48. Фəтих

1.

(Мұхаммед Ғ.С.) Сөзсіз сені ашық жеңіске ие қылдық.

2.

Алла, өткен әрі келешектегі күнәңды жарылқау, саған дегеннығметін тамамдау және саған тура жол көрсету тшін.

3.

Тағы саған үстем бір нұсрат берер.

4.

Ол сондай Алла, мүміндердің иманын арттыра түсу тшінолардың жүректеріне тоқтау салды. Көктердегі және жердегі ләшкерлер Алланікі.Сондай-ақ Алла толық білуші, зор хикмет иесі.

5.

Мүмін ерлер мен әйелдерді астарынан өзендер ағатынжаннаттарға мәңгі қалатын ттрде кіргізу үшін жамандықтарын жояды. Міне осы,Алланың қасында зор табыс.

6.

Аллаға байланысты жаман ой ойлаган мгнафық ерлер менмтнафық әйелдерді, мтшрік ерлер мен мтшрік әйелдерді азапқа тшыратады. Жамандықөздеріне болсын. Алла оларға ашуланды, оларды лағынеттеді де оларга тозақдайындады. Нендей жаман барар жер.

7.

Көктер мен жердің әскерлері Алланікі. Әрине Алла, тымтстем, зор хикмет иесі

8.

(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде сені куә, қуантушы жәнеескертуші етіп жібердік.

9.

Аллаға, Елшісіне иман келтіресіңдер. Оны қуаттайсыңдар,Оны үлықтайсыңдар және ертелі-кеш Оны дәріптейсіндер.

10.

(Мұхаммед Ғ.С.) саған биғат қылғандар, (қол бергендер,)әрине Аллаға қол берген болады. Алланың қүдырет қолы олардың қолдарының үстінде.Сондықтан кім сертін бүзса, сонда өз зияньгаа ғана. Ал және кім Аллаға бергенсертін орындаса, оған зор сыйлық береді.

11.

Бәдеуилерден соғыстан қалып қалгандар, саған: “Біздімалдарымыз, семьяларымыз айналдырды. Сондықтан біз үшін жарылқау тіле” дейді.Олар, жүректерінде болмаған нәрсені тілдерімен айта береді. Оларға: “Егер Алла,сендерге бір зиян қаласа немесе бір пайда қаласа, сонда сендер үшін Аллаға біреуне істей алады? Олай емес. Алла сендердің не істегендеріңді толық біледі” де.

12.

Бәлкім сендер, Пайғамбарды, мүміндерді семьяларына мүлдеқайта алмайды деп ойладыңдар. БҮЛ жүректеріңде әдемі көрсетілді. Сондай-ақ жаманой ойладыңдар да жоғалуға лайық ел болдыңдар.

13.

Ал әлде кім Аллаға, елшісіне иман келтірмесе, сонда қарсыболгандарга жалындаған тозақ дайындадық.

14.

Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Кімді қаласа,жарылқайды да кімді қаласа, қинайды. Сондай-ақ Алла, аса жарылқаушы, ерекшемейірімді.

15.

Ол соғыстан қалып қалғандар, сендер олжа алу үшін кеткенкезде: “Бізді қоя беріңдер, сендерге ерейік” дейді. Олар Алланың сөзінауыстыруды қалайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Әсте бізге ермейсіңдер. Сендер үшінАлла, бүрыннан осылай айтқан” де. Сонда олар: “Олай емес. Сендер бізді көреалмайсыңдар” дейді. Олар өте аз түсінеді.

16.

(Мұхаммед Ғ.С.) соғысқа бармай қалған бәдеуилерге:”Сендер жақында аса күшті бір елге шақырыласыңдар да олармен согысасыңдар.Немесе олар Мүсылман болады. Егер бүл әмірге бағынсандар, Алла, сендерге жақсысыйлық береді. Ал егер бүрын бет бүрғандай бет бүрсаңдар, Алла, сендердікүйзелтуші азаппен қинайды” де.

17.

(Соғысқа қатынаспауда) соқырға бір оқасы жоқ. Ақсаққа даештеңе жоқ. Және ауруға да кінә болмайды. Кім Аллаға, Елшісіне багынса, ол,астарынан өзендер ағатын үжмаққа кіргізіледі. Ал кім жалтарса, ол, жантүршігерлік қинаумен қиналады. (Хүдайбия келісімі қарсаңында Меккеге жіберілгенхазіреті Ғүсман өлтірілді деген хабар бойынша Мұхаммед Ғ.С. ға мың үш жүзденартық сахаба бір ағаштың түбінде: “Соғысқа әзірміз” деп, биғат қылды. Б.Ж.М.К.)

18.

Расында Алла, мүміндерден ағаштың астында саған сертберген сәтте, разы болды да олардың жүректеріндегіні біліп, оларга тоқтау салды.Сондай-ақ оларға таяуда бір жеңіс нәсіп етті.

19.

Және оларға көптеген алатын олжаларды нәсіп етті. Аллатым үстем, хикмет иесі.

20.

Алла сендерге көптеген алатын олжаларды уәде етгі.Мүміндерге бір белгі болуы және сендерді тура жолға салуы үшін осы жеңістітезінен беріп, сендерден адамдардың (суық) қолын тосты.

21.

Одан басқа да әлі күштерің жетпеген, бірақ Алла, олардытолық игеруіне алған жеңістер де бар. Өйткені, Алланың әр нәрсеге толық күшіжетеді.

22.

Егер кәпірлер сендермен соғысса, әрине арттарына бүрылыпқашар еді. Содан кейін олар; бір дос не жәрдемші таба алмайды.

23.

Алланың бүрынннан келе жатқан жолы осы. Алланың жолындаешбір өзгеріс таба алмайсың.

24.

Ол сондай Алла, сендерді оларға өктем еткеннен кейінМекке ойпатында олардың қолдарын сендерден тыйып, сендердің қолдарыңды олардантыйды. Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші.

25.

Олар сондай кәпірлер, сендерді Месжіт Харамнан жәнетостырылған қүрбандықты орнына барудан тыйды. Бірақ егер Меккедегі сендербілмеген, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді сендер жаныштап, білместіктен обалынақалмайтын болсаңдар еді. (Соғысқа жол қойылар еді.) Алла кімді қаласа,мәрхаметіне бөлеу тшін (осылай істеді.) Мүбада мүміндер бөлінген болса еді,олардан қарсы келгендерді күйзелтуші азаппен қинар едік.

26.

Кәпірлер, жтректеріндегі надандық қасарысуымен сірескенкезде, Алла, Елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды да оларға тақуа сөзін жүктеді.Олар бүған лайығырақ және қабілетті еді. Алла әр нәрсені толық білуші.

27.

Расында Алла, Пайғамбарының ттсін хақиқат бойынша турашығарды. Алла қаласа, аман-есен әлбетте Месжіт Харамға шаштарыңды алдырып, неқысқартып бейбіт кіресіңдер. Алла сендердің білмеген нәрселеріңді білген еді.Сондықтан бтдан өзге бір жақын жеңіс нәсіп етті.

28.

Ол сондай Алла, дінін бткіл діндерден үстем қылу тшінПайғамбарын туралық әрі хақ дінмен жіберді. Куәлік түргысынан Алла жетіп асады.

29.

Мұхаммед (Ғ.С.) Алланың Елшісі. Онымен бірге болғандар,кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. Оларды рүкұғда, сәждеде көресің. ОларАлладан мәрхамет әрі ризалық тілейді. Олардың жтздерінде сәжделердің ізініңдерегі бар. Олардың Тәуратта да сипаттары, Інжілде де сипаттары бар; бұл басжарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік түрған егін сияқты. Бұл(мысал) егіншілерді таңырқатып, онымен кәпірлерді ызаландыру үшін. Алла, оларданиман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау, зор сыйлық уәде етті.