1. |
Тұр тауына, |
2. |
Жазулы Кітапқа, |
3. |
Теріге жазулыға, |
4. |
Толықсыған үйге, (Көктегі қыблаға,) |
5. |
Көтерілген төбеге, (көкке,) |
6. |
Және ыстық теңізге серт! |
7. |
Сөзсіз Раббыңның азабы болады. |
8. |
Оны тойтарушы жоқ. |
9. |
Ол күні аспан қатты теңселеді. |
10. |
Таулар ұшып жүреді. |
11. |
Сол күні өтірік деушілерге нендей өкініш! |
12. |
Олар, сондай орынсыз сүңгіп ойнағандар. |
13. |
Олар сол күні, тозаққа итеріліп, тасталады. |
14. |
“Міне! Сендер өтірік деген тозақ!” |
15. |
Ал осы бір сиқыр ма? Немесе сендер көрмейсіңдер ме? |
16. |
“Тозаққа кіріңдер. Шындасаңдар да шындамасаңдар дасендерге бәрі бірдей. Істегендеріңнің гана сазайын тартасыңдар! |
17. |
Әрине тақуалар үжмақтарда ырысқа бөленеді. |
18. |
Раббыларының өздеріне берген нәрселерінің қызығын көреді.Оларды Раббылары тозақтың азабынан қорғаған. |
19. |
“Істеген гамалдарың себепті жеңдер, ішіңдер. Сіңімдіболсын.” |
20. |
“Тізілген дивандарға сүйенген түрде” (делінеді.) Олардыбота көз хүрлармен үйлендіреміз. |
21. |
Сондай иман келтіргендер, олардың үрпақтары да иманкелтіріп, өздеріне ілескен болса, оларды ол үрпақтарына қосамыз. Сондай-ақолардың ғамалдарынан еш нәрсе кемітпейміз. Әркім істегенінің бодауына үсталады.(74-С. 38-А.) |
22. |
Оларға бейіште қызығатын ет пен жемісті молайтамыз. |
23. |
Олар бейіште тостағанға таласады. Онда бір орынсыз сөйлеуде күнәкарлықта болмайды. (37-С. 47-А. 56.С. 19-А) |
24. |
Оларға сәдептегі інжу тәрізді жастар айналып, қызмететеді. |
25. |
Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады: |
26. |
“Расында біз, бүрын (дүниеде) семьякызда да қорқушы едік”деседі. |
27. |
“Сондықтан Алла бізге игілік етті де заьарлы азаптанқорғады.” |
28. |
“Расында біз, бүрын Аллаға жалбарынушы едік. Өйткені Ол,игілік істеуші, ерекше мейірімді” (деседі.) |
29. |
(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді үгіттей бер. Өйткені сенРаббыңның нығметі арқасында бақсы да жынды да емессің. |
30. |
Немесе олар сені: “Ол бір ақын. Сондықтан оған жаманзаманның болуын тосамыз” дейді. |
31. |
Оларга: “Күтіңдер. Мен де сендермен бірге югтемін” де. |
32. |
Немесе оларға бүны ақылдары әмір ете ме? Не олар азғынбір ел ме? |
33. |
Я, болмаса олар: “Кұранды өзі жасап алды” дей ме? Жоқ,олар иман келтірмейді. |
34. |
Ендеше, егер олар шыншыл болса, Құран сияқты бір сөзкелтірсін. (2-С.23-А., Ю.С. 38-А., 11-С. 13-А.) |
35. |
Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Нежаратушы өздері ме? |
36. |
Яки олар, көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, оларнанбайды. |
37. |
Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Я, оларигеруші ме? |
38. |
Немесе, олардың шыгып тыңдайтын сатылары бар ма? Ондаолардың тыңдаушылары ашық бір дәлел келтірсінші! |
39. |
Немесе қыздар Алланікі де үлдар сендердікі ме? |
40. |
(Мұхаммед Ғ.С.) не сен олардан ақы тілеп сондықтан оларауыр борышқа жығылды ма? |
41. |
Немесе олардың қасында ғайыптың мәліметі бар да олар соныжаза ма? |
42. |
Не болмаса, олардың бір әдіс қылгылары келе ме? Сондақарсы болғандардың өздері түзаққа түседі. |
43. |
Әлде олардың Алладан басқа тәңірі бар ма? Алла олардыңқосқан теңеулерінен пәк. |
44. |
Олар аспаннан түсіп келе жатқан бір кесек көрсе де:”Шоғырланған бұлт” дейді. |
45. |
(Мұхаммед Ғ.С.) енді оларды жоқ болатын күндерінежолыққандарына дейін қойып қой. |
46. |
Ол күні оларға әдістері ешбір пайда бермейді әрі оларғакөмек те етілмейді. |
47. |
Шүбәсыз ондай залымдарға одан өзге де азап бар. Бірақолардың көбі түсінбейді. |
48. |
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның үкіміне сабыр ет. Өйткені сенкөз алдымыздасың. Орныңнан түрған шақта, Раббыңды мақтай дәріпте. |
49. |
Түннің бір бөлімінде және жұлдыздар батар кезде дедәріпте. (Құптан және таң намазын оқы.) |