50. Қаф

1.

Қаф (Ұғымын Алла біледі.) және биік дәрежелі Құранғасерт.

2.

Керісінше кәпірлер өздеріне араларынан бір ескертушікелуін: “Бұл бір ғажайып нәрсе” десті.

3.

(Және былай десті): “Біз өліп топырақ болған кезде,(қайта тірілеміз бе?) Бұл қайту ақылдан ұзақ.”

4.

Расында жердің олардан нені кеміткенін білеміз. Жанымыздаәр нәрсені сақтаушы бір Кітап бар. (Лаухы Махфүз Б.М.)

5.

Әрине олар, хақиқат келген сәтте, жасынға шығарды.Сондықтан олар, бір дағдарыста.

6.

Олар тстеріндегі аспанга қарамай ма? Оны қалай жасап,безедік. Оның ешбір сызаты жоқ.

7.

Жерді төсеп, онда әр ттрлі көркем нәрселерді өсірдік.

8.

Әрбір бейім құл үшін; бір белгі және үгіт.

9.

Аспаннан берекетті жаңбыр жаудырып, сонда ол арқылыбақшалар және орылатын астық өсірдік.

10.

Қауашақтары шоғырланған ұзын құрма ағаштарын өсірдік;

11.

Құлдарға қорек үшін. Сондай-ақ жаңбырмен жансыз жерге жанбердік. (Қайта тіріліп,) шығуда сол тәрізді.

12.

Олардан бүрьш Нұх (Ғ.С.) қауымы, Рәс халқы және Сәмтд еліде жасынға айналдырған болатын.

13.

Ғад, Перғауын және Лұттың ағайындары да

14.

Әйкеліктер және Түббағ елі, барлығы пайғамбарлардыжасынға айналдырған. Сондыктан уәде шынга айналған. (Азапқа үшыраған.)

15.

Алғашқы жарату Бізді шаршартты ма? Жоқ, олар жаңажаратылыстан күмәндануда.

16.

Расында адамзатты жараттық.Оған, нәпсісінің несыбырлаганын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз.

17.

Оның, оңынан да солынан да екі байқаушы отырады. (82-С.10-13-А.)

18.

Аузынан бір сөз шыгарса-ақ болды, алдында аңцушы дайын.

19.

Өлім есірігі шындықты келтірді. Одан қашушы едің.

20.

Сұр үріледі. Осы уәделі күн.

21.

Әркіммен айдаушы және куә бірге келеді.

22.

“Расында осыдан кәперсіз едің. Ал енді сенен шымылдықтыаштық. Сондықтан бүгін көзің өткірлесті” (делінеді.)

23.

Жанындағы (періште): “Міне мендегі дайын” дейді.

24.

“Бүкіл қарсы болған қиқарды, тозаққа салыңдар”(делінеді.)

25.

“Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шыгушы жәнектмәнданушы;”

26.

“Бүлар сондай Алламен бірге тәңір жасап алған. Енді онықатты азапқа салыңдар!”

27.

Оның сыбайласы (шайтан): “Раббым! Оны, мен аздырмадым.Дегенмен өзі де үзақ адасуда еді” дейді.

28.

(Алла): “Менің алдымда тартыспаңдар. Сендерге алдын алауәдені білдірген едім” дейді.

29.

“Менің алдымда сөз ауыстырылмайды. Сондай-ақ қүлдарымаәділетсіздік істемеймін.”

30.

Ол күні, тозаққа: “Толдың ба?”,-дейміз. Ол: “Тагы да барма?”,-дейді.

31.

Пейіш, тақуаларға жақындатылады, алыс болмайды.

32.

“Міне, уәде етілген нәрселерің; бүкіл тәубешіл,сақтанушылар үшін.”

33.

Кім көрместен Рахманнан корықса, бейім жтрекпен келсе;

34.

“Жұмаққа аман-есен кіріңдер. Бұл мәңгілік күні”(делінеді.)

35.

Пейіште олар не тілесе бар. Сондай-ақ жанымызда артығы дабар.

36.

Олардан бүрын -өздерінен орасан мықты, мемлекеттердікезген, нәсілді жоқ еткен едік. Қүтылар жер бар ма?

37.

Шүбәсыз бүнда (сезімтал) жүрегі барға немесе қүлақ салып,әзір болғанга бір үгіт бар.

38.

Расында көктер мен жерді және екі арасындағы нәрселердіалты күнде жараттық, шаршамадық.

39.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Раббыңдыкүн шығудан бүрын әрі батудан бүрын мақтай дәріпте. (Таң намазы, бесін, екінті.Б.Ж.М.)

40.

Түннің бір бөлімінде және намаздардан кейін Оны дәріпте.(Намаздардың артындағы нәпілдер. Б.Ж.М.)

41.

Жақын жерден бір айғайшының шақыратын (Сүр үрілетін)күніне қүлақ сал.

42.

Олар ол күні ащы дауысты анық естиді. Ол, (қабырдан)шыгатын күн.

43.

Расында тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ қайтар орынБіз жақ.

44.

Сол күні жер жарылып, олар тезінен шыгады. Осы жинауБізге оңай.

45.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың не дегендерін жақсы білеміз. Сеноларға зорлаушы емессің. Кім азаптан қорықса, Құранмен үгіт бер.