3. Əли Имран

1.

Әлиф Ләм Мим.

2.

(Ұғымын Алла біледі.)

Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеруші.

3.

(Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.) саған, алдындағыны растаушыҚұранды шындық бойынша түсірді. Және Тәурат, Інжілді түсірді.

4.

Бұрын адамдарға тура жол еді. Және парық қылатынмұғжизаны түсірді. Расында Алланың аяттарына қарсы келгендер үшін қатты азапбар. Алла, өте үстем, өш алу күшіне ие.

5.

Шын мәнінде Алла (Т.) ға жердегі, көктегі еш нәрсежасырын емес.

6.

Ол сондай Алла (Т.) сендерді жатырларда қалауыншабейнелейді. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Өте үстем, хикмет иесі.

7.

Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттарыбар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Алжүректеріңде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардыңұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла ғана біледі. Сондай-ақғылымында озат болғандар: “Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан” дейді.Бұны ақыл иелері ғана түсінеді.

8.

Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегіміздіауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз Сен өте берегенсің.

9.

Раббымыз! Расында Сен күдіксіз келетін бір күндеадамдарды жинаушысың. Сөз жоқ, Алла уәдесінен айнымайды.

10.

Расында сондай қарсы болғандардың балалары, малдарыАлладан (келетін) еш нәрсеге төтеп бере алмайды. Міне солар тозақтың отындары.

11.

Әдеттері; Перғауынның сыбайластарыныкі және оларданбұрынғылардікі тәрізді. Олар аятттарымызды жасынға шығарған. Сонда Алла олардыкүнәлары себепті азаптаған. Алланың азабы қатты.

12.

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы болғандарға: “Тезжеңілесіңдер де тозаққа жиналасыңдар. Нендей жаман орын.” де

13.

(Бәдір соғысындағы) екі топтың қарсыласуында сендерге бірғибрат бар. Бір топ Алла жолында соғысады. Екінші жақ қарсы еді. ОларМұсылмандарды, көздерімен, өздеріндей екі есе көруде еді. (НегізіндеМұсылмандар, үш жүз он үш, кәпірлер мыңдай еді) Алла кімді қаласа, өз жәрдеміменқолдайды. Расында бұнда қырағылар үшін әрине ғибрат бар.

14.

Адам баласы үшін қатындар, балалар, алтын күмістенжиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемікөрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысыАлланың қасында.

15.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сендерге бұларыңнан да жақсынәрседен хабар берейін бе?”,- де. Сондай тақуалар үшін Алланың қасында астарынанөзендер ағатын, онда мәңгі тұратын бақшалар сондай-ақ тап-таза жұбайлар әріАлланың ризалығы бар. Алла (Т.) құлдарын толық көруші.

16.

Сондай : “Раббымыз! Иман келтірдік, күнәмізды жарылқа даот азабынан сақта” дегендер;

17.

Олар сабыр етушілер, шыншылдар, бой ұсынушылар, Аллажолында мал сарып қылушылар және таң сәріден жарылқану тілеушілер, (таң намазыноқушылар,)

18.

Алла (Т.), періштелер және әділет үстінде тұрушы ғылымиелері, расында тым үстем, хикмет иесі Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығынакуәлік берді.

19.

Алланың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітапберілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғанаталас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есепкөруші.

20.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенімен сөз таластыруға кіріссе:”Өзімді Аллаға тапсырдым әрі маған ергендерді де” де. Сондай-ақ кітапберілгендерге де надандарға да: “Исламды қабыл еттіңдер ме?”,- де. Егер оларисламды қабыл етсе, тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, саған жалғастыруғана міндет. Алла құлдарын нақ көруші.

21.

Алланың аяттарына қарсы келгендер және жазықсызпайғамбарларды өлтіргендер, сондай-ақ адамдарға туралықты әмір еткендердіөлтіргендер, соларды күйзелтуші азаппен сүйіншіле.

22.

Міне солар дүниеде де ақиретте де амалдары жойылғандар.Сондай-ақ олар үшін жәрдемші жоқ.

23.

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай кітаптардан үлес берілгендердіңараларына үкім беру үшін Алланың Кітабына шақырылғандарды көрмейсің бе? Соңсоңолардың бір бөлімі Одан бет бұрады. Сондай-ақ олар ұдайы бет бұрушы.

24.

Бұл олардың: “Бізге тозақ оты, санаулы күндер ғанасоқтығады” дегендіктері себепті. Дін жайындағы жасанды нәрселері оларды алдады.

25.

Болуы шәксіз күнде жинағанымызда сондай-ақ әркімгеәділетсіздік етілмей еңбектері толық берілгенде, жағдайлары қалай болар еді?….

26.

(Мұхаммед Ғ.С.) : “Әй мүлік иесі Алла! Кімге қаласаңмүлік бересің де кімнен қаласаң, дәулетті аласың. Сондай-ақ кімді қаласаңардақтайсың да кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық Сенің қолыңда. Шәксіз әрнәрсеге күшің жетеді” деп айт.

27.

Түнді күндізге айналдырасың да күндізді түнгеайналдырасың. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Жәнекімді қаласаң сансыз несібе бересің.

28.

Мүміндер, мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпасын.Әлдекім осыны істесе, Аллаға еш нәрседе байланысы жоқ. Бірақ олардан сақтануүшін болса басқа. Алла сендерді өзі қорқытады. Және барар орын Алла жақ.

29.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Көңілдеріңде бір нәрсеніжасырсаңдар да жарияласаңдар да Алла оны біледі. Әрі Алланың барлық нәрсегетолық күші жетуші” де.

30.

Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да істегенжамандығының арасымен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды. Алла сендердіөзі сақсындырады. Алла (Т.) құлдарына тым жұмсақ.

31.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер Алланы сүйсеңдер, ондамаған ілесіңдер. Алла (Т.) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды.Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді” де.

32.

Және оларға: “Аллаға әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар” де.Егер олар бет бұрса, сонда Алла қарсы болушыларды сүймейді.

33.

Негізінен Алла (Т.) Адам мен Нұх (Ғ.С.) ты және Ыбырайым(Ғ.С.) мен Ғымранның жұрағатын әлемдерге ардақты қылды.

34.

(Бұлар) бір-бірінен тараған ұрпақ. Алла әр нәрсеніестуші, білуші.

35.

Ғымранның жұбайы (Фақуза қызы Ханна): “Раббым! Ішімдегініазат қылған түрде Саған арнадым, менен қабыл айла! Расында Сен өзің аса естуші,білушісің” деді.

36.

Сонда ол, қыз тапқан сәтте: “Раббым! Шынында мен қызтаптым” деді. Алла оның не тапқанын біледі. Ұл, қыздай емес. “Мен оның атынМәриям қойдым. Оны да ұрпағын да шайтаннан Саған сиындырамын” деді.

37.

Сонда оны Раббы жақсы қабылдап, көркем өсірумен өсірдіжәне оған Зәкерияны (Ғ.С.) ие қылды. Зәкерия оның хұжырасына әр кіргенде оныңқасында қорек тапты. “Әй Мәриям! Осы саған қайдан келді?”,- деді. Мәриям: “ОлАлланың қасынан, шәксіз Алла қалаған құлын есепсіз ризықтандырады” деді.

38.

Сол арада Зәкерия (Ғ.С.) Раббына жалбарынды: “Раббым!Маған қасыңнан игі ұрпақ бер. Шәксіз Сен тілекті естушісін” деді.

39.

Зәкерия (Ғ.С.) хұжырада намаз оқып тұрғанда, періштелероған: “Расында Алла (Т.) саған, Алладан болған әмірді (Ғиса Ғ.С.ды) растаушы, елағасы, нәпсіне ие, игілерден бір Пайғамбар болатын Яхиямен қуанышқа бөлейді” депдауыстады.

40.

(Зәкерия Ғ.С.): “Раббым! Менің ұлым қалайша болады?Негізінен өзіме кәрілік жетті. Әйелім бедеу” деді. “Осылайша Алла қалағаныністейді” (делінген жауап алды.)

41.

“Раббым! Маған бір белгі көрсет” деді. “Белгің; үш күнадамдармен ымдап қана сөйлесуің. Раббыңды көп зікір ет те ертелі-кеш дәріпте”деді.

42.

Сол уақытта періштелер: “Әй Мерйем! Шәксіз, Алла сенітаңдады, тазартты және әлемдегі әйелдерден ардақты қылды” деді.

43.

“Әй Мәриям! Раббыңа бой ұсын, сәжде ет және рүкүғқылушылармен бірге рүкүғ қыл.”

44.

(Мұхаммед Ғ.С.) міне бұл саған біз уахи етіп отырғанкөмес хабарлардан. Олардың қайсысы Мәриямге ие болады деп, қаламдарын (шар)салған кезде, қастарында жоқ едің. Сондай-ақ олар таласқан сәтте де алдарындаемес едің.

45.

Сол уақытта періштелер: “Әй Мәриям! Расында Алла сені өзтарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсих Ғиса Мәриям ұлы, дүние ақиреттебеделді сондай-ақ Аллаға жақындардан болады” деді.

46.

Бесікте және ержеткенде адамдарға сөйлейді. Әрі игілерденболады.

47.

Мәриям: “Раббым! Маған бір адам тиіспесе сонда баламқалайша болады!”,- деді. (Періштелер): “Солайша Алла қалағанын жаратады” деді.Қашан бір істің болуын қаласа, тек қана оны “бол” дейді, Сонда ол, бола қалады.

48.

Алла (Т.) оған кітапты, хикметті және Тәурат, Інжілдіүйретеді.

49.

Сондай-ақ оны Израил ұрпақтарына елші қылады: “Шынмәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқтыжасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығынша құс болады. Және Алланыңбұйрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін әрі үйлеріңдене жеп нені қойғандарыңнан хабар беремін. Расында бұл жағдайда сендер үшін әринеүлгі бар. Егер иман келтірген болсаңдар.”

50.

“Сондай-ақ сендерге алдымдағы Тәуратты растаушы әріРаббыларыңнан сендерге арам етілген кей нәрселерді халал ететін аят келтірдім.Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар” (деді.)

51.

“Негізінен Алла менің де Раббым, сендердің де Раббыларың.Оған құлшылық қылындар, тура жол осы”

52.

Сонда Ғиса (Ғ.С.) олардан қарсылық сезген кезде: “Аллажолында жәрдемшім кім?”,- деді. Хауарилер: “Біздер Алла үшін көмекшіміз, Аллағаиман келтірдік, куә бол, шынайы мұсылманбыз” деді. (Хауарилер он екі кісі еді.)

53.

“Раббымыз! Түсіргеніңе иман келтіріп, Пайғамбарға ердік;енді бізді куә болушылар мен бірге жаз”

54.

Олар айлакерлік істеді, Алла да амалын тапты. Алла тәсілшілердің жақсысы.

55.

(Яһудилер Ғиса (Ғ.С.) ны өлтіру үшін айлакерлік жасады. Алла (Т.) амалын тауып, олардың біреуін Ғиса (Ғ.С.) ға ұқсатты. Олар соны өлтірді.)

Сол уақытта Алла: “Әй Ғиса! Сені Мен алушымын! Сондай-ақ өз тарапымакөтерушімін әрі қарсы болғандардан тазартушымын да саған ілескендерді қияметкедейін қарсы болғандарға үстем қыламын. Сонсоң қайтар жерлерің Мен жақ! Сондаталасқан нәрселеріңе үкім беремін” деді.

56.

“Ал енді сондай қарсы келгендерді, дүниеде де ақыретте деөздерін қатты азаппен қинаймын әрі олар үшін ешбір жәрдемші болмайды”

57.

Және сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сондайолардың сыйлықтары толық беріледі. Алла залымдарды жақсы көрмейді.

58.

(Мұхаммед Ғ.С.) міне осыны саған аяттардан, хикметтінасихаттардан оқимыз.

59.

Шын мәнінде Алла қасында Ғиса (Ғ.С.) ның жағдайы: Өзінтопырақтан жаратып, сонсоң “бол” дегенде бола қалған Адам (Ғ.С.) ның жағдайысияқты.

60.

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңнан бір хақиқат. Ендікүдіктенушілерден болма.

61.

Ал Ғиса ( Ғ.С.) жайында саған мәлімет келгеннен кейінөзіңнен кім таласса да оларға: “Келіңдер! Балаларымызды, балаларыңды,әйелдерімізді, әйелдеріңді, өздерімізді және өздеріңді шақырып алайық. СонсоңАлланың лағынеті өтірікшілерге болсын! деп қарғасайық” де.

62.

(Нажыраннан келген дін басшыларына: “Егер Ғиса (Ғ.С.) жайындағы сенімдерің рас болса, бала- шағаларымызбен жиналып, Алланың лағынеті өтірікшілерге болсын!”,- деп, (Мұхаммед Ғ.С.) Фатыма, Хасан, Хұсайынды ертіп шыққан екен.)

Расында осы (Ғиса Ғ.С.ға байланысты) қиссалар әлбетте шындық. Алладан басқаешбір тәңір жоқ. Шын мәніде Ол Алла, аса үстем, тым кемеңгер.

63.

(Бұл Христиандардың үш элементтік сенімдеріне тойтарыс.)

Егер олар (Алланы бірлеуден) бет бұрса, Алла бұзақыларды біледі.

64.

(Мұхаммед Ғ.С.) : “Әй Кітап иелері! Біздің арамызбенсендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық,Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңіртұтпайық” деп айт. Егер олар жүз бұрса: “Куә болыңдар, шәксіз біз Мұсылманболдық” деңдер.

65.

Әй Кітап иелері! Ыбырайым (Ғ.С.) жайында не үшінталасасыңдар? Негізінен Інжіл де Тәурат та одан кейін түсірілген. Ойламайсыңдарма?

66.

Ал сендер мәліметтерің болған нәрсеге таластыңдар ғой.Білмеген нәрселеріңе неге таласасыңдар? Алла біледі, сендер білмейсіңдер.

67.

Ыбырайым (Ғ.С.) Яһуди де, Христиан да емес еді, нағызМұсылман еді. Ортақ қосушылардан емес еді.

68.

Расында адамдардың Ыбырайым (Ғ.С.) ға ең жақындары; оғанергендер мен осы Пайғамбар (Мұхаммед Ғ.С.) және де мүміндер. Алла мүміндердіңиесі.

69.

Кітап иелерінің бір тобы, сендерді адастыруды қалады.Олар, өздерін ғана адастырады. Бірақ олар аңғармайды.

70.

Әй Кітап иелері! Өздерің көріп, біле тұра, Алланыңаяттарына не үшін қарсы келесіңдер?

71.

Әй Кітап иелері! Не үшін шындықты, бұзықтықпенараластырып, біле тұра хақиқатты жасырасыңдар?

72.

Кітап иелерінің бір тобы, (өзара): “Мүміндерге түсірілгенҚұранға күндіздің алдында (таңертең) иман келтіріп, күндіздің соңында (кешкежақын) қарсы шығыңдар. Мүмкін олар (күдіктеніп, діндерінен) қайтар” десті.

73.

Ал және олар: “Өз діндеріңе ергендерге ғана сеніңдер”деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Расында Алланың жолы тура жол” деп айт. (Тағы олар өзара): “Сендерге берілгендей ешбіреуге берілетіндігіне немесе олардың, Раббыларыңныңжанында сендерге дәлелдейтіндіктеріне де сеңбендер” десті. (Мұхаммед Ғ.С.) :”Шын мәнінде кеңшілік Алланың қолында, Ол кімді қаласа, соған береді. Сондай-ақАлла аса кең, әр нәрсені білуші” деп айт.

74.

Ол, қалаған кісісіне мәрхаметін арнайды және Алла зоркеңшілік иесі.

75.

(Мұхаммед Ғ.С.) кейбір Кітап иелеріне, толып жатқан нәрсеаманат қойсаң да, саған өтейтіндері бар. Тіпті бір динар аманат берсең де, ұдайыбасында қақшыйып тұрсаң, әрең беретіндері де бар. Оның себебі олардың: “Надандар(Яһуди болмағандар) жайында бізге тергеу жоқ” дегендіктерінен. Сондай-ақ оларАллаға біле тұра өтірік айтады.

76.

Олай емес! Кім өз уәдесін орындаса, Алладан қорықса,расында Алла (Т.) тақуаларды жақсы көреді.

77.

Негізінен сондай Аллаға берген серттерімен, анттарын азақшаға (дүниеге) айырбастағандар, міне солардың ақыретте бір сыбағасы жоқ.Қиямет күні Алла оларға сөз қатпайды да оларға қарамайды әрі оларды ағартпайды.Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар.

78.

Расында кітап иелерінен бір бөлімі, Кітапта болмағандыКітапта бар екен деп ойлауың үшін тілдерін бұрмалап оқиды да: “Осы Алланыңқасынан келді” дейді. Бірақ ол Алланың қасынан емес. Сондай-ақ олар біле тұраөтірік айтады.

79.

Алла адамға кітап, даналық және пайғамбарлық бергенболса, сонсоң оның басқа адамдарға: “Алланы қойып маған құл болыңдар” деулерілайық емес. Бірақ: “Кітапты үйретулерің, оқуларың бойынша нағыз Құдайшылболыңдар” (деулері лайық)

80.

Сондай-ақ олар сендерге: “Періштелерді, пайғамбарлардытәңір жасап алыңдар!”,- деп бұйырмайды. Сендерді Мұсылман болғаннан кейінқарсылыққа бұйыра ма?

81.

Сол уақытта Алла (Т.) пайғамбарлардан: “Сендерге Кітап,хикмет бердім, соңыра жандарыңдағыны растаушы Пайғамбар келсе, әлбетте оған иманкелтіріп, әрине оған жәрдем етесіңдер! Мойындап ауыр міндетімді қабыл алдыңдарма?”,- дегенде, олар: “Қабыл алдық!”,- деген. (Алла): “Ендеше куә болыңдар. Менде сендермен бірге куә болушыларданмын” деген.

82.

Ал, сонда бұдан кейін кім бет бұрса, міне соларбұзақылар.

83.

Олар, Алланың дінінен басқа дін іздей ме? Көктердегі жәнежердегі барлық жан иесі ерікті, еріксіз Аллаға бой ұсынады. Сондай-ақ олар, олжаққа қайтарылады.

84.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Біз Аллаға, өзімізге түсірілгенҚұранға, Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға және ұрпақтарынатүсірілгенге және Мұса, Ғиса (Ғ.С.) ларға сондай-ақ пайғамбарларға Раббыларынантүсірілгенге де иман келтірдік; ешбіреуінің араларында айырмашылық жасамаймыз.Сондай-ақ біздер Ол Аллаға бой ұсынушылармыз” де.

85.

Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабылетілмейді де ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады.

86.

Аллаға иман келтіріп, шын мәнінде Пайғамбардың хақтығынакуә болғаннан әрі оларға ашық дәлелдер келгеннен кейін қарсы шыққан қауымды Аллақалайша тура жолға салады? Алла залым елді тура жолға салмайды.

87.

Міне солардың жазалары: Шәксіз оларға Алланың,періштелердің әрі біртұтас адамдардың қарғысы болады.

88.

Олар қарғыста мүлде қалады да олардан азап жеңілтілмейдіжәне оларға назар аударылмайды.

89.

Бірақ сондай иман келтіріп, сонсоң тәубе еткендер және деамалдарын түзелткендер басқа. Расында Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекшемейірімді.

90.

Ал сондай иман келтіргеннен кейін қарсы болғандар жәнеқарсылықтарын арттырғандар, олардың тәубесі әсте қабыл болмайды. Міне солар,жолдан адасқандар.

91.

Негізінен қарсы келіп, кәпір күйінде өлгендер, олардыңәрбіреуі жер жүзі толы алтын төлесе де әсте қабыл етілмейді. Міне солар үшінкүйзелтуші азап бар. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдемші жоқ.

92.

Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әстежақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т.) оны толық біледі.

93.

Тәурат түсірілуден бұрын, Израилдың (Яғқұп Ғ.С. ның)өзіне ғана арам еткеннен басқа барлық тағам Израил ұрпақтарына халал еді.(Мұхаммед Ғ.С.) оларға айт: “Егер сөздерің шын болса, тәуратты әкеліп соныоқыңдар.”

94.

Ал бұдан кейін кім Аллаға өтірік жала жапса, міне соларзалымдар.

95.

(Мұхаммед Ғ.С.) : “Алла шын айтты, ал онда бір бағыттағыЫбырайым (Ғ.С.) ның жолына еріңдер, ол ортақ қосушылардан емес еді” деп айт.

96.

Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй(Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол.

97.

Онда ашық белгілер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның орны бар.Сондай-ақ кім оған кірсе, аман болады. Оның жолына шамасы келген кісілер, Аллаүшін Қағбаны зират ету (хаж қылу) керек. Ал кім қарсы келсе, Алла барлық әлемненбай.

98.

(Мұхаммед Ғ.С.) : “Әй Кітап иелері! Не үшін Алланыңаяттарына қарсы келесіңдер? Алла сендердің не істегендеріңе куә. (Оған аян.)”деп айт.

99.

(Мұхаммед Ғ.С.) : “Әй Кітап иелері! Өздерің туралығынакуә бола тұра не үшін қисықтық іздеп, мүміндерді Алланың жолынан тыясыңдар? Алласендердің не істегеңдеріңнен ғапыл емес.” де

100.

Әй мүміндер! Кітап берілгендердің бір бөліміне бойұсынсаңдар, сендерді иман келтіргеннен кейін қарсылыққа қайтарады.

101.

Сендерге Алланың аяттары оқылуда әрі іштеріңде Алланыңелшісі бола тұра қалайша қарсы келесіңдер? Және кім Аллаға жабысса, сонда әринеол тура жолға түсірілді.

102.

Әй мүміндер! Алладан шынайы қорқумен қорқыңдар даМұсылман болған күйде ғана өліңдер.

103.

Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар дабөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені:Бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігіментуысқа айналдыңдар. Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді оданқұтқарды. Осылайша Алла сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді.

104.

Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққақосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар. (Бір исламқоғамы болу шарт)

105.

Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп,қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар.

106.

Қиямет күні кей беттер ағарып, кей беттер қараяды. Сондақара беттерге: “Иман келтіргеннен кейін қарсы келдіңдер ме? Ендеше, қарсыкелулерің себепті азапты татыңдар!”,- (делінеді.)

107.

Ал енді ақ жүзділер, Алланың рахметінде болады да, оларонда мәңгі қалады.

108.

осы Алланың аяттары. (Мұхаммед Ғ.С.) оны, саған шындықпеноқимыз. Алла (Т.), әлемге зұлымдық етуді қаламайды.

109.

Көктердегі және жердегі нәрселер Алланың иелігінде жәнебарлық істер Аллаға қайтарылады.

110.

Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, қарсылықтантыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін қайырлы бір үммет болып шығарылдыңдар. Ал егеркітап иелері иман келтірсе еді, әлбетте олар үшін жақсы болар еді. Олардан иманкелтіргендер де бар. Олардың көбірегі бұзақылар.

111.

Олар сендерге реніштен басқа зиян бере алмайды. Ал егерсендермен соғысса, сырт айналып қашады. Сонсоң оларға жәрдем етілмейді.

112.

Қайда болса да оларға қорлық соққысы тиген. Бірақ Алладанқорғау және адамдардан келісім болса басқа. Әрі олар Алланың ашуына ұшырап,кедейшіліктің де соққысын жеді. Осы олардың Алланың аяттарына қарсы келулері,жазықсыз пайғамбарларды өлтірулері себепті. Сондай-ақ олардың қылмысты болыпшектен шығуларының салдарынан.

113.

Кітап иелерінің бәрі бірдей емес. Олардың түн мезгіліндетіке тұрып, Алланың аяттарын оқып, сәжде ететін бір тобы бар. (Сәлам ұлы Абдулласияқты.)

114.

Олар Аллаға, ақырет күніне сенеді де дұрысқа қосып,бұрыстан тосады. Сондай-ақ қайырлы істерде жарысады. Міне солар ізгілер.

115.

Олар қайырдан не істесе де тойтарылмайды. (Зая кетпейді)Алла (Т.) тақуаларды толық біледі.

116.

Негізінен қарсы болғандардың малдары, балалары Алладанешбір нәрсені қорғамайды. Міне солар тозақтық, олар онда мәңгі қалады.

117.

Олардың бұл дүние тіршілігінде қылған қайырларыныңмысалы: Өздеріне зұлымдық істеген елдің егініне тиіп жоқ еткен суық борантәрізді. Оларға Алла зұлымдық етпеді, бірақ олар өздеріне зұлымдық етті.

118.

Әй мүміндер! Өздеріңнен өзгелерді сырдас тұтпаңдар. Оларсендерге қастандықтан тартынбайды. Сондай-ақ олар күйзелулеріңді қалайды.Олардың кектері ауызынан-ақ көрініп тұр. Әрі олардың жүректерінде жасырғандарытағы үлкен. Егер түсінетін болсаңдар, әрине сендерге аяттарымызды баян еттік.

119.

Я, сендер оларды жақсы көрсеңдер де, олар сендерді жақсыкөрмейді. Сондай-ақ сендер Кітаптың бәріне сенесіңдер. Қашан олар сендергекездессе: “Иман келтірдік” деп, ал қашан олар оңашалана қалса, сендерге дегенызаларының зардабынан саусақтарын шайнар. (Мұхаммед Ғ.С.): “Ызаланған бойда өліпкетіңдер!” де. Шәксіз Алла көкіректегілерді толық біледі.

120.

Егер сендерге бір игілік жетсе, оған олар хош болады.Егер сабыр етсеңдер, сақтық істесеңдер, олардың сығандықтары сендерге ешбір зиянқылмайды. Күдіксіз Алла (Т.) олардың не істегендерін толық біледі.

121.

(Мұхаммед Ғ.С. Ұхыт соғысы кезінде) үйіңнен ерте шығып,мүминдерді соғыс үшін орындарға орналастыруда едің. Алла әр нәрсені естіп,білуші.

122.

(Ұхыт соғысында мұнафықтар майданнан қасақана қайтыпкеткендіктен, оң-сол екі қанаттағы топқа да қобалжу кірді.) Сол уақыттасендерден екі топ, уайымдап үрейленді. Сондай-ақ Алла (Т.) ол екеуініңжәрдемшісі еді. Мүміндер, Аллаға тәуекел етсін.

123.

Әрине Алла сендерге Бәдірде де жәрдем етті. Онда сендертағы нашар едіңдер. Алладан қорқыңдар, әлбетте шүкір еткен боласыңдар.

124.

(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта (Бәдірде) мүміндерге:”Раббыларың сендерге періштелерден үш мың түсіріп жәрдем етсе, жетпей ме?”,-деуде едің.

125.

Әрине егер сабыр етсеңдер, сақсынсаңдар сондай-ақ жаудереу осы араға жетіп келетін болса, Раббыларың сендерге бес мың белгілеуліперіштелермен жәрдем етеді.

126.

Алла (Т.) мұны сендер үшін қуаныш әрі онымен жүректеріңорнықсын деп қана етеді. Нұсрат, өте үстем, хикмет иесі Алланың қасынан ғанаболады.

127.

Сондай-ақ кәпірлердің бір жағын қыру немесе абыржыту,олардың күдер үзіп қайтулары үшін.

128.

(Мұхаммед Ғ.С.) ешбір іс сенің еркіңде емес. Алла немесеолардың тәубесін қабыл етеді әлде оларды қинайды. Өйткені, олар залымдар.

129.

Көктер мен жердегілердің бәрі Аллаға тән. Кімді қаласа,жарылқап, кімді қаласа, азап қылады. Сондай-ақ Алла аса жарылқаушы, ерекшемейірімді.

130.

Әй мүміндер! Үсті-үстіне өсім жемеңдер, Алладанқорқыңдар. Әрине құтыласыңдар.

131.

Сондай-ақ қарсы болғандар үшін дайындалған оттанқорқыңдар.

132.

Әрі Аллаға және Елшісіне бой ұсыныңдар, әлбеттемәрхаметке бөлеңесіңдер.

133.

Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар үшін әзірленген,кеңдігі жер мен көктей жаннатқа жарысыңдар.

134.

Олар кеңшілікте, таршылықта Алла жолында мал сарыпқылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла(Т.) жақсылық істеушілерді сүйеді.

135.

Ал олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса,Алланы естеріне алып, күнәларының жарылқауын тілейді. Күнәларды Алладан басқакім жарылқайды. Сондай-ақ олар істеген істеріне біле тұра қасарыспайды.

136.

Міне солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан жарылқаужәне астарынан өзендер ағатын жұмақтар. Олар онда мәңгі қалады. Амалістеушілердің сыйлықтары нендей айбат!

137.

Сендерден бұрын түрлі уақиғалар өткен. Жер жүзінкезіңдер: жасынға шығарушылардың соңының не болғанын көріңдер.

138.

Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол жәнетақуалар үшін насихат.

139.

(Мұсылмандар!) Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер мүмінболсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар.

140.

Сендер (Ұхытта) жараланған болсаңдар, әрине (Бәдірде) олел де, сол құсап жараланған болатын. Осы күндерді адамдардың араларындаайналдырамыз. Өстіп Аллаға сенушілерді анықтау және сендерден шәйіт алу үшін…Алла залымдарды сүймейді.

141.

Сонымен қатар мүміндерді тазарту және кәпірлерді жоюүшін.

142.

Әйтпесе, сендерден соғысқандарды анықтап, сабырлылардыашаламай, жаннатқа кіріп кетеміз деп ойлайсыңдар ма?

143.

Расында сендер өлімге кездесуден бұрын оны тілеушіедіңдер. Ал енді оны көрдіңдер де, қарап тұрсыңдар. (Ұхыт соғысында “МұхаммедҒ.С. өлтірілді” деген хабар тарап, Мұсылмандар абыржып қалды)

144.

Мұхаммед (Ғ.С.) бір елші ғана, одан бұрын да елшілерөткен. Ал сонда ол өлсе не өлтірілсе, сендер сонда өкше (із) леріңе айналасыңдарма? (Қайта кәпір боласыңдар ма?) Кім өкше ізіне қайтса Аллаға ешбір зиянкелтірмейді. Сондай-ақ Алла, шүкір етушілерді сыйлайды.

145.

Алланың бұйрығы болмайынша ешкім өлмейді, ол жазулы бірмерзім. Кім дүниенің пайдасын тілесе, оған одан береміз. Ал кім ақырет пайдасынқаласа, оған одан береміз. Сондай-ақ шүкірлік етушілерді сыйлаймыз.

146.

Қаншалаған пайғамбар онымен бірге көптеген құдайшылдарсоғысқан болатын; сонда бастарына келгенге олар босамады да осалдамады.Сондай-ақ именбеді. Алла қажырлыларды жақсы көреді.

147.

Ал олардың сөздері: “Раббымыз! Күнәларымызды, ісіміздегіорынсыздықтарымызды кеше көр әрі табанымызды мықтап, кәпір қауымға қарсы жәрдембер!”,- деу ғана еді.

148.

Сондықтан Алла (Т.) оларға дүние пайдасын беріп, ақыретпайдасының ең көркеміне бөледі. Алла жақсылық істеушілерді сүйеді.

149.

Әй мүміндер! Егер кәпірлерге бой ұсынсаңдар, сендердікері қайтарады. Сонда зиян етушілерге айналасыңдар.

150.

Әрине иелерің Алла, Ол нұсрат берушілердің жақсысы.

151.

Ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға ортақ қосуларысебепті кәпірлердің жүректеріне қорқу саламыз. Сондай-ақ олардың орындары от.Залымдардың орны нендей жаман! (Мұхаммед Ғ.С. Ұхыт соғысында бір топ адамды артжақтағы бір кезеңге қойып: “Бұл арадан әсте айрылмаңдар!”,- деген болса да, оларжау жеңілді деп ойлап, араласып кетіп, бір неше кісімен бастықтың ғана қалғанынсезген жау, оларды типыл қылып, арт жақты қоршап кеткендіктен Мұсылмандар қаттыабыржып, шақыруға қарамай қаша бастайды.)

152.

Расында Алла, сендерге деген уәдесін шындыққа айналдырып,Оның бұйрығымен оларды өлтіре бастадыңдар. Дегенмен Алла өздеріңе сүйгеннәрселеріңді көрсеткеннен кейін, осалдық қылып, берілген әмір жайындаталастыңдар да қарсы келдіңдер. Сендерден біреулер дүниені қалайды да біреулерақыретті қалайды. Сонсоң Алла сендерді сынау үшін олардан беттеріңді қайтарды даонымен қатар кешірім етті. Алла мүміндерге кеңшілік иесі.

153.

Сол уақытта Пайғамбар арттарыңнан шақырса да ешкімгеқайрылмай ұзап бара жаттыңдар. Алла, сендерді қолдарыңнан кеткенге де бастарыңакелгенге де кейімеулерің үшін қайғыға ұшыратты. Алла (Т.) не істегендеріңдітолық біледі.

154.

Сонсоң (Алла) сендерге қайғыдан кейін тыныштық ұйқысынжіберді де сендердің бір бөлімдеріңді баурап алды. Және бір топтың, жандарықайғы болып, олар Аллаға орынсыз надандық ой ойлады. Олар: “Бұл істе бізде неерік бар?”,- десті. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Барлық іс Алланың еркінде” деп айт.Ал олар іштеріңде жасырған нәрселерін саған әшкерелемейді. Тағы олар: “Іс біздіңеркімізде болса еді, осы жерде өлтірілмес едік” дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға:”Егер сендер үйлеріңде болсаңдар да өлтірілуі жазылғандар, әрине өлтірілетінжерлерінде болар еді” деп айт. Алла көкіректеріңдегіні сынау жәнежүректеріңдегіні тазарту үшін өстіді. Сондай-ақ Алла көкейлеріндегіні толықбілуші.

155.

Шын мәнінде (Ұхыт соғысы күні) екі топ кездескен сәтте,сендерден бет бұрғандарды кейбір қылықтарының салдарынан шайтан мүлде тайдыражаздады. Расында Алла оларды кешірім етті. Шәксіз, Алла аса жарылқаушы, ерекшемейірімді.

156.

Әй мүміндер! Кәпірлер сияқты болмаңдар! Олар жер жүзіндекезіп жүрген немесе соғыста болған туыстары үшін: “Егер олар жанымызда болсаеді, өлмес те өлтірмес те еді” деді. Алла бұны олардың жүректеріңе қасірет қылуүшін өстіді. Алла тірілтеді де, өлтіреді. Сондай-ақ Алла (Т.) не істегендеріңдітолық көруші.

157.

Егер Алла жолында өлтірілсеңдер немесе өлсеңдер, әринеАлланың жарылқауы әрі мәрхаметі олардың барлық жиған-тергендерінен жақсы.

158.

Егер өлсеңдер не өлтірілсеңдер де әрине Алланың алдынажиналасыңдар.

159.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақсыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнантарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де ісжөнінде олармен кеңес қыл. Сонда қашан қарар берсең, Аллаға тәукел ет. НегізіненАлла тәуекелшілерді жақсы көреді.

160.

Егер Алла сендерге нұсрат берсе, сонда сендерге үстемкелуші болмайды. Ал егер Алла сендерді тастаса, (жәрдем қылмаса,) одан кейінсендерге кім жәрдем етеді? Сондай-ақ мүміндер Аллаға тәуекел етсін. (Рауаятбойынша олжаны ойлап, Ұхыт соғысында қарауылды тастап кеткендерге ескерту.)

161.

Бір пайғамбар үшін олжаға қаралық істеуі мүмкін емес. Алегер кім қаралық істесе, қиямет күні қаралық істеген нәрсесімен келеді. Сонсоңәркімнің еңбегі толық беріледі. Сондай-ақ олар зұлымдыққа ұшырамайды.

162.

Алланың ризалығын іздеген кісі, Алланың ашуына ұшырап,орны тозақ болған кісімен тең бе? Ол нендей жаман орын.

163.

Олар Алланың қасында түрлі дәрежелерде болады. Сондай-ақолардың не істегендерін толық көруші.

164.

Расында Алла (Т.) мүміндерге қамқорлық етіп, олардыңішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап,хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді.

165.

Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан бір қайғыға, өздерінұшырағандықтан: “Бұл қайдан келді?”,- дедіңдер. (Ұхытта Мұсылманнан жетпіс кісішейіт болған болса, Бәдірде кәпірден жетпісі өліп, жетпісі қолға түскен еді.)(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Ол өз пиғылдарыңнан” деп айт. Шәксіз Алланың әр нәрсегекүші жетуші.

166.

Ал және сендерге (Ұхытта) екі топ қарсыласқан күнгі тигенсоққы, Алланың бұйрығымен мүміндерді байқау үшін еді.

167.

Сондай-ақ мұнапықтарды да байқау үшін… Ал оларға:”Келіңдер, Алла жолында соғысыңдар, не қорғанысқа тұрыңдар” делінсе, олар: “Егерсоғысуды білсек, әрине арттарыңнан ерер едік” деді. Олар ол күні иманнан көріқарсылыққа жақынырақ еді. Олар жүректерінде болмағанды ауыздарымен айта береді.Негізінде Алла, олардың жасырын нәрселерін жақсы біледі.

168.

(Мұхаммед Ғ.С.) өздері отырып, туыстарына: “Егертілімізді алса еді, олар өлтірілмес еді” дегендерге: “Сөздерің шын болса, өлімдіөздеріңнен кетіріңдер” деп айт.

169.

Алла жолында өлтіргендерді өлі деп ойлама, әрине олартірі. Раббыларының жанында олар ризыққа бөлендіріледі.

170.

Олар Алланың кеңшілігімен өздеріне берген нәрселерінемәз-мейрам болады да, әзірше өздеріне қосылмай арттарында қалғандарды да:”Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды” деп шүйіншілегілері келеді.

171.

Тағы олар Алладан болған нығметке, кеңшілікке қуанады.Шынында Алла мүміндердің сауабын жоймайды.

172.

Өздері соққы жегеннен кейін де Алла және Елшісініңнұсқауларын қабылдағандар сондай-ақ олардың жақсылық істеп, тақуа болғандарыүшін зор сыйлық бар.

173.

Оларға адамдар: “Сендер үшін ел жиналды, сондықтанолардан қорқыңдар” деді. (Бұл сөз) олардың иманын арттырды да олар: “Бізге Аллажетіп асады, Ол нендей жақсы ие” деді.

174.

(Ұхыт соғысының келер жылы Мекке кәпірлері Мединегекеліп: “Соғысуға жиналып жатыр” деген хабарды алған Мұсылмандардың жігеріқайнап, жолға шыққанда, жау қорқып, қайтып келіп, Мұсылмандар аман-есенпайдаланып қайтады.) Сондықтан олар Алланың нығметі және кеңшілігімен бірсәтсіздікке ұшырамай Алланың ризалығына бөленіп, қайта оралды. Алла (Т.) зоркеңшілік иесі.

175.

Негізінен шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан оларданқорықпаңдар да Менен қорқыңдар, егер мүмін болсаңдар.

176.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың қарсылыққа жарысулары сенікейітпесін. Өйткені, олар Аллаға әсте зиян келтіре алмайды. Алла оларға ақыреттебір несібе бермеуді қалайды. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар.

177.

Негізінен сондай иманның орнына қарсылықтыайырбастағандар, олар да Аллаға ешбір зиян бере алмайды және олар үшінкүйзелтуші азап бар.

178.

Ал және сондай қарсы болғандар, негізінен оларға мұрсаберуімізді, өздеріне қайырлы деп әсте ойламасын. Шын мәнінде күнәларын арттырсындеп қана орай береміз. Сондай-ақ олар үшін қорлаушы қинау бар.

179.

Алла, мүміндерді осы сендер болған күйде, жақсыданжаманды айырмай қоюшы емес. Әрі сендерге көместі де білдірмейді. Бірақелшілерінен қалағанын таңдап, соған білдіреді. Ендеше, Аллаға, елшілеріне иманкелтіріңдер егер иман келтіріп, тақуа болсаңдар, Сонда сендер үшін зор сыйлықбар.

180.

Алланың кеңшілігінен өздеріне берген нәрселеріне сараңдықістегендер, олардың сараңдық қылған нәрселері, қиямет күні өздерінің мойындарынаоралады. Сондай-ақ көктер мен жердің мирасы Алланікі. Әрі Алла олардың неістегендерін толық біледі.

181.

Әрине олардың: “Алла кедей, біз баймыз” деген сөздерінАлла естіді. Олардың айтқандарын және жазықсыз пайғамбарларды өлтіргендерінжазамыз да, оларға: “Күйдіруші азапты татыңдар!”,- дейміз.

182.

Бұл қолекі істегендеріңнің сазайы. Шәксіз Алла, құлдарыназұлымдық қылушы емес.

183.

Сондай: “Расында Алла (Т.) бізге от жеп кететін бірқұрбан келтірмейінше, ешбір пайғамбарға иман келтірмеуімізге серт берген”дегендерге (Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерге менен бұрынғы пайғамбарлар ашық дәлелдердісондай-ақ айтқандарыңды келтірген еді. Егер сөздерің рас болса, оларды негеөлтірдіңдер?”,- деп айт.

184.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер олар сені мойындамаса, сенен бұрыңғыашық дәлелдер, нұсқалар және түрлі кітап келтірген пайғамбарларды дамойындамаған еді.

185.

Әркім өлім татады. Шын мәнінде қиямет күні ақыларың толықтөленеді. Сонда кім оттан құтқарылып жұмаққа кіргізілсе, рас құтылды. Негізіндедүние тіршілігі алданыштың ғана нәрсесі.

186.

Малдарың және жандарың жайында әрине сыналасыңдар;сондай-ақ сендерден бұрыңғы кітап берілгендерден және мүшріктерден де көптегенреніш естисеңдер. Егер сабыр етсеңдер әрі сақсынсаңдар; шәксіз бұл маңыздыістер.

187.

Сол уақытта Алла (Т.) Кітап берілгендерден: “Әлбетте оныадамдарға түсіндіріңдер, жасырмаңдар” деп, сенім алған. Дегенмен олар, оны артжақтарына тастады. Әрі олар оны аз бір бағаға айырбастап алды. Сонда олар нендейжаман нәрсе сатып алды.

188.

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай істегендеріне мәз болып,істемегендерімен де мақтауларын сүйгендерді есепке алма. Сондай-ақ олардыазаптан құтылады деп әсте ойлама. Өйткені олар үшін жан түршігерлік азап бар.

189.

Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Алла (Т.) ның әрнәрсеге толық күші жетеді.

190.

Шәксіз көктердің және жердің жаратылуында түннің жәнекүндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар.

191.

Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде)Алланы еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланадыда: “Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!”

192.

“Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың.Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ.”

193.

“Раббымыз! Біз: Раббыларыңа иман келтіріңдер (деп)шақырған шақырушыны естіп, иман келтірдік. Раббымыз! Енді күнәларымыздыжарылқап, жамандықтарымызды жасыр. Және жақсылармен бірге өлім бер!”

194.

“Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер.Сондай-ақ бізді қиямет күні қорлама. Күдіксіз Сен уәдеден айнымайсың” (дептілейді)

195.

Сонда олардың Раббылары тілектерін қабыл етті: “Шынмәнінде Мен сендерден еркек, әйел амал істеушілердің амалын зая қылмаймын.Бір-біріңненсіңдер. (Бәрің бірдейсіңдер.) Және сондай босқандардың, жұрттарынаншығарылғандардың және Менің жолымда жапа шектірілгендердің, соғысқандардың,өлтірілгендердің жамандықтарын жасырамын. Сондай-ақ оларды астарынан өзендерағатын бақшаларға кіргіземін. Сыйлық Алланың қасынан. Әрине сыйлықтың жақсысыАлланың қасында.”

196.

(Мұхаммед Ғ.С.) қарсы болғандардың, мемлекеттерде айналып(кезіп) жүруі сені алдамасын.

197.

Аз бір пайдаланудан кейін олардың орны тозақ, нендейжаман орын.

198.

Бірақ сондай Раббыларынан қорыққандар, олар үшінастарынан өзендер ағатын бақшалар бар. Олар Алла тарапынан қонақ үйлерде қалады.Алланың қасындағылар игілерге жақсы.

199.

Шын мәнінде Кітап иелерінен Аллаға иман келтіріп,сендерге түсірілген әрі өздеріне түсірілген нәрселерге Алладан қорыққан түрдесенетіндері де бар. Сондай-ақ олар Алланың аяттарын аздаған бағаға сатпайды.Міне солар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Алла (Т.) тез есеп көруші.

200.

Әй мүміндер! Әр нәрсеге сабырлы, жауға шыдамды жәнеқорғанысқа дайын болыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар әрине құтыласыңдар.