38. Сад

1.

Сад. (Ұғымын Алла біледі.) Үгіт толы Құранға серт.

2.

Әрине қарсы болғандар, дандайсып, тартысуда.

3.

Олардан бүрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Сонда оларойбайлады да; бірақ құтылар заман емес еді.

4.

Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да қарсыболғандар: “Бұл бір сиқыршы, барып тұрған суайт” деді.

5.

“Тәңірлерді бір-ақ тәңір қыла ма? Әрине бүл тымтаңғажайып нәрсе.”

6.

Олардың бастықтары келіп: “Жүріңдер, өз тәңірлеріңдесабыр ете түрыңдар. Сөз жоқ, бүл бір мақсатты нәрсе.”

7.

“Тіпті бүны біз өзге дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде біржасанды жол.”

8.

“Арамыздан осыға ғана үгіт түсірілді ме?,- (десті) Олайемес, олар Менің үгітімнен күдіктенуде. Әрине олар азабымды татқан жоқ.

9.

(Мұхаммед Ғ.С.) немесе өте үстем, аса жомарт Раббыңньіңмәрхаметінің қазынасы олардың қасында ма?

10.

Не көктер мен жердің әрі арасындағылардың иелігі олардікіме? Ендеше, ыңгайын тауып, көтеріліп көрсін.

11.

(Олар) мүнда соққы жеген рулардан бір қол.

12.

Олардан бүрын Нүх, Ғад елі және салтанат иесі Пергауын дажасынға шығарған еді.

13.

Сондай-ақ Сәмүд, Лүт және Әйке халқы да. Міне осы топтар:

14.

Барлығы да елшілерді жасынга шығарғандықтарынан, азаплайық болды.

15.

Ал енді бүлар да тоқтаусыз бір ғана ащы дауысты күтеді.

16.

Олар: “Раббымыз, есеп күнінен бүрын көресімізді тезкөрсет” десті.

17.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Мықтықтлымыз Дәуіт (Ғ.С.) ті есіңе ал! Өйткені ол, өте бой тсынупш.

18.

Рас оган тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірдеәрі сәскеде Алланы дәріптейтін еді. (21-С. 79-А.)

19.

Оган қтсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптушіеді.

20.

Оның патшалыгын ктшейтіп, оган даналық, сондай-ақ дауғабилік айту қабілетін бердік.

21.

Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асшібөлмеге юріп келген еді.

22.

Олар Дәуіт (Ғ.С) ке кірген сәтте, сонда олардан абыржыпқалды. Олар: “Қорықпа, бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызгатуралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал” деді.

23.

“Рас мына туысымның тоқсан тогыз саулығы бар еді де меніңбір саулығым бар еді. Сонда да ол, “Оны маған тапсыр” деп, сөз бойынша өзімеөктемдік істеді.”

24.

Дәуіт (Ғ.С.): “Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңныңтстіне сүраумен саған зүлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болгандардыңкөбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдықістегендер басқа. Олар азғантай” деді. Дәуіт (Ғ.С.) шын иәнінде өзінсынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бойүсынды.

25.

Сонда оны жарылқадық. Шәксіз оның Біздің қасымыздаәлбетте жақындыгы, көркем келешегі бар. (Бұл дауа мәселесі, мысал тшінкелтірілген. Б.М.К.Х.)

26.

Әй Дәуіт! Сені жер жүзінде иеңгеруші қылдық. Сондықтанадамдардың арасына хақиқатпен ткім ет, ойга ерме. Онда сені Алланың жолынанадастырады. Шәксіз Алланың жолынан адасқандар, есеп күнін үиытулары себептіоларга қатты азап бар.

27.

Көк пен жерді әрі екі арасындагыларды босқа жартпадық. Олқарсы келгендердің ойы. Сондықтан оттан азап болатын қарсы келгендерге неөкініш!

28.

Немесе иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, жер жтзіндегібтзақылардай қыламыз ба?

29.

(Мұхаммед Ғ.С.) саған бір мтбарак Кітап түсірдік;аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын.

30.

Дәуіт (Ғ.С.) ке Сүлеймен (Ғ.С.) ді бердік. Ол не дегенжақсы қүл еді. Рас ол өте бағынышты.

31.

Сол уақытта бір кеште Сүлеймен (Ғ.С.) ге сәйгүлікжүйріктер келтірілді

32.

“Сөз жоқ, мен Раббымды еске алу үшін атты өте жақсыкөремін” деді. Ақыр түлпарлар көзден ғайып болған сәтте:

33.

“Оны маған қайтарып әкеліңдер” (деп,) сонда аяқтарын,мойындарын сипай бастады.

34.

Расында Сүлеймен (Ғ.С.) ді сынап тағының үстіне бір денеқойдық. Сосын ол, тәубе қылды.

35.

“Раббым! Мені жарылқа. Маған, менен кейін ешкімге нәсіпболмайтын патшалық бер. Әрине Сен өте жомартсың” деді.

36.

Сондықтан қалаған жерге жетуге, бүйрығымен оңай жүретінжелді бағындырдық.

37.

Әр түрлі қүрылыс жасаушы және сүңгігіш шайтандардыбагындырдық. (21-С. 82-А.)

38.

Ал басқа біреулері шынжырларда матаулы еді.

39.

“Бүл Біздің бергеніміз. Ал енді қалағаныңа бер. Немесебермей ұстап түр, есеп емес. (Ерік өзіңде.)”,-(дедік.)

40.

Күдіксіз ол үшін қасымызда жақындық әрі көркем келешегібар.

41.

(Мұхаммед Ғ.С.) қүлымыз Әйүп (Ғ.С.) гі есіңе ал. солуақьітта Раббына: “Рас мені шайтан бейнет және қинауға үшыратты” деп жалбарынды.

42.

Оған: “Аяғыңмен жерді теп. Міне сагаи шомылатын әріішетін суық су” (дедік.)

43.

(Әйүп Ғ.С. қолынан бала-шага, мал-мүлкі кетіп, құртауруға үшыраса да қабақ шытпай сабырмен қүлшылық қыла бергендіктөн, Алланыңмәрхаметімен сақайып бұрынғыдан да артық халге келеді.) Бізден бір мәрхаметсондай-ақ ақыл иелеріне бір тгіт түрінде оған семьясын; олармен бірге бір есеартыгымен бердік. (Әйүп Ғ.С. әйеліне кейіп, жазылсам, жтз дүре соғамын деп антетеді.)

44.

“Қолыңа бір топ ши алып, сонымен бір үр. Сертіңненқайтпа!” Шынында оны сабырлы көрдік. Ол недеген жақсы қүл. Өйткені ол, өтебойсүнушы.

45.

(Мұхаммед Г.С.) құлымыз Ыбырайым, Ысхақ және Яғқұп (Ғ.С.)ты есіңе ал. Олар мықты да қырағы еді.

46.

Расында Біз оларды нағыз ахиретті еске алуға арнадық.

47.

Сөз жоқ, олар, қасымызда таңдаулы игі-жақсылардан.

48.

(Мұхаммед Р.С.) Ысмайыл, Ілияс және Зүлкәфіл (Ғ.С.) ді деесіңе ал. Барлығы жақсылардан еді.

49.

Бұл бір насихат. Күдіксіз тақуалар үшін тым көркемкелешек бар.

50.

Олар үшін есіктері ашық Ғадын жаннаттары бар

51.

Олар онда жастанып отырады. Ол жерде мол жемістер,сусындар тілейді.

52.

Олардың қасында телмірген жасыт қор қыздары бар.

53.

Есеп күні үшін сендерге уәде етілгендер осы.

54.

Сөзсіз, таусылмас берген несібеміз осы;

55.

Я, осы! Ал расында азғындар үшін жаман орын бар:

56.

Олардың кірер жерлері тозақ. Сонда нендей жаман орын;

57.

Я, осы! Енді олар, қайнар су, ірің татсын!

58.

Тағы басқа осы сияқтылардың неше ттрлісі бар.

59.

(Қылмыстылардың бастықтарына): “Мына топ, сендермен біргетозаққа кірушілер” (делінеді. Олар): “Оларға жақсылық жоқ. Олар тозаққа кіреді”(дейді.)

60.

Олар: “Олай емес, сендерге жақсылық брлмасын! Бұны бізгесендер келтірдіңдер. Нендей жаман орын” (дер.)

61.

Олар: “Раббымыз! Бізге бұны кім келтірген болса, оныңтозақтағы азабын неше есе арттыра түс!”,- дейді.

62.

Олар: “Бізге не болды? Өздерін жамандардан санағанадамдарды көрмейміз ғой” деседі.

63.

“Оларды сықаққа алушы едік. Немесе олар көздерімізгетүспей ме?”

64.

Күдіксіз, міне осы; тозақтықтардың тартысулары біршындық.

65.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Шын мәнінде мен бір ескертушіганамын. Өте өктем бір Алладан басқа ешбір тәңір жоқ” де.

66.

“Ол, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы.Тым үстем, аса жарылқаушы…”

67.

“Бұл бір ірі хабар” де:

68.

“Сендер Одан бет бүрсаңдар.”

69.

“Жогары әлемдегілердің тартыспаларынан мәліметім жоқеді.”

70.

“Шын мәнінде ашық бір ескертуші болгандыгынан гана мағануахи етілуде”

71.

Сол уақытта Раббың, періштелерге: “Мен балшықтан бір адамжаратамын” деген.

72.

“Қашан оны жасап, оған ртхымнан трлеген сәтте, оғансәждеге жығылыңдар” (делінді.)

73.

Сонда періштелердің бәрі түгел сәжде қылды.

74.

Бірақ Ібіліс сәжде етпей тәкаппарланып, қарсыларданболды.

75.

(Алла Т.): “Әй Ібіліс! Қүдырет қолыммен жаратқаныма сәждеетуден сені не тосты? Тәкаппарландың ба?”,- деді.

76.

Ол: “Мен одан артықпын. Өйткені, мені оттан жараттың даоны топырақтан жараттың” деді.

77.

(Алла Т.): “Дереу ол жерден шық. Шын мәнінде сенрахметімнен қуылдың” деді.

78.

“Шынында қиямет күніне дейін лағынетім саған болсын.”

79.

Ол: “Раббым, онда қайта тірілетін күнге дейін маған мүрсабер” деді.

80.

(Алла Т.): “Рас сен мүрса берілгендерденсің!”

81.

“Белгілі бір күнге дейін.”

82.

Ол: “Үстемдігіңе серт! Әлбетте олардың барлығыназдырамын” деді.

83.

“Бірақ олардан ықыласты қүлдарың ғана қалады.”

84.

(Алла Т.): “Хақиқат осы. Мен хақиқатты айтамын.”

85.

“Әлбетте тозақты сеніменөн және саған ілескендермен,солардың барлығымен толтырамын.”

86.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларга: “Сендерден оған ақы сұрамаймын.Өз ойымнан шығарушылардан емөспін” де.

87.

“Бұл Құран бүкіл әлем үшін бір насихат!”

88.

“Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер.”