58. Мужəдəлə

1.

(Мұхаммед Ғ.С.) Расында Алла, ері жайында Аллаға шағып,сенімен тартысқан әйелдің сөзін естіді. Алла екеуіңнің сөйлескендеріңді деестиді. Шүбәсыз Алла, толық естуші, тым қырағы.

2.

Сондай сендерден жұбайларын зиһар еткендердің әйелдеріаналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандар ғана. Сөзсіз олар теріс әріөтірік сөз сөйлейді. Шынында Алла тым кешірімді, ерекше жарылқаушы.

3.

Сондай жұбайларын зиһар еткендер, сосын айтқан сөздеріненқайтса, сонда екеуі қосылудан бұрын бір құл азат етуге тиіс. Міне сендерге осынұсқау беріледі. Алла не істегендеріңді толық біледі.

4.

Сонда біреу қүл таба алмаса, екеуі қосылудан бүрын түтасекі ай ораза үстасын. Біреудің оған да шамасы келмесе, алпыс аш кісінітамақтандырсын. БҮЛ Аллаға, Елшісіне иман келтірулерің үшін. Сондай-ақ осыАлланың шектері, қарсы болушыларға жан түршігерлік азап бар.

5.

Расында Аллаға, Елшісіне қасарысқандар, олар дабүрынғылар қорлағандай қорланады. Әлбетте ашық аяттарды түсірдік. Қарсыболушылар үшін қорлаушы азап бар.

6.

Сол күні, Алла, оларды түтас тірілтеді де өздеріне неістегендерін түсіндіреді. Алла, оны түгендеп сақтады. Оны өздері үмытты. Алла,әр нәрсені көріп түрады.

7.

(Мұхаммед Ғ.С.) көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т.) көктер менжердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбеттебестің алтыншысы Алла. Тағы бглардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол,олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді.Штбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші. (Рауаят бойынша, Яьудилер мен мүнафықтар;сыбырласып, қас қағысып, көз қысысудан тыйым салынған бола тұрса да өршеленетүсіп, тіпті сәлемнің өзін бүрмалаған)

8.

Сондай сыбырдан тыйылғандардың тыйым салынған нәрселерінеқайта оралгандарын көрмедің бе? Олар күнәда, дүшпандық және Пайғамбарғақарсылықта сыбырласады. Әрі саған келген сәтте, өзіңе Алланың сәлемінен басқасәлем береді. (Есендік тілемей өлім тілейді.) Сондай-ақ өздерінше: “Алла, біздіайтқан сөзімізбен азапқа душар қылмайды” дейді. Оларға кіретін тозақ жетіпасады. Ол нендей жаман орын.

9.

Әй мүміндер! Егер сыбырлассаңдар; күнә, дүшпандық жәнеПайғамбар (Ғ.С.) ға қарсылық жайында сыбырласпаңдар. Жақсылық, тақуалықтасыбырласыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар. Өйткені Ол тарапқа жиналасыңдар.

10.

Шын мәнінде қүпия жиналыс мүміндерді кейіту үшін шайтанісі. Алла қаламайынша ешбір зиян келтірмейді. Сондыктан мүміндер Аллаға тәуекелетсін.

11.

Әй иман келтіргендер! Сендерге жиналыста: “Орын беріңдер”делінсе, ашылыңдар. Алла да сендерге кеңшілік етеді. Ал және: “Тарқаңдар”делінсе, дереу тарқаңдар. Алла (Т.) сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылымбергендердің дәрежелерін көтереді. Істегендеріңді толық біледі.

12.

Әй иман келтіргендер! Пайғамбар (Ғ.С.) мен оңашасөйлескен кезде, оңаша кеқесудің алдында садақа беріңдер. БҮЛ сендер үшінхайырлы әрі кіршіксіз болады. Егер оны таппасаңдар, шәксіз Алла (Т.) тымжарылқаушы, ерекше мейірімді.

13.

Пайғамбар (Ғ.С.) мен оңаша сөйлесуден бүрын садақаберуден тартындыңдар ма? Оны істемесеңдер де Алла, сендерді кешірім етті. Аленді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Сондай-ақ Аллаға, Елшісінебағыныңдар. Алла (Т.) істегендеріңнен толық хабар алушы.

14.

(Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Алла ашуланған қауымды достүтқандарды көрмедің бе? Негізінде олар, сендерден де олардан да емес. Сондай-ақолар біле түра өтірікке ант ішеді.

15.

Алла, оларга қатты азап әзірледі. Олардың істегендерінендей жаман.

16.

Олар анттарын қалқан қылып алып, Алланың жолынан тосады.Сондықтан олар үшін қорлаушы азап бар.

17.

Олардың малдары да балалары да Алладан келген нәрсеге ештөтеп бере алмайды. Міне солар, тозақтық. Олар онда мәңгі қалады.

18.

Қиямет күні Алла, оларды, түтас тірілтіп жинағанда,сендерге ант ішкендей Оған да ант ішеді. Расында олар оны пайдалы деп ойлайды.Байқаңдар! Шын мәнінде олар, өтірікші.

19.

Оларға шайтан үстем келіп, өздеріне Алланы еске алудыүмыттырды. Олар шайтанның тобы. Байқандар! Расында шайтанның жамагаты солар;зиян тартушылар.

20.

Сөзсіз, Аллаға, Елшісіне қарсы келгендер, солар;қорлардың қатарында болады.

21.

Алла (Т.): “Әлбетте Мен және елшілерім жеңіске иеміз”деп, жазған. Шүбәсыз Алла; тым күшті, аса үстем.

22.

Аллаға, ахирет күніне иман келтірген бір елдің; аталарыне балалары яқи туыстары немесе ағайындары болса да Аллаға, Елшісіне қарсыкелгендерді сүйгенін көрмейсің. Міне солардың жүректеріне Алла иман жазган әріоларды Өз жағынан бір нүрмен қолдаған. Және оларды астарынан өзендер ағатын әріонда мәңгі қалатын бейіштерге кіргізеді. Алла, олардан разы, олар да Алладанразы. Міне бүлар, Алланың жамағаты. Жақсы біліңдер. Дау жоқ, Алланың жамағаты,олар; қүтылушылар.