57. Хадид

1.

Көктер мен жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Ол Алла,өте үстем, хикмет иесі

2.

Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Тірілтеді, өлтіреді.Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші.

3.

Ол Алла (Т.) әуелгі әрі соңғы (әр нәрседен бұрын ежелденбар әрі мәңгі қалады, соңы жоқ). Және Ол, (әр түрлі дәлелдермен) көрнеу әрі(ақыл жетпейтін) көмес. Сондай-ақ Ол, әр нәрсені толық білуші.

4.

Ол сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратып,сосын ғаршыны игерді. Ол, жерге кірген нәрсені әрі одан шыққан нәрсені жәнекөктен түскен нәрсені, оған көтерілген нәрсені біледі. Сондай-ақ Ол, қайдаболсаңдар да сендермен бірге. Алла не істегендеріңді толық көруші.

5.

Көктер мен жердің иелігі Оган тән. Әрі барлық істер Оғанқайтады.

6.

Түнді күндізге ауыстырады, күвдізді түнге ауыстырады.Сондай-ақ Ол көңілдегілерді толық біледі.

7.

Аллаға, Елшісіне иман келтіріңдер. Және сендерді иеқылған нәрселерден тиісті орынға жүмсаңдар. Өйткені, сондай сендерден иманкелтіріп, тиісті орынға мал жұмсағандар үшін ірі сыйлық бар.

8.

Пайғамбар, сендерді Раббыларыңа иман келтіруге шақырса даАллаға иман келтірмейтін сендерге не болды? Негізінде Алла, сендерден серталған. Егер иман келтіретін болсаңдар. (5-С. 7-А., 7-С. 172-А.)

9.

Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығаруүшін қүлына (Мұхаммед Ғ.С.ға) ап-ашық аяттар түсірді. Сөзсіз Алла, сендерге тымжүмсақ, ерекше мейірімді.

10.

Алла жолында мал жүмсамайтын сендерге не болды? Негізіненкөктер мен жердің мүрагерлігі Аллаға тән. Сендерден Меккенің Алнуынан бүрын Аллажолында мал сарып қылып, соғысқан кісі; одан кейін мал сарып етіп, согысқанкісімен тең емес. Олар дәреже түрғысынан үлкен. Сондай-ақ Алла бәріне дежақсылық уәде етті. Алла істеген гамалдарыңды толық білуші.

11.

Әлде кім Аллаға көркем қарыз берсе, (тиісті орынга малжұмсаса) сонда Алла, оны неше есе арттырады да оған көркем сауап береді. (2-С.245-А.)

12.

Сол күні мүмін ерлер, мүмін әйелдердің нтрлары алдарындаәрі оң жақтарында жтгіргенін көресің: “Сендерге бтгін куаныш. Астарынан өзендерағатын тжиақтар бар. Ол арада мтлде қаласықдар. Міне осы үлы қол жеткендік”(делінеді.)

13.

Сол күні, мүнафық ерлериен мүнафық әйелдер, Мүміндерге:”Бізге көздеріңнің қырын салыңдар! Нтларыңнан бізде пайдаланайықшы!”,- дейді.Оларға: “Арттарыңа қайтып, ңүр іздеңдер!”,-делінеді. Сонда олардың араларынаесігі бар бір дуар орнатылады. Оның ішінде рахмет, сырт жағьінда азап бар.

14.

Мүнафықтар, мүміндерге: “Сендермен бірге болмап паедік?’,-деп, айғайлайды. Олар: “Әрине, бірақ сендер өздеріңді сүмдыққасалдыңдар, күттіңдер, күмәндандыңдар. Сендерді қүр үміттерің Алланың әмірікелгенге дейін алдады. Сондай-ақ сендерді Аллаға байланысты алдаушы (шайтан)алдады” дейді.

15.

Сондықтан бүгін сендерден бір төлеу қабыл етілмейді әрікәпірлерден де. Орындарың тозақ. Ол сендердің достарың. нендей жаман орын.

16.

Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға)жүмсап әрі түскен хақиқатқа жібімей ме? Ал енді бүрын өздеріне Кітап беріліп,сосын үзын мерзім өткендіктен жүректері қатайгандар сияқты болиаңдар. Олардыңкөбі бүзақылар.

17.

Біліңдер, Алла, жер өлгеннен кейін жандандырады. Расындаттсінулерің үшін сендерге белгілерді ашықша көрсетеді.

18.

Шүбәсыз садақа беруші ерлермен садақа беруші әйелдер,сондай-ақ Аллаға көркем борыш бергендер, (тиісті орынға мал сарып қылгандар,)оларға неше есе арттырады әрі олар үшін көркем сыйлық бар.

19.

Сондай Аллаға, Елшісіне иман келтіргендер, Міне солар,Раббыларының қасында шыншылдар және шейіт болғандар. Олар үшін сыйлықтар жәненүрлар бар. Ал сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға шыгаргандар, міне солар,тозақтық.

20.

Біліңдер! Шын мәнінде дүние тіршілігі бір ойын, ермек,сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ малдарды, балаларды көбейту ғана. (3-С.14-А.) Бұның мысалы: Өсірген өсімдігі кәпірлерді таңырқатқан жаңбыр сияқты.Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады. Ахиреттеқатты азап әрі Алладан жарылқау, ризалық бар. Негізінде дүние тіршілігі біралданыштың ғана нәрсесі.

21.

Раббыларыңнан жарылқауга және кеңдігі жер мен көктіңкеңдігіндей; Аллаға, Елшісіне иман келтіргендер үшін әзірленген жаннатқажарысыңдар. Ол, Алла (Т.) ның мәрхаметі. Оны қалаган кісісіне береді. Алла (Т.)зор кеңшілік иесі.

22.

Жер жүзіне сондан-ақ сендерге мүбада бір бейнет келетінболса, ол, жаратуымыздан бүрын Кітапта жазулы. Шәксіз осы, Аллаға жеңіл.

23.

Бұл өткенге өкінбеулерің, өздеріңе берілгенгесүйінбеулерің ; үшін. Алла бүкіл текаппар, иақтаншақты жақсы көрмейді.

24.

Олар сондай сараңдық қылып, кісілерді де сараңдыққабүйыргандар. Ал кім жалтарса, Алла тым бай, мақтауга лайық.

25.

Расында елшілерімізді ашық мүғжизаларымызбен жібердік.Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Ютапты, мизанды (Әрнәрсенің өлшеуін) жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық. Онда мықты күш әріадамзат үшін хажеттер бар. (Соғыс қүралдары тағы басқа аспаптар темірденжасалады. Тіпті темірсіз өмір болиайды. Б.Ж.М.Р.К.) Алла онымен дініне,елшілеріне көрмей-ақ көмек еткен кісіні мәлім етеді. Сөзсіз Алла, өте күшті, тымүстем.

26.

Расында Нүх (Ғ.С.) және Ыбырайым (Ғ.С.) ды жібердік.Екеуінің үрпақтарынан да пайғамбар қылып, кітап бердік. Олардан тура жолтапқандары да бар. Олардың көбірегі бүзақылар.

27.

Сосын олардың артынан жалгасты түрде елшілерімізді жібереотырып, Мәрйем тлы Ғиса (Ғ.С.) ны жіберіп; оған ілескендердің жүректерінежүмсақтық, мейірімділік салдық. (Ранбанятты); дүниеден безушілікті олар өздерішығарды. Оны оларға жазбадық. Бірақ олар Алланың ризалығын іздеу үшін (шыгарды.)Сонда олар оны да шын мәнінде меңгере алмады. Олардан иман келтіргендергебодауларын бердік. Олардың көбірегі бүзақылар.

28.

Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар, Елшісіне иманкелтіріңдер. Сендерге мәрхаметінен екі есе береді. Әрі сендерге сонымен жүретіннүр жаратады. Сендерді жарылқайды. Алла (Т.) тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.

29.

Кітап иелері Алланың кеңшілігінен еш нәрсеге ие болаалмайтындықтарын білсін. Шәксіз, мәрхамет Алланың қолында. Қалаған қүлынабереді. Алла (Т.) зор кеңшілік иесі.