41. Фуссилəт

1.

Ха Мим. (Ұғымын Алла біледі.)

2.

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла тарапынан түскен.

3.

Бұл Кітап, білген ел үшін аяттары ашық-ашық баян етілгенарапша Құран.

4.

Қуандырушы, қорқытушы. Алайда олардың көбі жалтарады.Сондықтан олар қүлақ салмайды.

5.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар: “Сен бізді шақырған нәрсегежүрегімізде бір перде қүлақтарымызда бір кереңдік бар Сондай-ақ біз бен сеніңарамызд; далда бар. Сондықтан сен өзіңш<істе де біз өзімізше істейік” деді.

6.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Мен де сендер сияқты ғана адаммын.Маган Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондықтан сол бағытқажөнеліңдер әрі Одан жарылқау тілеңдер. Аллаға серік қосқандарға нендей өкініш”де.

7.

Сондай зекеттерін өтемегендер солар; өздері ахиретке деқарсы.

8.

Расында иман келтіріп, ізгі іс істегендер, олар үшінтаусылмайтын сыйлық бар.

9.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сендер жерді екі күндежаратқанға қарсы келесіңдер ме? Сондай-ақ Оған теңеулер жасайсыңдар ма? Бұлбүкіл әлемнің Раббы” де.

10.

Жерге үстінен асқар таулар жаратты да құт-береке қойып,жер жүзіндегілердің ризықтарын төрт күнде шамалады. Бұл сүраушылар үшін туражауап.

11.

Сосын көкке жөнелді. Ол, бір түтін еді. Сонда оған әріжерге: “Екеуіңде ерікті немесе еріксіз түрде келіңдер” деді. Екеуі де: “Бойұсынған түрде келдік” деді. (30-С. 31-А.)

12.

Оларды жеті көк етіп, екі күнде жасады. Сондай-ақ әркөктің міндетін өзіне білдірді. Жақын көкті жұлдыздармен әшекейледік әрі,қорғауға алдық. Осы тым үстем, олық білуші Алланың тақдыры.

13.

(басқа: 7-С. 54-А. 10-С. 3-А. 11-С.-А. 25-С. 59-А. 32-С. 4-А. 50-С. 8-А. 57-С. 4-А. болып, жеті жерде жер, көк бүкіл әлемнің алты күнде жаратылғандығы баян етіледі. Бірақ Алланың қасында бір күн елу мың жыл.70-С. 4-А.)

(Мұхаммед Ғ.С.) Олар бет бұрса: “Сендерге Ғад, Сәмүд елінің басына келгеннайзағай сияқты апатты ескертемін” де.

14.

Сол уақытта оларға ілгері кейін елшілер келіп: “Аллағағана құлшылық қылыңдар” дегенде, олар: “Егер Раббымыз қаласа, әлбетте періштелертүсірер еді. Расында біз сендер арқылы жіберілген нәрсеге қарсымыз” деді.

15.

Сонда Ғад елі жер жүзінде орынсыз өздерін жоғары санап:Бізден артық күшті кім бар?”,-деген еді. Олар өздерін жаратқан Алланың оларданкөрі күштірек екендігін білмеді ме? Олар, аяттарымызға қарсы келді.

16.

Оларга дүниеде қорлық азабын таттыруымыз үшін өздерінесәтсіз күндерде суық дауыл жібердік. Әрине ақырет азабы одан да сорлаушы. Оларғакөмек етілмейді.

17.

Ал енді Сәмүд еліне келсек, оларға тура жол көрсеттік;бірақ олар туралықтан көрі көзсіздікті жақсы көрді. Сондықтан олардықылықтарының салдарынан қорлық азабының найзағайы қолға алды.

18.

Сондай иман келтіріп, сақсынғандарды құтқардық.

19.

Сол күні Алланың дүшпандары тозаққа айдалуға жиналып,сонда олар алды-артын тосады.

20.

Ақыр олар оган барған кезде; оларға қүлақтары, көздеріжәне терілері олардың не істегендеріне айғақ болады. (36-С. 25-А.)

21.

Олар терілеріне: “Не үшін бізге куә болдыңдар?”,- дейді.(Терілері): “Бізді әр нәрсені сөйлеткен Алла сөйлетті; сендерді алғаш ретжаратқан және Сол жаққа қайтарыласыңдар” деп жауап береді.

22.

Сендер өздеріңе қүлақтарың, көздерің және терілерің айгақболады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті Алла, істегендеріңнің көбін білмейді депойлаушы едіңдер.

23.

Міне осы Раббыларың туралы ойлаған ойларың, өздеріңдіжойды да сонда зиянға үшыраушылардан болдыңдар

24.

Егер олар, енді шыдайтын болса, олардың орны от. Олар,кешірім тілесе де қабыл етілмейді.

25.

Оларға сыбайластар қостық. (Шайтандарды ерікті қылдық.Б.М.) Сонда оларға алды-артындағы нәрселерді әдемі көрсетті. Сондықтан бүларданбурын өткен, жын және адам баласынан болған елдерге берілген азап әмірі бглардыңбасына да келді. Өйткені олар, зиянға үшыраушылардан еді.

26.

Және қарсы келушілер: “Бұл Құранды тыңдамаңдар, оқылғандашуылдаңдар. Бәлкім жеңіске ие боларсыңдар” десті.

27.

Әрине қарсы қелгендерге қатты азап таттырамыз. Сондай-ақістеген жамандықтарының сазайын береміз.

28.

Міне осы Алланың дүшпандарының сазайы от. Олар үшін ондамәңгілік орын бар. Аяттарымызға қарсы келгендердің жазасы (осы).

29.

Қарсы болғандар: “Раббымыз! Жыннан да адамдардан да біздіадастырғандарды көрсет! Оларды табандарымыздың астына салайық. Еңтөмендегілерден болсын” дейді.

30.

Расында: “Раббымыз Алла” деп, сосын мықты түрғандар,оларға періштелер түседі де: “Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілгенжаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер” дейді.

31.

“Біз, дүние тіршілігінде де ақиретте де достарыңбыз.Сендерге ол жаннатта көңілдерің көксеген нәрселер бар. Сондай-ақ сендерге нетілесеңдер бар.”

32.

Бұл аса жарылқаушы, тым мейірімді Алла тарапынан бірсыйлық.

33.

“Шын! Мен Мұсылмандарданмын.” деп, Аллаға шақыра отырыпізгі іс істеген кісіден сөз тұрғысынан жақсы кім бола алады?

34.

Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркемтүрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл.) Сол уақытта сені мен екеуіңІраңда дүшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді.

35.

Бұл қасиет; сабыр еткендерге ғана нәсіп 5олады. Сондай-ақбүл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады.

36.

Ал енді сені шайтаннан бір түлен түртсе, сонда Аллағасиын. Өйткені, Ол әр нәрсені толық естуші, білуші.

37.

(Сәжде бар.) Түн мен күндіз және күн мен ай Алланыңдәлелдерінен. Күнге де айға да сәжде қылмаңдар. Оларды жаратқан Аллаға сәждеқылыңдар; егер Оған қүлшылық қылатын болсаңцар.

38.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер олар тәкаппарланса, Раббыңныңқасындагылар, (періштелер) Оны, күндіз-түні дәріптеуден жалықпайды.

39.

(Мұхаммед Ғ.С.) расында жердің қүрғап қалғанын көресің.Сонда Біз оған жаңбыр жаудырған мезгілде қүлпырып көпсуі Алланың дәлелдерінен.Күдіксіз оны тірілткен Алла, өліктерді де тірілтеді. Өйткені Оның әр нәрсегетолық күші жетуші.

40.

Шын мәнінде сондай аяттарымызда бүрмалаушылық жасагандар,Бізге жасырын емес. Ендеше отқа тасталған біреу жақсы ма? Немесе қиямет күніаман-есен келген біреу жақсы ма? Қалагандарыңды істеңдер. Сөзсіз Алла, неістегендеріңді толық көруші.

41.

Расында өздеріне Құран келген кезде, қарсы болғандар бар.Шын мәнінде ол, ардақты бір Кітап.

42.

Оның алдынан да артынан да бос сөз келмейді.(араласпайды.) Аса дана, өте мақтаулы Алла тарапынан түсірілген.

43.

(Мұхаммед Ғ.С.) саған сенен бүрынғы елшілерге айтылғанғана айтылды. Күдіксіз Раббың жарылқау әрі күйзелтуші азап иесі.

44.

Мүбада оны бөгде тілде бір Құран қылсақ, әлбетте олар:”Аяттары неге ашық баян етілмеген? Арапқа бөгде тілде айтыла ма?”,- дер еді. “ОлҚұран иман келтіргендерге бір тура жол және шипа” де. Ал иман келтірмегендердіңқүлақтарында кереңдік бар. Сондай-ақ Құран оларға бір соқырлық. (Қараңгылық.)Олар үзақ бір жерден шақырылғандай.

45.

Расында Мүса (Ғ.С.) ға кітап бердік. Сонда ол туралы даталасылды. Раббыңнан алдын ала бір үкім болмаса еді, әріне араларында іс біткенболар еді. Анығында олар, шәк ішінде одан күдіктенуде.

46.

Кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандықістесе де өзіне тән. Раббың қүлдарына зглымдық істеуші емес.

47.

Қиямет мезгілінің мәліметі Аллаға тән. Оның білуінен тыс,жемістердің ешбірі қауашағынан шықпайды. Және ешбір үрғашы жткті болмайды датумайды. Оларға: “Менің ортақтарым қайда?”,- деп сүралган күні, олар: “Сағанүсындық; бізден оған куә болушы жоқ” дейді.

48.

Бұрынғы шоқынғандары олардан ғайып болды. Өздерінің қашаржерлері болмаганын түсінді.

49.

Адам баласы жақсылық тілеуден жалықпайды да егер оған біржамандық душар болса, сонда иүлде күдер үзіп, үмітсізденеді.

50.

Ал егер оған шалдыққан бейнеттен кейін өзіне жанымызданмәрхамет етсек: “Бүл менің ақым; тіпті қиямет-қайым боларын да ойламаймын”дейді. Мүбада Раббьша қайтарылсам да сөзсіз мен үшін Оның жанында тағы жақсырағыбар” дейді. Әлбетте осындай қарсы болгандардың не істегендерін түсіндіреміз.Сондай-ақ оларга азаптың ауырын таттырамыз.

51.

Қашан адам баласына бір нығмет берсек, бет бүрады да өзжағына қыңыраяды. Қашан оған бір сүмдық душар болса, сонда ол, көлемді түрдежалбарынады.

52.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Көрдіңдер ме? Я, осы Құран Алланыңқасынан келген болып, сосын оған қарсы келсеңдер, ол үзақ қайшылыққа түскенбіреуден артық адасқан кім бола алады?”

53.

Құранның мүлде шын екендігі айқындалганга дейін әлемдегіжәне өздеріндегі белгілерімізді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсегекуә екендігі саған жеткілікті емес пе?

54.

Абайландар! Расында олар Раббыларына жолығуданкүдіктенуде. Көңіл бөліңдер. Әрине Алла әр нәрсені толық меңгеруші.