қалағанына беретінілтипаты. Өйткені, Алла өте кең, аса білуші.

55.

Шынайы түрде сендердің достарың Алла және Елшісі және денамазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рүкуғ қылушы мүміндер.

56.

Кім Алланы, Елшісін және мүміндерді дос тұтса, шынайытүрде Алланы жақтаған топ. Солар, жеңіске ие болады.

57.

Әй мүміндер! Сендерден бұрын Кітап берілгендердендіндеріңді сайқы-мазаққа ойыншық еткендерді дос тұтпаңдар және кәпірлерді де доскөрмеңдер. Егер мүмін болсаңдар, Алладан қорқыңдар.

58.

Және қашан намазға (азан) шақырсаңдар, олар оны ойынқылып келекеге алды. Осы, олардың шынайы түрде түсінбейтін халықболғандықтарынан.

59.

(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: “Әй кітап иелері! БіздіАллаға әрі өзімізге түсірілгенге және бұрыңғы түсірілгенге иман келтіргендігімізүшін ғана қоштамайсыңдар ма? Шынында көбін бұзақысыңдар.”

60.

(Оларға) айт: “Сендерге Алланың қасында жаза тұрғысынанбұдан да жаманын хабарлайын ба?” Алла біреуді қарғап оған ашуланса және оларданмаймылдар, доңыздар, тағы бұтқа табынатындар қылса, міне солар, орны жаман жәнетура жолдан мүлде адасқандар.

61.

Және қашан олар сендерге келсе: “Иман келтірдік” дейді.Расында олар қарсылықпен кіріп және онымен шыққан болатын. Алла олардыңжасырғандарын жақсы біледі.

62.

Олардың көбірегінің күнәда, дұшпандықта және арам жеудежарысқандарын көресің. Олардың істеген істері неткен жаман.

63.

Егер олардың сопылары, ғалымдары; оларды күнәлысөздерінен, арам жеулерінен тыйса еді! Әрине олардың істегендері нендей жаман.

64.

Және Яһудилер: “Алланың қолы байланған (сараң)” деді. Бұлсөздері себепті олардың қолдары байланып, лағынеттелді. Керісінше, Алланыңқұдырет қолдары ашық, қалағанынша береді. Әрине Раббың тарапынан сағантүсірілген (Құран), олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сондай-ақолардың арасына қияметке дейін дұшпандық, өштік салдық. Сондықтан әрқашан оларсоғыс үшін от тамызса, Алла оны өшірді. Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады.Алла бұзақыларды жақсы көрмейді.

65.

Егер кітап иелері иман келтіріп, тақуалық қылса еді,әлбетте олардың жамандықтарын жойып, оларды Нағым жаннатына кіргізер едік.

66.

Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынанөздеріне түсірілгенді толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан(ағаштардың жемістерінен) әрі аяқтарының астынан (жердің өсімдіктерінен) жейтінеді. Олардың бір орташа тобы бар. Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаманеді.

67.

Әй Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр.Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сеніадамдардан қорғайды. Күдіксіз Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды.

68.

(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: “Әй Кітап иелері! Інжіл,Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейіндәнеңе емессіңдер!” Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын,қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.

69.

Негізінен Аллаға сенгендер, Яһудилер, Сабилер, жәнеХристиандардан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтіріп, ізгі іс істесе, сондаоларға қорқу да жоқ әрі қайғырмайды.

70.

Әрине Израил ұрпақтарынан серт алып, оларға елшілержіберген едік. Қашан да оларға бір елші, көңілдері тартпаған нәрсе келтірсе бірбөлімін өтірікке ұйғарып, бір бөлімін өлтіреді.

71.

Олар, (пайғамбарларды жалғандау, өлтірулері себепті) бірсұмдық болмайды деп, ойлады да соқыр, саңырау болып алды. Сонсоң Алла олардыңтәубесін қабыл етті. Және де олардың көбі соқыр, саңырау болды. Алла (Т.)олардың не істегендерін толық көруші.

72.

Расында Мәриям ұлы Мәсихты: “Алла” дегендер кәпір болды.Негізінде Мәсих: “Әй Израил ұрпақтары! Аллаға құлшылық қылыңдар! Менің Раббым;әрі сендердің Раббыларың! Өйткені, кім Аллаға ортақ қосса, расында Алла оғанжаннатты арам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ”деген.

73.

Расында: “Алла, үштің үшіншісі” дегендер кәпір болды. БірТәңірден басқа тәңір жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан тыйылмаса, олардан; сондайқарсы келгендерге күйзелтуші азап кездеседі.

74.

Сонда да Аллаға тәубе етіп, жарылқану тілемей ме? Алла(Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

75.

Мәриям ұлы Мәсих; бір пайғамбар ғана. Одан бұрын дапайғамбарлар өткен. Оның анасы шыншыл. Екеуі де тамақ жейтұғын. (Әй Мұхаммед !)Қара! Оларға аяттарымызды қалай ашық баян етеміз. Сонсоң қалай бұрылып баражатқандарын көр!

76.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға айт: “Алладан өзге сендерге пайда,зиян келтіре алмайтынға құлшылық қыласыңдар ма?” Негізінде Алла, әр нәрсеніестуші, білуші.

77.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй Кітап иелері! Діндеріңде орынсызшектен шықпаңдар және бұрыңғы нақ жолдан адасқан әрі көптерді адастырғансондай-ақ тегіс жолдан азған қауымның әуесіне ілеспеңдер.” де.

78.

Сондай Израил ұрпақтарынан қарсы болғандарға, Дауыт жәнеМәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.) ның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері,шектен шығуларының салдарынан.

79.

Олар бір-бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтынболған. Расында олардың істегендері нендей жаман.

80.

Олардан көбінің кәпірлерді дос тұтқанын көресің. Алланыңашуына жолығып, азапта мәңгі қалатындықтан олардың ілгері жіберген нәрселерінендей жаман.

81.

Егер олар Аллаға, Пайғамбарға және оған түсірілгенҚұранға иман келтірген болса, оларды дос тұтпас еді. Бірақ олардың көбібұзақылар.

82.

Әрине мүміндерге адамдардан ең қатты дұшпан түріндеЯһудилерді, Мүшріктерді табасың. Және мүміндерге сүйіспеншілік тұрғысынанолардың жақынырағын: “Біз Христианбыз” дегендерден табасың. Бұл олардыңданалары, тақуаларының болуы және олардың менменсімейтіндіктері себепті.

83.

Олар Пайғамбарға түсірілген (Құран) ді тыңдаған заманда,шындықты танығандықтарынан көздерінің жасқа толғанын көресің. Олар: “Раббымыз!Иман келтірдік, бізді куә болушылардан жаза көр!”,- дейді.

84.

“Аллаға әрі өзімізге келген шындыққа неге иманкелтірмейміз? Өйткені, Раббымыздың игі елдермен бірге етуінен үміт етеміз.”

85.

Сонда Алла оларға бұл сөздері себепті астарынан өзендерағатын, онда мүлде қалатын бақшаларды бағыштады. Жақсылықтың бодауы осы.

86.

Және қарсы болғандар, аяттарымызды өтірікке жорығандарсолар тозақтық.

87.

Әй мүміндер! Алланың сендерге халал еткен жақсынәрселерді арам етіп шектен аспаңдар. Шынында Алла шектен шығушыларды жақсыкөрмейді.

88.

Және Алланың сендерге берген халал, таза несібесіненжеңдер. Сондай-ақ өздерің иман келтірген Алладан қорқыңдар.

89.

Алла (Т.) анттарыңды бос сөзді есепке алмайды. Алайдабіле тұра істеген анттарыңнан жауапкер етер (Ант бұзсаңдар.) Оның төлеуі:үй-іштеріңе жегізетін орта есеппен он міскінді тамақтандыру, не оларды киіндіру,немесе бір құл азат ету. Мұны таппаған біреу, үш күн ораза ұстау. (Бұзған)анттарыңның жазасы осы. Анттарыңды қорғаңдар. Алла (Т.) сендерге аяттарыносылайша түсіндіреді, шүкірлік етерсіңдер.

90.

Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (бұттар) жәнебал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар.

91.

Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрікек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда датыйылмайсыңдар ма?

92.

Аллаға бой ұсыныңдар және де Елшісіне бой ұсыныпсақтаныңдар. Сонда егер жүз бұрсаңдар, біліңдер! Пайғамбарымыздың міндеті ашықтүрде жалғастыру ғана.

93.

Иман келтіріп ізгі іс істегендерге, қашан олар сақтанса,сене отырып игілік істесе, тағы сақтанып сенсе, сонан соң сақтанып жақсылықістесе, (бұрыңғы) жегендері күнә емес. Өйткені, Алла жақсылық істеушілерді жақсыкөреді.

94.

Әй иман келтіргендер! Алла, кімнің, өзін көрмей-аққорқатынын мәлімдеу үшін; ыхрамда, қолдарың, найзаларың жетіп тұрған арқылыәлбетте сендерді сынайды. Кім бұдан кейін шектен шықса, оған күйзелтуші азапбар.

95.

Әй мүміндер! Сендер ыхрамда аң өлтірмеңдер. Сендерденбіреу оны әтейге өлтірсе, оның жазасы; өлтіргеніндей бір мал, оны сендерден екіәділ кісі Кағбаға баратын бір құрбанды үкім етеді. Не бодауына міскіндердітамақтандыру немесе оның орнына ораза ұстау. Бұл істегенінің жазасын тату үшін.Алла (Т.) өткенді кешірді. Кім қайтадан істесе, Алла оны жазалайды. Алла өтеүстем, өш алу күшіне ие.

96.

Сендерге теңіз аңы және оны жеу халал қылынды. Сендергеәрі жолаушыларға пайдалы. Және сендерге ыхрамдағы мезгіл бойынша құрлықтың аңыарам қылынды. Алдына жиналатын Алладан қорқыңдар.

97.

Алла (Т.) құрметті үй Кағбаны, адам баласы үшін тұраққылды. Және құрметті айды, құрбандықты және мойнына тағылған белгілерді де. БұлАлланың көктердегі әрі жердегі нәрселерді шынайы түрде білетіндігін жәнекүдіксіз Алланың әр нәрсені толық білуші екендігін білулерің үшін.

98.

Біліңдер! Күдіксіз Алла қатты азап иесі, шынында Алла өтежарылқаушы, ерекше мейірімді.

99.

Пайғамбарға жалғастыру ғана міндет. Алла көрнеуістегендеріңді де, жасырғандарыңды да біледі.

100.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Сені арам нәрсенің көптігі қызықтырсада, лас пен таза бір емес. Ендеше, әй ақыл иелері! Алладан қорқыңдар, әринеқұтыласыңдар” де.

101.

Әй мүміндер! Егер айқындалса сендерге жаман болатыннәрсені сұрамаңдар. Құран түсірілгенде оны сұрасаңдар білдіретін еді. Алла оныкешті. Алла аса жарылқаушы, өте жұмсақ.

102.

Расында сендерден бұрыңғы бір ел де сөйтіп сұрап, сонанкейін оған қарсы болған еді.

103.

Алла (Т.) “бахира, сайыба, уасила және хам” деп арнауғабұйырмады. Бірақ кәпірлер Аллаға өтірік жала қойды. Олардың көбі түсінбейді.

104.

Қашан оларға: “Алла түсірген Құранға және Пайғамбарғакеліңдер” делінсе, олар: “Аталарымызды тапқан жол өзімізге жетеді” дейді.Ата-бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма?

105.

Әй мүміндер! Сендер өздеріңді түзелтулерің керек. Өздеріңтура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды.Барлықтарыңның барар жерлерің Алла жақ. Сонда Алла сендерге не істегендеріңненхабарын береді.

106.

Әй мүміндер! Қашан сендерге өлім таяп, өсиет еткен сәтте,араларыңа өздеріңнен екі әділ ксі, немесе сендер жер жүзінде жолаушы жүріп өлімқайғысы келсе, өздеріңнен басқа екі айғақ болсын. Егер бұл куәлерденкүдіктенсеңдер, намаздан кейін екеуін тосып қоярсыңдар. Сонда екеуі: “Алланыңатымен ант етеміз. Егер жақындарымыз болса да антымызды сатпаймыз, Алланың әмірібойынша куәлікті жасырмаймыз. Егер жасырсақ, әлбетте күнәкар боламыз” деп антішеді.

107.

Сонда егер ол екеуінің күнәкар болғандықтары байқалса,әріптестер жақтан ең жақын лайықты екеу, олардың орнына тұрып: “Алланың атыменберген куәлігіміз ол екеуінің куәліктерінен көрі аңығырақ. Әрі біз шектеншықпадық. Егер олай істесек, әрине залымдардан боламыз” деп ант ішеді.

108.

Бұл тұп-тура куәлік берулеріне және анттан кейінгі анттыңқабыл етілмеуінен қорқуларына ең жақын жағдай? Және Алладан қорқыңдар, әмірдітыңдаңдар. Алла бұзақы елді тура жолға салмайды.

109.

Қиямет күні Алла (Т.) пайғамбарларды жинап алып:”Сендерге не жауап берілді?”,- дейді. Олар: “Біздің ешбір мәліметіміз жоқ.Күдіксіз Сен ғана көместерді толық білушісің” деп жауап береді.

110.

Сол уақытта Алла (Т.): “Әй Мәриям ұлы Ғиса! Саған әріанаңа берген нығметімді есіңе ал. Сол уақытта сені Жебрейіл арқылы қуаттағанедім. Бесікте және ержеткенде адамдармен сөйлесуші едің. Саған Кітапты,даналықты, Тәурат, Інжілді үйреттім. Және сол уақытта Менің бұйыруымменбалшықтан құстың бейнесі құсаған жасап, оның ішіне үрлегеніңде бұйыруыммен құсболатын еді. Және бұйыруыммен іштен туған соқырды да, аламесті де жазатын едің.Және бұйыруыммен өлікті (тірілтіп) шығарар едің. Және сол уақытта Израилұрпақтарына ашық дәлелдермен келгеніңде, олардың қарсы шыққандары: “Бұл ашықжадыдан басқа еш нәрсе емес” дегенде, сені олардан қорғаған едім” деді.

111.

Сол уақытта Хауариларға: “Маған әрі Елшіме сеніңдер” депбілдірген едім. Олар: “Біз сендік, біздің шынайы Мұсылман болғандығымызға куәбол” деген еді.

112.

Сол уақытта Хауарилар: “Әй Мәриям ұлы Ғиса! Раббың бізгекөктен бір дастархан түсіре ала ма?” деген еді. “Егер сенсеңдер Алладанқорқыңдар” деді.

113.

Хауарилар: “Біздің одан жегіміз келеді. Жүректерімізорнықсын әрі сенің бізге шын айтқаныңды білейік. Сондай-ақ оған куә болушыларданболайық” десті.

114.

Мәриям ұлы Ғиса: “Әй Алла! Раббымыз! Бізге аспаннандастархан түсір! Бұрыңғы, соңғымызға мереке әрі Сенен бір белгі болсын. Біздіризықтандыр! Сен ризықтандырушылардың ең жақсысың” деді.

115.

Алла: “Күдіксіз Мен, ол дастарханды түсіремін. Сонда,егер одан кейін сендерден кім қарсы келсе, шынайы түрде Мен оны дүниеде ешкімдіазаптамаған азаппен азаптаймын” деді.

116.

(Сол уақта) Алла: “Әй Мәриям ұлы Ғиса! Адамдарға, Алланықойып, мені әрі анамды екі тәңір етіп алыңдар деп сен айттың ба?”,- дейді. (ҒисаҒ.С.): “Әй Алла! Сені пәктеймін. Тиісті болмаған нәрсені айту маған жараспайды.Егер деген болсам, сонда Сен, оны анық білесің. Сондай-ақ менің ішімдегіні Сенбілесің, мен Сенікін білмеймін. Сен шынайы түрде көместерді толык білушісің”дейді.

117.

Оларға: “Сен, маған бұйырғанды ғана; Аллаға құлшылыққылыңдар! Менің әрі сендердің Раббыларың дегеннен басқаны айтпадым. Олардыңішінде болғанымда, оларға байқаушы болдым. Сен мені алған шақта, оларға өзінбақылаушысың. Негізінде Сен әр нәрсені толық білушісің.”

118.

“Егер оларды азаптасаң да олар құлдарың, егер олардыжарылқасаң да күдіксіз Сен аса үстем, хикмет иесісің.”

119.

Алла (Т.): “Бүгін шыншылдардың шындықтары пайда беретінбір күн. Оларға астарынан өзендер ағатын жұмақтар бар. Олар онда мәңгі қаладыда, Алла олардан разы болады әрі олар да Алладан разы болады. Бұл ірі қолжеткендік.” дейді.

120.

Көктер мен жер әрі екі арасындағылар Алланың меншігінде.Оның әрі нәрсеге күші толық жетеді.