45. Жəсия

1.

Ха Мим. (Ұғымын Алла біледі.)

2.

Бұл Кітап тым үстем, хикмет иесі Алла тарапынантүсірілді.

3.

Күдіксіз көктерде де жерде де белгілер бар.

4.

Сендердің жаратылуларыңда сондай-ақ жәндіктердің өрбіптаралуында нақ сенген ел үшін белгілер бар.

5.

Түн мен күндіздің ауысуында сондай-ақ Алланың көктенжаңбыр жаудырып, өлгеннен кейін жерге сонымен жан беруінде және желдердіигеруінде түсінген елге ғибрат бар.

6.

(Мұхаммед Ғ.С.) осылар Алланың аяттары. Саған бұлардыхақиқат бойынша оқимыз. Енді олар Алланың аяттарынан кейін қай сөзге сенеді?

7.

Барлық өтірікші, күнәкар қүрысын!

8.

Оларға оқылған Алланың аяттарын тыңдайды да сосынқасарысып, тәкаппарланған бойда естімегендей болады. Енді оны күйзелтуші азаппенқуандыр.

9.

Мүбада ол, аяттарымыздан бір нәрсе білсе, оны келемежгеалады. Міне соларға қорлаушы азап бар.

10.

Артынан тозақ дайын. Олардың істері де Алладан өзге жасапалған достары да ешбір пайда бермейді. Сондай-ақ оларға зор қинау бар.

11.

Бұл Құран бір жетекші. Сондай Раббыларының аяттарынақарсы болғандар үіыін күйзелтуші азаптың ең қоры бар.

12.

Ол сондай Алла, теңізді еріктеріңе берді. Оның бүйрығыментеңізде кемелерді жүргізіп, Оның кеңшілігінен несібе іздейсіңдер. Әрине шүкірлікетерсіңдер.

13.

Және де Ол, өз тарапынан сендер үшін көктердегі әріжердегі барлық нәрсені іске қосты. Шын мәнінде осыларда түсінген ел үшінбелгілер бар.

14.

(Мұхаммед Ғ.С.) иман келтіргендерге айт: “Алланың ауыркүнін үміт етпегендерді кешірім етсін. Өйткені Алла, бір елдің қылықтарыныңжазасын береді.

15.

Әлде кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандықістесе, о да өзіне. Сосын Раббыларыңа қайтарыласыңдар.

16.

Расында Израил ұрпақтарына кітап, патшалық, Пайғамбарлықжәне өздеріне таза ризық беріп сондай-ақ әлемдерге үстем қылган едік.

17.

Және де дін істерінде оларға ашық түсініктер бердік.Дегенмен өздеріне мәлімет келгеннен кейін өзара күншілік қылып, мүлдеталас-тартысқа түсті. Шын мәнінде Раббың қиямет күні араларындағы қайшылыққатүскен нәрселері турасында үкім береді.

18.

Сосын (Мұхаммед Ғ.С.) сені шариғат ісіне қойдық. Ендісонымен жүр. Білмегендердің ойларына ілеспе.

19.

Өйткені олар сені Алладан еш қоргай алмайды. Шынындазалымдар бір-бірінің досы. Сондай-ақ Алла тақуалардың досы.

20.

Бұл Құран адамдар үшін көрнеу дәлелдер және нақ сенгенелге жетекші әрі рахмет.

21.

Немесе жамандықтарды істегендер, өздерін; иман келтіріп,ізгі іс істегендер сияқты қылатындығымызды, тіршіліктерінде, өлімдерінде теңболарын ойлай ма? Олардың берген үкімі нендей жаман.

22.

Негізінде Алла (Т.) көктерді әрі жерді шындық бойыншажаратты. Әркімге қылыгының бодауы беріледі. Сондай-ақ олар әділетсіздіккеүшырамайды.

23.

(Мұхаммед Ғ.С.) көңлі тартқанын тәңір жасап алған,сондай-ақ Алла, өзін біліп адастырган және қүлагын, жүрегін бітеп, көзіне қалтқыжасаған біреулерді көрдің ме? Енді Алладан кейін оны тура жолға кім салады?Түсінбейсіңдер ме?

24.

Олар: “Тіршілігіміз дүниедегі ғана. Өлеміз, өмір стреміз.Бізді заман гана өлтіреді” дейді. Негізінде олардың бүған байланысты мәліметіжоқ. Олардікі межелеу гана. (Қүбылыстар; заманның айналуынан гана болады дейді.М.Р.К.)

25.

Оларға аяттарымыз ашықша оқылған кезде: “Егер сөздеріңшын болса, аталарымызды тірілтіп, келтіріңдер” деулерінен басқа дәлелдеріболмады.

26.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерді Алла тірілтеді сосьш өлтіреді.Сосын сендерді болуы шәксіз қиямет күнінде жинайды. Бірақ адамдардың көбітүсінбейді” де.

27.

Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қиямет-қайым болғанкүні, я сол күні; бүзық қүмарлар зиянға үшырайды.

28.

(Мұхаммед Ғ.С.) барлық үмметті жүгінген түрде көресің. Әрүммет гамал дәптеріне шақырылады да: “Бүгін қылмыстарыңның бодауы беріледі.”

29.

“Бұл Кітабымыз сендерге шындықты сөйлейді. Өйткені,сендердің істегендеріқді жаздырушы едік.”

30.

Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сонда олардыРаббылары мәрхаметіне бөлейді. Міне сол айқын қол жеткендік.

31.

Қарсы болғандарға: “Сендерге аяттарым оқылмап па еді?Сонда тәқаппарландыңдар. Сондай-ақ қылмысты ел, сендер едіңдер.”

32.

“Расында Алланың уәдесі хақиқат әрі қияметтің келуіндешәк жоқ” делінген уақытта: “Қияметтің не екенін білмейміз. Бір ой жору ғана депойлаймыз. Сондай-ақ біз анық нанушы емеспіз” (дер едіңдер.)

33.

(Дегенше) істеген істерінің жамандықтары әшкереленіп,олардың мазақтаған нәрселері бастарына жетті.

34.

Оларға: “Сендер осы күнге жолығуды үмытқандай сендердіБіз де ұмытамыз. Орындарың от. Сондай-ақ сендер үшін бір жәрдемші болмайды”делінеді.

35.

Бүларың, Алланың аяттарын мазақтағандықтарыңныңсалдарынан. Әрі сендерді дтние тіршілігі алдады. Сондықтан олар тозактаншыгарылмайды да ғүзырлары қабыл етілмейді.

36.

Барлық мақтау, көктер мен жердің және әлемдердің РаббыАллаға тән.

37.

Сондай-ақ Көктерде, жерде үлықтық Онікі. Ол тым үстем,аса дана.