4. Ниса

1.

Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан)жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер,әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан жәнетуыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шәксіз Алла (Т.) сендерді бақылаушы.

2.

Жетімдердің малдарын беріңдер, жаманды жақсыменалмастырмаңдар; олардың малдарын өз малдарыңа қосып жемеңдер. Өйткені ол, күнә.

3.

Егер (үйленгенде) жетім әйелдер жайында әділетсіздікістеуден қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейінүйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар немесеқолдарыңдағы күң де болады. Әділетсіздік болмауға жақыңырағы осы.

4.

Әйелдердің мәһерін (қалыңын) ықыласпен беріңдер. Сондаегер әйелдер өз көңілдерінше, сендерге мәһерден бір нәрсе кеңшілік етсе, ондаоны жеңдер; сіңімді, жүрімді болсын.

5.

Және Алланың сендерді басына тұрғызған малдардыақылсыздарға бермеңдер. (Жетімнің малын ақылдары толмай өздеріне тапсырмаңдар.)Оларды көректендіріп, киіндіріңдер де, оларға сыпайы сөз сөйлеңдер.

6.

Жетімдерді үйлену шағына жеткенше сынаңдар. Сонда егеролардан бір естиярлық көрсеңдер, дереу олардың малдарын өздеріне беріңдер.Сондай-ақ олардың ержетуінен қорқып, ысыраптап, тездетіп жемеңдер. Ал және біреубай болса, онда тартынсын да, біреу жарлы болса, онда да орнымен жесін. Қашанолардың малдарын өздеріне тапсырсаңдар, оларға айғақ қойыңдар. Алла (Т.) есепкөруде жеткілікті.

7.

Әке-шеше және жақындардың қалдырған нәрселеріненеркектерге де үлес бар. Әке- шеше және жақындардың қалдырған нәрселеріненәйелдерге де үлес бар. Аз немесе көп болса да, одан өлшеулі несібе бар.

8.

Бөліс кезінде ағайындар, жетімдер және міскіндер келсе,онда оларды құр тастамай бір нәрсе беріңдер де, өздеріне сыпайы сөз сөйлеңдер.

9.

Арттарында нашар (жас) балалар қалдырса, оларға не боларекен деп уайым жесін. Алладан қорықсын да, дұрысын айтсын.

10.

Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпенжегендер, олар қарындарын от пен толтырған болады. Сондай-ақ жалындаған тозаққакіреді.

11.

Алла сендерге, балаларың жайында; бір еркекке екі әйелдіңмирасындай үлес бұйырады. Егер әйелдер екінің үстінде болса, онда қалған малдыңүштен екісі олардікі. Ал егер жалғыз қыз болса, онда жартысы онікі. Өліктіңбаласы болса, әке-шешесіне қалған малдың алтыдан бірі тиеді. Егер баласы болмайоның мұрагері әке-шешесі ғана болмай, онда шешесіне үштен бірі тиеді. Егерөліктің туыстары болса, онда шешесіне алтыдан бірі тиеді. (Бұлар) етілген өсиетжәне борыш өтелгеннен кейін орындалады. Сендер әкелеріңмен ұлдарыңның пайдатұрғысынан қайсысы жақын екенін білмейсіңдер. Бұл үкімдер, Алла тарапынанбекітілген. Күдіксіз Алла, терең білім, хикмет иесі.

12.

Сендерге баласы болмаған жұбайларыңның қалдырғаннәрселерінің жартысы тиеді. Ал егер олардың баласы болса, олардың қалдырғаннәрселерінің сендерге төрттен бірі тиеді; олардың өсиеті және борышы өтелгенненкейін. Егер сендерде бала болмағанда, қалдырған нәрселеріңнің оларға төрттенбірі, сендерде бала болса, оларға сегізден бірі тиеді; өсиеттерің және борышөтелгеннен кейін. Ал егер мирас алынатын әке-шешесіз және баласыз (кәлала) ернемесе әйелдің бір еркек яки қыз туысы болса, онда әрбіріне алтыдан бірі, оларбірден көп болса, сонда олар үштен біріне ортақ болады; өсиет және борышөтелгеннен кейін. Өсиет, зиянсыз болу керек, Алланың нұсқауы осы. Алла (Т.) әрнәрсені білуші, өте жұмсақ.

13.

Бұлар Алланың қойған шектері. Кім Аллаға және Елшісінебой ұсынса, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізіледі де, олар онда мәңгіқалады. Зор табыс осы.

14.

Ал кім Аллаға, Елшісіне қарсы келіп Оның шектеріненшықса, ол, ішінде мүлде қалатын отқа кіргізіледі. Оған қорлаушы азап бар.

15.

Сондай әйелдеріңнен зина қылғандар, оларға өздеріңнентөрт айғақ келтіріңдер, егер олар айғақ болса. Онда оларды өлгенге дейін не Аллабір жол қойғанға шейін үйлерде қамаңдар…

16.

Сендерден арсыздық істеген екеуіне де жапа беріңдер. Егерекеуі де тәубе етіп, түзелсе, олардан бет бұрыңдар. (тиіспеңдер.) НегізіненАлла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді.

17.

Шын мәнінде Аллаға (сыйымды) тәубе, жамандықты білмейістеп сонсоң дереу тәубе етсе, сонда олардың тәубесін Алла қабылдайды. Алла әрнәрсені білуші хикмет иесі.

18.

Ал жамандықты өздеріне өлім келгенге дейін істеп: “Ендішынайы тәубе қылдым” деген және қарсы болған бойда өлгендердің тәубесі қабылемес. Міне солар үшін күйзелтуші азап әзірледік. (Араптар жаһилиет дәуірінде,өлген жақындарының тұл әйеліне ие шығып, өздері қалыңсыз алып немесе басқаментұрмыстанса одан қалың алатын еді.)

19.

Әй мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагерболуларың халал емес. Және бергендеріңнің бір бөлімін алып қалу үшін олардызорламаңдар. Бірақ олар ашық арсыздық істесе басқа. Сондай-ақ олармен жақсышығысыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңдеАлланың көптеген қайыр жасап қойған болуы мүмкін. (Яғни: Әйелдің келбеті, мінезісендерге жек көрінсе де шығысыңдар, басқа түрлі қайыр болуы мүмкін.)

20.

Егер бір жұбайды (ажыратып) орнына басқа жұбай алғыларыңкелсе, оған толып жатқан мәһер берген болсаңдар да, одан еш нәрсе алмаңдар. Оғанжала қойып, ашық күнәлы болып аласыңдар ма?

21.

Олар сендерден ауыр серт алып, (некеленіп,) бір-біріңеқосылған едіңдер.

22.

Әйелдерден әкелерің үйленгендерді үйленбеңдер. Бірақөткен өтті. Бұл бір арсыздық және жиренішті жаман жол.

23.

Сендерге аналарың, (әке-шешелеріңнің аналары) қыздарың,(Ұл-қыздарыңның қыздары,) қыз туыстарың, (әке-шеше бір не бөлек,) әкелеріңментуысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер, еркек және қыз туыстарыңныңқыздары, (олардың қыздары,) сүт емізген аналарың, еміскен қыз туыстарың, қайынаналарың, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрыңғы ерінен болған) қолдарыңдағы өгейқыздарың, егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ. Белбалаларыңның әйелдері және екі қыз туысты бірге үйленулерің арам қылынды. Бірақөткен өтті. Негізінен Алла (Т.) тым жарылқаушы ерекше мейірімді.

24.

Некелі әйелдермен үйленулерің арам қылынды. Біраққолдарыңдағы күңдер (соғыс тұтқындары) басқа. Сендерге Алланың жазуы осы.Бұлардан басқаларды абыройлы болу, бой суытушы болмау шартымен малдарыңды беріпқалауларың (мәһер беріп алуларың) халал қылынды. Сонда олардан осы шартпенпайдалансаңдар, бекітілген мәһерін беріңдер. Мәһер тоқтасылғанан кейінризалассаңдар, (еркек артық беріп, әйелдің аз алуы немесе тіпті алмауында)сендерге оқасы жоқ. Расында Алла толық білуші, хикмет иесі.

25.

Сендерден біреудің, мүмін азат әйел алуға шамасы келмесе,онда қолдарыңдағы мүмін күңдерден алсын. Алла имандарыңды жақсы біледі.Бір-біріңненсіңдер. (Бәрің адам баласысыңдар.) Ендеше күңдерді қожайындарыныңрұқсатымен олардың мәһерлерін дұрыс беріп, абыройлы болулары, зинашы жәнеастыртын көңілдес болмаулары шартымен алсын. Егер олар үйленіп алып, арсыздықістесе, онда оларға азат әйелдерге болатын жазаның жартысы орындалады. Бұл(күңді алу) сендерден зинадан қорыққан кісі үшін. Егер сабыр етсеңдер, өздеріңүшін қайырлы. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

26.

Алла (Т.) сендерге түсіндіруді және сендерді өздеріңненбұрынғылардың тура жолдарына салуды сондай-ақ тәубелеріңді қабыл етуді қалайды.Алла толық білуші, хикмет иесі.

27.

Алла (Т.) тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Сондай-ақшаһуат қуғандар (жыныстық әуесқойлар) сендердің зор ауытқумен жолдан шығуларыңдықалайды.

28.

Негізінен Алла сендерге жеңілдікті қалайды. Өйткені адамбаласы нашар жаратылған.

29.

Әй мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. Бірақөз ризалықтарыңмен саудаласу басқа. Және бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында Алласендерге ерекше мейірімді.

30.

Ал кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оныжақында отқа саламыз. Бұл Аллаға оңай.

31.

Егер сендер тыйым салынған нәрселердің үлкеніненсақтансаңдар, сендердің жамандықтарыңды жасырып, өздеріңді құрметті орынғакіргіземіз.

32.

Алланың біріңе-біріңді артық еткен нәрсесін көксемеңдер.Еркектердің еңбектерінің үлесі өзіне және әйелдердің еңбектерінің тиесісі өзінетән. Алладан оның кеңшілігін сұраңдар. Шәксіз Алла әр нәрсені толық білуші.

33.

Әке-шеше және жақындарыңның қалдырған нәрселерініңәрқайсысына мұрагер қылдық. Сондай-ақ сендермен серт байлағандарға да сыбағасынберіңдер. Алла (Т.) әр нәрсені бақылаушы.

34.

Еркектер; әйелдерді билеуші. Өйткені Алла, бірін-біріненартық қылды. Сондай-ақ олар; малдарынан да пайдаландырады. (Әйелдерге мәһер,нафақа береді.) Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырғанкөмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар. Ал сондай-ақ әйелдердің бастартуларынан сезіктенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектеріңдетастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды сабаңдар. Ал егер олар сендерге бойұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында Алла өте жоғары, тымірі.

35.

Егерде екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер,еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егерол екеуі жарастыруды қаласа, Алла да, екеуінің арасын үйлестіреді. Күдіксіз Аллатолық білуші, анық хабар алушы.

36.

Алла (Т.) ға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортаққоспаңдар. Және әке- шешеге жақындарға, жетімдерге, міскіндерге жақын көршіге,бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астыңдағыларға жақсылыққылыңдар. Негізінен Алла, тәкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді.

37.

Бұлар сондай сараңдық қылып, адамдарға да сараңдықбұйырады. Сондай-ақ олар өздеріне Алланың кеңшілігімен бергенін жасырады. Қарсыболушылар үшін; қорлаушы азап әзірледік.

38.

Олар сондай Аллаға, ақырет күніне сенбей малдарынадамдарға көрсету үшін жұмсайды. Ал біреудің сыбайласы шайтан болса, ол жамансыбайластық.

39.

Я олар, Аллаға, ақырет күніне сеніп, Алланың өздерінеберген несібесінен пайдаландырса, оларға не болар еді? Әрине Алла оларды толықбіледі.

40.

Негізінен Алла (Т.), тозаң түйірінің салмағындай даәділсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, оны неше есе арттырады әрі өзжанынан да ірі сыйлық береді.

41.

(Мұхаммед Ғ.С.) әр үмметке бір айғақ келтіріп, сені деоларға куә етіп келтірсек қандай болар еді?

42.

Аллаға қарсы болып, Пайғамбардан бас тартқандар, қияметкүні, жермен-жексен болуды арман етеді. Алладан бір сөз жасыра алмайды.

43.

Әй мүміндер! Сендер мас болып, не айтқандарыңды білгенгешейін намазға жақындамаңдар. Сондай-ақ жүніп күйінде шомылмайынша, (бой дәретсізнамаз оқымаңдар.) Бірақ, жол жүргенде болады. Ал егер ауыру немесе сапардаболсаңдар не сендерден біреу түзге отырып келсе, яки әйелдерге жақындассаңдар дасу таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына (тәяммүм соғып) беттеріңді,қолдарыңды сипаңдар. Расында Алла аса кешірімді, тым жарылқаушы.

44.

(Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Кітаптан бір үлес берілгендергеқарамайсың ба? Олар, адасуды сатып алды. Сендерді де жолдан аздыруды қалайды.

45.

Алла дұшпандарыңды жақсы біледі. Сондай-ақ Алла, достықтажетіп асады әрі жәрдемшілікте де жеткілікті.

46.

Сондай Яһудилердің кейі; сөзді орындарынан өзгертеді де:”Естідік те қарсы келдік”, “Естіші қане естімегір” және дінді кекеп, тілдерінбұрай: “Рағина” дейді. Егер олар: “Естідік те бағындық, тыңда және бізге қара”десе, оларға қайырлы және тура болар еді. Бірақ Алла, олардың қарсылықтарысебепті лағынет еткен. Сондықтан олардың азы ғана иман келтіреді.

47.

Әй Кітап берілгендер! Сендермен бірге болғанды растаушыетіп, Біз түсіргенге, (Құранға,) беттерді бұзып, арттарына қайтаруымыздан немесесенбішілерді, (сенбі күні шектен шығушыларды) лағынет еткеніміздей оларды далағынет етуімізден бұрын иман келтіріңдер. Алланың әмірі орындалады.

48.

Алла (Т.) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұданөзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жалақойып, зор күнәлы болды.

49.

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай өздерін ағартқанды көрмедің бе?Керісінше, кімді Алла (Т.) қаласа тазартады. Оларға қылдай әділсіздік етілмейді.

50.

Қара! Олар Аллаға қалай жасанды өтірік айтады? Бұл ашықкүнә, оларға жетіп асады.

51.

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай Кітаптан үлес берілгендергеқарамадың ба? Олар бұтқа, шайтанға сенеді де, кәпірлерді: “Бұлар, мүміндерденкөрі тағы тура жолда” дейді. (Яһудилердің бір тобы, кәпірлерді Мұсылманға қайрапсалу үшін Меккеге барып: “Сендердің жолдарың тура.” дейді.

52.

Міне бұлар, Алла лағынет еткендер. Алла, кімге лағынететсе, оған ешбір жәрдемші таба алмайсың.

53.

Олардың әкімшіліктен бір үлесі бар ма? Ондай болса, оларадамдарға түк бермес еді.

54.

Немесе олар, Алланың өз кеңшілігімен адамдарға бергенінқызғана ма? Расында Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына Кітап, хикмет және зорпатшалық берген едік.

55.

Олардың кейі оған сенді де, кейі одан бас тартты. Оларға,жалындаған тозақ жетіп асады.

56.

Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жеделтозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін, оныбасқа терілерге ауыстырамыз. Шәксіз Алла тым үстем, хикмет иесі.

57.

Ал сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, олардыастарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз. Олар онда мәңгі қалады.Сондай-ақ оларға онда тап-таза жұбайлар бар. Және оларды қалың көлеңкегекіргіземіз.

58.

Негізінен Алла (Т.) сендерге аманаттарды өз лайықтыорнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билікқылуларыңды әмір етеді. Расында Алла сендерге нендей жақсы уағыз береді. ШәксізАлла, толық естуші, тым қырағы.

59.

Әй мүміндер. Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әріөздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсегеталассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға, ақыреткүніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, қайырлы да нәтижеде жақсы.

60.

(Араларындағы бір дау үшін Яһуди, Мұхаммед (Ғ.С.) ке барайық десе мұнафық, Яһудидің бастығы Кәғапқа барайық деп, ақыр Мұхаммед (Ғ.С.) ке барғанда, билік Яһудиге тигендіктен мұнафық разы болмай, Яһудиді хазірет Омарға алып барғанда:”Пайғамбардың билігіне разы болмағанның сазайы осы” деп, мұнафықтың басын алады.)
(Мұхаммед Ғ.С.) саған түсірілген Құранға және сенен бұрын түсірілген кітаптарғасендік деп, кұр өршеленгендерді көрмейсің бе? Олар шайтанға жүгінісуді қалайды.Негізінде оларға, оған қарсы болу әмір етілген болатын. өйткені, шайтан, олардымүлде ұзаққа адастыруды қалайды.

61.

Ал және қашан оларға: “Алла түсірген Құранға жәнеПайғамбарға келіңдер” делінсе, мұнафықтардың сенен мүлде шегеншектегенінкөресің.

62.

Сонда олар қайтып, қолекі істегендерінің салдарынанбастарына бір күйзеліс келгенде, саған келіп: “Біз жақсылықты, үйлесуді қалапедік” деп, Алланың атымен ант- су ішеді.

63.

Алла олардың жүректеріндегіні біледі. Енді олардан бетбұр. Оларға үгіт бер де, оларға әсерлі сөз сөйле.

64.

Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшінғана жібердік. Егер олар өздеріне бір кесір істеген заман, саған келіп, Алладанжарылқану тілесе, әрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, әрине олар Алланы;тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді.

65.

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңа серт! Олар өзараталасқаннәрселерінде сені би қылып, сонсоң берген билігіңнен көңілдерінде ақаутаппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды.

66.

Ал оларға: “Өздеріңді өлтіріңдер, (соғысыңдар,) немесежұрттарыңнан шығыңдар!”,- деп әмір еткен болсақ, олардан өте азы ғана орындайды.Олар өздеріне үгіттелген нәрсені атқарса еді, әрине олар үшін қайырлы болып,имандары нығайып бекір еді.

67.

Сондай-ақ өз жанымыздан сыйлық берер едік.

68.

Әрине оларды тура жолға салар едік.

69.

Ал және кім Аллаға, пайғамбарға бой ұсынса, міне солар;Алла (Т.) нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілерменбірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!

70.

Міне бұл Алладан ілтипат. Алла әр нәрсені жете білуші.

71.

Әй мүміндер! Құралдарыңды алыңдар. Және бөлек-бөлек болыпнемесе тұтас аттаныңдар.

72.

Әрине сендерден қырқарлық қылатындар да бар. Егерсендерге бір қиыншылық келсе: “Рас Алла, маған бақ берген екен. Өйткені, оларменбірге болмадым” деп айтар.

73.

Ал егер сендерге Алладан бір мәрхамет (жеңіс) келсе,сендермен араларында ешбір достық жоқтай: “Әттеген-ай! Олармен бірге болсам еді,зор табысқа ие болар едім” деп айтар.

74.

Ендеше, дүние тіршілігін ақыретке айырбастағандар, Аллажолында соғыссын. Ал кім Алла жолында соғысса, сонда өлтірілсе, немесе жеңіскеие болса, әрине оған ірі сыйлық береміз.

75.

Сендерге Алла жолында соғыспайтын не болды? (Меккедегі)шамасыз ерлер, әйелдер және балалардан: “Раббымыз! Бізді осы тұрғындары залымкенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір ие пайда қыл. Әрі өз қасыңнан біркөмекші қыла көр” дейтіндер бар.

76.

Сондай иман келтіргендер, Алла жолында соғысады дакәпірлер, шайтан жолында соғысады. Ендеше сендер шайтанның достарыменсоғысыңдар. Негізінен шайтанның әдісі нашар.

77.

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай оларға: “Қолдарыңды тыйыңдар,намазды орындап, зекет беріңдер!”,- делінгендерді көрмедің бе? Оларға соғыспарыз етілген заман олардың бір тобы; адамдардан, Алладан қорыққандай немесе,тағы қатты қорқады да: “Раббымыз! Бізге соғысты неге жаздың? Бізді жақын бірмерзімге дейін неге кешіктірмедің?”,- деді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Дүниеніңпайдасы аз ғана. Тақуалар үшін ақырет жақсы. Сендер қылдай әділетсіздіккеұшырамайсыңдар” деп айт.

78.

Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда(жұлдыздарда) болсаңдар да өлім жетеді. Егер оларға бір жақсылық жетсе: “Аллатарапынан” дейді де, егер оларға бір жамандық жетсе, олар: “Бұл сеніңтарапыңнан” дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Барлығы Алланың қасынан” деп айт.Сөзді түсінуге жанаспайтын сол елге не болды?

79.

Саған нендей бір жақсылық келсе, Алладан. Ал және біржамандық келсе, өзіңнен. (Мұхаммед Ғ.С.) сені адамдарға елші етіп жібердік.Куәлікте Алла жетіп асады.

80.

Кім пайғамбарға бағынса, расында Аллаға бағынған болады.Ал және кім бет бұрса, (Мұхаммед Ғ.С.) оларға сені аңдушы етіп жібермедік.

81.

Олар: “Бой ұсындық” деп қашан қасыңнан айрылса, оларданбір тобы, түнделетіп сен айтқаннан басқаны кеңеседі. Алла олардың түнгікүңкілдерін жазады. Сондықтан олардан бет бұр да, Аллаға тәуекел ет. Алла (Т.)толық кепіл.

82.

Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаныңқасынан болса еді, әрине онда олар көптеген қайшылықтар табар еді.

83.

Қашан оларға (мұнафықтарға) аманшылықтан немесеқауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарғане өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын білер еді. Егерсендерге Алланың кеңшілігі, мейірімі болмаса еді, шайтанға ермегендерің өте азболар еді.

84.

(Мұхаммед Ғ.С.) енді Алла жолында соғыс. Сен өзіңнен ғанажауаптысың. Сондай-ақ мүміндерді қызықтыр. Мүмкін Алла, кәпірлердің кесірінтоқтатар. Алланың кәрі қатты да жазасы қиын.

85.

Кім жақсылықты қолдаса, оған одан несібе бар. Ал және кімжамандыққа болысса, оған да одан бір тиесі бар. Алланың әр нәрсеге күші басым.

86.

Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соныңөзін қайтарыңдар. Шәксіз Алла әр нәрседен есеп алушы.

87.

(Біреу: “Әссәламу аләйкум” – Сендерге есендік болсын десе, “Уә аләйкумсәлам уә Рахматуллаһ” – Сендерге есендік және Алланың мейірімі болсын. Егер,”Әссәламу аләйкүм уә Рахматуллаһ” – Сендерге есендік және Алланың мейірімі әрі берекеті болсын десе,”Уә аләйкумсәлам уә Рахматуллаһи уә бәракәтуһу” деп өзіндей қайтару керек.)

Алла бір, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әлбетте сендерді күдік болмаған қияметкүнінде жинайды. Алладан артық кімнің сөзі тура бола алады?

88.

Сендерге мұнафықтар жайында екі дай болатын не болды?Алла оларды қылықтары себепті теріс бағындырды. Алла, адастырған біреуді, сендержолға салуды қалайсыңдар ма? Ал біреуді, Алла адастырса, сонда оған жол табаалмайсың.

89.

Олар, өздері қарсы болғандай сендердің де қарсы болып,бірдей болуларыңды қалады. Ендеше оларды Алла жолында босқанға дейін, достұтпаңдар. Егер олар бет бұрса, сонда оларды қайдан тапсаңдар да ұстапөлтіріңдер. Сондай-ақ оларды не дос не көмекші тұтпаңдар.

90.

Бірақ, сендермен араларыңда келісім болған бір елгеқосылғандар, немесе сендермен өздері соғысуға, не өз елдерімен соғысуғажүректері сығылып, сендерге келгендер басқа. (Мұндайларға соқтықпаңдар) ЕгерАлла қаласа, оларды сендерге өктем қылар еді. Сонда олар сендермен соғысар еді.Ал егер сендерден бой тежесе, сондай-ақ қолдарын тыйып, өздеріңе келісім ұсынса,онда Алла, сендер үшін оларға қарсы бір жол қоймады.

91.

Ал және басқа біреулерді; сендерді де сендіруді, әрі өзелдерін де сендіруді қалаған түрде табасыңдар. Әрқашан олар бұзақылыққанұсқалса, олар оның ішіне етпетінен түседі. Ал егер олар сендерден тайынбаса,сендерге келісім ұсынбаса және олар қолдарын тыймаса, сонда оларды қайдантапсаңдар да ұстап өлтіріңдер. Міне осыларды, сендер үшін оларға қарсы ашықдәлел қылдық.

92.

Бір мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Біраққатеден болса басқа. Және біреу, бір мүмінді қателесіп өлтірсе, сонда бір мүмінқұл азат етуі әрі өлгеннің иесіне құн тапсыруы керек. Бірақ олар кешірім етсе олбасқа. Егер өлтірілген сендермен дұшпан елдегі бір мүмін болса, (құн төлемей)бір мүмін құл азат етуі керек. Ал егер (өлтірілген мүмін) сендермен олардыңарасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бірмүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаға тәубе (сінің қабылболуы) үшін тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Алла (Т.) толық білуші, хикметиесі.

93.

Кім бір мүмінді әдейі өлтірсе, оның жазасы, ішінде мүлдеқалатын тозақ болады. Сондай-ақ оған Алланың ашуы, қарғысы болып және оған зорқинау әзірлеп қойған.

94.

Әй мүміндер! Алла жолында (соғысқа) шықсаңдар, өтеанықтаңдар. Сәлем бергенді дүние-мүлікке қызығып: “Мүмін емессің” демеңдер.Өйткені Алланың қасында көптеген олжалар бар. Бұрын сендер де сондай едіңдер.Алла (Т.) сендерге қамқорлық етті. Сондықтан өте-мөте анықтаңдар. Шәксіз Аллаістеген істеріңді біледі.

95.

Мүміндерден себепсіз (соғысқа шықпай) отырушылармен Аллажолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Алла (Т.) малдарымен,жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ барлығына да игілік уәдеетті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді.

96.

Алладан дәрежелер, жарылқау және мәрхамет бар. Алла өтежарылқаушы, ерекше мейірімді.

97.

Өздеріне зұлымдық еткендердің, (бұлар Меккеден көшпейқалғандар) періштелер жандарын алғанда: “Қайда едіңдер?”,- деді. Олар: “Біздербұл жерде шамасыз едік” деді. (Періштелер): “Алланың жері кең емес пе? Сонда олжерге көшсеңдер еді?”,- деді. Міне бұлардың орны тозақ. Неткен жаман орын.

98.

Шамасыз еркек, әйелдер және балалардан шара қолданаалмайтын, жол таба алмайтындар басқа…

99.

Міне бұларды Алланың кешірім етуі үміт етіледі. ӨйткеніАлла, өте кешірімді, ерекше жарылқаушы.

100.

Кім Алла жолында ауа көшсе, көптеген кең қоныс жәнекеңшілік табады. Сондай-ақ біреу үйінен Аллаға, Пайғамбарға бола шықса да, оғанөлім жетсе, сонда оның бодауы Алланың өзіне тән болады. Алла аса жарылқаушы, тыммейірімді.

101.

Қашан жер жүзінде сапарда болсаңдар, кәпірлердің өздеріңебір қастандық істеуінен қорықсаңдар, сендерге намаздан қысқартуларыңда күнә жоқ.Негізінен сендерге кәпірлер ашық қаскүнем.

102.

(Мұхаммед Ғ.С.) Сен олардың ішінде (соғыс майданында имамболып) тұрған кезде, олардан бір бөлігі сенімен бірге намазға тұрсын, барлығықұралдарын алсын. Сонда қашан олар сәжде қылса, (саған ұйып бір рәкәғат оқыса,)олар арт жақтарыңда (жау жақта) болсын. Екінші намаз оқымаған топ келіп, сеніменбірге намаз оқысын, қорғаныстарын, құралдарын да алсын. Өйткені, кәпірлерқұралдарыңнан, нәрселеріңнен кәперсіз болуларыңды, үстеріңе бір-ақ шабуылжасауды ойлар. Егер сендерге жаңбырдан бір қиналыс немесе ауыру болсаңдар,сендерге құралдарыңды қойып қоюларыңның оқасы жоқ. Сондай-ақ сақтық шарасынқолданыңдар. Негізінен Алла кәпірлер үшін қорлаушы азап әзірлеген.

103.

Қашан намаз өтеп болсаңдар, Алланы; тұрып, отырып жәнежатқан бойда еске алыңдар. Қашан тынышталсаңдар, онда намазды толық орындаңдар.Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды.

104.

Ол қауымды іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелгенболсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінен сендерАлладан олардың үміт етпеген нәрсесін үміт етесіңдер. Алла (Т.) толық білуші,хикмет иесі.

105.

(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде саған Кітапты; Алланың, өзіңекөрсетуі бойынша адамдардың арасына үкім қылуың үшін шындықпен түсірдік.Сондықтан қаралықшылдарға болысушы болма.

106.

Алладан жарылқану тіле. Негізінен Алла (Т.) асажарылқаушы, ерекше мейірімді.

107.

Өздеріне кесір істегендер үшін сөз таластырма. Өйткені;Алла, қаралықшыл күнәкарды жақсы көрмейді.

108.

Олар адамнан жасырса да, Алладан жасыра алмайды. Алла,олар түнделетіп, разы болмайтын сөз қылғанда олармен бірге еді. Алла олардың неістегендерін бұлжытпай біледі.

109.

Ал міне сендер дүние тіршілігінде олар тарапынандауластыңдар, сонда қиямет күні олар тарапынан Алламен кім дауласа алады? Немесеоларға кім уәкіл бола алады?

110.

Біреу бір жамандық істесе немесе өзіне зұлымдық қылса да,сонсоң Алладан жарылқану тілесе, Алланы аса жарылқаушы, ерекше мейірімді табареді.

111.

Ал және біреу күнә істесе, сонда негізінен ол өзінеістеген болады. Алла (Т.) толық білуші, аса дана.

112.

Тағы да біреу, бір қателік немесе күнә істесе, оны, ақбіреуге жапса, расында ол жала қойып, ашық күнә жүктеп алған болады.

113.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған Алланың ілтипаты, мәрхаметіболмаса еді, әрине олардың бір тобы сені адастыруды ойлаған еді. Олар өздерінғана адастырады да саған ешбір зиян келтіре алмайды. Өйткені Алла, саған Құрандыжәне хикметті түсірді әрі саған білмегендеріңді үйретті. Сондай-ақ Алла (Т.) ныңсаған деген ілтипаты өте ірі.

114.

Олардың өзара күңкілдерінің көбінде қайыр жоқ. Бірақ, кімбір садақаны не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, олқайырлы. Және біреу, осыны Алланың ризалығын іздеп істесе, сонда оған жедел ірісауап береміз.

115.

Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарғақарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағынабұрамыз да тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!

116.

Негізінен Алла, өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Оданбасқа кімді қаласа, жарылқайды. Ал және кім Аллаға ортақ қосса, расында өтеұзаққа адасты.

117.

(Мекке мүшріктері,) олар, Алладан өзге ұрғашыларға ғанажалбарынды. Негізінен олар қасарысқан шайтанға жалбарынды. (53-С.9 А.43-С.19-А.)

118.

Алла оны қарғады. Сонда шайтан: “Әрине құлдарыңнанбелгілі бір үлес аламын” деді.

119.

“Және оларды әрине адастырамын, әлбетте оларды босқаүміттендіремін. Әрі оларға міндетті түрде әмір етемін. Сонда олар: Малдардыңқұлақтарын (бұтқа арнап) тіледі. Сондай-ақ оларға әрине Алланың жаратқанынөзгертуді бұйырамын” (деді.) Кім Алладан өзге шайтанды дос тұтса, сонда рас ашықзиянға ұшыраған болды.

120.

Шайтан оларға уәде беріп, оларды босқа үміттендіреді.Шайтанның оларға уәдесі алдау ғана.

121.

Міне солардың орны тозақ. Сондай-ақ олар одан қашар жертаба алмайды.

122.

Иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендерағатын бақшаларға кіргіземіз де, олар онда мәңгі қалады. Өйткені, Алланың уәдесіхақ. Алла (Т.) дан тура сөзді кім?

123.

(Әй мүшріктер!) Не сендердің ойларыңша, не Кітапиелерінің ойларынша да емес. Кім бір жаман іс қылса, сол себепті жазаланады. Олүшін Алладан өзге ие де жәрдемші де таба алмайды.

124.

Еркектен немесе әйелден кім иман келтіруші болып, ізгіістерден істесе, міне солар жәннәтқа кіреді. Түк де әділетсіздіккеұшыратылмайды.

125.

Кім діни тұрғыдан жақсылық істеуші болып, жүзін Аллағатапсырып, нағыз Ыбырайым (Ғ.С.) ның дініне ерген кісіден жақсы бола алады? Алла(Т.) Ыбырайым (Ғ.С.) ды дос тұтқан.

126.

Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Сондай-ақ Аллаәр нәрсені толық меңгеруші.

127.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен, әйелдер жайында пәтуасұрайды. Оларға: “Алла сендерге олар жөнінде пәтуасын білдіреді: Бұл сендергеоқылатын Кітапта да, оларға жазылған мирастарын бермей өздерін алуға қызығатынжетім әйелдермен байқұс балалар және жетімдерге дұрыс қамқорлық істеу жайындапәтуа береді” де. Және қайырдан не істесеңдер сөз жоқ, оны Алла біледі.

128.

Егер бір әйел, ерінің жеруінен немесе бет бұруынанқорықса, өзара келісіп жарасуларында екеуіне де күнә жоқ. Сондай-ақ жарасужақсы. Нәпсілер қытымырлыққа бейім жаратылған. Егер жақсы шығысып, сақсынсаңдарнегізінен Алла (Т.) не істегендеріңді толық біледі.

129.

Қаншалық тырыссаңдар да әйелдердің арасында әсте әділдікістей алмайсыңдар. Ендеше, (біреуіне) мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсізбайлағандай етіп қоймаңдар, (Байсыз қатын құсап, дел-салда жүрмесін.) Егертүзеліп, сақсынсаңдар, негізінен Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.

130.

Егер екеуі ажырасса, Алла әрқайсысын өз кеңшілігіненқамтамасыз етеді. Өйткені, Алла аса кең, өте дана.

131.

Көктердегі және жердегі нәрселер Аллаға тән. Сендерденбұрыңғы кітап берілгендерге де, сендерге де: “Алладан қорқыңдар!”,- деп өсиететкенбіз. Егер қарсы келсеңдер, сонда да көктер мен жердегі нәрселер Алланікі.Алла мұңсыз, мақтаулы.

132.

Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Алла (Т.)кепілдік тұрғысынан жеткілікті.

133.

Әй адам баласы! Егер Алла қаласа, сендерді кетіріп,басқаларды әкелер еді. Міне осыған Алланың күші толық жетеді

134.

Кім дүниенің пайдасын тілесе, Сонда дүние, ақыреттіңпайдасы Алланың қасында. Сондай-ақ Алла әр нәрсені естуші, ерекше мейірімді.

135.

Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің,әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін айғақ болыңдар;бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де тым жақын. (Олардың халінбіледі) Ендеше әділдік істеу нәпсіге ермеңдер. Егер тілдеріңді бұрып, шындықтыбұрмаласаңдар, шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші.

136.

Әй мүміндер! Аллаға, Пайғамбарына және оған түсіргенҚұранға сондай-ақ одан бұрыңғы түсірген кітапқа иман келтіріңдер. Ал кім Аллаға,періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ақырет күніне қарсы шықса, сонда тымұзақ адасты.

137.

Негізінен сондай иман келтіріп сонсоң қарсы келгендер,тағы иман келтіріп, және қарсы шыққандар, сонсоң қарсылығын арттырғандар, міне,Алла соларды жарылқамайды да, тура жолға да салмайды. (Яһудилер әуелі Мұсағаиман келтірді. Сонсоң бұзауға табынып, қарсы келді. Сонсоң Мұсаға иман келтіріп,Ғисаға қарсы болды да, Мұхаммед (Ғ.С.) ке қарсылықтарын арттыра түсті.

138.

(Мұхаммед Ғ.С.) мұнафықтарға, өздеріне негізіненкүйзелтуші азап бар екендігін шүйіншіле.

139.

Сондай мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтқандар, олардыңқасынан ізет іздей ме? Шын мәнінде ізет бүтіндей Аллаға тән.

140.

Расында сендерге Кітапта: “Алланың аяттарына қарсыкелінгендігін және ажыуаланғандығын сендер естіген сәтте; олар бұдан басқа сөзгекіріскенше, олармен бірге отырмаңдар; әйтпесе сендер де солар сияқты боласыңдар”деп үкім түсірді. Шәксіз Алла мұнафықтармен кәпірлерді біртұтас тозаққа жинаушы.

141.

Сондай сендерді аңдығандар, сендерге Алладан бір жеңіскелсе: “Бізде сендермен бірге емес пе едік?”,-деді. Ал егер кәпірлерге бір олжатүссе, оларға: “Сендерге үстемдік келтіріп, сендерді мүміндерден қорғамадықпа?”,- деді. Енді Алла араларыңа қиямет күні үкім қылады, сондай-ақ Аллакәпірлер үшін мүміндерге қарсы жол қоймайды.

142.

Мұнафықтар, Алланы алдамақшы болады. Негізінен Алла,оларды алдауға ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады.Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Алланы өте аз еске алады.

143.

Олар, осы екі арада дел-салда. Не бұларда жоқ, не олардажоқ. Алла біреуді адастырса оған әсте жол таба алмайсың.

144.

Әй мүміндер! Мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпаңдар.Өз зияндарың үшін ашық дәлел қылуды қалайсыңдар ма?

145.

Негізінен мұнафықтар тозақтың ең төмеңгі қабатындаболады. Әрі оларға ешбір жәрдемші таба алмайсың.

146.

Бірақ тәубе еткендер, өздерін түзелткендер және Аллағажабысып, діндерінде ықыласты болғандар, міне солар мүміндермен бірге. Алла (Т.)мүміндерге жедел бір сыйлық береді.

147.

Егер шүкірлік етіп, иман келтірсеңдер, Алла сендерді негеазап қылсын? Өйткені, Алла (Т.) шүкірлікті бағалаушы, толық білуші.

148.

Алла (Т.) жаман сөздің жарияланып сөйленуін жақсыкөрмейді. Бірақ зұлымдыққа ұшыраған біреудікі басқа. Алла әр нәрсені естиді,біледі.

149.

Егер бір жақсылықты ашықтасаңдар немесе оны жасырсаңдарне бір жамандықты кешсеңдер, сонда күдіксіз Алла аса кешірімді, тым күшті.

150.

Шәксіз, сондай Аллаға, пайғамбарларына қарсы келгендер,олар, Алла мен пайғамбарларының арасын айыруды қалайды. Және де олар:”(Пайғамбарлардың) кейіне сенеміз де, кейіне қарсы келеміз” дейді; сөйтіп оларекі ортадан жол табуды қалайды.

151.

Міне олар анық кәпірлер. Кәпірлер үшін қорлаушы қинаудайындадық.

152.

Және сондай Аллаға, пайғамбарларына иман келтіргендер,олардан ешбіреуінің арасын айырмайды; міне солардың сыйлықтары тезінен беріледі.Сондай-ақ Алла (Т.) өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

153.

(Мұхаммед Ғ.С.) Кітап иелері сенен көктен бір кітаптүсіруіңді сұрайды. Расында олар Мұса (Ғ.С.) дан одан да зорғыны сұраған. Сондаолар: “Алланы бізге ашық көрсет!”,-дегенде, олардың кесірлері себепті найзағайтүсті. Сонсоң оларға ашық дәлелдер келгеннен кейін де, олар бұзауды тәңір жасапалды. Сонда соларды да кештік. Сондай-ақ Мұса (Ғ.С.) ға ашық мұғжиза бердік.

154.

Олардың уәделері себепті үстеріне Тұр тауын көтердік.Және оларға: “Қақпадан сәжде қылып кіріңдер” дедік. Тағы оларға: “Сенбі күнішектен шықпаңдар!”,- дедік. Сөйтіп олардан ауыр серт алдық.

155.

Дегенмен олардың серттерін бұзулары, Алланың аяттарынақарсы шығулары, пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері және жүректеріміз перделідеулері себепті Алла, әрине олардың қарсылықтары салдарынан жүректерін мөрлеген.Сондықтан өте азы ғана иман келтіреді.

156.

Және олардың (Ғиса Ғ.С.ға) қарсы шығулары әрі Мәриямғазор жала жапсырған сөздері себепті,

157.

Тағы да; Алланың елшісі, Мәриям ұлы Ғиса Мәсихтыөлтірдік!,- дегендіктері негізінде олар оны өлтірмеді де, аспады. Бірақ оларғаұқсатылды (Олар Ғисаға ұқсатылған біреуді өлтірді.) Расында, ол жайындақайшылықтағылар, әрине одан күдіктенуде. Олардың оған байланысты мәліметтеріжоқ. Бірақ күмәннің ғана соңында. Олар оны анық өлтірмеді.

158.

Олай емес, Алла оны өз тарапына көтерді. Алла(Т.) өтеүстем, хикмет иесі.

159.

Кітап иелері, Ғиса(Ғ.С) ға өлуінен бұрын әлбетте иманкелтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға куә болады.

160.

Сонда Яһудилердің зұлымдықтарының және көптеген адамдардыАлланың жолынан тосуларының салдарынан оларға халал етілген көптеген жақсынәрселерді оларға арам қылдық.

161.

Және де оларға тыйым салынған бола тұра өсім алулары әріадамдардың малдарын орынсыз жеулері, сондай ақ олардан қарсы келгендер үшін;күйзелтуші азап әзірледік.

162.

Дегенмен іштерінен ғылымда озат болғандар және иманкелтіргендер, саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді. Жәненамазды орындаушылар, зекет берушылер әрі Аллаға, ақырет күніне сенушілер, әринесоларға зор сыйлық береміз.

163.

(Мұхаммед Ғ.С.) Нұх (Ғ.С.) және одан кейінгіпайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да уахи еттік. Сондай-ақ Ыбырайым,Ысмайыл, Ысхақ, Яғқұп (Ғ.С.), ұрпақтарына және Ғиса, Әйюб, Юныс, Һарұн жәнеСүлеймен (Ғ.С.) ге де уахи еттік. Әрі Дәуіт (Ғ.С.) ке Зәбұрды бердік.

164.

Және саған бұрыңғы пайғамбарларды баян қылдық, сондай-ақпайғамбарлардың саған баян етпегеніміз де бар. Және Алла (Т.) Мұса (Ғ.С.) ға(тікелей) сөйлескен.

165.

Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік:Елшілерден кейін адамдардың Аллаға қарсы сылтауы болмауы үшін. Алла (Т.) асаүстем, хикмет еисі.

166.

Алайда Алла, саған түсіргенін біле тұра түсіндіргенінекуәлік етеді және періштелер де куә болады. Негізінде Алла куәлікте жеткілікті.

167.

Күдіксіз, сондай қарсы болғандар және Алланың жолынантосқандар, расында ұзақ адасумен адасты.

168.

Шәксіз сондай қарсы шығып, зұлымдық қылғандарды туражолға да салмайды.

169.

Бірақ тозақтың ғана жолына салады да, олар онда мәңгіқалады. Осы, Аллаға оңай.

170.

Әй адам баласы! Рас сендерге Пайғамбар, Раббыларыңнанхақиқатты келтірді. Сондықтан иман келтіріңдер, сендер үшін жақсы. Егер қарсыкелсеңдер, сонда күдіксіз көктердегі және жердегі барлық нәрсе Алланікі. Алла(Т.) аса білуші, хикмет иесі.

171.

Әй Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллағабайланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде Мәриям ұлы Мәсих Ғиса, Алланың елшісіәрі Мәриямға жалғастырған сөзі және Алла тарапынан бір рух. Ендеше Аллаға жәнеелшілеріне сеніңдер. Әрі (Алланы) “үшеу” демеңдер, (одан) тыйылыңдар. Сендерүшін жақсы. Шынайы түрде Алла бір-ақ Тәңір. Ол – баласы болудан пәк. Көктердегіжәне жердегі нәрселер оған тән. Алла уәкілдікте жетік.

172.

Ғиса да, Аллаға жақын періштелер де Аллаға құл болуданәсте арланбайды. Кім Оған құлшылықтан арланып дандайсыса, сонда оларды тұтас өзтарапына жинайды. (басқа барар жері жоқ.)

173.

Ал енді сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердіңсыйлықтарын толық береді. Әрі оларға өз ілтипатынан арттырады. Ал және сондайарланып менменсігендерді күйзелтуші азапқа ұшыратады. Сондай-ақ олар үшінАлладан басқа құтқарушы не дос не жәрдемші таба алмайды.

174.

Әй адам баласы! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді.Сондай-ақ сендер үшін бір ашық нұр (Құран) түсірдік.

175.

Ал енді Аллаға сеніп, Оған жабысқандарды өз тарапынанмәрхамет және ілтипатқа бөлейді де, өзіне баратын тура жолға салады.

176.

Олар сенен пәтуа сұрайды. Оларға айт: “Алла сендерге”Кәлала” жайында пәтуа береді: Егер әке-шешесі және баласы жоқ біреу өлсе, оныңбір қыз туысы болса, сонда оған қалған мирастың жартысы тиеді. Егер өлген әйелболып, оның баласы болмаса, еркек туысы оның мирасқоры болады. Егер өлгеннің қызтуысы екеу болса, екеуіне қалған мирастың үштен екісі тиеді. Және мирасқорларер, әйелдер аралас болса, сонда бір ерге екі әйелдің сыбағасындай тиеді. Алла(Т.) адасарсыңдар деп сендерге ашық түсінік береді. Алла әр нәрсені толықбіледі”