44.Духан

1.

Ха Мим. (Ұғымын Алла біледі.)

2.

Ашық баян етуші Құранға серт.

3.

Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Бізескертушіміз. (97-С. 1-А.)

4.

Ол кеште барлық хикметті істер айрылады.

5.

Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілердіжіберушіміз.

6.

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әрнәрсені естуші, толық білуші.

7.

Егер анық сенетін болсаңдар, көктер мен жердің әрі екіарасындағылардың Раббы.

8.

Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Тірілтеді, өлтіреді.Сендердің де Раббыларың, бұрынғы аталарыңның да Раббы.

9.

Бірақ олар, бір күдік ішінде ойнауда.

10.

(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретінкүнін күт. (Қуаншылықтан аш қалған елдің көздері бүлдырап, жер, көктің бүлыңғыркөрінетін күні. Немесе қиямет белгілері түрінде қаптайтын қара түнек.Б.Ж.М.К.Р.)

11.

Адамдарды қаптап алады; БҮЛ жан түршігерлік азап.

12.

Олар: “Раббымыз! Бізден бүл азапты айықтыр. Шынында иманкелтіргенміз.”

13.

Оларға үгіт алу қайда? Расында оларга ашық түсіндірушібір Пайғамбар келген.

14.

Сосын олар одан бүрылды да: “Үйретілген бір жынды” деді.

15.

Расында бейнетті біраз айықтырамыз. Дау жоқ! Сендерқайталайсыңдар.

16.

Өте қатты үстаумен үстаған күні, әрине тиісті жазасынбереміз.

17.

Расында бүлардан бүрын Перғауын елін де сынаған едік.Оларға ардақты пайғамбар келген.

18.

“Алланың қүлдарын маған тапсырыңдар. Өйткені мен сендергесенімді бір Пайғамбармын” деді.

19.

“Аллаға астамшылық қылмаңдар. Шын иәнінде сендерге ашықдәлелмен келдім.”

20.

“Күдіксіз мен сендердің таспен атуларыңнан Раббыма жәнесендердің де Раббыларың (Аллаға) сиындым.”

21.

“Егер маған иланбасаңдар, менен аулақ болыңдар.”

22.

Сонда (Мүса Ғ.С.): “Бүлар қылмысты ел” деп, Раббынажалбарынды.

23.

(Алла Т.): “Қүлдарымды түнде алып кет. Сөз жоқ, арттарыңақуғыншы түседі.”

24.

“(Теңізден өтіп алганнан кейін) теңізді ашық қойып қой.Өйткені олар суға бататын ләшкер!

25.

Олар қаншалаған бақшалар, бұлақтар қалдырды;

26.

Қаншалаған егіндер, көркем мекендерді де.

27.

Сондай-ақ ішінде қарқ болып кенелген дәулеттерді де.

28.

Осылайша оларға басқа бір елді мүрагер қылдық.

29.

Сонда оларға көк те жер де жыламады. Әрі олартостырылмады. (Оларга қайгырган да болмады және мүрса да берілмеді.Б.)

30.

Расында Израил үрпақтарын қорлаушы бөйнеттен қүтқардық;

31.

Перғауыннан. Өйткені ол, тым шектен шығушылардан еді.

32.

Расында Израил үрпақтарын біле түра әлемге ықпалдықылдық.

33.

Сондай-ақ оларға мүғжизалар бердік. Онда ашық сынау бареді.

34.

Күдіксіз олар, бүйдейді:

35.

“Бізге осы алғашқы өлімнен басқа түк жоқ. Сондай-ақ бізқайта тірілмейміз;”

36.

“Мүбада рас айтушы болсаңдар, аталарымызды алыпкеліңдерші;”

37.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар артық па? Немесе Түббағ елі ме?Олардан бүрынгы елдер ме? Оларды да жоқ еттік. Өйткені олар қылмысты еді.

38.

Көктерді де жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді деойьгашық қып жаратпадық.

39.

Екеуін хақиқат бойынша жараттық. Бірақ олардың көбібілмейді.

40.

Расында олардың бір арага жиналатын билік күні.

41.

Ол күні достың досқа еш пайдасы болмайды әрі оларгажәрдем етілмейді.

42.

Бірақ Алла мәрхамет еткен кісі ғана пайдалана алады.Күдіксіз Ол Алла, тым тстем, ерекше мейірімді.

43.

Шынында заққұм ағашы; (23-С. 62-А.)

44.

Күнәкарлардың тамагы.

45.

Балқыған кен сияқты қарындарында қайнайды.

46.

Қайнаған су құсаған.”

47.

“Оны үстаңдар да сүйретіп, тозақтың ортасына тастаңдар.”

48.

“Сосын басының үстіне азап ретінде қайнар су қойыңдар.”

49.

“(Азапты) тат. Расында сен өзіңше үстем, қүрметті едің.”

50.

“Шынында күдіктенген нәрселерің осы.”

51.

Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады;

52.

Бақшаларда бұлақтарда,

53.

Жұқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады.

54.

Осы сияқты, сондай-ақ оларды бота көз хұрларменүйлендіреміз.

55.

Ол жерде бейбіт түрде әр түрлі жемісті сұрай алады.

56.

Ол жерде дүниедегі алғашқы өлімнен басқа ешбір өлімтатпайды. Алла оларды тозақтың азабынан сақтаған.

57.

Раббыңнан кеңшілік, міне осы зор қол жеткендік.

58.

(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшінҚұранды сенің тіліңнен ғана оңайластырдық.

59.

Нәтижені сен де күт. Расында олар да күтуде.