46. Ахқаф

1.

Ха Мим. (Ұғымын Алла біледі.)

2.

Бұл Кітап тым үстем, хикмет иесі Алла тарапынантүсірілді.

3.

Көктер мен жерді ері екі арасындағыларды шындық бойынша,бір мерзім белгілеп қана жараттық. Ал сондай қарсы болғандар, ескертілгеннәрседен жалтаруда.

4.

(Мұхаммед Ғ.С.) Оларға: “Алладан өзге шоқынғаннәрселеріңді көрдіңдер ме? Олар жер жүзінде не жаратты, маған көрсетіңдерші.Немесе олардың көктерде ортақтығы бар ма? Егер шыншыл болсаңдар, маған бүданбұрынғы бір кітап яки ғылми деректер келтіріңдер” де.

5.

Алладан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтынбіреуге табынғаннан кім залымырақ? Әрине табынғандары олардың жалбаруларынанхабарсыз.

6.

Адамдар жиналған кезде, оларға табынғандары дүшпан болып,олардың өздеріне қглшылық қылғандықтарына қарсы шыгады. (19-С. 80-81-А.)

7.

Оларға ап-ашық аяттарымыз оқылған кезде, сондай өздерінекелген шындыққа қарсы болғандар: “Мынау ашық бір сиқыр” дейді.

8.

Немесе олар: “Оны өзі жасады” дей ме? (Мгхаммед Ғ.С.):”Мтбада өзім жасаған болсам, сонда мені Алладан еш қорғай алмайсыңдар. Алла, олжөнде не көкігендеріңді жақсы біледі. Сондай-ақ Ол, мені мен сендердің арамызғакуәлікте жетіп асады. Және Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді” де.

9.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларга: “Мен елшілердің тұңғышы емеспін.Сондай-ақ маған әрі сендерге не істелетінін де білмеймін. Өзіме уахи етілгенгеғана ілесемін. Және ашық бір ескертуші ғанамын” де.

10.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Көрдіңдер ме? Егер де ҚұранАлланың қасынан болып, сендер оған қарсы болсаңдар; сондай-ақ Израилүрпақтарынан бір куә, осы сияқты (Тәурат) ға қуә болып, кейін иман келтірсе десендер менмесісеңдер, күдіксіз Алла залым елді тура жолға салмайды.”

11.

Сондай қарсы келгендер, иман келтіргендер үшін: “Егер(бүл дінде) игілік болса еді, олар бізден озбас еді. (Алдымен біз Мүсылман боларедік.)” деді. Онымен де тура жол таппағандықтан: “Бүл көне бір өтірік” деседі.

12.

Құраннан бүрын жолбасшы әрі игілік түрінде Мүса (Ғ.С.)ның кітабы бар еді. Міне осы Құран зүлымдық қылгандарға ескерту, жақсылықістеушілерді қуанту үшін арап тіліндегі растаушы бір Кітап.

13.

Күдіксіз сондай: “Раббымыз Алла” деп, сосын түп-туракеткендер, оларға; хауіп-қатер жоқ. Әрі олар күйінбейді.

14.

Міне осылар жаннаттық. Ғамалдарының бодауы түрінде ондамәңгі қалады.

15.

Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нүсқадық.Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әреқ босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу,(сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа үласқан кезде: “Раббым!Өзіме әке-шешеме берген ныгметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзуғамал істеуімді маган нәсіп ете көр! Менің үрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде,мен тәубе қылдым. Әрине мен бой үсынушыларданмын” деді.

16.

Міне бүлар, Біз жақсы ғамалдарын қабыл етіп,жамандықтарын кешіретін жаннаттықтардың ішінде болады. БҮЛ, оларга етілгеншынайы уәде.

17.

Ал енді әлде кім, әке-шешесіне: “Түь! Екеуін де меніқайта тірілтіп, шығумен қорқытасыңдар ма? Расында менен бүрын қаншалағаннәсілдер өтіп кетті. (Олар тірілмеді)” деді. Әке-шешесі Аллаға жалбарынып:”Саған нендей өкініш! Иман келтір. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ” дегенде, ол:”Бүл, бүрынғылардың гана ертегісі” деді.

18.

Міне осылар, бүрынғы өтіп кеткен, өздеріне делінген сөзбойынша азапқа душар болган жындар мен адамдар тобынан болады.

19.

Әркімнің ғамалы бойынша дәрежелері бар. Сондай-ақөздеріне гамалдарының бодауы толық беріледі де оларға әділетсіздік етілмейді.

20.

Сондай қарсы болғандар, отқа төндірілген күні: “Дүниетіршілігінің қызығын көріп, одан пайдаландыңдар. Ал енді бүгін жер жүзіндеорынсыз менменсіп, бүзақылық қылғандықтарың себепті қорлаушы азаппенжазаланасыңдар” (делінеді.)

21.

(Мұхаммед Ғ.С.) Ғад елінің туысын (Ћүд Ғ.С. ды) есіңе ал;сол уақытта Ахқафтагы еліне ескерткен еді. Расында одан бүрын да кейін деескертушілер өткен еді. Ол, еліне: “Алладан басқаға қүлшылық қылмаңдар. Шынмәнінде мен сендерге (келетін) зор күннің азабынан қорқамын” (деді.)

22.

Олар: “Сен, бізді тәңірлерімізден айныту үшін келдің бе?Мүбада шын айтушылардан болсаң, дереу бізге, бопсалаған нәрсеңді келтір” деді.

23.

“Шын мәнінде мәлімет Алланың қасында. Мен сендергеменімен жіберілген нәрсені жалғастырып, отырмын. Дегенмен сендерді надан елкөремін” деді.

24.

Сонда олар, апатты, ойпаттарына қарай жайылып, кележатқан бүлт түрінде көрген сәтте: “Бүл бізге жаңбыр жаудыратын бүлт” деді. (ЋүдҒ.С.): “Жоқ, ол, сендердің асыға тілегендерің; ішінде жан түршігерлік азабы барбір боран”

25.

Раббыңның әмірімен әр нәрсені тас-талқан қылады. Сондаолардың жүрттарынан басқа еш нәрсе көрінбей қалады. Қылмысты елге осылай жазабереміз.

26.

Расында оларға, сендерге берген мүмкіншілікті бергенедік. Сондай-ақ оларга есту, көру және ойлау қабілетін берген едік. Бірақолардың қүлақтары, көздері және жүректері ешбір пайда бермеді. Өйткені олар,Алланың аяттарына қарсы келетін еді. Олардың мазақтаган нәрселері бастарынажетті.

27.

Расында маңдарыңдағы кенттерді жоқ еттік. Райданқайтуларың үшін аяттарды егжей-тегжейлі түсіндірдік.

28.

Сонда Алладан өзге, Оған жақындық үшін жасап алгантәңірлері өздеріне неге болыспады. Керісінше олардан гайып болып кетті. Осы,олардың өтіріктері және жасавдылары.

29.

(Мұхаммед Ғ.С.) Сол уақытта саган жындардан Құрантыңдайтын бір топты келтірген едік. (Мұхаммед Ғ.С. Тайып пен Меккенің арасындагы”Нахла” ойпатында таң намазында Құран тыңдауға жындар келген.Б.Ж.М.Р.К.) Оларжетіп келген сәтте: “Үндемеңдер” десті. Сонда оқылуы біткен кезде, елдерінеескертуші болып қайтты.

30.

Олар: “Әй еліміз! Шын мәнінде біз Мүса (Ғ.С.) дан кейінтүсірілген алдынгыны растаушы, сондай-ақ шындыққа және тура жолға салатын бірКітап тыңдатық” деді.

31.

“Әй халқымыз! Алланың шақырушысын (Мұхаммед Ғ.С. ды)қабылдаңдар. Және Аллаға иман келтіріңдер. Күнәларыңды жарылқап, күйзелтушіазаптан қоргайды…”

32.

Әлде кім Алланың шақырушысын қабылдамаса да жер жүзіндеАлланы осалдата алмайды. Әрі оган, Одан өзге болысушы да болмайды. Міне осыларашық адасуда.

33.

Олар көрмей ме? Шәксіз Ол сондай Алла, көктер мен жердіжаратты. Сондай-ақ оларды жаратқанда болдырмаған Алланың өліктерді тірілтугешамасы келеді. Әрине Оның әр нәрсеге күші толық жетуші.

34.

Сондай кәпірлер, отқа әкелінетін күні, оларға: “Осышындық емес пе екен?”,- (делінеді) Олар: “Әрине Раббымызға серт” дейді. Сондаоларға: “Қарсы келгендіктерің себепті азапты татыңдар” делінеді.

35.

(Мұхаммед Ғ.С.) пайғамбарлардан майталмандар, сабыреткендей сабыр ет. Олар үшін асықпа; олар өздеріне уәде етілгенді, көрген күні,дүниеде күндізден бір дем ғана түрғандай білінеді. Бұл бір үқтыру. Бұзақы елғана жоқ етіледі.