42. Шура

1.

Ха Мим. (Ұғымын Алла біледі.)

2.

‘Айн Син Қаф. (Ұғымын Алла біледі.)

3.

(Мұхаммед Ғ.С.) Тым үстем, аса дана Алла (Т.) саған дасенен бұрынғыларға да осылайша уахи етті.

4.

Көктердегі, жердегі барлық нәрсе Оныкі. Ол тым жоғары,өте зор.

5.

(Алладан қорқып) көктер тстінен жарыла жаздайды.Періштелер Раббыларын дәріптей мақтап, жердегілерге жарылқау тілейді. Көңілбөліңдер. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, төтенше мейірімді. (40-С. 7-А.)

6.

Сондай Алладан өзге ие жасап алғандарды; Алла бақылайды.(Мұхаммед Ғ.С.) Сен оларға кепіл емессің.

7.

Осылайша қалалардың орталыгы (Мекке халқын) әрімаңындағыларды қорқытуың және де болуында шәк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін;саған арапша Бір Құран уахи еттік. Ол күні; бір топ жаннатта, бір топ тозақта.

8.

Мүбада Алла қаласа оларды бір-ақ үммет қылар еді. АлайдаАлла, кімді қаласа, мәрхаметіне бөлейді. Залымдарға дос та көмекші де жоқ.

9.

Я, олар Алладан өзге ие жасап алды ма? Негізінде Алла,өзі ие; Ол өліні тірілтеді. Және Оның әр нәрсеге толық күші жетуші.

10.

Сендер тартысқан нәрсе турасында шешім жасау Аллаға тән.Міне осы Алла, менің Раббым. Оған тәуекел еттім әрі Оған мойынсал болдым.

11.

Көктер мен жердің жаратушысы; ;ендер үшін өзжыныстарыңнан жүбайлар жаратып, хайуандар үшін це жүптер жаратушы. Өстіпсендерді эсірді. Еш нәрсе Ол сияқты емес. Ол Алла, әр нәрсені естуші, толнқкөруші.

12.

Көктер мен жердің (қазыналарының) кілті Оған тән. Кімдіқаласа, несібесін кеңітеді де шамалайды. Өйткені Ол, әр нәрсені толық білуші.

13.

(Мұхаммед Ғ.С.) Алла Нүх (Ғ.С.) қа нүсқау бергеннәрселерді және саган уахи еткенімізді сондай-ақ Ыбырайым, Мүса және Ғиса (Ғ.С.)га нүсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: Дінді мықты орындаңдарда дінде бөлінбеңдер. Сенің шақырган нәрсең мүшріктерге ауыр келді. Алла оған(сен шақырған дінге) кімді қаласа, оны сайлайды. Кім Оған бейімдесе оны туражолга салады.

14.

Олар өздеріне білім келгеннен кейін араларындагы көреалмастықтың салдарынан гана бөлінді. Егер Раббың тарапынан, белгілі бір мерзімгедейін сөз бекіген болмаса еді, әлбетте араларында іс біткен болар еді. Расындаолардан кейін Кітапқа мүрагер етілгендер де әлбетте одан шәк ішінде күдүктенуші.

15.

(Мұхаммед Ғ.С.) міне сол үшін хақиқатқа шақыр дабүйрылғаныңдай мықты түр. Олардың ойларына ілеспе және оларға: “Алла түсіргенКітапқа иман келтірдім. Сондай-ақ араларыңда әділдік қылуға бүйрылдым. Алла,біздің де Раббымыз, сендердің де Раббыларың. Біздің ісіміз бізге, сендердіңістерің сендерге тән. Сендер мен біздің арамызда тартыс жоқ. Алла арамыздықосады. Және қайтар орын сол жақ” де.

16.

Дін қабылданғаннан кейін Алла турасында дауласқандардыңдаулары Раббыларының қасында босқа. Оларга ашу және қатты азап бар.

17.

Ол сондай Алла, Кітапты және өлшеуді шындықпен түсірді.Қайдан білесің? Қиямет жақын шығар.

18.

Оған сенбегендер, асығыс тілейді. Сенгендер, оданүрейленіп, оның хақ екенін біледі. Сақ болыңар! Ол мезгіл жайында тартысатындар,әлбетте үзақ адасуда.

19.

Алла (Т.) қүлдарын өте аяушы. Кімді қаласа, несібебереді. Ол өте күшті, тым үстем.

20.

Кім ахирет пайдасын қаласа, оған оның пайдасын арттыратүсеміз. Ал және кім дүниенің пайдасын іздесе, оган одан береміз. Оған ахиреттенесібе жоқ.

21.

Немесе дін түрғасынан Алла бүйырмаган нәрсені оларгашариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әринеараларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар.

22.

(Мұхаммед Ғ.С.) залымдарды, қылмыстарының жазасы келуіненшошығандарын көресің. Ал сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер, жаннатбақшаларында болады. Олар үшін Раббыларының қасында не тілесе бар. Міне сол, үлыкеңшілік.

23.

Міне Алла, иман келтіріп, ттзу іс істеген қүлдарынқуанышқа бөлейді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерден бүған жақындық махаббаттан басқаешбір ақы тілемеймін” де. Кім бір жақсы табысқа ие болса, оның бүндағыжақсылығын арттыра ттсеміз. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, пггкірліктібагалаушы. (Бүл аяттағы, жақын сүйіспеншілік: “Қүлшылық арқылы Аллаға жақындау.Немесе Қүрайштан болғандығым үшін жақындық көрсетіп жапа бермеулеріңді қалаймын”деген үғымдарда. Б.Ж.М.К.Р.)

24.

(Мұхаммед Ғ.С. олар сені): “Аллаға өтірік жала қойды” дейме? Алла қаласа, сенің жүрегіңді де бітер еді. Алла, өтірікті жойып, өзсөздерімен шындықты шынға шыгарады. Өйткені Ол, жүректегілерді толық біледі.

25.

Ол, қүлдарының тәубесін қабыл етеді де күнәларынкешіреді. Әрі не істегендеріңді біледі.

26.

Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің тілегін қабылетіп, кеңшілігімен арттыра түседі. Ал қарсы болғавдар үшін қатты азап бар.

27.

Егер Алла қүлдарына несібені кеңітіп жіберсе, әлбетте жержүзінде бүліншілік шыгарады. Бірақ қалаған мөлшерде несібе береді. (43-С. 32-А.)Өйткені Ол, қүлдарынан толық хабар алушы, көруші.

28.

Ол сондай Алла, олар күдер үзгеннен кейін жаңбыржаудырып, рахметін шашады. Ол мақтаулы ие.

29.

Көктер мен жердің жаратылуы және ондағы жәндіктердіңтаралуы Оның белгілерінен. Ол, оларды қашан қаласа да жинауға күші толық жетеді.

30.

Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңніңсалдарынан болады. Және де Алла көбін кешіп жібереді.

31.

Сендер Оны жер жүзінде осалдата алмайсыңдар. Сондай-ақсендерге Алладан өзге ие де жәрдемші де жоқ.

32.

Теңізде таулардай кемелердің жүруі де Алланыңбелгілерінен.

33.

Егер Ол қаласа, желді тоқтатар еді де кемелер су үстіндетүрьш қалар еді. Даусыз бүнда өте сабырлы, толық шүкір етушілерге өнегелер бар.

34.

Немесе оларды қылмыстарының салдарынан жоқ етеді; көбінкешірім етеді.

35.

Аяттарымыз турасында тартысқандар, өздеріне бір қашатынжер болмағанын білсін.

36.

Ал енді сендерге берілген нәрсе, дүние тіршілігінің ғанапайдасы. Алланың қасындағы нәрселер иман келтіріп, Раббыларьша тәуекел етушілерүшін хайырлы да түракты.

37.

Сондай зор күнәлардан, арсыздықтардан сақтанган сондай-ақашу кернеген кезде өздері кешірім еткендер;

38.

Ал және сондай Раббыларына мақүл дегендер, намазды толықорындагандар сондай-ақ өзара істерін кеңеспен жүргізгендер және өздеріне бергеннесібемізді тиісті орындарға жүмсағандар. (3-С. 159-А.) (Т-Қ.) (Өзара ақылдасып,іс жүргізу Мүсылманшылықтың елеулі бір сипаты боп, саналады.)

39.

Және де егер оларға бір зүлымдық болса, оларжәрдемдеседі.

40.

Бір жамандықтың жазасы өзіндей ғана жамандық. Сонда кімкешірім етіп, жарасса; онда оның сыйлығы Аллаға тән. Күдіксіз Ол, залымдардыжақсы көрмейді.

41.

Әлбетте біреу зүлымдық көргеннен кейін өшін алса, сондаоларға сын жоқ.

42.

Шынында сөгіс, адамдарга зүлымдық қылып, жер жүзіндеорынсыз шектен шыққандарға лайық. Міне солар үшін жан түршігерлік азап бар.

43.

Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердіңең маңыздысы осы.

44.

Әлде кімді Алла адастырса, сонда одан кейін оның ешбіржәрдемшісі болмайды. Залымдар азапты көрген сәтте: “Қайтатын бір жол барма?”,-дегенін көресің.

45.

Олар тозаққа төндірілгенде, корлықтан сүмірейіп, жасырынкөз қүйрыгымен қарағанын көресің; иман келтіргендер оларды: “Зиянда болғандар,қиямет күні; өздерін де семьяларын да зиянға ұшыратқандар” дейді. Байқаңдар! Даужоқ, залымдар ттрақты азапта болады.

46.

Олардың өздеріне Алладан басқа жәрдем ететін достары жоқ.Әлде кімді Алла адастырса, сонда оған ешбір жол жоқ.

47.

Алла тарапынан, кейін қайтарылмайтын бір күн келуденбүрын Раббыларыңа мақүл деңдер. Ол күні сендерге паналар жер жоқ әрі танаалмайсыңдар!

48.

(Мұхаммед Ғ.С.) енді егер олар бет бүрса, сені оларгакүзетші етіп, жібермедік. Саған жалгастыру ғана міндет. Расында қашан адамбаласына өз мәрхаметімізден таттырсақ, сонда оған мәз болады. Ал егер қолекіістеген кесірлерінің салдарынан бастарына бір жамандық келсе, сонда сөз жоқ,адам баласы мүлде қарсы келеді.

49.

Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қалағанын жаратады.Кімге қаласа, қыздар, кімге қаласа үлдар береді.

50.

Немесе үлдармен қыздарды жүп-жүбімен береді. Сондай-аққалағанын бедеу қылады. Күдіксіз Ол, толық білуші, аса күшті.

51.

Алла (Т.) бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесеперде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бүйрығымен қалаганын уахиетеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі. (Мысалы: Ыбырайым Ғ.С. га баласынқүрбан шалу түсінде аян берілген.27-С. 12-А. Алла (Т.) Мүса Ғ.С. га көрінбей,сөзі естілген түрде сөйлескен. 7-С. 143-А. Көбінесе Пайғамбарларға уахи арқылынүсқау берілген.4-С. 163-А.)

52.

(Мұхаммед Р.С.) саған осылайша әмірімізден бір “Рүх”(Құран. Ж.М.Р.) уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? ] Білмейтін едің. БірақҚұранды нүр , қылып, онымен қтлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз.Расында сен тура жолға бастайсың.

53.

Ол, көктер мен жердегі нәрселер өзіне тән Алланың жолы.Сақ болыңдар! Істер Аллаға қайтады.