40. Му’мин

1.

Ха Мим. (Ұғымын Алла біледі.)

2.

Кітаптың түсірілуі, өте үстем, аса білуші Алла тарапынан.

3.

Күнәны жарылқаушы, тәубені қабыл етуші, азабы да қаттыжәне кеңшілік иесі. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әрі қайтар орын Сол жақ.

4.

Алланың аяттары турасында қарсы болғандар ғана тартысады.(Мүхаммед Ғ.С.) сені, олардың мемлекеттерде кезіп жүрулері алдамасын. (3-С.196-А.)

5.

Олардан бүрында Нүх (Ғ.С.) тың елі әрі одан кейінгітоптар да жасынға шығарган болатын. Әр үмиет өз елшілерін қолға алуга белбайлады. Сондай-ақ хақиқатты бос нәрселер арқылы қүлатуға тырысты. Сондықтаноларды қолға алдым. Жазаландыруым қалай екен?

6.

Осылайша қарсы болушыларға байланысты Раббыңның сөзішындыққа айналды. Сөз жоқ, олар тозақтық.

7.

Сондай ғаршыны көтерген және оның маңындағы періштелер,Раббыларын мақтаумен дәріптейді, Оған сенеді. Сондай-ақ иман келтіргендер үшін:”Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубеетіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!”,- (дептілейді.) (Ғаршыны көтеруден мақсат; қорғау, басқаруға міндеттендірілгенперіштелер: Олар сап-сап болып, Алланың бірлігін, ұлықтығын баян етіп, дәріптейқүлшылық қыла отырып Мүсылмандар үшін де хайыр дүға етеді. Б.Ж.М.К.Р.)

8.

“Раббымыз! Оларды әрі аталарынан, жүбайларынан жәнеүрпақтарынан кім ттзу болса, оларды өзің уәде еткен Ғадын жаннаттарына кіргізекөр. Ктдіксіз Сен өзің тым үстем, аса данасың…”

9.

“Оларды жамандықтардан қорга. Ол күні кімді жамандықтанқоргасаң, сөз жоқ, оны мәрхаметіңе бөлеген боласың. Міне сол, зор қолыжеткендік.”

10.

Расында сондай қарсы болғандарға (қиямет күні): “Алланыңашуы, сендердің өз ашуларыңнан зорырақ. Өйткені, сендер иманға шақырылған кезде,қарсы болдықдар” деп дабысталады.

11.

Олар: “Раббымыз! Бізді екі рет тірілтіп екі рет өлтірдің.Енді күнәларымызға мойындадық. Ал енді бізге шығар жол бар ма?”,-дейді. (2-С.28-А.)

12.

Оларға: “Бір ғана Аллага шақырылғанда қарсы шықтыңдар даал Оған ортақ қосылса, сенетін едіңдер. Ал енді үкім өте жоғары, аса үлы Аллагатән” (делінеді)

13.

Ол сондай Алла, сендерге дәлелдерін көрсетті. Тағысендерге көктен несібе түсірді. Бірақ бой үсынган кісі ғана үгіт алады.

14.

Егер қарсы болғандар, жек көрсе де дінді өзіне ғанаарнап, нағыз Аллага жалбарыңдар.

15.

Ол, дәрежелерді көтеруші, ғаршының иесі. Жолығатын күндіескерту үшін қтлдарынан кімді қаласа, өз бүйрығымен уахи түсіреді. (Бүл жердегі”Рүх”; уахи мағнасында.)

16.

Ол күні; олар, көрнеуге шығарылады. Олардан ешбір нәрсеАллаға жасырын болмайды. “Бтгін патшалық кімдікі? Тек қана жалгыз, тым өктемАлланікі” (делінеді.)

17.

Бүгін әркім істегені бойынша жазаланады. Бтгін зүлымдықболмайды. Ктдіксіз Аляа (Т.) тез есеп көруші.

18.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға жақындаған қиямет күнін ескерт.Сол уақытта, жтректер жүтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдартшін бір дос та ықбалды болушы да болмайды.

19.

Алла көздердің қиянатын және көкіректердегі құпияныбіледі.

20.

Алла (Т.) туралық бойынша үкім береді. Олардың Алладанөзге жалбарынғандары, еш нәрсеге үкім бере алмайды. Күдіксіз Алла (Т.) толықестуші, тым қырағы.

21.

Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бүрынғы, тағы күшті әріжер жүзінде көп деректер қалдырғандардың соңдарының қалай болганын көрмей ме?Сонда Алла, олардьі күнәлары себепті қолға алган. Сондай-ақ оларды Алладанқоргаушы жоқ.

22.

Осылар, расында өздеріне ашық белгілермен келгенелшілеріне қарсы келулерінің салдарынан; Алла, оларды қолға алды. Өйткені Ол,тым күшті, азабы өте қатты.

23.

Расында Мұса (Ғ.С.) ны мүғжизаларымыз әрі ашық дәлелменжібердік.

24.

Перғауын, Һаман және Қарұнға жібердік. Олар: “Өтірікшіжадыгер” деді.

25.

(Мұса Ғ.С.) оларға жанымыздан шындық келтірген кезде:”Онымен бірге иман келтіргендердің үлдарын өлтіріңдер, әйелдерін тірі қойыңдар”деді. Бірақ кәпірлердің әдістері мүлде зая болар.

26.

Перғауын: “Мені қоя беріңдер, Мұсаны өлтірейін. Ол,Раббына жалбарынсын. Расында мен оның, діндеріңді өзгертуінен немесе жер жүзіндебір бұзақылық шығаруьгаан қорқамын” деді.

27.

Мұса (Ғ.С.): “Мен, есеп күніне сенбеген әр текаппардан,менің де Раббым, сендердің де Раббыларыңа сиындым” деді.

28.

Пергауын семьясынан иманын жасырған бір мүмін: “РаббымАлла.деген кісіні өлтірмеңдер. Расында ол, сендерге Раббыларыңнан мүғжизаларменкелді. Егер өтірікші болса, өтірігі өзіне, ал егер шыншыл болса, сендердіқорқытқан апаттың кейі бастарыңа келер. Расында Алла, шектен шыққан суайтбіреуді тура жолға салмайды” деді.

29.

“Әй елім! Бүгін патшалық сендердікі. Бұл жердеөктемсіңдер. Ал егер (Алланың ашуы) бізге келсе, сонда бізді Алланың апатынанкім қорғайы?”,- деді. Перғауын: “Мен сендерге өз көзқарасымды ғана айтамын.Сондай-ақ сендерді тура жолға ғана саламын” деді.

30.

Иман келтірген кісі: “Әй елім! Расында мен сендерге(өткен) топтардың күні сияқты күн (келуі) нен қорқамын” деді.

31.

“Айталық: Нүх (Ғ.С.) елінің, Рад, Сәмүд және оларданкейінгілердің әдеттері тәрізді. Алла (Т.) қүлдарына зүлымдық қаламайды!”

32.

“Әй елім! Расында мен, сендерге келетін ойбайласу күніненқорқамын!”

33.

“Сол күні арттарыңа бүрылып қашасыңдар. Сендерді Алладанқоргаушы болмайды. Алла кімді адастырса, оған тура жол көрсетуші болмайды.”

34.

“Расында Мұса (Ғ.С.) дан бүрын Юсып (Ғ.С.) сендергедәлелдермен келген еді. Алайда сендерге келтірген нәрседен үнемі ктдіктеедіңдер. Ақыр Юсып (Ғ.С.) қайтыс болғанда: “Алла одан кейін ешбір елшіжібермейді” деген едіңдер. Осылайша Алла, шектен шығушы, ктдіктенуші кісініадастырады.”

35.

“Олар, өздеріне келген ешбір дәлел болмаса да, Алланыңаяттары жайында тартысады. Бұл Алланың қасында да мтміндердің қасында да зоркейіс. Өстіп Алла, әрбір тәкаппар, зорлықшылдардьің жүрегіне мөр басады.(Бітейді.)”

36.

Перғауын: “Әй ћаман! Маган бір мүнара жаса. Бәлкімжолдарға жетермін” дейді.

37.

“Көктердің жолдарына жетіп, Мұсаның Тәңірін байқаймын.Расында мен оны өтірікші деп ойлаймын.” Осылайша Перғауынға жаман істері көркемкөрсетіліп, жолдан тосылды. Перғауынның тәсілдері, мтлде жойылуда.

38.

Иман келтірген кісі: “Әй елім! Маган ілесіңдер. Сендердітура жолға саламын” деді.

39.

“Әй елім! Шын мәнінде бүл дтние тіршілігі, уақытшапайдалану. Сөзсіз ахирет, ол; түрақты жүрт.”

40.

“Әлде кіи бір жамандық істесе, сонда ол, соның өзіндейғана жаза көреді. Ал және ер, әйел кімде-кім сенген түрде ізгі іс істесе, алміне солар; жаннатқа кіреді. Сондай-ақ олар онда есепсіз ризыққа бөленеді.”

41.

“Әй елім! Маған не болды? Мен сендерді қүтылугашақырамын. Сендер мені тозаққа шақырасыңдар.”

42.

“Әрі сендер мені Аллаға қарсы болуға сондай-ақ білмегеннәрсені Оган ортақ қосуға да шақырасыңдар. Мен, сендерді өте тстем, асажарылқаушы Аллага шақырамын…”

43.

“Күдік жоқ, шын мәнінде сендердің мені шақьірғаннәрселерің, дтниеде де ахиретте де шақыруға лайық емес. (Немесе олар шақыруктшіне ие емес.) Сөзсіз бәріміздің қайтар жеріміз Алла жақ. Расында шектеншығушылар, олар тозақтық.”

44.

“Таяуда менің айтқанымды түсінесіңдер. Мен ісімді Аллағатапсырамын. Күдіксіз Алла, құлдарын толық көруші” деді.

45.

Енді Алла, оны, олар жасаған сұмдықтарынан қорғады.Перғауындықтарды стркей азап баурап алды. (Дүниеде суға батты. Ахиретте тозаққакіреді. Ж.)

46.

Олар ертелі-кеш отқа тсынылады. Қиямет-қайым болган күні:”Перғауындықтарды азаптьің ең қаттысына кіргізіңдер.”

47.

Сол уақытта олар тозақта керкілдеседі. Нашарлары,паңсығандарына: “Расында біз сендерге ерген едік. Ал енді сендер, бізден оттыңбір бөлімін кетіре аласыңдар ма?”,-дейді.

48.

Паңсығандары: “Расында бәріміз тозақтамыз. Ктдіксіз Алла,құлдарының арасына ткім беріп қойған” дейді.

49.

Оттағылар, тозақтың сақшысына: “Раббыларыңнан тілеңдер.Азабымыздан бір күн жеңілтсін” дейді.

50.

(Тозақ сақшылары): “Сендерге елшілерің мүғжизаларменкелмеді ме?”,- дейді. Олар: “Әрине!”,- дейді. (Сақшылар): “Ендеше жалбарыныңдар,кәпірлердің тілегі мүлде зая кетудө” дейді.

51.

Расында елшілерімізге иман келтіргендерге дтниетіршілігінде де куәлікке тұратын (қиямет) күні де әлбетте жәрдем етеміз.

52.

Ол күні залымдардың желеулері кәдеге аспайды. Оларғақарғыс болады. Және жүрттың жаманы да солардікі.

53.

Расында Мтса (Ғ.С.) ға тура жол беріп, Израил ұрпақтарынТәуратқа мүрагер қылдық.

54.

Ақыл иелеріне тура жол әрі үгіт.

55.

(Мүхаммед Ғ.С.) ендеше сабыр ет. Шын мәнінде Алланыңуәдесі хақ. Ертелі-кеш күнәңның жарылқануын тіле. Раббыңды дәріптеп, макта.(48-С. 2-А.)

56.

Алланың аяттарьгаа байланысты өздеріне бір дәлел келмеседе тартысқандардың көкіректерінде өздері әсте жете алмайтын бір менмендік бар.Енді Аллаға сиын. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса қырагы.

57.

Әлбетте көктер мен жерді жарату, адамдарды жаратудан зор.Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.

58.

Соқыр мен көруші тең емес. Сондай-ақ иман квлтіріп, ізгііс істегендер мен жамандық істеушілер де тең емес. Аз ғана түсінесіңдер.

59.

Расында қиямет сағаты келеді. Онда шәк жоқ. Бірақадамдардың көбі сенбейді.

60.

Раббыларың: “Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын.Расында Маған құлшылық қылудан паңсығандар, олар қор болып, тозаққа кіреді”дейді.

61.

Ол сондай Алла, сендерге түнді тынығу, күндізді көру үшінжаратты. Күдіксіз Алла, тым кеңшілік иесі. Бірақ адамдардың көбі шүкірлікқылмайды.

62.

Міне осы Алла Раббыларың. Әр нәрсені жаратушы; Одан басқаешбір тәңір жоқ. Қайтып адастырыласыңдар?

63.

Осылайша Алланың аяттарына қарсы келгендер адастырылады.

64.

Ол Алла сендерге жерді түрақ, көкті күмбез қылды.Сондай-ақ сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Және де таза нәрселерден көрекберді. Міне осы Алла, Раббыларың. Төтенше үлы Алла, бүкіл әлемнің Раббы.

65.

Ол тірі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ендеше дінді Оғанарнап, нагыз ынтамен өзіне жалбарыныңдар. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббыналайық.

66.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Маған Раббымнан ашық дәлелдеркелген заман; сендердің Алладан өзге жалбарынгандарыңа қүлшылық қылуыма тыйымсалындым. Сондай-ақ әлемдердің Раббына бой үсынуға бүйрылдым” де.

67.

Сондай Алла сендерді топырақтан, сосын мәниден, сосынұйыған қаннан жаратып, кейін бөбек қып шыгарып, соңыра ержеткізіп, кәртейтеді.Кейбіреулеріңді (ержетуден) бүрын өлтіреді. Кейбірің белгілі мерзімгежетесіңдер. Әрине ойланарсыңдар.

68.

Ол сондай Алла, тірілтеді әрі өлтіреді. Қашан бір істібүйыргысы келсе, шын мәнінде оған: “Бол” дейді. Сонда ол бола қалады.

69.

(Мұхаммед Ғ.С.) Алланың аяттары турасында тартысқандардыкөрмейсің бе? Қалайша айналдырылады?

70.

Сондай осы Кітапты, елшілерімізге жібергендеріміздіжасынға шығаргандар, олар жедел біледі.

71.

Сол уақытта олардың мойындарында ажырғылар, боғауларболған түрде сүйреледі.

72.

Қайнап түрған суда болып, сосын отқа жағылады.

73.

Сосын оларға: “Алладан өзге ортақ қосқан нәрселеріңқайда?”,-делінеді.

74.

олар: “(Өзгелер) бізден ғайып болды. Бәлкім біз бүрын ешнәрсеге шоқынбаушы едік” дейді. Алла кәпірлерді өстіп тентіретеді.

75.

“Бұл сендердің жер жүзінде орынсыз мәз болып,масайрауларыңның салдарынан.”

76.

Оларға: “Ішінде мәңгі қалатын тозақтың есігінен кіріңдер.тәкаппарлардың орны нендей жаман!”

77.

(Мұхаммед Ғ.С.) енді сабыр ет. Алланың уәдесі хақ. Аленді мейлі оларға еткен уәдеміздің кейбірін саған көрсетсек те(көзің тірісіндеболса да) немесе саған өлім берсек те (бүрын қайтыс болсаң да) олар Біз жаққақайтарылады.

78.

Расында сенен бүрында елшілер жібердік. Олардың кейбірінсаған баян еттік те кейбірін баян етпедік. Ешбір елші Алланың рүхсаты болмайыншабір мүғжиза келтіре алмайды. Қашан Алланың әмірі келсе, хақиқат бойынша гкіметіледі. Бұл жерде бүзақылар зиянға үшырайды.

79.

Ол сондай Алла, Сендер үшін малдарды жаратты. Кейбірінмінесіңдер де кейбірін жейсіңдер.

80.

Оларда сендерге түрлі пайдалар бар. Олардың үстіндекөңілдеріңдегі хажетті жерге жетулерің тшін; оларға мініп және кемедетасымалданасыңдар.

81.

Алла сендерге белгілерін көрсетеді. Ал сонда Алланыңқайсы белгілеріне қарсы келесіңдер?

82.

Олар жер жүзінде кезбеді ме? Сонда өздеріненбүрынғылардың соңының не болғанын көрер еді. Олар, бүлардан көп және ктшті әріжер жүзінде қалдырғаң деректері мықты еді. Сонда да табыстары олардың істерінежарамады.

83.

Өйткені оларга, елшілері, мүғжизалармен келгенде, өзқастарындағы білімге мардамсыды да ажыуалаған нәрселері бастарына жетті.

84.

Ал енді азабымызды көргенде: “Жалғыз ғана Аллаға сендік.Сондай-ақ Оған ортақ қосқан нәрселерімізге қарсы келдік” дейді.

85.

Бірақ, азабымызды көргендегі сенімдері оларга пайдабермейді. Өйткені, Алланың қүлдарына байланысты болып, келе жатқан жолы осы. Бұлжерде кәпірлер зиян көреді.