51. Зарият

1.

Соғып ұшырушы желдерге,

2.

Мол жаңбыр көтеруші бұлттарға,

3.

Жеңіл жүруші кемелерге,

4.

Істі бөлуші періштелерге серт!

5.

Шын мәнінде сендерге уәде етілген қиямет әрине рас.

6.

Әлбетте қиямет болады.

7.

Жолдары бар аспанға серт!

8.

Күмәнсіз сендер талас-тартыс сөздесіңдер.

9.

Шындықтан бүрылған бүрылады.

10.

Ой жорушылар қүрысын.

11.

Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылуда.

12.

Олар: “Қиямет қашан” деп сүрайды.

13.

Ол, олардық отқа жагылатын күні.

14.

Оларға: “Азаптарыңды татыңдар! Асыгып, тілегендерің осы”(делінеді.)

15.

Шәксіз тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады.

16.

Олар, өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар,бүдан бүрын жақсылық істеуші еді.

17.

Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді.

18.

Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді.

19.

Олардың малдарында; сүрағанға да сүрамағанға да тиесібар.

20.

Жер жүзінде нак сенушілерге дәлелдер бар;

21.

Сондай-ақ өздеріқде де бар. Көрмейсіңдер ме?

22.

Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте.

23.

Көк пен жердің Раббына серт. Шүбәсыз бүл, сендердіңсөйлегендерің сияқты рас. (Бір-біріңе сөйлеген сөздерің қандай рас болса, сондайрас.)

24.

(Мұхаммед Ғ.С.) саган Ыбырайым (Ғ.С.) нық ардақтықонақтарының (періштелердің) әңгімесі келді ме?

25.

Олар Ыбырайым (Ғ.С.) га кіргенде: “Сәлем” десті. Ыбырайым(Ғ.С.) да оларға: “Сәлем, бөгде қауым” деді. (11-С. 69-А., 15-С. 50-А.)

26.

Дереу үйіне барып, семіз бір бүзау әкелді.

27.

Оны оларға жақындатып: “Жемейсіңдер ме?”,-деді.

28.

Олардан гіксініп, қорықты. Олар: “Қорықпа!”,- деді де оныбілгіш бір үлмен куантты.

29.

Сонда Ібырайым (Ғ.С.) ның жүбайы, алдына ойбайлап келіп,өз бетін үрды да: “Баладан қалған бір кемпірмін” деді.

30.

Олар: “Осылайша Раббың бүйырды. Өйткені Ол, аса дана,толық білуші” десті.

31.

(Ыбырайым Ғ.С.): “Әй елшілер! Бүйымтайларың не?”,- деді.

32.

“Шынында біз қылмысты бір елге жіберілдік.”

33.

“Оларга балшықтан пісірілген тас жаудыру үшін!”

34.

“Раббық тарапынан, шектен шығушылар тшін белгіленген”(деді.)

35.

Ол жерден мүміндерді шығардық.

36.

Дегенмен ол жерде Мтсылманнан бір үйден басқа таппадық.(Лүт Ғ.С. мен екі қызы. Ж.) (29-С. 30-А.)

37.

Ол арада күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін бір ғибратқалдырдық.

38.

Мұсада да (ғибрат) бар. Оны ашық мұғжизалармен жібергенуақытта:

39.

Перғауын сыбайластарымен теріс айналып: “Жады немесежынды” деді.

40.

Сондықтан оны әрі ләшкерлерін қолга алып, оны өзіне сөгісбергөн түрде теңізге тастадық.

41.

Ғад елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларга зияндықатты дауыл жібердік;

42.

Ол, тиген нәрсесін мүлде шіріген сүйектей етіп тастайды.

43.

Сәмүд елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға: “Бірмерзімге дейін пайдалана түрыңдар” делінді.

44.

Сонда олар , Раббыларының әміріне қарсы келді. Сондықтанолар, қарап түрганда нажағай түсті.

45.

Сонда олардың түруга да шамалары келмеді әрі жәрдем декөрмеді.

46.

Бұрын Нұх (Ғ.С.) елін жоқ еттік. Өйткені олар, бұзақы еледі.

47.

Аспанды қүдыретімізбен жасадық. Шын мәнінде күшімізжетеді.

48.

Сондай-ақ жерді төседік. Недеген жақсы төсеушіміз.

49.

Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық. (36-С.36-А.)

50.

(Мұхаммед Ғ.С. оларға): “Алла жаққа жүгіріңдер. Сөзсізмен, Оның тарапынан сендерге ашық ескертушімін” (де.)

51.

“Алламен бірге басқа тәңір қылмаңдар. Шын иәніндесендерге ашық өскертушімін” (де.)

52.

Міне осылайша олардан бұрынғылар да пайғамбар келгенде,оларды: “Мүлде жады немесе жынды” деген.

53.

Олар бтл жөнде өзара келіскен бе? Жоқ, олар шектен шыққанқауым.

54.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардан бет бұр. Сонда сөгіскеұшырамайсың.

55.

Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді.

56.

Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғанажараттым.

57.

Олардан бір несібе тілемеймін әрі олардың Менітамақтандыруларын да қаламаймын.

58.

Шүбәсыз Ол Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие.

59.

Сөз жоқ. Сондай зұлымдық қылғандардың, жолдастарыныңкүнәлары тәрізді күнәлары бар. Сондықтан Менен асығып тілемесін.

60.

Өздеріне уәде етілген күнге қарсы келгендерге нендейөкініш!