54. Қамар

1.

Қиямет жақындады, ай жарылды.

2.

Олар бір мүғжиза көрсе бет бұрады да: “Жалғасты түрдегібір сиқыр” дейді.

3.

Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істіңбір тұрағы бар.

4.

Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды.

5.

Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес.

6.

(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше, олардан бет бүр. Бір күнішақырушы жаман іске шақырады.

7.

Олар, қабырларынан көздерін сүлмейтіп, таралған шекірткеқүсап шығады.

8.

Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: “Бүл ауыр күн” дейді.

9.

Олардан бүрын Нүх (Ғ.С.) тың қауымы да өтірік деген.Қүлыиызды жасынға шығарып: “Жынды” деген, әрі жебірленген еді.

10.

Сонда ол, Раббына: “Күдіксіз мен жеңілдім, маған нүсратбер” деп, жалбарынған.

11.

Сондықтан көктің есігін қүйылған жаңбыриен аштық.

12.

Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі әмірбойынша қосылды.

13.

Оны (Нүхты) шегеленген тақтайлы кемеге орналастырдық.

14.

Қарсы келгендерге жаза түрінде Нүх (Ғ.С.) тың кемесі көзалдымызда жүріп бара жатты.

15.

Расында оны гибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма?

16.

Азабым, ескертуім қалай екен?

17.

Расында Құранды тгіт үшін оңайластырдық. Ал сондатүсінуші бар ма?

18.

Ғад елі де жасынға айналдырған. Азабым ескертуім қалайекен?

19.

Өйткені, оларға сәтсіз күнде; үздіксіз куілдеген боранжібердік.

20.

Адамдарды түбінен қопарылған қүрманың ағашындай жүлып,әкететін еді.

21.

Азабым, ескертуім қалай екен?

22.

Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Қане, сондатүсінуші бар ма?

23.

Сәмүд елі ескертушіні жасынға айналдырды:

24.

“Өзімізден бір адамға ерейік бе? Әрине ол уақытта бізадасуда әрі есі алаң боламыз” деді.

25.

“Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол, мүлдеөтірікші, өзімшіл” деді.

26.

Олар ертең-ақ кімнің барып түрған суайт, қүж екенінбіледі.

27.

Расында аруананы оларга сын үшін жібердік. Сондықтаноларды байқа, сабыр ет. (Әй Салих, делінді.)

28.

Оларға: “Су араларында кезекті; әркім ішу кезегінде әзірболсын” деп ттсіндір. (Құдықтың суын бір күн түйе, бір күн ел ішеді.)

29.

Сонда олар жолдастарын шақырды да сонда ол, қылышын алып,түйені өлтірді.

30.

Сонда азабым, ескертуім қалай екен?

31.

Дұрысында оларға бір қатты дауыс жібердік те олар шарбаққораның үматылган қу жапырағындай болды.

32.

Шүбәсыз Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане сондатүсінуші бар ма?

33.

Лұт елі де ескертуді жасынға айналдырған.

34.

Дұрысында оларға тас жаудырған боран жібердік. Бірақ Лұт(Ғ.С.) тың семьясын таңменен қүтқардық. (29-С. 33-А.)

35.

Бізден бір нығметке бөленеді. Осылайша кім шүкірлік етсе,сыйлық береміз.

36.

Расында (Лүт Ғ.С.) оларга, апатымызды ескертті. Дегенменолар, ескертуге күмәнмен қарады.

37.

Расында олар Лүт (Ғ.С.) тың қонақтарынан дәме қылды.Сондықтан олардың көздерін соқыр қылдық: “Ал азабымды, ескертуімді татыңдар.”

38.

Расында оларга тәңертең ерте бір азап келді.

39.

“Ал азабым, ескертуім қалай екен?”

40.

Әрине Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане түсінуші барма?

41.

Расында Перғауындықтарга да ескертуші келген еді.

42.

Олар мүгжизаларымыздың бәрін жасынга айналдырды.Сондыктан оларды өте күшті қолға алумен қолға алдық.

43.

Сендердің қасарысуларың олардан артық па? Немесе сендерүшін кітаптарда бір ақтама бар ма?

44.

Не олар: “Біз өш алушы бір топпыз” дей ме?

45.

Ол топ, таяуда жеңіліске үшырап, арттарына бұрылыпқашады.

46.

Әлбетте оларга уәде етілген қиямет, ол; үрейлі, тым ащыбір мезгіл.

47.

Шәксіз күнәкарлар, адасуда және қүтыруда.

48.

Ол күні, олар, тозақта етпетінен сүйреледі: “Тозақтыңазабын татыңдар” (делінеді.)

49.

Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық.

50.

Әміріміз бір-ақ қас қаққандай.

51.

Расында сендер сияқтыларды жоқ еткен едік. Ал сондаттсінуші бар ма?

52.

Олар істеген әр нәрсе дәптерде бекітілген.

53.

Үлкен-кіші әр нәрсе жазулы.

54.

Күдіксіз тақуалар, бейіштердегі өзен жағасында.

55.

Ықпалды үкім иесінің құзырындағы қалаған орнында.