47. Мухаммəд

1.

Сондай қарсы болып, Алланың жолынан тосқандардың, Аллаамалдарын босқа жібереді.

2.

Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендердің сондай-ақМұхаммед (Ғ.С.) ке Раббы тарапынан ол шындықпен түсірілгенге иманкелтіргендердің Алла, жамандықтарын жойып, жағдайларын түзелтті.

3.

Бұның себебі: Шынайы қарсы болғандардың бос нәрсегеілесіп анық иман келтіргендердің Раббыларынан келген ақиқатка ілескендіктері.Осылайша Алла адам баласына өз мысалдарын келтіреді.

4.

Соғыста кәпірлермен кездессеңдер, мойындарына шабыңдар;оларды жаныштағанға дейін. Сонда берік байлаңдар (тұтқынға алыңдар) да сосынқамқорлық қылып (қоя беріңдер.) Немесе бодау алыңдар; Соғыс құралдарын қойғанғадейін (сөйтіңдер.) Егер Алла қаласа, олардан өш алар еді. Бірақ біріңді-біріңарқылы сынау үшін. Сондай Алла жолында өлтірілгендер болса, Алла олардыңамалдарын әсте зая қылмайды.

5.

Оларды тура жолға салып жағдайларын түзелтеді.

6.

Оларды өздеріне таныстырылған жаннатқа кіргізеді.

7.

Әй мүміндер! Егер Аллаға (дініне) жәрдем етсеңдер, Олсендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді.

8.

Сондай қарсы келгендерге келсек, олар жанышталсын. Аллаолардың амалдарын зая қылды.

9.

Бұның себебі: Шынында олар Алланың түсірген нәрсесін жеккөрді. Сондықтан Алла олардың амалдарын жойды.

10.

Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғылардыңсоңдарының қалай болғаның көрмей ме? Алла оларды талқандаған. Кәпірлер үшін солтәрізді болады.

11.

Өйткені Алла, иман келтіргендердің иесі. Шынындакәпірлердің иесі жоқ.

12.

Шәксіз Алла иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынанөзендер ағатын жаннатқа кіргізеді. Ал қарсы болғандар, (дүние тіршілігінен азғана) пайдаланып, хайуандар тәрізді жей береді. Олардың орны тозақ оты.

13.

(Мұхаммед Ғ.С.) сені шығарған кентіңнен тағы күштіқаншалаған кентті жоқ еттіқ. Сонда оларға болысушы болмады.

14.

Ал сонда Раббы тарапынан ашық дәлелде болған біреу, өзінежаман амалы әдемі көрсетіліп, әуестеріне ерген біреумен тең бе?

15.

Сондай тақуаларға уәде етілген жаннаттың мысалы: Онда ешбұзылмайтын өзен сулар, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішушілерге дәмдіарақтан өзендер және балдан өзендер, сондай-ақ онда оларға әр түрлі жеміс әріРаббыларынан жарылқау бар; (бұлар,) тозақта мәңгі қалып, қайнар су ішкізіліп,ішектері туралған біреумен тең бе?

16.

Олардың ішінен саған құлақ асқандар да жоқ емес. Ақырқасыңнан шыққан кезде, өздеріне ғылым берілгендерден: “Әзір не айтты?”,- депсұрайды. Міне бұлар, Алла, жүректерін бітеп қойған, әуестеріне ергендер.

17.

Ал сондай тура жол тапқандар, Алла, олардың туралықтарынарттыра түсіп, оларға тақуалық береді.

18.

Олар қиямет мезгілінің өздеріне кенеттен келуін ғана күтеме? Расында оның белгілері келді ғой. Қиямет келіп болғанда, үгіт алулары негежарайды?

19.

(Мұхаммед Ғ.С.) енді біл! Шын мәнінде Алладан басқа ешбіртәңір жоқ. Өзіңнің әрі мүмін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле! Алла,айналған әрі тұрақтаған жерлеріңді біледі.

20.

Иман келтіргендер: “Бір сүре неге түсірілмейді?”,- дейді.Ішінде соғыс баян етілген, ашық түсінікті бір сүре түсірілген кезде, (МұхаммедҒ.С.) жүректерінде дерті барлардың, саған; өзін өлім есірігі басқанның қарауыншақарағанын көресің. Оларга өлім артық.

21.

Бой ұсыну және дұрыс сөз керек еді. Іс бекіген сәтте,егер Аллаға опа қылса, әрине олар үшін қайырлы болар еді.

22.

Егер іс басына келетін болсаңдар, (немесе бет бұрсаңдар,)сендерден жер жүзінде бұзақылық істеу, жақындық байланысын үзу ғана үміт етілмейме? (Екі жүзді мұнафықтар іс басына келсе де бет бұрса да қайыр келмейді…)

23.

Олар, Алла, лағынет етіп, саңырау және көздерін соқырқылғандар.

24.

Әйтпесе олар, Құранды түсінбей ме? Немесе олардыңжүректері құлыптаулы ма?

25.

Шынында өздеріне туралық айқындалғаннан кейін арттарынақайтқандардікін шайтан жақсы көрсетіп, оларға үміт берді.

26.

Өйткені олар, Алланың түсіргенін жек көргендерге:”Сендерге кейбір істе бағынамыз” деді. Алла олардың сырларын біледі.

27.

Періштелер, олардың беттеріне, арқаларына ұрып, жандарыналғанда қалай болар еді?!

28.

Бұл шынында олар Алланы ашуландыратын нәрселерге еріп,Оның раздығын жек көргендіктен Алла, олардың амалдарын жойды.

29.

Немесе Жүректерінде дерті болғандар, Алла олардыңкектерін әсте ашыққа шығармайды деп ойлады ма?

30.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер қаласақ, мұнафықтарды саған көрсетередік те оларды бет бейнелерінен таныр едің. Әрине оларды сөз аңғарынан таныйсың.Алла істегендеріңді біледі.

31.

Әлбетте сендерден жауынгерлермен сабырлылардыанықтағанымызга дейін сынаймыз. Сондай-ақ хабарларыңды да байқаймыз.

32.

Шынында қарсы болып, Алланың жолынан тосқандар әріөздеріне туралық әшкереленгеннен кейін Пайғамбармен таласқандар, Аллаға ешбірзиян келтіре алмайды. Алла олардың амалдарын жояды.

33.

Әй иман келтіргендер! Аллаға бой ұсыныңдар әріПайғамбарға бағыныңдар. Сондай-ақ амалдарыңды бұзбаңдар.

34.

Расында қарсы болып, Алланың жолынан тосқандар, сосынкәпір күйінде өлгендер, оларды Алла, әсте жарылқамайды.

35.

Сондықтан босамаңдар, келісімге шақырмандар, сендерүстемсіңдер. Алла сендермен бірге. Әсте амалдарыңды зая қылмайды. (Бұл аяттағымақсат, күшке ие бола тұрып, келісім жасау.)

36.

Дүние тіршілігі бір ойын, ермек қана. Егер иман келтіріп,сақсынсаңдар, Алла сыйлықтарыңды береді. Сендердің малдарыңды сұрамайды. (17-С.29-А.)

37.

Егер сендерден оны (тұтас жұмсауларыңды) сұраса еді, ондасендерге ауыр тиіп, сараңдық қыларсыңдар да өштіктерің ортаға шыгар еді.

38.

Негізінде сендер сол Алла жолында мал жұмсауғашақырылудасыңдар. Алайда кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса,өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладанбет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты ауыстырады. Сосын олар сендерсияқты болмайды.