49. Хужурат

1.

Әй мүміндер! Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер. ЖәнеАлладан қорқыңдар. Шүбәсыз Алла, аса естуші, толық білуші.

2.

Әй мүміндер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстінекөтермеңдер. Өзара бір – біріңе дауыстағандай Пайғамбарға дабырлап сөйлеспеңдер.Ғамалдарың жойылып, аңғармай қаласыңдар.

3.

Шынында Пайғамбардың жанында дауыстарын бәсеңдеткендер,міне солар, Алла жүректерін тақуалық үшін сынағандар. Оларға жарылқау әрі зорсыйлық бар.

4.

(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған хұжыралардың арт жағынанайқайлағандардың көбі түсінбегендер.

5.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер сен оларға шыққанға дейін олар сабыретсе, әрине өздеріне жақсы болар еді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

6.

Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар.Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер.

7.

Араларыңда Алланың Елшісі барлығын біліңдер. Егер ол,істің көбінде сендерге багынса еді, әрине қиыншылыққа үшырар едіңдер. БірақАлла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді. Сондай-ақсендерге; қарсылықты, бүзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар туражолдағылар.

8.

Бұл Алладан кеңшілік, және нығмет. Алла толық білуші,хикмет иесі.

9.

Егер иүміндерден екі топ соғысса, дереу араларынжарастырықдар; мтбада екі жақтын бірі, екіншісіне өктемдік жасаса, бас тартқанжақпен Алланың әміріне қайтқандарына дейін соғысыңдар. Егер қайтса, араларынәділдікпен жарастырыңдар, туралық істеңдер. Расында Алла туралық істеушілердіжақсы көреді.

10.

Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңныңарасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер.

11.

Әй мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылиасын. Бәлкімолар өздерінен жақсы шыгар. Сондай-ақ әйелдер, әйелдерді келемеждемесін. Бәлкімолар өздерінен жақсы шыгар. Бір-біріңці міндеиеңдер; жаман ат тагыспаңдар. Иманкелтіргеннен кейін сүркей ат нендей жаиан. Ал кіи тәубе қылмаса, міне ооларзалымдар.

12.

Әй мүміндер! Ктмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені,ктмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулеріңөлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Аллатәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді.

13.

Әй адам баласы! Штбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден(Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді үлттар,рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Аллатолық білуші, әр нәрседен хабар алушы.

14.

Бәдеуилер: “Иман келтірдік” деді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға:”Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: “Мүсылман болдық” деңдер. Өйткені, иманжүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарга бағынсаңдар, ғамалдарыңнан ешнәрсе кемітпейді. Штбәсыз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді” де.

15.

Шын мәнінде сондай Аллаға, Елшісіне иман келтіргенмүміндер, сосын күдіктенбей; Алла жолына малдары әрі жандарымен согысты. Мінесолар, шыншылдар.

16.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Аллаға діндеріңді үйретесіңдерме? Негізінде Алла, көктердегі әрі жердегі нәрселерді біледі. Сондай-ақ Алла әрнәрсені толық білуші” де.

17.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар саган Мүсылман болгандықтарынабүлданады. Оларға: “Мүсылман болғандарыңа маған міндетсімеңдер. Керісінше, егершыншыл болсаңдар, сендерді иманға көндіктіргендігі үшін сендерге Алла,міндетсиді” де.

18.

Расында Алла, көктер мен жердегі қүпияны біледі.Сондай-ақ істегендеріңді толық көруші.